1
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағыҰлттық
білім академиясы
2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНДА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТУРАЛЫ
Әдістемелік
нұсқау хат
Астана
2017
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2017 жылғы 21 сәуірдегі № 5 хаттама).
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім
беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы:
Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2017. – 340 б.
Жинаққа 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта
бiлiм беретiн мектептерінiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу
процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән
мұғалiмдерiне, бiлiм саласының қызметкерлерiне арналған.
© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2017
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
3
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және
ғылымды
дамытудың
2016-2019
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі
бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары
мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам
өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім
алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы
азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани
және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады
.
Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген
іргелі реформалар кезеңіне қадам басты.
Дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның
білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті.
Олар:
- командадағы жұмыс
дағдылары;
- көшбасшылық қасиет;
- бастамашылық;
- IT-құзыреттілік (айти-құзыреттілік);
- қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.
2015 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының
(ЭЫДҰ) Білім беру саясаты комитеті «Білім мен дағдылардың болашағы: Білім
беру-2030» атты жаңа жобаны іске асыруды бастады.
ЭЫДҰ әлемнің бұрын белгісіз жаһандық сын-қатерлермен көбірек бетпе-
бет келіп отырғанын, барынша тартысты және осал болып келетінін негізге
алады.
XVII (он жетінші) ғасырдағы адамның бүкіл өмірі бойындағы алған
ақпаратты қазіргі заманғы адам 1 айда ғана алады және өңдейді. Әлемде
ақпарат әрбір екі жыл сайын екі еселенеді, бұл оны қарапайым жаттаудың
мүмкін еместігін және пайдасыз екендігін көрсетеді.
Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін
академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-
қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа –
метабілімділік, метақұзыреттілік қажет.
Озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан»
«шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға»
ауыстыруды
талап етеді.
Сондықтан XX ғасырдың 80-ші жылдары әлемнің алдыңғы қатарлы
мемлекеттері білімді орталыққа дәлдеуден - практикалық-бағдарланған білім
беруге бет алды.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ)
2014 жылы өткізген Қазақстандағы орта білім беру шолуында академиялық
пәндер теорияға назар аудара отырып оқытылады, олардың практикада