ЖОБА
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
201__ жылғы «_____» ___________
№ _______ бұйрығымен бекітілген
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттарды беру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар және қысқартулар пайдаланылады:
грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес грант алған тұлға;
гранттық қаржыландыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – құрамына уәкілетті органның және басқа мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың және тиісті салалардың өкілдерінен (келісім бойынша) және технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының (бұдан әрі – ұлттық институт) қызметкерлері кіретін комиссия мүшелерінің тақ саны, өтінімдердің сараптамасын және осы Қағидалармен белгіленген инновациялық гранттар беру шарттарын ескере отырып, өтініш берушілердің жобалары бойынша ұсынымдық сипатта шешім қабылдау үшін ұлттық институт шеңберінде құрылған алқалы орган;
индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
инновациялық грант – инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
комиссия шешімі – комиссия мүшелерінің отырысына қатысушылар дауыстары нәтижелерінің негізінде инновациялық грант беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы ұсынымдық сипаттағы шешім туралы мәліметті қамтитын хаттама, дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі;
нысаналы технологиялық бағдарлама (бұдан әрі – НТБ) - мемлекеттің, кәсіпкерлік субъектілерінің және ғылымның өзара іс-қимылына негізделген кәсіпорындардың (салалардың) технологиялық міндеттерін шешу жөніндегі шаралар кешені;
өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес құжаттар қоса берілген өтініш;
өтініш беруші – Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алуға өтінішті қарастыруға ұсынған заңды тұлға;
саланың технологиялық міндеттері – ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) сынақ жұмыстарын өткізу шешімін қажет ететін, белгілі бір саладағы бірқатар ұйымдар үшін ұқсас міндеттер;
технология – пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені;
технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға және инновациялық даму үрдістерін үйлестіруге уәкілетті ұлттық даму институты;
технологиялық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі – ТСК) – уәкілетті орган жанындағы консультативтік-кеңес беруші орган.
Инновациялық гранттар өтініш берушілерге уәкілетті органмен анықталған басым бағыттар шеңберінде салалардың технологиялық міндеттерін шешу үшін беріледі.
Инновациялық гранттарды берудің ақпараттық қамтамасыз етуді ұлттық институт және уәкілетті орган жүзеге асырады.
Осы Қағидаларға сәйкес инновациялық гранттарды беру уәкілетті орган мен ұлттық институт арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттарды беруге көзделген қаражатты бөлу арқылы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру тәртібі
Ұлттық институт жылына 2 (екі) реттен кем емес өтінім қабылданатын мекен-жайы мен мерзімін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық институттың ресми интернет-ресурсында инновациялық гранттарды алуға өтініштерді қабылданатындығы және қарастырылатындығы туралы хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау кезеңі өтінімді қабылдау басталғанға дейін, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен келісіледі.
Өтініш берушілерге инновациялық гранттар беру рәсімдері мынадай кезеңдерді қамтиды:
рәсімі ұлттық институттың актілерімен реттелетін ұлттық институтпен өтінімдерді қабылдауы және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруі.
Өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексеру аяқталған соң, ұлттық институт өтініш беруші сауалнамада көрсеткен электрондық поштаға анықталған сәйкессіздіктер (болған жағдайда) туралы хабарлама жібереді.
Өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді ұлттық институттан хабарлама алғаннан соң 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жояды.
Сұратылған құжаттар 15 (он бес) жұмыс күні ішінде берілмеген жағдайда, өтінім өтініш берушіге одан әрі қараусыз қайтарылады;
қалыптасқан өтінімдер тізімінің негізінде ұлттық институт өтінімдерді сараптамадан жүргізуді қамтамасыз етеді.
Сараптаманы жүргізу рәсіміне қойылатын талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда, сарапшы бұл туралы ұлттық институтқа хабардар етеді, бұл жағдайда сарапшы нақты жобаның сараптамасынан шеттетіледі.
Экономикалық және (немесе) технологиялық сараптаманың теріс қорытындысы кезінде қалған бағыттар бойынша сараптама жүргізілмейді және өтінім өтініш берушіге одан әрі қараусыз және комиссияға шығарусыз қайтарылады және инновациялық грантты беруден бас тартуға негіз болады;
рәсімі ұлттық институттың актілерімен реттелетін ұлттық институтпен мәлімделген шығындардың негізділігін бизнес жоспармен сәйкес тексеруі;
жобалар бойынша кешенді қорытындыны және өтінім бойынша құжаттарды инновациялық грантты беру немесе беруден бас тарту туралы ұсынымдарды шығару үшін комиссияның қарауына дайындау және жіберу;
ТСК қарауына комиссия шешімін жіберу.
Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі өтініш берушінің қосымша немесе түзетілген құжаттарды ұсыну уақытын есептемегенде, 45 (қырық бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс;
ТСК отырысында ұлттық институт ұсынған өтінімдердің және комиссия ұсынымдарының қарастырылуы және инновациялық грантты беру немесе инновациялық грантты беруден бас тарту туралы шешім беруі;
ТСК шешімінің негізінде инновациялық грантты беру туралы шартты жасасу.
Ұлттық институт ТСК шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде инновациялық грантты беруде теріс шешім алған өтініш берушілерді хабардар етеді, бас тарту туралы дәлелді хат жібереді.
ТСК отырысының хаттамасына қол қойылғаннан кейін және инновациялық грантты алу үшін жобалар тізімін бекіткеннен кейін ұлттық институт қызметкерлері инновациялық грант алушыларды ұлттық институтпен шартқа қол қою қажеттілігі туралы хабарлайды.
Инновациялық грант алушы мен ұлттық институт арасындағы комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойылады. Шарт ұлттық институт актілерімен реттелетін нысанда әр тарап үшін бір-бірден екі данада жасалады.
Ұлттық институт шартқа қол қойылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде интернет-ресурсқа инновациялық грантты беру туралы шешім қабылданған жобалар туралы ақпаратты орналастырады.
Өтінімдерді ашық және жан-жақты қарастыру және инновациялық гранттар бөлу туралы шешім қабылдау мақсатында ұлттық институтта комиссия құрылады. Комиссия төрағасы ұлттық институттың бірінші басшысы болып табылады.
Комиссияның қызметін ұйымдастыру және құрамы ұлттық институттың актілерімен реттеледі.
ТСК жоба бойынша материалдарды қарастырады, жобаны талқылау үшін отырысты ұйымдастырады және мына шешімдердің бірін береді:
инновациялық грантты беру;
инновациялық грантты беруден бас тарту.
ТСК отырысына өз жобасын таныстыру үшін өтініш беруші шақырылады.
ТСК отырысын өткізу күні ТСК Төрағасының келісуімен анықталады.
Жасасқан шарттарға сәйкес жобаның іске асырылу процесін бақылау мақсатында ұлттық институт егжей-тегжейлі бизнес жоспарға сәйкес одан әрі жобаның кезеңдеріне сәйкес жобалар мониторингі уәкілетті органына жіберу үшін жобаны іске асыру барысында тұрақты мониторингті жүргізеді.
Инновациялық грантты беру туралы жасалған шарттар бойынша жобалар мониторингін ұлттық институттың актісімен реттеледі, ол уәкілетті органның және ұлттық институттың интернет ресурсында орнатылады.
Шарт инновациялық грант алушының ұлттық институтпен жобаны аяқтау туралы шешім қабылданған сәттен бастап нарықта жобаны жылжытуға жәрдемдесу мақсатында 5 (бес) жыл ішінде ұлттық институтқа жоба туралы ақпарат ұсынуын көздейді.
3. Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант беру шарттары
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант, құрамына өндірістік сектордың атынан бір немесе бірнеше өзара аффилирленген емес заңды тұлғалар және кем дегенде бір ғылыми-зерттеу институты және (немесе) жоғарғы оқу орны немесе жарғысында негізгі қызмет бағыттарының бірі ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылатын ұйымдар кіруі тиіс құрылған консорциумның атынан әрекет ететін тұлғаға беріледі.
Шетелдік ғылыми ұйымдар жұмысқа тартылған жағдайда, ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты іс-шаралардың іске асырылуы тікелей отандық ғылыми ұйымның қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл ретте, ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық және іске қосу-реттеу жұмыстарына бағытталған шығындар, отандық ғылыми ұйым тарапынан төленетін қаражат үлесі жалпы бюджеттің он пайызынан төмен болмауы тиіс.
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант мынадай шарттарда беріледі:
қарастырылып отырған технологияның Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік ендіруінің жоқтығы;
жобаның салалық бағыттылығы (технологиялық міндеттердің шешімі);
отандық технологиялық құзіреттілікті дамыту бойынша әлеуеттің бар болуы.
Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттың жалпы сомасы негізделген шығындардан 80 (сексен) пайызын құрайды, бірақ 800 000 000 (сегіз жүз миллион) теңгеден аспайды және инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес саланың технологиялық міндеттемелерін шешу үшін қажетті ұлттық институтпен мәлімделген шығындардың негізділігін тексеру қорытындысы бойынша негізделген шығындарды төлеу үшін беріледі.
Инновациялық грант беру туралы ұлттық институттың оң шешімін алған өтініш берушілерге шарт жасалғанға дейін Қазақстан Республикасы резиденті – екінші деңгейдегі банкте осы Қағидаларға сәйкес өтініш берушінің тарапынан жобаны қоса қаржыландыру үшін ақшалай қаражат орналастырылатын қосымша есеп-шотты ашу қажет. Бұл ретте, инновациялық грант алушы ұлттық институтқа есеп-шотта қаражаттың бар болуы туралы растауды ұсынады.
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грантқа өтініш берушілерге жобаның кезеңдерін іске асыру мониторингі қорытындылары бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен қоса қаржыландыру шарттарында беріледі.
Салалардың технологиялық міндеттерін шешу жұмыстарын жүргізу мерзімі өтініш берушілердің 36 (отыз алты) айдан аспауы тиіс.
4. Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар алу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грантты алуға үміткер өтініш беруші ұлттық институтқа келесі құжаттарды ұсынады:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға өтініш;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш берушінің сауалнамасы;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы технологиялық бағдарламаның сипаттамасы;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының декларациясы;
зияткерлік меншік құқықтарын бөлуді, ақпараттармен алмасу тәртібін және басқада ұйымдастырушылық сәттерді сипаттайтын консорциум туралы шарттың жобасы;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспар жобасы;
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастыру жоспарының жобасы;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресурстық қамтамасыз ету жоспарының жобасы;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;
басшы болып табылмайтын тұлғаға өтініш беру, оған қол қою, инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қою құқығын беретін құжат;
анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасы;
Осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес есеп-шотта жеткілікті қаражаттың болуы туралы қол қойылған және мөр басылған банктің немесе банк филиалының анықтамасы;
консорциум мүшелері жұмыстарын орындау біліктілігін растайтын құжаттардың (лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың) көшірмелері.
Инновациялық грантты алуға өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Инновациялық грант беру туралы шарт жасалған өтінім материалдары барлық жобаны іске асыру кезеңінде жарамды және өтініш берушіге қайтарылмайды.
Ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған инновациялық грант алуға өтінім тіркеуге және қарастыруға жатқызылмайды.
Инновациялық грант алуға өтінім ұлттық институтқа қағаз тасығышта қолма-қол немесе электронды нысанда ұлттық институттың электронды мекен-жайына сканерленген, қол қойылған, нөмірленген PDF форматындағы бірыңғай файл түрінде ұсынылады.
Шарт жасасу үшін өтініш беруші өтінім құжаттарының түпнұсқаларын ұсынады. Бұл ретте, инновациялық грант алуға өтінім құжаттары бірыңғай папкаға жинақталған, қол қойылған, нөмірленген, тігілген және мөр қойылған болуы қажет.
Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен растығын қамтамасыз етеді. Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептеулерде қолданылған дерек көздері, және есепті жүргізу күні көрсетіледі.
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар
беру қағидаларына
1-қосымша
Сараптаманы жүргізу рәсіміне қойылатын талаптар
Жобаның сараптамасын өткізу ұлттық институттың сарапшыларымен іске асырылады, қажет болған жағдайда ұлттық институттың негізділігімен сараптаманы өткізу үшін отандық және (немесе) шетел жеке және (немесе) заңды тұлғалары тартылады.
Сарапшылар жобаның сараптамасын мынадай бағыттар бойынша кезең-кезеңмен жүргізеді:
экономикалық сараптама нарықты, жобаның экономикалық орындылығын, бәсекеге қабілеттілік өлшемдерін, маркетингтік стратегияны, жоспарланған жұмыстардың тәжірибелік маңыздылығымен және экономикалық орындылығын бағалау мақсатында жүргізіледі;
технологиялық сараптама жобаның тектестермен салыстырғандағы артықшылықтарын анықтау, іске асырылуын белгілеу және технологиялық орындылығын анықтау мақсатында жүргізіледі;
қаржылық сараптама ресурстар (адами, қаржылық, материалдық және басқа да) сәйкестігін және жұмыстарды мәлемделген мерзімге, көлемге және жұмыстың мазмұны мен қаржыландыруға сұралатын сомаға бөлу, сондай-ақ олардың тәуекелдерін азайту үшін жеткіліктілігін анықтау, қаржылық бағалаудың тәсілдері арқылы талдау мақсатында жүргізіледі;
тәуекелдерді талдау қатерлердің факторларын анықтау және олардың маңыздылығын бағалау, жобаның мақсатқа жетуіне кері әсерін тигізетін оқиғалар ықтималдылығын талдау мақсатында жүргізіледі.
Экономикалық және (немесе) технологиялық сараптаманың теріс қорытындысы кезінде қалған бағыттар бойынша сараптама жүргізілмейді және өтінім өтініш берушіге одан әрі қараусыз және комиссияға шығарусыз қайтарылады және инновациялық грантты беруден бас тартуға негіз болады.
Ұлттық институт Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың ұсынымдары негізінде, оның ішінде сыртқы отандық және шетелдік сарапшылар мен сараптамалық ұйымдардың тізбесін жасайды.
Өтінімдерді сараптамадан жүргізу үшін сарапшыларды тарту кезінде ұлттық институт әр сарапшымен сарапшылық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады, оның нысаны ұлттық институттың актілерімен реттеледі.
Сараптама жүргізу мен нысаны бағалау парағы актілеріне тәртібі ұлттық институттың актілерімен реттеледі.
Өтінімді дайындауға тікелей қатысқан, сондай-ақ өтініш берушімен аффилиирленген сарапшыларға өтінімді бағалауға жол берілмейді.
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар
беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Тіркеу күні:
|
|
20____ ж. «____» _________
|
|
Инновациялық грант алуға
өтініш
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
Нысаналы технологиялық бағдарламаны іске асыруға инновациялық гранттар алуға қажетті құжаттар пакеті бар осы өтінішті жібереді.
Ұсынылатын НТБ атауы:
____________________________________________________________________
НТБ толық құны теңгемен (санмен және жазбаша):
____________________________________________________________________
Сұралатын инновациялық грант сомасы теңгемен (санмен және жазбаша):
____________________________________________________________________
Жобаның мазмұны, мерзімдер негіздемесі және құны қоса беріліп отырған құжаттарда келтірілген.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығына кепілдеме береміз.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің 20 ___ жылғы ____________ № ____ бекітілген салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру туралы Қағидаларымен таныстым.
Қағидаларға сәйкес талап етілетін құжаттар __________ парақта көрсетіледі.
Ұйым басшысы
_______________ ___________________________
(қолы) (Т.А.Ә.А.)
М.О. (бар болса)
Құжаттарды алу туралы белгі (Ұлттық институтпен толтырылады)
Алу күні: 20 __ ж. «_____» ________________
Өтінімнің тіркеулік нөмері _________________
Тіркеуші ________________________________________________
(Т.А.Ә.А., қолы)
Ескертпе: ұйымның бланкісінде құрылады. Өтінімге бірінші басшы немесе өзге уәкілетті тұлға қол қояды.
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар
беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Өтініш берушінің сауалнамасы
(заңды тұлға үшін)
_______________________________________________________________
ұйымның толық атауы
Ұйымдастыру-құқықтық нысаны және меншік түрі:
_______________________________________________________________
Тіркеу күні:
_______________________________________________________________
Мекенжайы:
_______________________________________________________________
Индекс, облысы, аудан, елді мекен, көше, үй, (пәтер, кеңсе)
Тел.:____________Факс:____________E-mail:_______________Web-site:_________
Банктік деректемелері, есептік шот, валюталық есеп, банктік жеке коды, бизнес-сәйкестендіру нөмірі:_________________________________________
____________________________________________________________________
Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер:
____________________________________________________________________
Қызмет түрі:
____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________ сала, кіші сала
Ғылыми-зерттеу және кадрлық әлеует:
а) соңғы үш жылда жоба тақырыбы бойынша маңызды жұмыстар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
б) жұмыс істеушілердің нақты саны: ____________________, оның ішінде: ғылыми қызметкерлер және (немесе) инженерлік-техникалық жұмысшылар _____________; әкім.-басқару персоналы__________________; жұмысшылар және қызметкерлер _________________;
Бірінші басшы (Т.А.Ә.А, туылған жылы, лауазымы, пошталық мекенжайы және жұмыс телефонының нөмірі, ғылыми дәрежесі (атағы):
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жоба жетекшісі (Т.А.Ә.А, туылған жылы, негізгі жұмыс орны, лауазымы, білімі, пошталық мекенжайы және жұмыс телефонының нөмірі, ғылыми дәрежесі (атағы):
____________________________________________________________________
Бас бухгалтер (Т.А.Ә.А, телефон):
________________________________________________________________________________________________________________________________________
Байланысатын адам (Т.А.Ә.А, телефон, ұялы телефон, мекенжай):
Ұйым басшысы
_______________ ___________________________
(қолы) (Т.А.Ә.А.)
М.О. (бар болса)
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар
беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Нысаналы технологиялық бағдарламаның сипаттамасы
7-ден аспайтын сөзді қамтитын НТБ толық атауын беру қажет
НТБ 20 парақтан аспайтын көлемде мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс (бірлік аралықпен Times New Roman 12 қарібімен).
Орындаушылық түйіндеме (1 парақтан астам емес)
Бағдарламаның технологиялық мақсаттарының, оларға жетуге жоспарланған амалдардың түйіндемелік сипаттамасы. Консорциум қатысушылары, мақсаттарға қол жеткізудегі рөлдері және үлестерін бөлу. туралы қысқаша ақпарат. Бағдарламаны іске асырудан күтіп отырған нәтижелер және оларды өндіріске енгізу жоспарлары. НТБ әзірлеудің елдің дамуына үлесі тұрғысынан оның негіздемесі.
Орындаушылық түйіндеме мәтіннен құралуы қажет және диаграммалар, графиктер, суреттер, кестелер, түсіндірмелер және т.б. қамти алмайды.
Зерттеушілік бөлік (9 парақтан астам емес)
Осы тармақта мыналар қажет:
1) осы қарастырылып отырған зерттеу Қазақстан үшін неге ұтқыр сипатты бар екендігін негіздеу;
2) осы ұсынылып отырған зерттеушілер құрамы неге белгіленген тапсырмалар шешімі үшін үздік үлгіде жарайтынын сипаттау.
Сипаттама мынадай мәселелерді қарастыруды қамтуы тиіс:
3) ғылыми зерттеу салаларында негізгі зерттеулердің тәжірибесі және, сондай-ақ осы зерттеуге қатысты кез-келген жетістіктер;
4) зерттеудің ұтқыр инновациялық құраушысы;
5) халықаралық ұқсастықтармен салыстыру бойынша салыстырулар және (немесе) артықшылықтар;
6) оларды азайту бойынша әлеуетті ғылыми тәуекелдер және көзделген шаралар;
7) НТБ іске асыруда маңызды және қосымша зерттеушілер рөлі;
8) отандық зерттеушілердің құзіретін арттыру жөніндегі іс-шараларды сипаттау.
Егжей-тегжейлі тексеру және негіздеу үшін ұсынылып отырған зерттеушілік қызмет, іс-шаралардың негізгі бағдарламалары, технологиялық мақсаттар, шарттар және оларға қол жеткізу кезеңдері туралы толық ақпаратты ұсыну қажет.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелері (5 парақтан астам емес)
Осы тармақта өндірісте тікелей және аралас зерттеу нәтижелері қалай енгізілетінін және (ii) консорциум қатысушылары және жалпы елге қандай тиімділіктер алып келетінін негіздеу (i) қажет.
Осы тармақта мыналарды тексеру қажет:
1) НТБ қатысушылары инфрақұрылымында алынған технологияларды енгізу стратегиясы;
2) елге технологияның ұзақ мерзімді даму стратегиясы және қажет болған жағдайда, аумақтық және халықаралық нарықтарға шығу жөніндегі іс-шаралар;
3) ҚР үшін экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділіктер;
4) консорциум қатысушыларының бағдарламадан кейінгі ынтымақтастығының жоспары;
5) бағдарламаны іске асыру және оны аяқтағаннан кейінгі уақытта зияткерлік меншік құқықтарын бөлу және басқару үрдістерін қағидаттары.
Өтінімде НТБ қаржыландыру мерзімі өткен бойда ынтымақтастық жоспарын толық көрсету қажет. Егер алынған технологияны басқа әріптестерге беру бойынша жоспарлар бар болса, олардың толық сипаттамасын беру қажет
Консорциумды басқару және ресурстық қамтамасыз ету (5 парақтан астам емес)
Осы тармақта консорциум қатысушылары арасында өзара әрекеттесу қандай жолмен құрылатынын сипаттау (i) және (ii) қатысушылардың қаржылық және қаржылық емес салымдары бөлігінде бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету бойынша толық ақпаратты беру қажет.
Өтінімде басқару тетіктерін және қағидаттарын, ішкі процестерін, шешім қабылдау амалдарын және бағдарламаны басқаруға қатысты басқа мәселелерді көрсету қажет. Айқындылық үшін ұйымдастырушылық схема көрсетілуі мүмкін.
Мынадай мәселелер сипатталуы тиіс:
1) бағдарлама басшысының және менеджерінің рөлі және функциялары, НТБ іс-шараларының жоспарында көрсетілген әрбір қатысушыдан жауапты тұлғаларының рөлдерін бөлу;
2) бірлескен жобаларды іске асыруда консорциум қатысушыларының тиісті ұйымдастырушылық тәжірибесі;
3) бағдарламаның қатысушыларымен көрсетілген ресурстардың сипаттамасы, оларды пайдалану қағидаттары және негіздемелер;
4) қаржыландыру және (немесе) жарнаны салуды кешіктірумен және (немесе) тоқтатумен байланысты тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шаралар;
5) НТБ шығу жағдайында, оларды ауыстыру үшін негізгі орындаушылар жауапкершілігі және жоспарланатын іс-шаралар;
6) НТБ қымбаттауымен байланысты тәуекелдер және оларды төмендету жөніндегі іс-шаралар.
Өтінім сенімді емес нысанда ақшалай қаражат және қаражаттарың үйлесімі ұсынылып отырған іс-шараларды жүргізу үшін жеткіліктігін және негізделгендігін көрсетуі қажет. Ақшалай жарналармен байланысты кез-келген шарттар сипатта қажет.
Тапсырыс беруші
ұйымның басшысы
_______________________ _____________
(Т.А.Ә.А.) қолы
М.О. (бар болса)
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар
беру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Қатысушының декларациясы
Осымен растаймын
_________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
төменде аталған іс-шараларды орындау бойынша:
№
|
Іс-шаралардың атауы
|
Ұзақтығы
|
|
|
|
және/немесе төменде аталған қорлардың салымына:
№
|
Салымның түрі
|
Беру мерзімі
|
|
|
|
жоғарыда көрсетілген сипаттамаларға сәйкес, «______________________________________» Нысаналы технологиялық бағдарламаны және (немесе) жобаны іске асыру шеңберінде _________________ (өтініш беруші ұйымның атауы) үшін Нысаналы технологиялық бағдарламаны және (немесе) жобаны іске асыруға инновациялық грантты ____________ (өтініш беруші ұйымның атауы) алған жағдайда өзіне міндеттемелер алатындығын растайды.
Сонымен қатар
- Зияткерлік меншікті бөлу талаптарын сипаттау
- Инновациялық грантты іске асыру нәтижесінде ұсынылған жарна негізінде алынған материалдық активтерді бөлу талаптарын сипаттау
________________ инновациялық грантты беруден бас тартылған жағдайда, аталған декларацияның заңды күші жоқ.
Жоғарыда аталған ақпараттың дұрыстығын растаймын.
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар
беру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Күнтізбелік жоспар жобасы
Жобаның атауы:
____________________________________________________________________
Р/с
№
|
Шарт бойынша жұмыстардың және олардың негізгі кезеңдерінің атауы
|
Жұмыстарды орындау мерзімі (айлар)
|
Кезеңнің есеп айырысу бағасы (теңге)
|
Есептілік нысаны мен түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспар жобасында жобаны іске асырудың 3 (үштен) астам емес кезеңдері көрсетіледі.
Жоба жетекшісі _____________ ________________
(қолы) (Т.А.Ә.А.)
Өтініш беруші ұйымның басшысы _____________ ________________
(қолы) (Т.А.Ә.А.)
Салаларды технологиялық
дамытуға инновациялық гранттар
беру қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Ұйымдастырушылық жоспардың жобасы
НТБ атауы: ____________________________________________________________________
№
|
Іс-шара
|
І КЕЗЕҢ
|
II КЕЗЕҢ
|
III КЕЗЕҢ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жоба жетекшісі _____________ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.А.)
Өтініш беруші ұйымның басшысы _____________ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.А.)
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар
беру қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Ресурстық қамтамасыз ету жоспарының жобасы
НТБ атауы: __________________________________________
№
|
Ұйымның атауы
|
Салымның түрі
|
Есеп айырысу құны, мың теңге
|
Түсініктеме (мерзімдерді нақтылау)
|
Кезең
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы:
|
|
|
|
І КЕЗЕҢ ЖИЫНЫ: ________ мың теңге
ІІ КЕЗЕҢ ЖИЫНЫ: ________ мың теңге
ІІІ КЕЗЕҢ ЖИЫНЫ: ________ мың теңге
Жоба жетекшісі _____________ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.А.)
Өтініш беруші ұйымның басшысы _____________ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.А.)
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар
беру қағидаларына
9-қосымша
Нысан
Шығыстар сметасының жобасы
Жобаның атауы ____________________________________________________________________
Жұмысты орындауға жұмсалатын шығындар
|
Шығындар сомасы, теңге
|
Жұмыстар кезеңдері
|
Баға белгілеу бойынша түсініктеме
|
Есептерде пайдаланылған дерек көзі
|
|
|
|
Шығындар - барлығы:
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде баптар бойынша -
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Анықтамалық үшін: басқа қаржыландыру көздері есебінен шығындар – барлығы:
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
меншік қаражаты
|
|
|
|
|
|
|
өзгелері (қандай екенін көрсету)
|
|
|
|
|
|
|
Есеп жүргізілген күн
Ескертпе: Өтініш беруші әрбір шығындар бабы бойынша есептерде пайдаланылған дерек көздерін, баға белгілеуді ашып көрсетеді.
Жоба жетекшісі _____________ __________________
(қолы) (Т.А.Ә.А.)
Өтініш беруші ұйымның басшысы _____________ ________________
(қолы) (Т.А.Ә.А.)
Достарыңызбен бөлісу: |