Изучение социального самочувствия граждан и его влияние на политические настроения



жүктеу 2,02 Mb.
Pdf просмотр
бет41/42
Дата30.12.2019
өлшемі2,02 Mb.
#25561
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      
103 
Сонымен  қатар,  МЖӘ  механизмдерін  пайдалана  отырып,  инвестициялық 
жобаларды іске асыру үшін маңызды алғышарттар  -  аймақтарда ҚТҚ саласында 
жеке стратегиялардың немесе бағдарламалардың болуы керек.  
Мұнда осы факторлардың барлығы болса да, қатты тұрмыстық қалдықтарды 
басқару саласындағы МЖӘ жобаларын іске асыру аймақта экономикалық дәйекті 
және  бәсекеге  қабілетті  кәдеге  жарату  тарифтері  болмаса  сәтті  болмайды. 
Аймақтардағы  заманауи  тарифтер,  шын  мәнісінде,  жеке  әріптеске  табыс  табуға, 
шығындарды  өтеуге  мүмкіндік  бермейді.  Аймақтық  билік  азаматтардың  төмен 
табысына  және  басқа  қызметтерге  жоғары  бағасына  байланысты  ҚТҚ  бойынша 
тарифтерді арттыра алмайды.   
Жобаның  тартымдылығы  мен  сәтті  іске  асырылуы  үшін  ҚТҚ  бөлек  жинау 
жүйесін  ендіру  және  халықпен  тұрмыстық  қалдықтарды  бөлек  жинау  үшін 
уәждеменің болуы талап етіледі.  
Бүгінде  рұқсат  етілген  полигондар  баршылық,  сонымен  қатар  мыңдаған 
рұқсат етілмеген үйінділер де бар, олар табиғатқа күрделі зиян келтірді және ары 
қарай  мән  бермеу  қауіпті  нәтижелерге  әкелуі  мүмкін.  Қазақстанда  бүгінде 
туындап отырған қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша жағдай 
қоршаған  ортаның  ластануына  алып  келуде  және  халықтың  денсаулығына  зиян 
келтіреді. 
Осылайша,  Қазақстанда  МЖӘ  сұлбасын  пайдалана  отырып,  ҚТҚ  басқару 
мен  қайта  өңдеу  мүмкін  және  өткір  қажеттілік  болып  табылады  (осыны 
халықаралық тәжірибе растайды). 
Осыған  байланысты,  ҚР  ірі  қалаларында  және  300  мың  адамнан  асатын 
агломерацияларында    МЖӘ  механизмін  пайдалана  отырып,  ҚТҚ  басқару 
бойынша  жобаларды  іске  асыру  мүмкін.  Осы  жобалар  бірыңғай  операторды 
құрудан тұруы мүмкін, ол жеке әріптес, таңдалған аймақта ҚТҚ секторын толық 
жаңғырту, қалдықтарды жинау мен тасымалдау жүйесін жетілдіру, қоқысты ақйта 
өңдейтін зауытты салу, жаңа полигонды салу үшін жауапты болады.   
 
 


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      
104 
6.3  ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ САЛАСЫНДА 
ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН МЖӘ ЖОБАЛАРЫ 
ҚТҚ  секторында  жобаларды  қаржыландыру  мен  іске  асырудың  маңызды 
элементтерінің  бірі  әлеуметтік  инфрақұрылымы  және  тіршілікті  қамтамасыз  ету 
объектілерін  қаржыландыруға,  құруға,  қайта  салуға  және  (немесе)  пайдалануға 
бағытталған 
мемлекет 
пен 
жеке 
кәсіпкерлік 
субъектілері 
арасында 
ынтымақатстықты көздейтін МЖӘ механизмін пайдалану болып табылады.   
ҚТҚ  секторында  МЖӘ  пайдалану  мемлекет  пен  бизнестің  тиімді  өзара 
әрекеттесуін  қамтамасыз  етеді,  ресурстар  мен  әлеуетті  біріктіреді,  осының  бәрі 
экологиялық  талаптарды  және  экономикалық  мүмкіндіктермен  бизнеске  және 
коммуналды  қызметтерді  тұтынушыларға    сапалы  қызметтерді  көрсету 
талаптарын  сәйкестендіретін  шешімдерді  табуға  мүмкіндік  береді.  Осыған 
байланысты  ҚТҚ  басқару  жүйесін  тиімді  арттыру  үшін,  сонымен  қатар  ҚТҚ 
секторында  жобаларды  іске  асыру  үшін  бюджеттен  тыс  қаражатты  тарту  үшін 
Қазақстан  Республикасының  концессиялық  заңнамасымен  қарастырылған  МЖӘ 
бір түрін пайдалану мүмкіндігі бар. 
Осылай,  2017  жылы  «Алматы  қ.  Табиғи  ресурстар  мен  табиғатты 
пайдалануды  реттеу  басқармасы»  КМБ  «Алматы  қаласында  қатты  тұрмыстық 
қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік 
жобасын қолдады. 
Осы жобаның келесі негізгі параметрлері анықталды: 
 
  ҚТҚ полигонының болуы; 
  Ары қарай жетілдіру арқылы Алматы қ. Қатты тұрмыстық қалдықтар 
үшін  жылына  қуаты  500  мың  тоннадан  кем  емес  қоқысты 
сұрыптаушы кешенді салу; 
  Жобаны іске асыру үшін қаржыландыру көзін растау; 
  Қазақстан Республикасының аумағында кем дегенде 10 жылдай қатты 
тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жасау саласындағы тәжірибе; 
  Кем  дегенде  1000  тонна  ҚТҚ  жинау  мен  шығару  бойынша  орташа 
тәуліктік көлемді қамтамасыз ету; 
  Соңғы 3 жылда кем дегенде 700 мың тонна көлемінде расталған ҚТҚ 
шығару көлемінің болуы; 
  GPS  қамтылған  75  бірліктей  өзіндік  қоқыс  тасымалдағыш  паркінің 
болуы. 
Мемлекеттік  әріптестің  тарапынан  міндеттер  –  жобаның  іске  асырылу 
мерзімінде  қатты  тұрмыстық  қалдықтарды  жинау,  шығару,  қайта  өңдеу,  кәдеге 
жарату мен көму бойынша құқықтарды беру; контейнерлік алаңдарды беру. 
Осы  жобаға  сәйкес МЖӘ  Алматы  қ.  Қалдықтары үшін  қуаты  жылына  500 
мың  тоннадан  кем  емес  жаңа  қоқыс  сұрыптаушы  кешенді  салу;  Қазақстан 
Республикасының  Экологиялық  кодексінің  301  бабына  сәйкес  талаптарды 
қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қолдану қарастырылды.  


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      
105 
2018  жылдың  қыркүйегінде  Алматы  қ.  Алатау 
ауданында  жылына  550  мың  тонна  қатты 
тұрмыстық  қалдықтарды  сұрыптайтын  кешеннің 
ресми  ашылуы  өтті,  бұл  полигонда  көму  қауіпсіз 
инертті  және  биоыдырайтын  материалдарды 
жіберуге мүмкіндік береді. 
Автоматтанды
рылған 
зауыт 
шамамен төрт гектар жерді алады. Кәсіпорында 50 
мың  тоннаға  дейін  қайталама  шикізат  алу 
көзделуде: картон, целлофан, шыны, пластик және 
металл. 
Кейін  кешеннің  аумағында  қайталама 
шикізатты  терең  қайта  өңдеу  үшін  қосымша  қуат 
салу көзделуде. 
Қалдықтарды  басқару  бойынша  кешенді  жүйені  ендірумен  бірге  осының 
бәрі  қаланың  қоршаған  ортасына  экологиялық  жүктемені  азайтуға  мүмкіндік 
береді. 
Үздік  итальян  жабдықтары  бар  кәсіпорынды  ендіру  530  тұрақты  жұмыс 
орнын береді. Қала әкімшілігі мен жеке инвесторлар консорциумының арасында 
ұзақ  уақытылы  шартты  жасасу  кәсіпорынның  тиімді  үлгісін  салуға  мүмкіндік 
береді. Тармақтардың біреуі – автопарктың әрдайым жаңартылуы және үрдістерді 
автоматтандыру.  30  жаңа  машина  сатып  алынды  және  маршруттарды 
диспетчерлеу жүйесі ендірілді. 
 


жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау