Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет28/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
68 
Жаңа  қазақстандық  патриотизм  «Қазақстан-2050»  стратегиясындағы 
қазақстандық даму үлгісі негізінде көпұлтты қоғамның, идеологиялық, мәдени 
және рухани шоғырландыру идеологиясы мен стратегиясы болып табылады. 
Патриотизм  өзінің  жеке  мүдделерінен  мемлекеттің  мүдделерін  жоғары 
қоятын,  оған  адал  қызмет  ететін,  өз  мемлекетінің  жоғары  дәрежелі  бірегей 
азаматы. 
Ұлттық  таным  –  өзінің  ұлттық  қызығушылықтарын  қоғамның  танып 
білуі. Ұлтты, өмір сүретін территориясын, экономикалық ресурстарын, рухани 
құндылықтарын қорғау.  
Меритокра́тия  («лайықтылар  билігі»,  от  лат.  meritus  —  лайықты  және 
басқа. -греч. κράτος — билік, басқару) — әлеуметтік шығу тегі мен қаржылық 
жағдайына  қарамастан,  билік  басында  қабілетті  адамдар  отыруы  тиіс  деген 
ұстанымдағы  басқару  түрі.  Көбінесе  екі  түрлі  мағынада  қолданылады. 
Терминнің  бірінші  мағынасы  аристократия  мен  демократияға  қарама-қайшы 
келетін, басшылар арнайы әзірленген таланттар ішінен алынатын жүйеге сәйкес 
келеді.  Екіншісі,  неғұрлым  кең  таралған  -  дарынды  және  еңбекқор  адамдарға 
болашақта бәсекеге қабілетті, қоғамда жоғары лауазымға ие болуға мүмкіндік 
беру үшін бастапқы шарттарды қоя білу.  
Меритократикалық  қоғам  —  бұл  істеген  еңбегі,  демек,  адал  еңбегі, 
әскери немесе азаматтық ерлігі, қайырымдылығы үшін марапатталатын қоғам.  
Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлт. 
Лейтмотив  –  жетекші  мотив  (адам  әрекетіндегі,  оқиғалар  тізбегіндегі 
үстем бастама деген кеңірек мағынаға ие).
 
 
 
 
 
 
 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
69 

2012  ЖЫЛҒЫ  МЖМБС  ЖӘНЕ  2013  ЖЫЛЫ  ЕНГІЗІЛГЕН  ОҚУ 
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ  БОЙЫНША  ОҚИТЫН  МЕКТЕПТЕРДЕ  БІЛІМ 
БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
2017-
2018 оқу жылында 1-ші және 2-ші сынып оқушылары жаңартылған 
білім мазмұны бойынша оқитын болады. 
 
3, 4-
сыныптардың білім алушылары 2012 жылғы МЖМБС бойынша 
оқуды жалғастырады. 
Бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  негізгі  міндеті  –  оқу,  шығармашылық, 
көркемдік,  еңбек,  спорттық  іс-әрекеттерде  дербестікті  қалыптастыру,  алдына 
мақсат  қойған,  еңбексүйгіш,  салауатты  өмір  сүруге  ұмтылатын,  өз  жұмысын 
жоспарлай  алатын  және  өздігінен  білім  ала  алатын,  негізгі  мектепте  оқуға 
(білім алуға) дайын оқушыны тәрбиелеу.  
4-
сыныптың білім алушыларын оқытуда білім беру процесіне оқытудың 
белсенді  түрлерін  (дәлелдерді  құру,  жалпы  сыныптық,  топтық,  жұптық 
жұмыстарды  ұйымдастыру,  диалог  әдісі,  бір  сабақ  аясында  әртүрлі 
тапсырмаларды  қолдану)  енгізуге  ерекше  назар  аудару  қажет.    Әсіресе  оқу, 
жазу,  математика  және  жаратылыстану  бойынша  функционалдық 
сауаттылықты  қалыптастыруға  ерекше  назар  аудару  қажет,  өйткені  4-сынып 
оқушылары  бастауыш  сыныпты  аяқтаған  соң,  5-сыныпта  жаңартылған 
бағдарлама бойынша оқитын болады.  
Білім  алушының  сабақтағы  іс-әрекеті  мұғалімнің  іс-әрекетінен  басым 
болуын  қамтамасыз  ету  өте  маңызды.  Бұл  міндетті  шешуде  оқуға  ынтасы 
жоғары  және  оқуда  қиындықтары  бар  балалар  үшін  сабаққа  арналған 
тапсырмаларды  дайындауда  оқытудың  қосымша  ресурстарын  тарту,  оқыту 
түрлерінің көптүрлілігі, бақылау және өзіндік бақылау жұмыстарының түрлері 
көмектеседі.  Сын  тұрғысынан  ойлау  стратегиясын  қолдану  әр  оқушының 
жұмыс  істеуіне  және  сол  арқылы  оқытудың  тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік 
береді. 
Бастауыш білім берудің мазмұны жеті білім саласын құрайды:  

«Тіл және әдебиет»;  

«Математика»; 
-  
«Жаратылыстану»; 
-  
«Адам және қоғам»; 

«Өнер»; 
-  
«Технология»; 

«Дене шынықтыру». 
 
 
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ  
 
Қазақ тілі  
«Қазақ  тілі»  пәні  −  бастауыш  сынып  оқушыларын  алғашқы  тілдік  білім 
негіздерімен  қаруландыратын,  тіл  арқылы  қарым-қатынас  жасау  қызметінің 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
70 
барлық  дағдысын  (тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым)  меңгертетін  және 
олардың ақыл-ойын дамытатын пән.  
3,4-
сыныптарда  «Қазақ  тілі»  пәнін  оқытудың  мақсаты  –  алғашқы  тілдік 
мағлұматтарды  меңгерту,  сауатты  жазу,  оқу  дағдыларын  жетілдіру,  ақыл-ойы 
мен  шығармашылық  қабілеттерін,  ауызекі  және  жазба  тілде  қарым-қатынас 
жасау  дағдыларын  жетілдіру,  жеке  тұлғаның  қалыптасуы  мен  дамуына 
мүмкіндік жасау. 
Оқу  бағдарламасындағы  материалдар  жүйелi-шоғырланған  ұстанымға 
негiзделiп, кешендi сипатта берілген. Пән мазмұны «Тіл және сөйлеу», «Дыбыс 
және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Күрделі сөздер», «Сөз және оның мағынасы», 
«Сөз құрамы», «Сөз таптары», «Сөйлеу мәдениеті» бөлімдерінен тұрады.  
«Қазақ  тілі»  пәні  3,  4-сыныптарда  аптасына  4  сағаттан  оқытылып, 
жылдық жүктемесі 136 сағатты құрайды.  
«Қазақ  тілі»  пәні  бойынша  оқушылардың  жетістік  деңгейін  бағалау 
жазбаша жұмыс түрлері арқылы жүргізіледі:  

диктант;  

грамматикалық тапсырмалар;  

бақылау ретіндегі көшіру;  

бақылау мазмұндамасы;  

бақылау шығармасы;  

тест тапсырмалары. 
Диктантты ұйымдастыру және өткізу 
Диктантқа  арналған  мәтіндер  орфографиялық  тұрғыдан  оқушыларға 
таныс болуы керек, яғни өтілген сабақтардың материалдары негізінде алынады. 
Егер  мәтін  құрамында  өтілмеген  емле,  тыныс  белгілері  немесе  айтылуы 
мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады; 

мұғалім  диктант  мәтінін  орфоэпиялық  нормаларға  сүйеніп,  кідіріс 
жасап, оқиды; 

оқушыларға оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын 
түсініп,  іштей  қайталап,  қалай  жазылатынын  еске  түсірген  соң  жазуға  кірісу 
ұсынылады; 

жазу барысында 6-8 сөзден құралған сөйлемдер қайталанады; 

мәтінді түгел жазып болған соң мұғалім диктант мәтінін әр сөйлемнен 
кейін кідіріс жасай отырып, қайта толық оқиды. 
Оқушылардың  грамматикалық  талдау  дағдыларын  тексеру  мақсатында 
алынған  бақылау  жұмыстарында  2-3  грамматикалық  талдау  тапсырмалары 
болады. 
3, 4-
сыныптарда  грамматикалық  тапсырмалары  бар  бақылау  жұмыстары 
35-
40 минут өткізіледі. 
Бағаның  төмендеуіне  әсер  ететін  қателер  мен  кемшіліктердің 
жіктелуі: 
Қателер: 

сөздегі  әріптердің  орнын  ауыстыру,  алмастыру,  артық  әріптерді  қосып 
жазу, сөздердің жазылу ережесін бұзу сияқты өрескел қателер; 

емле ережесі бойынша қате жазылған сөздер; 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау