Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет29/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
69 
- мәтінде  өтілген  тыныс  белгілерінің  болмауы  (сөйлемнің  соңында)  және 
бас әріптің сөйлем басында жазылмауы; 
- орфографиялық  ережелер  бойынша  жіберілген  қателер;  бір  ережеге 
сәйкес келетін сөздердің әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болып саналады; 
- бірдей  әріптен  жіберілген  қате  үш  рет  қайталанса,  екі  қатеге 
есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатеге есептелінеді; 
- мазмұндама  жазу  кезінде  шығарманың  мәнін,  мазмұнын  өзгертетіндей, 
алшақтайтындай авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулардың болуы; 
- бөлімдердің  арасында  байланыстың  болмауы,  сөздік  қоры  жұтаң, 
мазмұнының  негізгі  бөлімінің  болмауы,  автор  мәтінінде  көрсетілген  маңызды 
оқиғалардың қалдырылуы; 
- мазмұндамада сөздердің сәйкес мағынада қолданылмауы.   
Диктантта  мына  қателер  бір  қате  ретінде  саналады:  екі  түзету;  екі 
пунктуациялық  қате;  бір  сөзден  жіберілген  қатенің  қайталануы;  екі  өрескел 
емес қате. 
Өрескел  емес  қателер:  сөзде  бір  әріптің  қайталануы;  сөздің  қате 
тасымалдануы;  сөйлемде  бір  сөздің  екі  рет  қайталанып  жазылуы,  аяқталмаған 
сөз. 
Кемшіліктер:  келесі  сөйлем  бас  әріппен  жазылған  жағдайда  сөйлем 
соңында тыныс белгісінің қойылмауы; азат жолдың болмауы; мазмұндама жазу 
кезінде авторлық мәтіндегі оқиға қисынының шамалы бұзылуы.  
Диктант  үшін  ұсынылатын  мәтіндер  орфографиялық  тұрғыдан  таныс 
болмаған  жағдайда,  яғни  жіберілген  қателер  өтілген  сабақтардың 
материалдарында  қарастырылмаған  жағдайда  жіберілген  қателер  диктантта 
қате деп саналмайды. 
«5»  бағасы  оқушы  барлық  тапсырмаларды  қатесіз  орындаған, 
түсініктерді,  анықтамаларды,  ережелерді  саналы  түрде  меңгеруін  анықтаған 
және жұмысты орындау барысында білімін өз бетінше қолдана алған жағдайда 
қойылады; 
«4» бағасы оқушы ережелер мен анықтамаларды саналы түрде меңгерсе; 
сөз,  сөйлем  талдау  барысында  білімдерін  қолдана  білсе,  кемінде 
тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса (1-2 қате жіберілсе), қойылады; 
«3»  бағасы  оқушы  оқылған  тақырыптардың  белгілі  бір  бөліктерін 
меңгерген,  тапсырмалардың  жартысынан  артығын  дұрыс  орындаған  жағдайда 
(3-5 қате жіберілсе) қойылады; 
«2»  бағасы  оқушының  оқу  материалын  нашар  білетіні  анықталса, 
көптеген  грамматикалық  тапсырмаларды  орындай  алмаса  (5-тен  артық  қате 
жіберілсе), қойылады. 
Мазмұндаманы,  шығарманы ұйымдастыру және өткізу. 
3,  4-сыныптарда  оқушылардың  өз  ойын  жазба  тілде  тиянақты  түрде 
жеткізу  білігін  тексеру  мақсатында  мазмұндама,  шығарма  жазуға  үйрететін 
жұмыс  жүргізіледі.  Осы  жұмыстарға  1  сағаттан  кем  емес  уақыт  бөлу 
ұсынылады.  Үйрету  сипатындағы  шығармашылық  жұмысты  жүргізудің  
кезеңділігі – шамамен 15 күнде бір рет. 
Мазмұндама  тақырыптарының  көлемі  диктант  мәтіндерінің  көлеміне 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
70 
қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс. 
Шығарма  тақырыбын  таңдауда  оның  өмірмен  байланыстылығы,  балалар 
тәжірибесі  мен  қызығушылығына  жақындығы,  мазмұнының,  мәтін  құрылысы 
мен оның тілдік безендірілуінің қолжетімділігі ескерілуі қажет.  
Бастауыш  сыныптарда  мазмұндама  мен  шығарма  үйретушілік  сипатта 
болатынын  ескере  отырып,  үйретушілік  сипаттағы  шығарма  мен  мазмұндама 
үшін  қанағаттанарлықсыз  баға  қойылмайды,  қанағаттанарлықсыз  баға  тек                  
4-сыныптың бірінші жартыжылдығы соңында бақылау мақсатындағы шығарма 
үшін  және  оқу  жылының  соңында  бақылау  мақсатындағы  мазмұндама  үшін 
қойылады. 
3-cыныпта  мазмұндама,  шығарманы  тексергенде,.  1  баға  қойылады;                
4-сыныпта мазмұндама және шығарма үшін 2 баға қойылады: 1 баға – мазмұны 
үшін, 1 баға сауаттылығы үшін. 
«5» деген баға автордың мәтіні (мазмұндама) жүйелі әрі дұрыс баяндалса; 
тақырып толығымен ашылған болса, сөздік қоры бай және  сөздерді қолдануда, 
сөз  тіркестері  мен  сөйлемдерді  құруда  кемшіліктер  жоқ  болса;  сондай-ақ 
орфографиялық қате (1-2 түзету рұқсат етіледі) жіберілмесе, қойылады. 
«4» деген баға жұмыста автор мәтіні (мазмұндама) дұрыс, барынша толық 
берілген, мәтін мазмұны ашылған (шығарма), бірақ ойды баяндаудың бірізділігі 
шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ 1-2 емле 
қате, 1-2 түзету болған жағдайда қойылады. 
«3»  деген  баға  мәтін  мазмұнында  ауытқушылықтар  бар  (мазмұндама), 
тақырыптан  біршама  алшақтаған  (шығарма),  ойдың  баяндау  бірізділігі 
бұзылған  жағдайда,  2-3  сөйлем  құрылысында  кейбір  кемшіліктер  болғанда, 
сөздік қоры аз, 3- 6 қате және 1-2 түзету болғанда қойылады; 
«2»  деген  баға  қорытынды  мазмұндама  мен  шығармалар  мазмұнынан 
айтарлықтай  алшақтаған,  қателері  көп,  ой  жүйесі  сақталмаған,  бөлімдер 
арасында байланыс жоқ, сөздік қоры  жұтаң, 6-дан артық қате және 3-5 түзету 
болған жағдайда қойылады. 
Үйрету  мақсатындағы  мазмұндама  мен  шығарма  сыныпта  мұғалімнің 
басшылығымен орындалады. Оқушыларға (3, 4-сыныптар) мазмұндама жазғызу 
оқулық  мәтіні  және  таныс  емес  мәтіндер  негізінде  кезектестіріп  жүргізілуі 
керек. 
Сөздік диктанттар ағымдағы тексеру жұмысы және бақылау (тоқсанына 1 
рет)  ретінде    өткізіледі.  Сөздік  диктанттардың  мазмұны  жазылуы  ережемен 
реттелмейтін сөздерден құралады.    
Сөздік диктантқа берілетін сөздер саны: 
- 3-сыныпта – 8-10 сөз;  
- 4-сыныпта – 10-12 сөз.                              
Сөздік диктантты бағалау: 
«5» – қатесіз; 
«4» – 1 қате, 1 түзету жіберілсе; 
«3» – 2 қате бар, 1 түзету жіберілсе; 
«2» – 3-5 қате жіберілсе. 
Тест тапсырмаларын бағалау 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау