30
бұзылуы, газ пайдаланғыш жабдықты өз бетінше орнату кезінде, газ
құралдарын, аппараттарды және басқа да жабдықтарды бітеуіштерді орната
және актіні ресімдей отырып өшіру қажет.
Тораптар мен бөлшектерді ауыстырумен байланысты газ пайдаланғыш
жабдықты жөндеу, газ құбырларын, футлярларды, бекітілулерді ауыстыру
қажеттігі анықталған кезде абоненттер жөндеу туралы өтініштерді ресімдейді.
8.1.11 Диаметрі 50 мм дейінгі ішкі газ құбырлары крандарын майлауды
үй-жайларға газдың шығуын болдыртпайтын инвентарлық бітеулерді қолдана
отырып, газды өшірусіз жүргізуге рұқсат беріледі.
8.1.12 Тұрмыстық газ аппараттары мен құралдары алдында орнатылған
крандарды майлау мынадай тәртіпте жүргізіледі:
- құрал алдындағы кран жабылады, үй-жайларды желдету мүмкіндігі
қамтамасыз етіледі (фрамугалар, желкөздер ашылады және т.б.), үй-жайлардан
бөтен адамдар шығарылады;
- құрал жанарғысы арқылы газ жағып шығарылады;
- құрал алдындағы кран бөлшектенеді, газ құбырына инвентарлық бітеу
қойылады;
- кран қорабы мен бітеу ескі майлаудан шүберекпен көмегімен
тазартылады, кран бітеуін майлаумен жұқа қабатпен жағылады, кран
жинақталады, оны айналдыру арқылы бітеу жолының лығы тексеріледі;
- инвентарлық бітеу алынады, кран орнатылады, сабынды эмульсия
көмегімен бұрандалы қосындының немесе құралдың тұмшалануы тексеріледі,
құралдың жанарғылары (жанарғысы) жағылады.
8.1.13 Су жылытқыш блок-кранының майлануы мынадай тәртіпте
жүргізіледі:
- су құбырының шұрасы және су жылытқыш алдындағы газ краны
жабылады, блок-кранның тұтқасы мен су жылытқыштың қаптамасы шешіледі;
- блок-кран бөлшектенеді, кранның бітеуі мен қорабы ескі майлаудан
жұмсақ шүберекпен көмегімен тазартылып майланады;
- блок-кран жинақталады (кран бітеуі қолдың жеңіл күшімен бұралуы
тиіс);
- су жылытқыш алдындағы газ краны ашылады, сабынды эмульсия
көмегімен немесе құралмен блок-кранның тұмшалануы тексеріледі.
8.1.14 Газды плиталары крандарын майлау мынадай тәртіпте жүргізіледі:
- плита алдындағы кран жабылады ( электр жабдығы бар плиталар жұмыс
басталғанға дейін электр желісінен ағытылуы тиіс), жанарғының бірі арқылы
газ жағылып шығарылады;
- жұмыс үстелінің торы, плитаның жоғарғы жанарғылары, жұмыс үстелі
мен бөлгіш
қалқанша шешіледі, кран бөлшектенеді және
кран бітеуі алынады;
- кранның қорабы мен бітеуі ескі майлаудан тазартылады және қайта
майланады;
- бітеу қорапқа қойылады және бірнеше рет бұралады, шығарылады, оның
өту қуыстары майлаудан тазартылады, кран жинақталады;
31
- плитаның қалған крандары майланады, плита алдындағы кран ашылады,
сабынды эмульсия көмегімен немесе құралмен кранның және оның
коллектормен бірігу орнының тұмшалануы тексеріледі, плита жинақталады.
8.1.15
Газ пайдаланғыш жабдықтың газбен тексерілуі арнайы
құралдардың (құрылғылардың) көмегімен жүргізіледі.
Құралдар болмаған жағдайда, тұрмыстық газ плиталарын тексеру
бойынша жұмыс мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:
- плита үстелі жанарғысының форсункасына немесе оның орнына
моновакууметр немесе 5,0 КПа-ден ке емес артық қысым жасауға арналғын
құрылғы (футбол добының камерасы немесе ауыспалы көлемді басқа да ыдыс)
жалғанады;
- форсункасына мановакууметр мен ыдыс жалғанған жанарғы краны
ашылады, ыдыс
толық газбен толтырылады;
- газ плитасы алдындағы газ құбырының краны жабылады;
- газ құбырының тексерілетін учаскесінде ыдыстан газды сығып шығару
есебінен 5,0
КПа артық қысым пайда болады;
- форсункасына ыдыс жалғанған жанарғы краны жабылады және
мановакууметр бойынша тексерілетін учаскенің тұмшалануы тексеріледі. 5 мин
ішінде қысымның төмендеуі 0,2 КПа-дан аспауы тиіс;
- ағындылар орнын іздеу сабынды эмульсия көмегімен немесе құралмен
жүргізіледі, олар жойылғаннан кейін, форсункасына ыдыс жалғанған жанарғы
краны ашылады және газ қысымы жұмыс
қысымына дейін төмендетіледі;
- жанарғының біреуі жағылады және ыдыстан газ газ құбырына біртіндеп
сығылып шығарылады, жанарғы краны жабылады, мановакууметр мен ыдыс
ажыратылады, газ құбырының краны ашылады.
8.1.16 Тартым бойынша тұрмыстық газ пайдаланғыш жабдықтың
қауіпсіздік автоматикасының жұмысқа қабілеттігін тексеруді арнайы
құрылғыларды қолдана отырып жүргізу ұсынылады.
Құрылғылар болмаған жағдайда, тартым бойынша қауіпсіздік
автоматикасының
жұмысқа
қабілеттігін
тексеруді
түтін
жолында
зарядсыздануды (тартымды) жасанды бұзу арқылы тексереді.
Жылыту
тұрмыстық
пештерінің
газ-жанарғы
құрылғылары
автоматикасының жұмысқа қабілеттігі мынадай тәртіпте тексеріледі:
- шиберді жабу, көру терезесіне алауды жақындату;
- көру терезесінен алаудың ауытқуы сәтінен бастап газдың түсуі
тоқтатылған сәтке дейінгі уақытты секундөлшеуішпен өлшеу.
Автоматика 10 с-тан кем емес және 60 с-тан көп емес уақытта құрылғыға
газдың түсуін тоқтатуды қамтамасыз етуі тиіс.
Су жылытқыштардың автоматикасын тексеру мынадай тәртіпте
жүргізіледі:
- түтін шығарғыш келте құбырын ажырату және термотұрақты
материалдан жасалған оның қатпарымен төсемді жабу;