Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
Жаңаны ашу 10 мин
10 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне деген сенімділік қалыптастыру мақсатында «Ізгі тілек» әдісі қолданылады.
Өткен тақырыпқа шолу:
Үй тапсырмасын сұрау.
«Иә, жоқ» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
1. Құрманғазы тартқан күй «Серпер» (иә)
2. Қазақтың ұлттық аспабы – домбыра (иә)
3. Күй атасы – Ахмет Жұбанов (жоқ)
4. Ахмет Жұбанов – суретші (жоқ)
5. Күй тарту – қазақ халқының ұлттық өнері (иә)
Кері байланыс «Өте жақсы», «Жақсы»
(МК, Ұ) «Ой шақыру» әдісін қолдана отырып «Қазақша күрес» сөзінің мағынасын ашатын сөздерді атайды.
Үлгі: ұлттық спорт түрі, жекпе-жекке шығады, қолмен белдіктен, күрте жағасынан ұстайды, жеңінен ұстап шалады, жұлқиды, кеудеден асыра лақтырады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Қазақстандағы қандай балуандар есімін білесіздер?
Қосымша мәлімет:
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) –Әлем чемпионы. 6 мамыр 1951 жыл Дихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысы — грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Дәулет Болатұлы Тұрлыханов - КСРО-ның жеті дүркін чемпионы (18 қараша, 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылында туған) — грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы кеңес одағының палуаны. КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Жарма ауданының Құрметті азаматы.
Оқушылар мәлімет беріледі. Бүгінгі күннің тақырыбын болжайды.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Айбек Нұғымаров (3-маусым, 1987 ж.) - Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы (2008 ж., 2010 ж.), қазақ күресінен Азия чемпионы (2008 ж.), қазақ күресінен әлем кубыгінің иегері (2011 ж.), қазақ күресі чемпионаттарының жеңімпазы, Самбодан Қазақстан Республикасының жеңімпазы (2012 ж.). Қазақстан Республикасының Президент күніне орай өткен жарыстың жеңімпазы. Осы жарыста "Қазакстан Барысы" атағын алды (2013 ж.)
Бапкері - Серік Қоржыкенов.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы (7 сәуір 1871 ж. Ақмола облысы Қараөткел ауылы – 12 тамыз 1948 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы) – қазақтың атақты палуаны және цирк әртісі. Кәсіпқойлар арасындағы классикалық күрес бойынша әлем чемпионаттарында бірнеше дүркін (1908, 1909, 1911, 1913 және 1914 жылдары) жеңіске жетті. Француз күресі бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған ең алғашқы қазақ; классикалық күрес бойынша ауыр салмақ палуандары арасында әлемдік, ресейлік, аймақтық, одан кейін одақтық чемпионаттарда бірнеше рет жеңіске жеткен. Қажымұқанды «Қара Иван» деп те атаған, ал 1912 жылы қажылыққа барып келгеннен кейін, ол өз атына «қажы» атауды қосып алып, осы атпен бүкіл әлемге танымал болды.
Барлық спортшылардың мақсаты: Спорттың биік шыңдарын бағындыру.
Кері байланыс
«Пазл» құрастыру арқылы Топтың атын анықтаймыз, және
қысқаша мағлұмат береміз.
Жаңаны ашу.
- Ендеше, біздің бүгінгі Әуелбек Қоңыратбаевтың естелігі «Балуан» мәтінімен танысамыз.
«Естелік» дегеніміз не?
Автормен танысу айдары. «сюжетті суреттер»
Әуелбек Қоңыратбаев – 1905-1986 Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. Ғалым, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы. «Фараби және Абай» еңбегін жазған.
Сабақ тақырыбы мен сабақ мақсатымен таныстырылады.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
мәтінді түсініп оқиды;
мәтін мазмұнын жүйелі баяндайды;
сөздерді мағынасына сәйкес орынды қолданады;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтады.
құрастырған жоспары бойынша әңгімелейді.
Оқу, бейне фильм көру
Тапсырма:Жаңа сабақты меңгеру мәтінмен жұмыс.
Мәтінді түсініп оқы.
Мәтінді мазмұнда
Мәтінге сүйеніп сахналық қойылым қою
Топтар бір-бірін «Шапалақ»әдісі арқылы бағалайды.
|
Топпен тілек айтады
Сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтарға жауап береді.
4 оқушы сөйлейді
Топтың атын анықтайды , мәлімет айтады
Тақырыпты ашады.
2 оқушы сөйлейді
|
«Ауызша мадақтау» әдісі:
Жарайсың!
Тамаша!
Жақсы!
«Ауызша мадақтау» әдісі:
«Ауызша мадақтау» әдісі:
«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
Интербелсенді тақта
Интербелсенді тақта
Интербелсенді тақта
Интербелсенді тақта (бейне жазба)
Оқулық
|
3 мин
Бекіту
10 мин
Қорытынды 10 мин
|
2-тапсырма. Дәптермен жұмыс
Сөздікпен жұмыс
Мәтіннен жер-су аттарын, кісі есімдерін теріп жазамыз.
Мақтау, мадақтау
Сергіту сәті: «Мен қазақпын»
3-Тапсырма:(Т)
Айтылған деректерге тоқтала ассосациялық аймақ құрайық. (постермен жұмыс)
«Қажымұқан » туралы білгендерін сызбаға түсіру.
«Балуан» туралы білгендерін сызбаға түсіру.
«Әуелбек Қоңыратбаев » туралы білгендерін сызбаға түсіру
топтар бір – бірін «Басбармақ »әдісі арқылы бағалайды
4- тапсырма: Қорытындылау (Т)
Енді Қажымұқан мен Сара – Кекенге байланысты Венн шеңберін толтыру.
«4 сөйлем» тәсілі арқылы мәтіннің композициялық құрылымына талдау жасайды. («Шың» орнына кестені қолданасыз)
«Кубизм» әдісі арқылы мәтінге сүйене отырып мәнінге байланысты ашық және жабық сұрақтарға жауап береді.
1? Естелік дегеніміз не?
2? «Балуан» естелігін кім жазып отыр?
3? Қажымұқан қандай жарақат алды?
4? Қажымұқан неліктен жарақаттанып қалды?
5? Ресейлік балуан кім?
6? Қажымұқан неліктен жеңіске жетті?
Саралау: сұрақтар бойынша саралау жүргізіледі. Сұрақтар топтағы оқушыларға ұсынылады. Оқушылар бірге жұмыс жасап, сұрақтарға жауап береді
«Медаль » арқылы бағалау (алтын,күміс,қола)
Сыныбымыздың балуандарымен таныстыру.
Күрестің тәсілдерін көрсету.
|
- Тапсырма орындайды.
Билеп сергиді.
-Тапсырманы талқылап, сұрақтарға жауап береді, өз пікірлерін білдіреді.
Тапсырманы талқылап, сұрақтарға жауап береді, өз пікірлерін білдіреді
-.
4 бала күрес тәсілдерін көрсетеді
|
Мақтау, мадақтау
Дескриптор:
Қажымұқан,балуан, Әуелбек Қоңыратбаев туралы
білгенін сызбаға түсіреді.«Басбармақ » әдісі арқылы бағалайды
«Медаль » арқылы бағалау (алтын,күміс,қола)
|
Дәптермен жұмыс
Интербелсенді тақта (бейне жазба)
|