Қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет9/46
Дата04.02.2020
өлшемі1,13 Mb.
#28117
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46

 
 
21 
7.3.3 Баллондарды тасымалдау немесе орнату кезінде газ ағындысы пайда 
болса  немесе  баллонның  ақаулықтары  анықталса,  тұтынушыға  мұндай 
баллонды орнатуға тыйым салынады.  
7.3.4  Сұйық  газдың  топтық  баллондық  қондырғыларын  пайдалануға 
баллондарды ауыстыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жатады.   
7.3.5  Топтық  баллондық  қондырғыларға  техникалық  қызмет  көрсету 
кезінде мынадай жұмыстар атқарылады: 
-  біріктіру  орындарындағы  және  арматурадағы  ағындыларды  анықтау 
және жою; 
-  қорғағыш  клапандарының  жарамдығын  және  қалыпқа  келтіру 
өлшемдерін тексеру;  
-  қысым  реттеуішінің  жарамдығын  және  қалыпқа  келтіру  өлшемдерін 
тексеру;  
-  газ  құбырларының,  қаптамалардың,  шкафтар  мен  қоршаулардың 
жағдайы  мен  боялуын  бақылау;  баллондары  бар  шкафтар  қондырғыларының 
сенімділігін және оның бекітілуін тексеру, қаптамалар, шкафтар мен қоршаулар 
есіктеріндегі  бекітпелердің  жарамдығын,  ескертпе  жазбалардыі  бар  болуын 
тексеру;  ғимараттар  мен  шкафтар  қабырғалары  бойынша  жүргізілген  газ 
құбырларының бекітілуін тексеру;  
- манометрлердің жағдайы мен жұмысқа қабілеттігін тексеру.  
Топтық  баллондық  қондырғыларға  техникалық  қызмет  көрсету  және 
оларды  кестелер  бойынша  мынадай  мерзімдерде  жүргізілуі  тиіс  (егер 
шығарушы  зауыттың  жабдық  төлқұжаттарына  сәйкес  осы  жұмыстарды 
жүргізуге тым қысқа мерзім талап етілмесе):  
- Техникалық қызмет көрсету -  үш айда кемінде бір рет; 
-  реттегіш,  қорғағыш  және  бекітпе  арматураны  бөлшектеумен  бірге 
ағымдағы жөндеу – жылына кемінде бір рет. 
Техникалық  қызмет  көрсету  пайдаланушы  ұйымның  техникалық 
басшылығы  белгіленген  тәртіпте  бекіткен  нұсқаулықтарға  сәйкес  жүргізілуі 
тиіс.  
7.3.6  Жүргізілген  жөндеу  жұмыстары  туралы  мәліметтер  топтық 
баллондық қондырғының төлқұжатына енгізілуі тиіс.  
Техникалық  қызмет  көрсету  мен  ағымдағы  жөндеу  бойынша  барлық 
жұмыстар  туралы  топтық  баллондық  қондырғыны  пайдалану  журналында 
жазбалар жасалуы тиіс.  
7.3.7  Арнайы  құрылыста  немесе  ғимаратқа  қосымша  құрылыста 
орналасқан  топтық  баллондық  қондырғыларды  пайдалануды  және  олардың 
баллондарын ауыстыруды екіден кем емес жұмысшы жүргізеді.      
7.3.8  Сұйық  газдармен  толтырылған  баллондарды  кез  келген  жөндеуге, 
оның ішінде шұраларды жөндеуге тыйым салынады.  
7.3.9  Баллондардың  техникалық  куәландырылуы  газ  шаруашылығы 
кәсіпорындарында  куәландырудың  кезеңдігі  мен  ақауға  шығару  нормалары 


 
 
22 
көрсетілетін,  баллондар  құрылымын  әзірлеуші  бекіткен  әдістеме  бойынша 
жүргізіледі.   
7.3.10 Сұйық газдары бар баллондар күн сәулесі және өзге де жылу әсер 
етуінен қорғалуы тиіс.  
7.3.11  Тұрғын  үйлер,  саяжай  және  саябақ  кенттерінің,  өндірістік  емес 
мақсаттағы  қоғамдық  ғимараттардың  аумағындағы  ашық  алаңдар  мен 
аулаларда сұйық газдары бар баллондарды қалдыруға рұқсат етілмейді.  
7.3.12  Жертөле  үй-жайларда  сұйық  газдары  бар  баллондарды  сақтауға 
тыйым салынады. Қосымша толтырылған және бос баллондарды ғимараттардан 
тыс арнайы шкафтарда немесе қосалқы үй-жайларда сақтауға рұқсат беріледі. 
7.3.13  Жеке  баллондық  қондырғыларға  техникалық  қызмет  көрсетуді 
тұтынушылардың  өтінімдері  бойынша  пайдаланушы  ұйымның  персоналы 
жүзеге асыра алады.  
 
7.4 Резервуарлық қондырғыларға СМГ-ды құю  
 
7.4.1 СМГ-ды пайдалану процесінде резервуарлық қондырғыларға құюды 
техникалық  пайдалану  ережесінің  және  техника  қауіпсіздігі  ережесінің 
талаптарына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүргізу қажет.  
7.4.2 СМГ-ды резервуарларға құюға ақаулықтар, резервуарлардың кезекті 
техникалық  куәландырылуы  мерзімінің  өтуі  анықталған,  резервуарлардағы 
қалған қысым 0,05 МПа-дан аз болған кезде тыйым салынады. 
7.4.3 СМГ-ды жер асты резервуарларына құю үшін мыналар: 
-    автоцистернаны  резеңке-тама  майысқақ  түтігіне  жалғау  үшін  қолайлы 
жағдайда орнату;  
-  резервуарлық  қондырғының  манометрі  іс-қимылының  жарамдығын 
тілін «0»-ге қысқа уақытқа орнату арқылы тексеру;  
-  автоцистернаның  бу  фазасы  шұрасын  резервуардың  бу  фазасы 
шұрасымен майысқақ түтік арқылы біріктіру;  
-  автоцистернаның  сұйық  фазасы  шұрасын  резервуардың  сұйық  фазасы 
шұрасымен майысқақ түтік арқылы біріктіру;  
-    автоцистернадағы  бу  фазасы  шұрасын  ашу,  резеңке-мата  майысқақ 
түтігі  бірігуінің  тұмшалануын  және  оның  бүтіндігін  (үрленуінің  жоқтығын) 
тексеру, содан кейін резервуардың бу фазасы шұрасын ашу және манометрлер 
көрсеткіштерін  бақылай  отырып,  резервуар  мен  автоцистернаның  қысымын 
теңестіру; 
- автоцистернаның сұйық фазасы шұрасын ашу, майысқақ түтік бірігуінің 
тұмшалануын және оның бүтіндігін тексеру, содан кейін  резервуардың сұйық 
фазасы шұрасын бір қалыпты аша отырып,  СМГ-ды құю қажет. 
7.4.4  Автоцистернадағы  газ  қысымы  резервуардағы  қысымнан  жоғары 
болатын  жазғы  мезгілде  СМГ-ды  резервуарларға  сұйық  фаза  шекқұбыры 
арқылы құюға ғана рұқсат етіледі.  


 
 
23 
7.4.5  Буландырғыштармен  жабдықталған  резервуарларды  толтыру 
алдында мыналар:  
- буландырғышқа жылу тасығыш беруді өшіру;  
- СМГ-ды құю қажет.  
7.4.6  Автоцистерналардан  жер  асты  резервуарларына  СМГ-ды  құюды 
жеделдету  үшін  егер  олар  резервуарлық  қондырғының  немесе  баллондардан 
сұйық тауарлы газ энергиясының құрамына кіретін болса, буландырғыштарды 
қолдана отырып, жедел құю технологиясын қолдану ұсынылады.  
7.4.7  СМГ-ды  құю  бойынша  жұмыстардың  нәтижелері  газды  қауіпті 
жұмыстарға жүктелім-рұқсаттамада ресімделеді. 
7.4.8  Резервуарлық  қондырғыға  СМГ-ды  құю  аяқталғаннан  кейін  қысым 
реттеуішінің қалыпқа келтірілуін тексеру қажет.  
 
7.5  Резервуарлық  қондырғыларға  техникалық  қызмет  көрсету  және 
оларды жөндеу 
 
7.5.1  Резервуарлық  қондырғыларға  техникалық  қызмет  көрсету  кезінде 
мынадай жұмыстар атқарылады:  
-  резервуарлық  қондырғы  аумағын  және  жабдығын  шаңнан,  кірден, 
қардан  тазарту;  -  техникалық  қызмет  көрсету  (жөндеу)  үшін  тұтынушыларды 
резервуарлық қондырғы тобының бірінен өшіру;   
-  кезекпен  қысқа  уақытқа  сұйық  фазаның  шығуына  дейін  деңгейшекті 
түтікшелер шұраларын ашу арқылы әр резервуардағы газ деңгейін тексеру;  
-  арматурадағы,  редукциялық  бастардың  байламасының  және  резервуар 
байламасының ағындыларын анықтау және жою (айына кемінде бір рет); 
- газ ағындыларын анықтау үшін резервуарлардың сұйық фазасы төменгі 
байламасының  құбырындағы  бақылау  түтікшелерін  газ  анализаторымен 
тексеру; 

құбырлардың, 
резервуарлық 
қондырғы 
қаптамалары 
мен 
қоршауларының  жағдайы  мен  боялуын  бақылау,  қаптамалар  мен 
қоршаулардың есіктеріндегі бекітпелердің болуын және жарамдығын, ескертпе 
жазбалардың, кіреберіс жолдарлың бар болуын тексеру; 
- резервуарлардың қайта куәландырылу мерзімдерін тексеру;  
-  автоцистерналардан  сұйық  газдарды  құю  кезінде  майысқақ  түтіктерді 
жалғау үшін келте құбырлар штуцерлер бұрандасының жарамдығын тексеру;  
-  қысым  реттеуішінен  кейінгі  газ  құбырындағы  газ  қысымын 
манометрмен бақылау, қажет болғанда оны номиналды мәніне қалыпқа келтіру;  
- серіппелі қорғағыш клапанының жұмысқа қабілеттігін тексеру:  тексеру 
жұмыс жағдайында клапан штогын мәжбүрлеп көтеру арқылы жүргізіледі. Бұл 
ретте газ шығымы бақылануы тиіс; әсер етуден кейін клапан орнынан түсіп, газ 
шығымын тығыз жабуы тиіс;  
- бекітпелі қорғағыш клапанын қалыпқа келтіру өлшемдерін тексеру;  


жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау