Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
100
2015 жылы ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» заңы қабылданды. Бұл
құқықтық база МЖӘ саласы бойынша бірқатар шектеулерді алып тастады,
қатысушылар құрамын кеңейтті, шарттардың түрі мен нысандарын кеңейтті,
сонымен қатар жеке қаржы бастамасы мүмкіндігін ендіруге мүмкіндік берді.
Нормативтік реттеуді жетілдіру МЖӘ жобаларын ендіру үрдісін үдетті.
Салыстыратын болсақ 2003-2016 жж. Аралығында 61 млрд.теңгеге 23 шарт
жасалды, ал 2017 жылы 146 млрд.теңгеге 160 шарт жасалды.
Егер МЖӘ қазіргі дамуы туралы айтатын болсақ, 2018 жылы 12 шілдедегі
жағдайы бойынша 792,8 млрд. теңгеге 240 объект бойынша 228 МЖӘ шарты
жасалды.
15-кесте Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің
жобаларын іске асыру (2018 жылдың 12 шілдесіндегі жағдайы бойынша)
Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік
Жасалған
шарттар/объектілер
Пайдалануға берілген
объектілер
Салынып жатқан
объектілер
Саны
228 / 240
167
63
Сомасы, млрд. теңге
792,8
101,3
691,3
Дереккөз: ҚР Ұлттық экономика министерлігі, http://economy.gov.kz
Егер МЖӘ негізгі пайдаланылу салалары туралы айтатын болсақ, онда
жергілікті деңгейде білім беру және денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік маңызы
бар бағыттар басым, олардың үлесі барлық республика бойынша 117 және 47
жоба болады. Сонымен қатар, жергілікті деңгейде МЖӘ желісі бойынша
мәдениет пен спорт, ауыл шаруашылығы, энергетика және ЖКХ, құрылыс және
т.б. салаларында жобалар іске асырылуда.
МЖӘ туралы заңнамаға сәйкес МЖӘ мемлекеттік қолдау бойынша
келесідей шаралар қолданылды:
Инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекеттің кепілі;
МЖӘ жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша
мемлекеттік кепілдер;
Мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне ерекше
құқықтарды беру;
ҚР заңнамасына сәйкес шынайы гранттарды ұсыну;
МЖӘ жобаларын қоса қаржыландыру;
МЖӘ жобаларын іске асыру барасында өндірілетін тауарлардың
(жұмыстардың, қызметтердің) нақты көлемін мемлекетпен тұтыну
кепілі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
101
16-кесте Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің пайдасы
Мемлекет үшін
Жеке әріптес үшін
Халық (тұтынушы) үшін
Бюджеттік
қаражатты
үнемдеу
Инфрақұрылымды тездетіп
дамыту
Сапалы қызмет көрсету
Инвестицияларды
және
жеке сектор тәжірибесін
тарту
Жеке
секторға
тәуекелдердің жартысын
өткізу
Ұзақ уақытылы, тұрақты табыс
Жаңа табыс көздері
Валюталық тәуекелдерді ескере
отырып, секвесттелмейтін шарттар
Инвесторлардың мүдделерін заңды
қорғау, оның ішінде мемлекеттің
бастамасы бойынша және заңнның
өзгеруі
кезінде
концессиялық
шарттың біржақты тоқтатылуынан
қорғау
«Сапа-баға»
оңтайлы
қатынасы
Дамыған инфрақұрылымға
қолжетімділік
Сапалы
қызметтер
базасына қолжетімділік
Оңтайлы
мультипликативті әсер
Дереккөз: “МЖӘ Қазақстан орталығы” АҚ «Сервистік шарттарды пайдалану мүмкіндігі МЖӘ туралы заң»
презентациясы, http://kazee.kz
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңға сәйкес Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы келесі функцияларды іске асырады:
Жеке әріптестік анықтау бойынша конкурстық комиссияға қатысу;
Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік
жобаларын
іске
асыруды
қадағалауға қатысу.
Кәсіпкерлер үшін күтілетін қолдау:
МЖӘ жалпы мәселелері бойынша кеңес беру.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру
102
6.2 ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ САЛАСЫНДА
МЖӘ МЕХАНИЗМІН ҚОЛДАНУ
МЖӘ жобаларын кез келген экономикалық қызметте іске асыру қажеттілігі
маңыздылық, қажеттілік және іске асыру мүмкіндігі тарапынан негізделуі керек.
Кәсіпкерлік және билік органдары субъектілерінің ынтымақтастық
шарттарында қаржыландырулы тарту механизмі Қазақстанда қатты тұрмысттық
қалдықтарды басқару саласында драйвер болуы мүмкін, себебі ағымдағы
мәселелерді шешуге мемлекет те қосылады.
МЖӘ сұлбаларының артықшылығы – жеке кәсіпкер ҚТҚ қайта өңдейді
және қоймалайды, шығындарды төмендетеді және тұрақтандырады, сол уақытта
өнімділікке кепілдік береді. МЖӘ сұлбасын пайдалана отырып, бизнесмен қатты
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауытты салады және оны белгіленген
уақыт ішінде басқарады.
Өз кезегінде, мемлекет өз жұмыс саласын азайтады және тәуекелдерді
төмендетеді. Оны орындауды бақылайды, қоқысты қайта өңдейтін зауытты салу
үшін уақытша тегін жер телімін пайдалану құқығын береді және ағымдағы
полигонды МЖӘ шеңберінде сенімді басқаруға береді, бұл сәйкес коммуналдық
инфрақұрылымды қамтамасыз етеді. Ал бұл әлеуметтік маңызы бар объектілерге
салынған бюджетті жеке инвестициялар арқылы оңтайландыруға мүмкіндік
береді.
Біздің елде МЖӘ пайдалана отырып, ҚТҚ басқару және қайта өңдеуге
болады, мұны халықаралық тәжірибе тек растайды. Егер қалдықтарды басқару
бойынша жаңа сұлбаны құру жөніндегі жұмыс жақын арада басталмаса, онда
экологиялық жағдай тек нашарлай береді.
ҚР Статистика жөніндегі комитеттің деректері бойынша, Қазақстанда
барлық жиналатын қалдықтардың тек 0,2% ғана қайталама өңдеуге жатады, сол
уақытта Еуропа одағында бұл 32% құрайды және тез қарқынмен өсіп келуде.
Біздің елдегі ҚТҚ қайта өңдеу пайызының аздығы дамымаған салалық
инфрақұрылымның нәтижесі болып табылады, сонымен қатар қайта өңдейтін
кәсіпорындардың аз санына байланысты.
ҚТҚ-мен жұмыс жасаудың кешенді стратегиясында концессиялық
келісімдерді пайдаланумен МЖӘ пайдалану қажеттілігіне акцент жасалды.
МЖӘ
механизмдерін
пайдалануға
алғышарттар,
ең
біріншіден,
қарастырылып отырған аумақта қатты тұрмыстық қалдықтардың жеткілікті нарық
көлемі, жеке жақтың шығындарын өтеу үшін бюджеттен қаржыландырудың
болуы, сонымен қатар инвестицияларды қайтару кепілі сияқты экономикалық
факторлар болуы керек.
Екіншіден, алғышарттар әкімшілік-саяси факторлар болып табылады,
олардың ішінде аумақ билігінің өкілдерін экономика субъектісіндегі
түрлендірулерге және ҚТҚ нақты саласының дамуына уәждеменің болуы, яғни
олардың ашықтығы; МЖӘ саласында жобаларды іске асырудағы тәжірибенің
болуы. Бұдан басқа, келешек жария әріптес жоба тәуекелдерінің біршамасын
өзіне алуға дайын болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |