Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
63
4. 3. 8-9-
сыныптар концентрі
Сабақтың тақырыбы: «Мен-патриотпын».
Сабақтың арқауы: «МЕН – ПАТРИОТ – АЗАМАТ
I-
блок. Уәждемелік
Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын
сипаттайтын адамның қасиетін анықтау және 9-кестені толтыру ұсынылады:
9-
кесте – Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын
сипаттайтын адамның қасиетін анықтау
Патриотқа тән қасиет
Патриот емес адамның
қасиеті
Маған тән қасиеттер
(алдыңғы бағандардан)
Болжамды жауаптар:
• жауапкершілік;
• әділеттілік;
• төзімділік;
• адалдық;
• батылдылық;
• шыдамдылық;
• ризашылдық;
• зейінділік.
Болжамды жауаптар:
•
өзі өмір сүріп жатқан
қоғамды құрметтемеу;
•
жауапсыздық;
• отбасы алдындағы
борыштың болмауы;
•
берекесіздік;
•
бағдарсыздық (өз елі
туралы дұрыс пікірде
болмау және оны
жақсарту үшін ештеңе
жасамайды);
•
арамтамақтық, жұмыс
істегісі келмеу;
• Отанға деген
сүйіспеншіліктің
болмауы.
Кестені толтырып болғаннан кейін білім алушыларға «Сіз қандай қасиетті
ең басты деп ойлайсыз және неге?» деген сұраққа жауап беру ұсынылады.
II-
блок. Практикаға бағдарланған
Жастық кезең белсенді өмірлік ұстанымның, өзін-өзі анықтау, өз
маңыздылығы түсінудің қалыптасуымен байланысты. Осы жас категориясы
үшін болашақ кәсібін таңдау және оның еліміздің бүгінгі өмірімен байланысы
маңызды болып табылады.
Аталған сыныптар концентрі үшін мынадай сабақ түрлері ұсынылады:
ᴥ «Жастардың азаматтық бастамаларға құқығы бар» пікірталасы.
ᴥ «Белсенді азаматтық ұстаным керек пе?» подиум-пікірсайысы.
Пікірсайыс үшін білім алушылар азаматтық қоғамдастықтар бойынша бірігеді.
Мынадай қоғамдастықтар ұсынылады: «Таза қала» экологиялық қозғалысы,
жануарларды қорғау жөніндегі бастамашыл топ, «АРГО» азаматтық қоғамды
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
64
дамыту қауымдастығы, Оff-line қоғамдастығы, «Азаматтық құқық»
қоғамдастығы. Әрбір қоғамдастық өз спикерлерін ұсынады.
ᴥ Ұсынылған мысалдар азаматтық мінез-құлықтың көрсеткіші болып
табылатындығы туралы қысқаша пікірсайыс:
1) егер ол азамат болса, ол туған өлкесінің табиғаты құрып бара
жатқанына немқұрайлы қарай алмайды, ол экологиялық отрядта жұмыс істейді
және ағаштар егеді. Ол өз ауласын тәртіпте ұстауға көмектеседі және ешқашан
қағазды жерге тастамайды. Кешке саябақта ол орындыққа аяғымен шығып
отырмайды және кетерде оны сындырып кетпейді.
2) азамат елінің өткен тарихын сақтайды, көне ескерткіштерді қалпына
келтіруге қатысады;
3) азамат адамдар ешқашан тең болмағанын, сондықтан бай адамдарды
қызғанудың дұрыс еместігін түсінеді. Ол табандылық, мақсаткерлік, жұмыс
қабілеттілігі және кәсібилік көрсету арқылы материалдық әл-ауқатқа және
тәуелсіздікке жете алады;
ᴥ Келесі әрекеттерді азаматтық әрекеттер деп айтуға болатындығы
туралы қысқаша пікірталас:
1)
білім алушылар тоғайларды тазалау бойынша сенбілік өткізді және
тұрғындарға өз қаласының жасыл желектерін аялап ұстуға үндеу дайындады;
2) жастар ғибадатхананы қалпына келтіруге қатысады;
3)
білім алушылар соғыс ардагерлеріне арналған госпиталдерді
қамқорлыққа алады;
ᴥ Жобалық пікірталас. Елестетіп көріңізші, сіз мұндай жағдайда не істер
едіңіз:
1) Көршілерде өрт болды...
2) Науқасқа шұғыл қан тапсыру қажет болды...
3) Бөтен адам үшін дәрі-дәрмекке барып келу қажеттігі туындады...
ᴥ Отанға қызмет жасауда менің болашақ мамандығым. Шағын топтарда
кластермен жұмыс істеу және оны қорғау.
ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.
Сабақтың нәтижесінде білім алушылар:
-
құндылықтарды декларациялау (мысалы, «Патриот болу - бұл азаматтық
ұстанымының болуы»);
-
құндылықты оған қол сұғушылықтан қорғауды;
-
іс-әрекеттерді білдіретін құндылық қарым-қатынасты (мысалы, көмекке
келу немесе адамға көмектесуді сұрау);
-
құндылықтарға деген нақты көзқарасты іс жүзінде іске асыруды
ұйымдастыруды (мысалы, ұсыныс: «Іс-шаралар өткізетін жер болуы үшін
мектеп айналасын тәртіпке келтіру») меңгереді.
Зерттеу әдістері: жобаны, кластерді қорғау мен дайындау әдісі.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
65
5. Қосымша
5.1 Сабақта жұмыс істеу үшін «Қоржын» инновациялық әдісін
қолдану
«Идеялар қоржыны» – «қызығушылықтар өрісін» анықтайтын әдіс.
«Идеялар қоржынымен» жұмыс жасау алгоритмі:
Сабақтың тақырыбы жарияланады.
Жеке жұмыс. Әр білім алушы тақырып бойынша өзінің білгенін дәптеріне
қысқаша жазады. Бұл кезең – 2-3 минутқа созылады.
Топпен немесе жұппен жұмыс жасау. Қатысушылар қай жерде
ойларының сәйкес келгенін және сәйкес келмегенін түсіндіре отырып ақпарат
алмасады. Жүргізілу уақыты – 3 минут.
Сыныппен жұмыс. Бұл кезеңде әрбір топ тақырып бойынша өз білімдерін
көрсетіп, пікірлерін білдіреді, берілген сұрақтар бойынша идеяларын айтады.
Оның үстіне жауаптар қайталанбауы тиіс. Барлық айтылғандарды мұғалім
тақтаға қысқаша жазып тұрады.
«Қоржынға» тақырыпқа қатысты: идеялар, есімдер, күндер, фактілер,
жорамалдар, терминдер және тағы басқалары салынады.
«Блумның алты қадамы» әдісі. Әрбір қадамға сұрақтар беріледі:
1. Неге? - Why?
2. Түсіндір - Explain
3. Ата - Tell
4. Ұсын - Offer
5. Ойлан тап - Invent
6. Бөліс – Share
«Ыстық орындық» әдісі. Берілген әдіс проблемаларды талдау
дағдыларын дамытуға, өз ұстанымын негіздеуге көмектеседі. Жүргізілу реті:
бір білім алушы барлық білім алушылардың алдында орындықта отырады,
қалғандары жарты шеңбер құрып отырады. Жүргізілу алгоритмі: Бір оқушы
алға шығып, өз ойын айтып, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
Өзіндік көзқарасы бар білім алушыларға немесе сұраққа қосымша қосатын ойы
бар оқушыларға шығып жауап беруіне болады. Білім алушылар белгілі бір
адамның рөліне кіріп ойнай алады.
Кластер – белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік болып саналатын,
бірнеше біртектес даналарды бір топқа графикалық түрде біріктіру. Ол оқу
материалдарын жүйелеп, қорытуға ықпал ететін бейнені білдіреді.
«Синквейн жазу» әдісі. «Синквейн» француз тілінен аударғанда белгілі
бір ережемен жазылатын бес жолдан тұратын өлең дегенді білдіреді. Синквейн
жазылу тәртібі:
Бірінші жолға бір сөзден тұратын - зат есім. Бұл синквейннің тақырыбы.
Екінші жолға синквейннің тақырыбын ашатын – екі сын есім.
Үшінші жолға синквейннің тақырыбына қатысты іс-әрекетті сипаттайтын
үш етістік.
Төртінші жолға білім алушы тақырыпқа қатысты білдіретін бірнеше
сөздерден құралған сөйлем. Ол қанатты сөздер, дәйексөз немесе білім алушы
Достарыңызбен бөлісу: |