Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
60
-
белгілі бір этникалық топпен және ішкі ұлттық бірлігін жоғары
дәрежесімен өзін-өзі сәйкестендіру;
-
ұлттық-мемлекеттік мүдделерін ұғынуы және оларға қоғамда бұқаралық
әлеуметтік іс-әрекеттер сәйкестігі.
Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылады,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хаттамасына сәйкес рәміздерге -
Елтаңба, Туға ресімдеуге қойылатын талаптар орындалады.
Сабақ практикаға бағытталған құрылымға сәйкес болуы тиіс:
білу –
түсіну – қолдану. Инновациялық технологиялар, әдістер, интерактивті
тәсілдерді пайдалану ұсынылады: «Идеялар себеті», «Блумның алты сатысы»
«Ыстық орындық» әдісі, «Кластер», «Синквейн жазу», «Ақыл картасы»,
«Түрлендірілген дебаттар», «Жобалау пікірталасы».
Рефлексия әрбір білім алушымен «Тегтер бұлты» инновациялық тәсіл
көмегімен жүргізіледі, онда мыналар толтырылуы қажет:
Мен ...............................................таныстым.
Маған ................................................оңай болған жоқ.
Мен .........................................................қол жеткіздім.
Мен ...........................................................істей алдым.
..................................................
болса жақсы болар еді.
Менің .......................................................есімде қалды.
Мен ...........................................................істеп көремін.
4.1 1-4-
сыныптар концентрі
Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын».
Сабақ арқауы: МЕН –КІШІ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН.
I-
блок. Уәждемелік
Білім алушылар өз бетінше синквейн құрайды, шамамен мынадай
мазмұндағы:
Патриот
Аса өнегелі,
жауапты
Еңбектенеді, жасайды, күреседі,
Өз Отанын сүйеді,
Азамат.
ІІ-блок. Практикаға бағдарланған
Осы сыныптар концентрі білім алушылары үшін белсенді әуестік,
эмоционалды әсершілдік тән, осыдан Білім сабағын өткізудің келесі түрлері
арқылы патриотизм құндылықтарын бағдарлану ұсынылады:
ᴥ Өзінің туған қаласы, ауылына арналған «Менің қалам (менің ауылым)
кеше-бүгін-болашақта» атты суреттердің көрме конкурсы, қорғалынуы керек;
ᴥҰжымдық шығармашылық іс: «Менің қаламның, ауылымның тарихын
жазамыз» ( «Қала, ауыл тарихы» (таныс оқиғалар, қызықты адамдар, мақтануға
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
61
тұрарлық «кіші Отан» патриоттары ұжымдық кітабын шығару) және басқа да
ұжымдық шығармашылық істер;
ᴥ «Менің жерлестерім және олардың біздің қала, ауыл үшін еңбектері»,
«Қала, ауылды түрлендіруге менің отбасымның үлесі» (әркім өз суреттерін
қорғайды) фото-көрмесі
ᴥ «Мен - қала құрлысшысымын» рөлдік ойыны («Лего» конструкторынан
қала, ауылдың жаңа бөлігінің макетін жасау) және т.б.
ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.
Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар:
-
патриотизмге өз
анықтамасын бере;
-
тарихи оқиғаларды атау және патриотизмге байланысты кіші Отанының
тарихымен байланысты тұлғалармен мысалдар келтіре;
-
патриотизм мен оның көріністеріне өз ұстанымын ұстана алады.
Зерттеу әдістері: «Ойлану». «Басқа адамнан сұрау». «Қадағалау (Фото,
сурет)», «Ақпаратты кітаптардан, газет-журналдардан алу», ата-аналармен
бірлесіп бейнефильмдер түсіру.
4. 2 5-7-
сыныптар концентрі
Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын».
Сабақтың арқауы: МЕН – МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІКТЕР
ПАТРИОТЫМЫН.
I-
блок. Мотивациялық
«Ассоцация» тәсілі
Әр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен
байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады:
Патриот – бұл...........
Болжамды жауаптар:
1.
Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.
2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.
3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің
Президентін мақтан тұтатын адам.
4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.
5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.
6.
Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.
7.
Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.
8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және
білетін адам.
9.
Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.
10.
Өз
Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.
11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе
деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.
12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.