Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет67/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
160 
мағынасын  түсініп  оқу  қабілетін  меңгеру  әр  уақытта  кітап  бойынша  өнімді 
оқуға мүмкіндік береді. 
Стратегияны  меңгеру  барысында  білім  алушылардың  тілдік  қана  емес,  
коммуникативтік құзыреттілігі де топта және жұпта іске асады. 
№ 1 стратегия. Бағытталған оқу. 
Мақсаты: оқу мәтінін мақсатты түрде оқу біліктілігін қалыптастыру. 
Проблемалық сұрақтар қою, топта талдауға қатысу. 
1. Өзектілігі. 
«Ассоциативті бірлестік» тәсілі: мұғалім тақтаға түйінді сөзді немесе мәтін 
тақырыбын  жазады,  білім  алушылар  бірінен  кейін  бірі  өздерінің 
ассоциацияларын айтады, мұғалім тақтаға жазып отырады. Бұл тәсілді қолдану 
білімді өзектендіреді, келесі іс-әрекетке  деген  қызығушылығын арттырады әрі 
жұмыс жасауға ынталана түседі.  
2. Білім алушылар шағын көлемді мәтінді немесе мәтін бөлігін  іштерінен 
оқиды да белгіленген жерде тоқтайды.  
3. Мұғалім оқылған мәтін бойынша проблемалық сұрақ қояды. 
4. Бірнеше оқушының жауаптарын сыныпта талдайды. 
5. Білім алушылар оқиғаның одан әрі қарай қалай өрбитінін болжайды. 
№2стратегия. Жұппен оқу  – жұпта талдап қорыту. 
Мақсаты:  негізгі  ойды  табу,  оқығанын  тезис  түрінде  талдап  қорыту, 
проблемалық сұрақтар қою дағдыларын қалыптастыру. 
1.  Білім  алушылар  мұғалім  таңдап  алған  мәтінді  немесе  мәтін  бөлігін 
іштерінен оқиды. 
2.Мұғалім  білім  алушыларды  жұпқа  бөліп,  нақты  нұсқау  береді.  Әрбір 
білім  алушы  екі рөлді орындайды:  баяндамашы  – бір  тезис  түрінде  мазмұнын 
қорытындылайды  және  оқиды  ;  респондент  –  баяндамашыны  тыңдайды  және 
нақты екі сұрақ қояды . Одан әрі рөлдермен алмасады.  
3.Мұғалім талдауға барлық оқушыларды тартады. 
№ 3.стратегия Оқимыз және сұраймыз. 
Мақсаты:  баспа  ақпараттарымен  өз  бетінше  жұмыс  жасау,  сұрақты 
тұжырымдау, жұпта жұмыс жасау біліктіліктерін  қалыптастыру. 
1. Білім алушылар ұсынылған,  мұғалім таңдап алған мәтінді немесе мәтін 
бөлігін іштерінен оқиды. 
2. Білім алушылар жұптасып оқылған мәтіннен қандай негізгі ойды алуға 
болатынын  талдайды.  (Мәтінде  қандай  сөз  жиі  кездесті?  Неше  рет?  Қандай 
сөз қалың шрифтпен белгіленген? Неге? Егер сіз мәтінді дауыстап оқысаңыз , 
осы  сөйлемнің  басты  сөйлем    екенін  қалай  түсіндірер  едіңіз?  Фразаны  дауыс 
арқылы бөліп көрсету туралы. Бұл жерде жаттап оқу бар). 
3. Білім алушылардың бірі кілт сөзді пайдаланып сұрақты тұжырымдайды, 
екіншісі оған  жауап береді. 
4.Кілт сөзді, сұрақтар мен жауапты сыныпта талдау. Түзету жұмыстары. 
№ 4 стратегия. Екі түрлі жазбаларға арналған күнделік. 
Мақсаты: оқу барысында сұрақ қою, ақпаратты сын көзбен қарап бағалау, 
оқылғанды өз тәжірибесімен салыстыру біліктілігін қалыптастыру . 
1. Мұғалім білім алушылардың дәптерін екі бөлікке бөлуіне нұсқау береді. 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
161 
2.  Оқу  процесінде  білім  алушылар  дәптердің  сол  жағына  таңғалдырған, 
әсер  берген,  фактілерді  еске  түсірген,    көз  алдына  келтірген  бір  ассоциация 
кезеңдерін    жазады;  оң  жағына    –  бұл  кезеңнің  несімен  таңғалдырғанын  , 
қандай  ойға  жетелегенін,  қандай  ассоциация  туғызғаны  туралы  ықшамды 
түсініктеме жазады . 
№ 5. стратегия Белгілеп оқу. 
Мақсаты:  ойланып  оқуын,  ақпараттарды  бағалап,  автордың  ойын  өз 
сөзімен тұжырымдап оқу біліктілігін  қалыптастыру. 
Мұғалім  білім  алушыларға    келесі  қадамдар  бойынша  ақпаратты 
жұлдызшалармен дәптердің  жиегіне жазуға тапсырма береді  : 

Таныс ақпарат. 

Жаңа ақпарат. 
-- 
Мен басқаша ойлап едім. 

Бұл мені таңғалдырды, одан да көп білгім келеді. 
Бұл стратегия мұғалімге белсенді оқу іс-әрекетіне сәйкес қолайлы жағдай 
туғызуға,  ал оқушыға алған ақпаратын жүйелеуге , автордың ойын өз сөзімен 
тұжырымдауға, ойланып оқуға мүмкіндік береді  
«Қазақ  әдебиеті»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды  жоспарлау 
және  ұйымдастыру  кезінде  2017-2018  оқу  жылында  аталып  өтілетін 
мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:  
4  мамыр  -  әйгілі  жырау,  дана  би,  абыз,  қазақ  ауыз  әдеби 
шығармашылығының  көрнекті  өкілі  Бұқар  Жырау  Қалқаманұлының  туғанына 
350 жыл (1668); 
25  маусым  -  Алаш  қозғалысының  қайраткері,  ақын,  қазақ  әдебиетінің 
жарқын  жұлдызы  Мағжан  Бекенұлы  Жұмабаевтың  туғанына  125  жыл(1893  -
1937); 
15 тамыз - Ақын, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ҚазКСР 
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Халықтар Достығы» ордені мен бірқатар 
медальдардың иегері Ғафу Қайырбековтің туғанына 90 жыл (1928);  
28 қазан -қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл Сұлтанмахмұт 
Шоқпытұлы Торайғыровтың туғанына 125 жыл(1893);  
Қазақ  халқының  әйгілі  әнші-композиторы,  ақын  Ақан  Сері  (Ақжігіт) 
Қорамсаұлының дүниеге келгеніне 175 жыл (1843). 
Оқыту  қазақ  тіліндегі  мектептердегі  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің 
мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар: 
1. http://nao.kz  -  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясының 
ресми сайты; 
2. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт; 
3. https://infourok.ru/  -  ұстаздарға  арналған  білім  көтеру,  ашық  сабақтар 
сайты; 
4. 
http://abai.kz
 - ақпараттық-танымдық сайт; 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
162 
5. 
http://u-s.kz
 - ұстаздар сайты; 
6. http://ustaz.kz - ашық сабақтар сайты;  
7. 
http://sabak
 - сайт творческих учителей Казахстана; 
8. 
http://ojarovaroza.ucoz.kz
  -  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пән  мұғалімінің 
портфолиосы 
9. http://sabaqtar.kz/kazaksh/ - Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік 
сайт; 
10. http://bilimsite.kz/ustaz - білімділер сайты; 
11. http://u-s.kz/publ/ - ұстаздар сайты; 
12. http://sabaq.kz - ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт; 
13. http://ped.kz - ұстаздардың әлеуметтік порталы; 
14. 
http://oqu-zaman.kz
  -  ұстаздар  мен  оқушыларға  арналған  қосалқы 
білімді сайт; 
15. 
http://tarbie.org
 - ұстаздар сайты; 
16. 
http://kazbilim-edu.kz  -
  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  қазақ  тілі 
сабақтарында тиімді пайдалану; 
17. http://bilimtime.kz - Ұстаздарға арналған сайт. 
18. 
https://kundelik.kz/ 
 
«Абайтану» курсы 
«Абайтану»  курсы  курсы  оқу  бағдарламасы  ҚР  Білім  және  ғылым 
министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №115  бұйрығымен  бекітілген  оқу 
бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. 
 
Курстың  білім  мазмұны  ұлы  ақын  шығармаларын  терең  де,  жан-жақты 
таныту  арқылы  елжанды,  халқымыздың  әдебиетін,  өнерін,  салт-дәстүрін, 
мәдениетін,  тілін  ұлттық  құндылық  ретінде  бағалайтын,  эстетикалық  талғамы 
жоғары,білім,  білік,  дағдылармен  қаруланған,  түйген  ойларын  іс  жүзінде  өз 
кәдесіне  жарата  білетін,  ұлттық  сана-сезімі  қалыптасқан,  өркениетті  қоғамда 
өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған. 
 
Курсты  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  немесе  біліктілікті  арттыру  және  қайта 
даярлау  бойынша  арнайы  курстардан  өткен  пән  мұғалімдері  жүргізеді. 
Мұғалімдерге  көмек  ретінде  «Абайтану»  курсы  бағдарламасының  мазмұнын 
жобалау  мен  өткізу  бойынша  әдістемелік  құралдар  әзірленіп,  Академия 
сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.  
Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныбына арналған «Абайтану» 
курсын  ҚР  БҒМ  2012  жылғы  8  қарашадағы  №500  бұйрығымен  бекітілген 
жалпы орта білім берудің үлгілік оқу  жоспарларының вариативтік компоненті 
есебінен жүргізу ұсынылады.  
Курс жүктемесінің көлемі: 
10 - сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 
11 - сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 
Курс  бойынша  білім  алушылардың  оқу  жетістігін  ағымдық  бағалау, 
сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді. 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау