Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет66/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
157 
-  эссе  авторының  ойлары  проблема  бойынша  қысқа  тезистер  ретінде 
беріледі; 
-  ойлар  дәлелді  болуы  тиіс,  сондықтан  тезистерден  кейін  дәйектер 
жазылады. 
Дәйектер  –  қоғамдық  өмірден,  алынған  фактілер,  оқиғалар,  өмірлік 
жағдайлар  мен  өмірлік  тәжірибелер,  ғылыми  дәлелдер,  ғалымдардың 
пікірлеріне  жүгіну  және  т.б.  Әрбір  тезиске  екі  дәйек  келтіріледі,  себебі  бір 
дәйек  келтіру  көп  жағдайларда  жеткіліксіз,  үш  дәйек  ықшамдыққа  және 
көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығарманы «ауырлатуы» мүмкін. 
Сонымен,  эссенің  құрылымы  (тезистер  мен  дәйектердің  саны  тақырыпқа, 
құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады): 
- кіріспе; 
- тезис, дәйектер; 
- тезис, дәйектер;  
- қорытынды. 
Кіріспе  және  қорытынды  бөлімдерде  қарастырылып  отырған  проблемаға 
назар аударуы қажет (кіріспеде  мәселе қойылады, қорытындыда автордың ойы 
нақтыланады). Эссе тіліне эмоционалдық, экспрессивтік, көркемдік тән екенін 
оқушылардың  түсінулеруі  аса  маңызды.  Сонымен  қатар,  эсседе  сленгті, 
шаблонды фразаларды, сөздерді қысқартудан аулақ болу қажет. Эссені жазуда 
қолданылатын тіл жеңіл қабылданатындай болуы тиіс.  
Эссені  жазудың  формальді  ережесіне  сәйкес  атауының  болуымен 
ерекшеленеді.  Эссенің  ішкі  құрылымы  еркін  болуы  мүмкін.  Бұл  жазба 
жұмысының  шағын  түрі  болғандықтан,  соңында  қорытындылауды  міндетті 
түрде  қайталау  талап  етілмейді,  олар  негізгі  мәтіннің  немесе  атауының  ішіне 
енгізілуі мүмкін. Дәйектеме  мәселені тұжырымдаудың алдында болуы мүмкін. 
Мәселені тұжырымдау соңғы қорытындымен сәйкес келуі мүмкін. 
Эссе жазу барысында  мынадай типтік қателіктер жиі кездеседі: 
- ұзақ кіріспе; 
- детальдар санының жетіспеушілігі; 
- мысалдары суреттелмей берілген пайымдаулар; 
- көпсөзділік, себебі, эссе көлемі нақты мөлшермен шектелген;  
-  автордың  шынайы  ойын  көрсете  алмайын  ұзын  сөйлемдердің  болуы, 
қайта  керісінше  қысқа  сөйлемдер  үлкен  әсер  қалдырады.  Эсседе  ұзын 
сөйлемдер мен қысқа сөйлемдер ауысып отырса, ол өте тиімді болады; 
-  ғылыми  терминдерді  қолдану,  энциклопедиялық  сөздерді  келтіру  эссені 
түсінуді  ауырлатады  және  оқушының  назарын  басқа  жаққа  аударады,  эссенің 
мәні төмендейді. 
 
39-кесте – Эссе мазмұнын бағалау өлшемшарттары 
 
Өлшемшарттар  Дескрипторлар 
Балдары 
Тақырыпты 
ашу тереңдігі 
ұсынылған тақырыпты ұғынуы 

эссе тақырыпқа сай келмейді 



Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
158 
және пікірлердің 
сенімділігі  
2 балл 
Проблеманы көрсетуі 

эссе проблемасы ашылмаған 

Дәйектемелер 
3 балл 
эссе тақырыбына сәйкес келетін көркем 
шығармадан алынған дәйектердің болуы,  

көркем шығармадан алынған дәйектердің 
болмауы 

автордыңұстанымыннақтылайтынбасқадереккө
здерденалынғандәйектердіңболуы 

автордың ұстанымын нақтылайтын басқа 
дереккөздерден алынған дәйектердің болмауы 

автордың жеке көзқарасының болуы 

автордың жеке көзқарасының болмауы 
 0  
Композициялық 
тұтастығы және 
логикалық 
жүйелілігі  
3 балл 
композияциялық тұтастықтың болуы, 
пікірлердің бөліктері логикалық байланысты, 
ой біртіндеп дамиды 

тезистік бөлімнің болмауы 

ішкі логиканың болуы, жекеден жалпыға, 
жалпыдан жекеге өту дағдысының болуы 

логикалық байланыстың болмауы мағынасын 
түсінуге кедергі келтіреді 

сонылық, ерекшелік (қызықты байланыстар, 
ойламаған бұрылыстар) 

шығармашылық көрініс жоқ 

Сөйлеу 
мәдениеті 
2 балл 
көркем – бейнелеу құралдарды және 
стилистік сөздерді, бай лексикасын қолдану 

сөйлеудегі бірыңғай грамматикалық құрылым 

эмоционалдылық, тіл шешендігі 

сөйлеу тілінің жұтаңдығы 

 
Барлық балдардың жиынтығы 
10 
 
Әдеби тақырып және еркін тақырып бойынша эссенің сауаттылығы келесі 
кестеде көрсетілген өлшемшарттармен бағаланады  
 
40-кесте – Сауаттылықты бағалау өлшемшарттары 
 
Өлшемшарттар 
Дескрипторлар 
Балдары 
Орфография 
3 балл 
Орфографиялық қате жоқ, немесе 
1 жеңіл қате 

1-2 қате жіберілді 

3-5 қате жіберілді 

5-тен көп қате жіберілді 

Пунктуация 
3 балл 
пунктуациялық қате жоқ,  
немесе  1 қате жіберілді 



Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
159 
2-3 қате жіберілді 

4-5 қате жіберілді 

5-тен көп қате жіберілді 

Грамматикалық 
норманысақтау 
2 балл 
грамматикалық қате жоқ немесе,  
1 қате жіберілді 

2-3 қате жіберілді 

4-тен көп қате жіберілді 

Стилистикалық 
норманнысақтау 
2 балл 
стилистикалық қателері жоқ, немесе 1 
қате жіберілді 

2-3 қате жіберілді 

3-тен көп қате жіберілді 

 
Барлық балдардың жиынтығы 
10 
 
Төменде бес балдық жүйе бойынша эссені бағалау шкаласы келтірілген  
 
41-кесте – Бес балдық жүйе бойынша эссені бағалау 
 
Бағалудың бес балдық жүйесі 
бойынша баға  
«2» 
«3» 
«4» 
«5» 
Мазмұны 
0–3 
4–6 
7–8 
9–10 
Сауаттылығы 
0-3 
4-6 
7-8 
9–10 
 
Егер мектеп бітіруші таңдау пәні ретінде «Қазақ әдебиеті» пәнін таңдаса, 
әдебиет пәні бойынша алған бағасына емтихан тапсыру барысындағы тестілеу 
бағасы қосылады. Қорытынды баға жоғарыдағы принцип бойынша қойылады.   
Кітап  оқу  тілдік  іс-әрекет  ретінде  коммуникация  тәсілінің  маңызды  бір 
түріне жатады . Осыған байланысты сұраққа жауап беру ғана емес сұрақты қою 
дағдыларын  дамытуға,  драмалық  шығармаларды  рөльге  бөліп  оқуға  қатысуға, 
сондай-ақ, мәтінді толық, қысқаша, таңдап, айтушының жағын өзгертіп  айтып 
беруге    ерекше  мән  беріледі.  Жоғары  сыныптарда  оқудың  негізгі  түріне 
дауыстап  оқу  жатады.  Дауыстап  оқу  оқудың  қарқынын  өңдеу  үшін  өнімсіз, 
сондықтан  оқылатын  мәтін  көлемін  біртіндеп  көбейту  арқылы  білім 
алушылардың «іштен оқу» дағдыларын қалыптастыру қажет.  
Жоғары  кезеңде  зерттеушілік  және  көз  жүгірте  оқу  (қарап  шығу) 
біліктіліктері жетіле түседі. Мәтін ақпарат алу көзі ретінде қолданылады.  
Оқу стратегиялары 
Оқушының  білім  жолы  мен  іс-әрекет  бағдарламасы  оқу  стратегиясы  деп 
аталады.  Оқу  стратегияларын  үйрену  ақпараттық  деңгей    иерархиясын  ашу 
біліктілігі  ғана емес (дәлел, пікір, пайымдау), мәтін мағынасының иерархиясы 
(негізгі  ой,  тақырып,  тақырыпшалар,  шағын  тақырып  және  т.б.),  және    әрине, 
түсіну  процесі    (рефлексивтік  ақпарат),  яғни  оқу  барысындағы  түсіну  рәсімі. 
Мәтіннің  мағынасын  түсініп  оқу  қабілетін  дамытуға  аналитикалық, 
интерпретациялық  және  сыни  оқу  өнерін  меңгеру  көмектеседі.  Мәтіннің 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау