Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
50
5. «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық
түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2002 жылғы
11 шілдедегі № 343).
6. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің
2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы).
7. «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне
қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар»
санитариялық
қағидалары (ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы).
8. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі
(7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі
№ 172 қаулысы).
9.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы
органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
(ҚР БҒМ 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығы).
10.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР Үкіметінің 2016 жылғы
13 мамырдағы № 292 қаулысы).
11. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
(ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499
бұйрығы.)
12. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары
(07.04.2017 жылғы өзгерістер және толықтыруларымен).
13. Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу
ережесі (ҚР БҒМ 2008 жылғы 10 маусымдағы № 337 бұйрығы).
14. Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді
аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі,
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін
педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен шарттары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығы)
15. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу жоспарлары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391
бұйрығының 1-қосымшасы)
16.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына
әдістемелік нұсқаулық. – «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық
орталығы. - Астана, 2017 ж.
17.
Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша
балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу
бойынша әдістемелік ұсынымдар. «Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы . – Астана, 2017 ж.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
51
2
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ
ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің
бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық
біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеологиялық
тұжырымдама «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен
Патриоттық Актісін жүзеге асыру болып табылады.
«Мәңгілік Ел» – ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының
жоғары деңгейіндегі, инновациялық экономика жағдайында табысты еңбек
ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің
тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның әлеуметтік белсенді
мүшелерін тәрбиелеу. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы
құндылықтарының қоғамдық санада, білім беру және тәрбие жүйесінде бекуін
қамтамасыз ету керек.
Осы
мақсатта
мектеп
басшылары
мен
тәрбие
жұмысын
ұйымдастырушыларға көмек ретінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын
жүзеге асыруды әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қолдау бойынша
жұмыстар жүргізілуде.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «2016-2017 оқу
жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хат»
әзірлеп, оған «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісі» тарауын енгізді.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы» тарауы қосылған Тәрбиенің
тұжырымдамалық негіздері әзірленіп, бекітілді.
«Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісі аясында 2016 жылғы 1 қыркүйек –
Білім күні «Мен елімнің патриотымын» атты Бірыңғай сабақ өткізу бойынша
барлық аумақтарға әдістемелік құрал жіберілді. 2017 жылғы 1 қыркүйекте
өтетін Бірыңғай сабақ бойынша әдістемелік ұсынымдар осы Әдістемелік-
нұсқау хатта беріліп отыр.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2017 жылғы
31 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының, ҚР
Білім және ғылым министрлігі, өңірлік білім басқармалары өкілдері, еліміздің
барлық облыстарынан, Астана және Алматы қалаларынан педагогикалық
жұртшылықтың қатысуымен білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел»
жалпыұлттық патриоттық идеясының негізгі принциптерін іске асыру бойынша
республикалық онлайн-конференция өткізді.
«Мәңгілік Ел» идеясы мектеп мазмұнына академиялық пәндер,
зерттеушілік және сабақтан тыс іс-әрекет, қосымша білім, элективті курстар
арқылы енеді.
Бастауыш білім деңгейінің 1-4-сынып пәндері бойынша Үлгілік оқу
бағдарламаларының «Оқу процесін ұйымдастыруға педагогикалық тәсілдер»
3-
бөлімінде «Орыс тілі» (оқыту орыс тілінде емес мектептер үшін),
«Жаратылыстану», «Дүниетану», «Музыка», «Көркем еңбек», «Дене
шынықтыру» пәндері бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының
Достарыңызбен бөлісу: |