Қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет10/46
Дата04.02.2020
өлшемі1,13 Mb.
#28117
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46

 
 
24 
-  оларды  үш  қадамды  кранмен  қысқа  уақытқа  өшіру  арқылы  серіппелі 
манометрлердің  жағдайы  мен  жұмысқа  қабілеттігін  тексеру,  бұл  ретте 
манометр  тілі  нөлге  келтірілуі  тиіс  –  мұндай  әдіспен  манометрлер  әрбір 
профилактикалық қарап тексеру кезінде және резервуарлық қондырғыны газбен 
толтыру  алдында,  бірақ  айына  кемінде  бір  рет  тексеріледі;  алты  айда  бір  рет 
манометрлер бақылау манометрмен тексеруге жатады.  
7.5.2 
Резервуарлық  қондырғыларға  техникалық  қызмет  көрсету 
жабдықтың,  арматура  мен  құралдардың  төлқұжаттарында  көрсетілген 
мерзімдерге сәйкес келетін кестелер бойынша жүргізіледі және мыналарды: 
-  резервуарлық  қондырғылардың  техникалық  жағдайын  газ  құбырларын 
қарап шығумен қоса бір уақытта сыртқы қарап тексеруді;   
-  3  айда  кеміне  1  рет  қысым  реттеуіштерін  және  қорғағыш  клапандарын 
қалыпқа келтіру өлшемдерін тексеруді;  
- жылына кеміне бір рет жер асты резервуарларының серіппелі қорғағыш 
клапандарын  қалыпқа  келтіру  өлшемдерін  және  олардың  реттелуін  тексеруді 
көздейді.  
Техникалық қызмет көрсету газ желі ұйымының басшысымен бекітілетін 
технологиялық тәртібіне сәйкес жүргізіледі. 
7.5.3  Сұйық  газдар  резервуарлық  қондырғыларынан  газ  құбырларына 
техникалық қызмет көрсету осы ережеде көзделген көлемде және мерзімдерде 
жүргізіледі.  
7.5.4  Резервуарлық  қондырғыны  ағымдағы  жөндеу  кезінде  техникалық 
қызмет көрсетуге жататын жұмыстар орындалады, сондай-ақ: 
-  шұралардағы  тығыздамаларды  қайта  тығыздау  және  бекітпелі 
крандарды  майлау,    барлық  өшіргіш  құрылғылардың  ашылу  жолының  бір 
қалыптылығын  және  жабылу  тығыздығын,  бұрандалы,  фланецтік,  пісіргіш 
бірігулердің тұмшалануын тексеру;  
-  қысым  реттеуішін  бөлшектеу  (газ  құбырын  газдан  босатқаннан  және 
бітеуішті  орнатқаннан  кейін),  мембрандарды,  клапандарды,  серіппелерді, 
тұтқалы  механизмды  қарап  тексеру,  реттеуішке  орнатылған  тастанды  
қорғағыш  клапанын  қалыпқа  келтіруді  қоса  реттеуішті  жинақтау  және 
жұмыстың берілген режиміне қалыпқа келтіру; 
- одан кейінгі қалыпқа келтірумен және оның жұмысын тексерумен бірге 
қорғағыш бекітпелі клапанды тексеру; 
-  серіппелі  манометрді  мемлекеттік  тексеруден  өткен  манометрмен 
ауыстыру;  
-  стендте  оның  қалыпқа  келтірілуімен  және  реттелуімен  қоса   
резервуарда орнатылған серіппелі қорғағыш клапанды тексеру; тексеру немесе 
жөндеу  үшін  шешілетін  қорғағыш  клапанының  орнына  жарамды  қорғағыш 
клапан қойылуы тиіс, оның орнына бітеуішті қоюға тыйым салынады;  
-  қажет  болғанда  қоршауларды,  редукциялық  бастардың  қорғаныш 
қатпамаларын, ескертпе жазбаларын және өртке қарсы жәшіктерін жөндеу және 
бояу. 


 
 
25 
7.5.5  Егер  шығарушы  зауыттардың  жабдық  төлқұжаттарына  сәйкес  осы 
жұмыстарды  жүргізуге  тым  қысқа  мерзім  талап  етілмесе,  реттегіш,  қорғағыш 
және  бекітпелі  арматураны  бөлшектеумен  қоса  резервуарлық  қондырғылар 
бастарының жабдығын ағымдағы жөндеу жылына кеміне бір рет жүргізіледі. 
7.5.6 Қысым реттеуішін, тастанды және бекітпелі қорғағыш клапандарды 
тексеру  және  қалыпқа  келтіру  зауыт  нұсқаулықтарының  талаптарына  сәйкес 
орындалуы тиіс.   
7.5.7 Резервуарлар техникалық куәландырылуға жатады.  
7.5.8  Буландыру  және  араластырғыш  қондырғыларға  техникалық  қызмет 
көрсету  мен  жөндеу  шығарушы  зауыттың  талаптары  ескеріліп  жасалған 
нұсқаулықтар бойынша жүргізіледі.  
Буландыру  қондырғыларының  редукциялық  арматурасын  пайдалану 
бойынша  талаптар  резервуарлық  қондырғылардың  редукциялық  бастарын 
пайдалану бойынша талаптарға ұқсас.  
7.5.9  Резервуарлардан  буланбаған  қалдықтарды  шығару  сұйық  газдар 
автоцистернасына  жүргізіледі  және  резервуарлық  қондырғылар  иелерінің 
өтінімдері  бойынша  орындалады.  Буланбаған  қалдықтарды  ашық  ыдысқа 
немесе өндірістік канализацияға құюға тыйым салынады.  
7.5.10 Резервуарлық қондырғы аумағында резервуарлар мен редукциялық 
бастарға қызмет көрсету мен жөндеуге қатысы жоқ адамдардың болуына рұқсат 
берілмейді.  
Резервуарлық  қондырғы  аумағында  темекі  тартуға  және  ашық  отты 
пайдалануға тыйым салынады, бұл туралы ескертпе жазбалар жасалуы тиіс.    
Арматураны  және  редукциялық  бастардың  жабдығын  газ  қысымында 
бөлшектеуге және ауыстыруға тыйым салынады.  
Бұрыштамалы  шұраларды,  деңгейшекті  түтікшелерді,  үшқадамды 
крандарды, манометрлерді тек мыс сыммен ғана жүргізу қажет.  
Резервуарларға  орнатылған  қорғағыш  клапандарды  жарамдылыққа 
тексеру кезінде түсті металдан жасалған тұтқаларды қолданған тиіс.  
7.5.11  Резервуарларды,  редукциялық  бастарды  және  буландырғыштарды 
техникалық  куәландыру  мен  жөндеу  нәтижелері  резервуарлық  қондырғының 
төлқұжатына енгізілуі тиіс.   
Техникалық  қызмет  көрсету  және  ағымдағы  жөндеу  бойынша  барлық 
жұмыстар  туралы  резервуарлық  қондырғыны  ыдысының  төлқұжатында  және 
шығарушы  зауыттың  технологиялық  жабдығының    тиісті  төлқұжаттарында 
жазбалар жасалуы тиіс.  
7.5.12  Газ  құбырларында  және  бекітпелі  реттегіш  арматурада  гидраттар 
құрылуының  алдын  алу  үшін  сұйық  газ  резервуарларына  мынадай  көлемде 
метанол қосу ұсынылады:  
- СМГ-да ерітінді судың бар болу жағдайында газ тоннасына 0,26 кг; 
- СМГ-да бос судың бар болу жағдайында оның әрбір килограмына тағы  
0,5 - 0,6 кг. 


 
 
26 
7.5.13 Резервуарлық қондырғыдан тұтынушыға газды тасымалдайтын газ 
құбырларында гидраттар құрылуының алдын алу үшін газ құбырларының жер 
асты  төселгішін  қолдану,  жер  үсті  төселгішінде  жылу  спутнигін  қолдану, 
жылытылған цоколь кірмелерін құру.  
 
7.6  Жер  асты  резервуарлық  қондырғыларынан  СМГ-дың  бу 
фазасының газ құбырларындағы конденсаттық және гидраттық бітеулерді 
жою 
 
7.6.1  Тұтынушыда  газ  қысымы  төмендеген  немесе  оның  берілуі  толық 
тоқтаған кезде мыналарды:  
- газ құбырындағы барлық өшіргіш құрылғыларды ашуды;  
- резервуарлық қондырғыда сұйық газдың болуын;  
- резервуарлық қондырғыда газқысымының болуын; 
- реттеуіштен кейінгі газ қысымының болуын тексеру қажет. 
7.6.2  Реттеуіштен  кейінгі  қысымның  жоқтығымен  қатар  бір  уақытта 
резервуарда  қысымның  болуы  оның  қтпе  қималарының  көмірсутек  кристалл 
гидраттарымен бітелуін білдіреді.  
7.6.3  Реттеуіште  гидраттық  бітеулерді  жою  ашық  отты  пайдалануды 
болдыртпайтын техникалық құралдар көмегімен жүргізіледі. 
7.6.4  Реттеуіште  гидраттық  бітеулерді  жою  алдында  тұтынушыларға  газ 
беру  толық  тоқтаған  жағдайда,  кірмедегі  ортақ  кран,  баспалдақты  торларда 
және пәтерлерде бекітпелі арматура өшіріледі.  
7.6.5  Кірмеде  қысым  болмағанда  ортақ  кран  жабылады  және  конденсат 
жинағыштан  қол  сорғы  немесе  вакуумдық  қондырғы  көмегімен  конденсат 
шығарылады.   
7.6.6  Газ  құбырының  қасбеттік  ажыратқышы  болғанда  газ  құбырына 
пісірілген  краны  мен  бітеуі  бар  штуцер  арқылы  конденсатты  жоюға  рұқсат 
етіледі. Конденсат шекқұбыр арқылы арнайы тұмшалы ыдысқа құйылады. 
7.6.7  Ғимаратқа  кірмеде  ортақ  кран  алдындағы  газ  қысымы  болмаған 
жағдайда  конденсат  жинағыштан  конденсатты  жоюдан  кейін  жер  астынан  газ 
құбырының  шығу  учаскесінде  жылыту  арқылы  гидраттық  бітеулерді 
жойылады.  
7.6.8  Ғимараттар  қасбеті  бойынша  жүргізілген  газ  құбырларындағы 
бітеулерді  жою  су  буымен  немесе  электр  жылытқышпен  жылыту  арқылы 
жүргізіледі.   
7.6.9 Қасбеттік газ құбырларында бітеулер жойылғаннан кейін конденсат 
жинағыштан конденсат жойылады.  
7.6.10  Бітеулерді  жою  бойынша  жұмыстар  жүргізілгеннен  кейін 
тұтынушыға газ беру жүргізіледі.  
Блімді қосамыз: 
«Резервуарлы 
қондарғыларды 
техникалық 
куәландыру 
мен 
диагностикалау» 


жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау