Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет33/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
79 
Шет тілі  
Бастауыш  сыныптарда  ағылшын  тілін  оқытудың  мақсаты  қарапайым 
деңгейде 
меңгеруге 
бағытталған 
және 
Шет 
тілдерін 
меңгерудің 
жалпыеуропалық  құзыреттіліктері  (CEFR)  бойынша  А1  қарапайым  деңгейіне 
(Breakthrough) сәйкес келеді. 
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 
сағатты құрайды. 
3, 4-сыныптарда пәндік нәтижелер екі аспектіде көрсетілген: 
3-сынып оқушылары:   
1) кемінде 120 жаңа лексикалық бірлікті; 
2) синонимдер мен антонимдерді; 
3) зат есімнің көпше түрін жасауды; деректі/дерексіз зат есімдерді; some, 
any  белгісіздік  есімдіктерін,  no  болымсыз  есімдігін  пайдалануды;  can,  may 
модальдық  етістіктердің  болымды  және  болымсыз  түрлерін;  реттік  сан 
есімдерді,  100-ге  дейін  есептік  сан  есімдерді;  сұраулы  сөйлемдердің  түрлерін 
(жалпы, арнайы, альтернативті); 
4) клише-репликаларды, сөйлеу этикетінің нормаларын;  
5)  ағылшын  тіліндегі  балалар  әдебиеті  шығармаларын  (ертегі,  өлең, 
ұйқастырма, санамақ, әндерді) білуі тиіс. 
3-сынып оқушылары:   
1) болымды, болымсыз, сұраулы сөйлемдерді дұрыс интонациялау (дауыс 
ырғағын келтіре сөйлеу);  
2)  қатаң  және  үнді  дауыссыздар,  ұзақ  және  қысқа  дауысты  дыбыстар, 
ағылшын тіліндегі ерекше дыбыстарды ажырата білу;  
3) сөйлеуде жаңа лексиканы қолдану;   
4)  3-4  репликадан  тұратын  этикеттік  сипаттағы  диалог  жүргізу;  диалог 
көлемі  диалог  көлемі  әр  сұхбаттасушы  тарапынан  3-5  репликадан  тұратын  
сұрастыру  диалогін,  әрекет  етуге  түрткі  болатын  диалогті,  пікір  алмасу 
диалогін жүргізу; 
5) нақты тақырыптық жағдайлар шеңберінде пікірін қарапайым сөздермен 
жеткізу; 
6) қоршаған ортаға қатысты эмоциялық-бағалық қатынасын білдіру;  
7)  аудио-,  бейнематериалдардың  негізгі  мазмұнын  түсіну,  мәтіннің 
дыбысталу уақыты – 1 минутке дейін; 
8) көлемі 40 сөзден аспайтын қарапайым мәтіндердің  мазмұнын түсінуі; 
9)  жеке  хат  жазу,  өзі  туралы  қысқаша  ақпаратты  баяндау,  
коммуникативтік міндеттерге сәйкес мәтіннен үзінді жасауды білуі тиіс.  
4-сынып оқушылары:   
1) көлемі 450 сөзді құрайтын жаңа лексикалық бірліктерді; 
2) оқылған грамматикалық материалды (қарапайым сөйлемнің құрылымы, 
өздік есімдіктер, сын есімнің шырайлары); 
3)  оқытылатын  тілдің  елінде  күнделікті  қарым-қатынас  жағдайларында 
қабылданған  мінез-құлық  этикеті  бойынша  клише-репликаларды  (сөйлеу 
этикеті және іс-қимыл этикеті) білуі тиіс. 
4-сынып оқушылары:   


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
80 
1) болымды, болымсыз, сұраулы сөйлемдерді дұрыс интонациялау (дауыс 
ырғағын келтіре айту);  
2) er, -est, -y жұрнақтары арқылы сын есімдер жасау, күрделі зат есімдер 
жасау: toy shop, shoe shop, etc;  
3)  әр  сұхбаттасушы  тарапынан  4-5  репликадан  тұратын  этикеттік 
сипаттағы  диалог,  сұрастыру  диалогін,  әрекет  етуге  түрткі  болатын  диалог,  
пікір алмасу диалогін жүргізу;  
4) өзі, туыстары, достары туралы (жұмыс түрі, кәсібі, қызығушылықтары 
мен  әуестігі,  мектептегі  оқуы  туралы  және  т.б.),  үй  және  жабайы  жануарлар 
туралы,  жыл мезгілдері туралы ақпараттарды ұсыну;  
5) монолог көлемі 5-6 сөйлемді құрайды;  
6)  аудио-,  бейнематериалдардың  негізгі  мазмұнын  түсіну,  мәтіннің 
дыбысталу уақыты – 1 минутке дейін; 
7) дұрыс дауыс ырғағымен және дұрыс екпінмен дауыстап мәнерлеп оқу;   
8)  оқудың  негізгі  түрлерін  ажырата  білу  (танысу,  зерделеу  және,  іздеу-
қарау), мәтін көлемі 50-60 сөзден артық емес; 
9)  жеке  және  электрондық  хаттарды  жазу,  хаттың  көлемі  –  30-40  сөзге 
дейін;  өзі  туралы  қысқаша  ақпаратты  баяндау,  коммуникативтік  міндеттерге 
сәйкес мәтіннен үзінді көшірмелер жасай білуі тиіс. 
3-сыныптан бастап шет тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді жазуға арналған 
сөздіктерді  енгізу  ұсынылады.  Оқушылардың  жаттығулар  мен  грамматикалық 
тапсырмаларды орындауға арналған жұмыс дәптерлері болуы қажет. 
Бақылау жұмыстарының ұсынылатын нормалары 
Алған  білімдерінің  динамикасын  анықтау  мен  мониторингін  жасау  үшін 
әрбір тоқсанның аяғында бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады. 
Бұл  бақылау  жұмысы  тіл  дамытудың  барлық  бағыттарын  есепке  ала 
отырып,  әрбір  тоқсанда  меңгерген  материалды  қамтиды.  Лексика  және 
грамматика  бойынша  15  тапсырма,  тыңдалым  –  5  тапсырма,  оқылым  –  5 
тапсырма. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға – 14-20 балл, «3» деген 
баға – 1-13 балға қойылады.  
Жазба жұмыстарының ұсынылатын нормалары 
Жұмыстың  бұл  түрі  оқушылардың  сын  тұрғысынан  ойлауын  және  жазу 
дағдыларын  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  жеке  хат,  электрондық  хат, 
суреттегі  адам  туралы  бірнеше  сөйлем  жазуды  ұсынуға  болады  (оқушы  бұл 
адамның  аты-жөнін,  мекенжайын  ойдан  шығарады),  мәтінді  ағылшын  тілінде 
көшіріп  жазу,  оқу  міндетіне  сәйкес  одан  сөздерді  теріп  жазу  немесе  оған 
сөздерді қойып жазу, үлгіге қарап отырып, қысқаша құттықтаулар жазу: 
3-сыныпта – 20-25 сөзге дейін, 
4-сыныпта – 30-40 сөзге дейін. 
 
 
«МАТЕМАТИКА»  БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Математика»  оқу  пәні  бастауыш  білім  беру  деңгейінде  «Математика» 
білім  саласының  кіріктірілген  оқу  пәні  болып  табылады.  Оны  оқып-білу  нөл 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
81 
мен  1  000  000  көлеміндегі  натурал  сандардың  арифметикасын,  маңызды 
шамаларды,  сондай-ақ  негізгі  орта  білім  беру  деңгейінде  одан  әрі  қарай 
оқытуды  жалғастыру  үшін  алгебра  және  геометрияның  қарапайым  алғашқы 
түсініктерін қамтиды. 
 
Математика 
Оқу  пәні  ұлттық  және  жалпыазаматтық  құндылықтар  негізінде  тұлғаның 
интеллектуалды 
дамуының 
қажетті 
деңгейіне 
жетуге 
бағытталған 
математиканың базалық негізін сапалы меңгеруді, көрнекі-бейнелік, логикалық 
және  абстрактылы  ойлауды  қалыптастыруды,  негізгі  орта  білім  деңгейінде 
алгебра  мен  геометрияны  меңгеруге  практикалық  негіз  жасауды  қамтамасыз 
етеді. 
3-сыныпта  қайталауға  берілген  сағаттар  саны  4  сағаттан  14  сағатқа  дейін 
артты.  Осыған  байланысты  алғашқы  14  сабақтың  мазмұны  толығымен 
өзгертілген.  
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
3, 4-сыныптарда – аптасына 5 сағат, оқу жылына 170 сағатты құрайды. 
 
19-кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының саны 
 
Қорытынды бақылау 
жұмыстарының саны  
(құрама бақылау 
жұмысы 
3-сынып 
4-сынып 
Тақырыптық 
Бақылау  Тақырыптық 
Бақылау 
Тоқсан 





II 




III 




IV 




Барлығы 




 
Кіріс  бақылау  жұмысындағы  қиын  тапсырмалар  қосымша  тапсырма 
ретінде  беріледі  және  тек  қана  «4»  немесе    «5»  деген  баға  қойылады;  кіріс 
жұмысы үшін журналға «2» бағасы қойылмайды.  
Қатемен  жұмыс  жасау  барысында  міндетті  түрде  есепті  шығарудың 
жолдарын талдау қажет. 
 
20-кесте  –  Бақылау  ауызша  есептеу  және  математикалық  диктанттардың 
саны 
 
Жұмыс түрі 
3-сынып 
4-сынып 
I жарты 
жылдық 
II жарты 
жылдық 
I жарты 
жылдық 
II жарты 
жылдық 
Ауызша  






жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау