Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет27/147
Дата06.03.2018
өлшемі5,05 Kb.
#11794
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   147

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
66 
тұрғысынан айтылатын мәнмәтіндегі сөйлем болуы мүмкін. 
Соңғы  жол  –  бұл  түйіндеме-сөз,  тақырыпқа  жаңа  интерпретация  беріп 
және  оған  өзінің  жеке  қатынасын  білдіруге  мүмкіндік  береді.  Мүмкіндігінше 
синквейннің тақырыбы эмоционалды болуы тиіс. 
«Ақыл  картасы»  әдісі.  Ақыл  картасымен  жұмыс  істеу  технологиясын 
Тони  Бьюзен  қатысушылардың  визуалды  ойлау  қабілетін  дамыту  үшін 
құрастырған. 
Ережелер  орындалуы  керек.  Қағаз  көлденең  жатуы  тиіс.  Ең  негізгі 
элементі ең ортасында орналасады. Осы карта туралы адамның аты, кітаптың 
атауы,  жоспардың  атауы.  Орталық  міндетті  түрде  түрлі-түсті  болуы  тиіс,  кем 
дегенде  үш  түсті!  Ал  қалғандары  осы  орталықтың  айналасында  орналасады. 
Карта – бұл ағаш. Тұтастық – ол дөңгелек. Дөңгелек – тұтастықтың белгісі. 
Барлық  тақырыпшалар  міндетті  түрде  бір-бірімен  байланысты  болуы 
керек.  Әйтпесе  ол  карта  емес,  тағы  мәтін  болып  кетеді.  Әсіресе  центрдегі 
тақырыпты басқа тақырыпшалармен байланыстыратын сызықтар маңызды. Бұл 
сызықтар  әрқайсысының  өзіндік  түсі,  формасы  болады  және  бұл  сызықтарда 
сөздер  (тек  сөйлем  емес)  жазылуы  мүмкін.  Мысалы,  тақырыпшаларды  гүл 
түрінде құрастыруға болады. Жасыл түсте – аса маңызды емес шаруалар, көк 
түсте    -  міндетті  шаруалар,  қызыл  түсте  –  шұғыл  шаруалар.  Суреттер  ақыл 
картасындағы  ең  маңызды  элементтер,  осының  арқасында  картаны  оқу  және 
түсіну біршама жылдам болады. 
Әрбір маңызды желі немесе тораптан келесі топиктердің желі сызықтары 
тарайды (бұл, мысалы, шеңбер, немесе сопақша, немесе ромб). 
Өзгертілген Дебаттар.  
Бұл  Дебат  нысанының  белгілі  бір  элементтерін  пайдалану  немесе 
ережелеріне біраз өзгерістер енгізілген Дебат түрі.  
-  
сөйлеу регламентінің қысқаруы, 
-  
командадағы ойыншылар санының көбеюі, 
-  
аудиториядан сұрақ қою мүмкіндігі бар,  
-  
тайм-аут кезінде аудиториямен сөйлесуге мүмкіндік болуы,  

ойынның  соңында  ымырашыл,  дұрыс  шешім  қабылдайтын  топтың 
құрылуы,  
-  
ойынның жүргізушісі мұғалім болады. 
Жобалық  дискуссия.  Бұл  белгілі  бір  тақырыпта  жоба  дайындау  және 
қорғау әдісіне негізделген. Топтық талқылаудың тиімділігін асыру үшін қажет 
әдістерді дискуссия жасау арқылы білуіміз керек:  
1.  Ойды  дәлелдеуге  және  рәсімдеуге  арналған  нақтылайтын  сұрақтар 
(«Сіз  мұнымен  нені  айтқыңыз  келіп  тұр...?»,  «Сіз  мұның  дұрыс  екенін  қалай 
дәлелдейсіз?»). 
2. Парафраз – айтылғандарды түсініп, нақтылау және қайта ойластыруға 
ынтылындыру  үшін  кейбір  сөздерді  қайталау  («Сіз  былай  деп 
айттыңыз...сонда?», «Мен сізді былай түсіндім...?»)  
3.  Түсініспеушілік  таныту  –  қатысушылардың  пікірлерді  нақтылап 
түсінуге, қайталауға итермелеу («Мен сізді түсінбедім, сіз не дегіңіз келіп тұр, 
өтінемін, түсіндіріңізші...?»). 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
67 
4.  «Күмәндану»  –  әлсіз  және  мұқият  ойластырылмай  айтылған  ойларды 
сиретеді («Солай ма еді?», «Сіз осы айтқаныңызға сенімдісіз бе?»). 
5. «Баламалы» – жүргізуші қарама-қарсы жағдайға назар аударып  басқа 
көзқарасты ұсынады. 
6.  «
Ешбір  қисынға  сыймайтын  жағдайға  дейін  жеткізу»  –  жүргізуші 
айтылған  бекітумен    келіседі  де,  бірақ  содан  кейін  одан  қисынға  сыймайтын 
қорытындылар шығарады.  
«Тарихи  қайта  қалпына  келтіру»  -  қазіргі  немесе  ежелгі  тарихи  дәуірді 
жаңадан жасау  және ғылыми талдау  мен зерттеу мақсатында археологиялық, 
суретті, жазбаша көздерді пайдалана отырып аймақты жаңадан жасау  арқылы 
материалдық және рухани мәдениет объектілерін терең зерттеу үшін арналған  
рөлдік  ойындар  әдісі.  Келесі  ережелерді  орындау  керек.  Біріншіден, 
экспозицияларда  тұрмыс-тіршілік қана емес, сонымен қатар  әртүрлі заттардың 
қызметтерін,  сондай-ақ  халық  мәдениетін  сипаттайтын  үдерістер  мен 
құбылыстарды  көрсетуге  тырысамыз.  Екіншіден,  мәдени  ландшафты 
модельдеу,  үй  жануарларын  асырау,  мұражайлық  экспозицияларды  «тірілту» 
мақсатында  дәстүрлі  қолөнердің  қайта  тууы  және  ұлттық  қолданбалы  өнер 
маңызды және перспективалық міндет болып табылады. 
 
5.2 Глоссарий 
 
Мемлекеттік  рәміздер  (ұлттық)  (греч.  sym-bolon  -  белгі)  – 
конституциямен  немесе  арнайы  заңмен  бекітілген  белгілі  бір  мемлекеттің 
өзіндік  өмір  салтын,  бүкіл  болмыс  ерекшелігін,  айрықша  арман-аңсарын, 
басқалармен байланыс мұратын, белгілі бір идеологиялық мағынаны білдіретін 
белгілер. Ең  негізгі  рәміздерге  мемлекеттік  ту,  мемлекеттік  елтаңба, 
мемлекеттік  әнұран,  мемлекеттік  түстер,  мемлекет  басшысының  байрағы, 
мемлекеттік мөр, мемлекеттік ұраны жатады.  
Негізгі ұлттық құндылықтар - бұл белгілі бір ұлтқа тән халық ғасырлар 
бойы  жинақтаған,  ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін  адами  қадір-қасиет,  әлеуметтік- 
тарихи, мәдени отбасылық дәстүрлер жүйесі. 
Өркениеттік  (әлеуметтік-мәдени,  мәдени-генетикалық)  код  –  белгілі 
бір өркениетке тән тұрақты мәдени-генетикалық белгілердің жиынтығы. 
Азамат -  белгілі бір мемлекетке заңды түрде тиесілі тұлға.  
Азаматтық  патриотизм  –  Отанға  деген  мемлекеттік  ауқымындағы 
сүйіспеншілік,  ұлттық  және  құқықтық  сана-сезім,  азаматтық  мораль:  өз 
отбасымен,  үйімен,  өз  халқымен,  ауласымен,  спорт  клубымен,  қаласымен, 
аймағымен, елімен мақтануы. 
Азаматтық қоғам - өзін барлық деңгейде - жергілікті ұйымдардан жалпы 
халықтық  (мемлекеттік)  деңгейге  дейін  қалыптастыра  алатын,  өзінің 
сұраныстары  мен  қызығушылықтарын  таңдаулы  демократиялық  билік 
органдары,  өзін-өзі  басқару  органдары,  сондай-ақ  азаматтық  қоғам 
институттары арқылы ашық көрсете алатын қоғам. Тәрбие білім берудің басты 
мақсаты болып табылатын, азаматтық қоғам онда жауапты азаматтың міндетті 
түрде болуын болжайды.  


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау