Изучение социального самочувствия граждан и его влияние на политические настроения



жүктеу 2,02 Mb.
Pdf просмотр
бет37/42
Дата30.12.2019
өлшемі2,02 Mb.
#25561
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

ҚТҚ қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      
93 
5  ҚТҚ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
ҚТҚ  қайта  өңдеу  бойынша  зауытты  ұйымдастыру  жоспарында  өндірістік 
үрдіс  үшін  қажетті  техниканы  және  машиналарды  жайғастыру  үшін  бөлмені 
сатып алу немесе жалдау, қажетті жабдықтарды және арнайы заттарды сатып алу 
көзделуде. 
Осы  өндіріс  түрін  ұйымдастырғанда,  ең  маңыздысы  қатты  тұрмыстық 
қалдықтарды жинаумен және қайта өңдеумен айналасу үшін лицензияны рәсімдеу 
үрдісі болып табылады. 
Қалдықтардан  жасалатын  өнімдер  мен  шикізаттардың  сұрыптамасы 
кәсіпорынға  табыс  әкелуге,  жұмыскерлерге  жалақы  төлеуге,  операциондық 
шығындарды  өтеуге,  қарыз  қаражаттарды өтеуге,  салықтарды  төлеуге  мүмкіндік 
береді. 
Сарапшылардың  бағасы  бойынша,  орта  есеппен  алғанда,  100000  тонна 
қалдықтардан 50000 тонна және одан да артық түрлі шикізаттардың көлемі шыға 
алады.  Шикізаттарды  қайта  өңдеу  бойынша  зауыттар  өнімдерге  бағаны 
сақтағанда,  өндірістік  қызметті  дамытуға,  несиені  қайтаруға,  кәсіпорынның 
табысты жұмысын қамтамасыз етуге болады. 
Кәсіпорында  инновациялық  жұмыс  әрдайым  жүргізіліп  отырылады,  бұл 
жоғары  нарықтық  бәсекелестікті  қамтамасыз  етуге,  өнімнің  сұрыптамасын 
кеңейтуге,  өнімділікті  арттыру  және  тұтынылатын  энергияны  үнемдеу  арқылы 
өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді. 
2-3  жылда  Қоқыстарды  қайта  өңдеу  бойынша  зауыт  өндірісті  толығымен 
игере  алады,  ҚТҚ  және  басқа  қалдықтардың  толық  қайта  өңделуін  қамтамасыз 
етеді,  ары  қарай  дамытқанда  олардың  негізінде  шикізаттық  және  тауарлық 
өнімдердің  кең  спектрін  шығара  алады,  параллель  жүзінде  әлеуметтік  және 
экологиялық  мәселелердің  бірқатарын  шеше  алады,  сонымен  қатар  шетел 
нарықтарына шығу үшін алғышарттарды жасай алады.  
Бүгінгі  күнде  «контейнер-машина-үйінді»  түрінде  қоқыстарды  ұсақтап 
қайта  өңдейтін  бірнеше  кішігірім  компаниялар  жұмыс  істеуде,  олардың  көбісі 
бәсекелестікті сезбейді, себебі бұл нарық әлі де бос. Бұл бизнес ұзақ уақыт табыс 
әкелмейді  және  инвестициялардың  көп  көлемін  талап  етеді,  сондықтан  осындай 
кәсіпорын  үшін  бизнес-жоспары  барлық  есептеулермен,  мерзімдермен, 
тәуекелдермен толық нұсқаулық ретінде болуы керек. 
Сарапшылардың  дәлелдеуінше,  «контейнер-қоқыс  тасымалдағыш-үйінді-
рекультивация»  классикалық  кәдеге  жарату  нысаны  қазіргі  уақытта  әлеуетті 
қауіпті  болып  табылады,  себебі  топырақпен  жабылған  үйінді  жылыжай  әсерін 
береді, «үйінді газының» көзі болып табылады және аз тиімділікті. 
Бүгінде  әлемде  қоқыстарды  кәдеге  жарату  үшін  900  астам  термиялық 
станциялар  бар.  Бұл  станциялар  жыл  сайын  0,2  млрд.  тонна  қоқысты  қайта 
өңдейді, 130 млрд. кВтч электрэнергиясын шығарады. Осы сегменттегі көшбасшы 
технология дәстүрлі қоқысты жағу үрдісі болып табылады. Дегенмен, плазмалық 
газдандыру  сияқты  "үздік  қайта  өңдеу  технологиясы"  сегментінің  келешегі  бар 
және оның үлесі биологиялық станциялар сияқты жыл сайын өсіп отырады. 


ҚТҚ қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру 
Қазақстан Республикасында қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ендіру      
94 
Сарапшылардың 
бағалауынша, 
осы 
бизнес 
түрі 
басты 
бәсеке 
артықшылығымен  сипатталады  –  жоғары  тұрақтылық  деңгейі,  себебі  тұрғын  үй 
қоры  күтуді  және  тазалықта  ұстауды  талап  етеді.  Бірақ  саладағы  табыс  жоғары 
емес. 
Соңғы  он  жылдарда  өндірісі  дамыған  елдерде  де,  Қазақстанда  да 
қалдықтарды  басқару  стратегиясы  едәуір  өзгерістерде  ие  болуда.  Осындай 
өзгерістердің басты себептері қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылауы, 
оның адам денсаулығына негативті әсері, сонымен қатар экологиялық саясат пен 
заңнамадағы  орын  алған  өзгертулер.  Осылайша,  қалдықтарды  басқару 
саласындағы саясат, ең бастысы, пайда болатын қалдықтардың көлемін азайтуға 
және оны максималды пайдалану әдістерін дамытуға бағытталған.  
Бүгінде  «қоқыс  құрамдас  қалдықтарды  қайта  өңдеу  мен  сұрыптау» 
сегментіндегі  бәсеке  орта  оны  сұрыптау  мен  қайта  өңдеу  жүйесін  орталықтан 
құруды  талап  етеді,  бұл  инвестициялар  үшін  жағымды  ортаны  құрайды. 
Қоқыстарды өңдейтін зауыттар шамалы, қоқыстарды қайта өңдейтін кешендер  – 
дана-дана, ал қоқыс көп. 
Қазақстанда  ҚТҚ  қайта  өңдеу  мәселесін  шешу  үшін,  ең  алдымен, 
қоқыстарды  жинауды,  осы  материалдарды  қайта  өңдеуді  және  бірінші  реттік 
өнімді өндіру үшін қайталама шикізатты немесе екінші реттік өнімді жасауды іске 
асыруға  мүмкіндік  беретін  тұрмыстық  қалдықтарды  шаруашылыққа  тартуға 
арналған  инфрақұрылымды  құру  қажет.  Мысалы,  осындай  мәселелерді  шешу 
үшін Германияға 20 жыл қажет болды. 
Соңғы  онжылдықта  қоқысты  қайта  өңдейтін  кешендерге  деген  сұраныс 
бірнеше есе өсті, бұл осы саланы табыс үшін қызықты етеді. Егер  қоқысты қайта 
өңдейтін зауытты бірнеше жерге орналастырса, шикізаттың ағыны тұрақты болып 
тұрады.  Санитарлық  ережелерге  сәйкес,  әр  қалада  қатты  тұрмыстық  қалаларды 
жиану үшін орындар бекітіледі. Осындай жиналатын алаңдардың ауданы қаланың 
ауданына тәуелді болады және бірнеше мың шаршы метрге жетеді. 
Кез  келген  өндірісті  ашу  –  бұл  әрдайым  да  еңбек  сыйымдылықты  және 
шығынды үрдіс. Бірақ мұнда оның артықшылығы бар: мемлекет пен түрлі қорлар 
шығындардың  бір  бөлігін  осындай  өндірісті  ашу  үшін  субсидиялайды,  себебі 
қоқысты  қайта  өңдейтін  зауыттар  қалалық  құрылыстың  даму  стратегиясына 
кіреді. 
Сондықтан осындай кешенді ашу үшін келесідей ресурстар қажет: 
  Компанияның өзіндік ақшалай қаражаты. 
  Қорлардың инвестициялары. 
  Аумақ үкіметінен немесе қала әкімшілігінен субсидиялар. 
  Өндіріс орналасатын жер телімі. 
  Қоқысты сұрыптау мен пресстеу үшін технологиялық жабдық. 
  Оқытуды қажет ететін адам ресурстары. 
  Зауытқа шикізатты жинау мен жеткізу үшін көлік. 
  Газға, суға және электр желісіне қосылу үшін техникалық шарттар. 
Қарапайым  түрінде  ҚТҚ  қайта  өңдеу  технологиялық  үрдісі  келесідей 
болады: 


жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау