Қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет8/46
Дата04.02.2020
өлшемі1,13 Mb.
#28117
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46

 
 
18 
-  алғашқы  толтырылатын  топтың  барлық  резервуарларын  және 
резервуарлық  қондырғылардың  жабдығын  1  сағат  ішінде  0,3  МПа  қысымда 
ауамен бақылау тексеруді жүргізу қажет.  
Үлгілік  манометр  бойынша  қысымның  көрінетін  түсуі  және  сабынды 
эмульсия  көмегімен  анықталатын  ағындылар  болмағанда  бақылау  тексерудің 
нәтижелері оңды болып есептеледі.   
-  майысқақ  түтіктерді  жалғау  .шін  қолайлы  қалыпқа  автоцистернаны 
орнату. 
7.1.7  Резервуарларды  үрлеуді  сұйық  газ  буларымен  мынадай  тәртіпте 
жүргізу қажет: 
-  автоцистернаның бу  фазасының  шұрасын резеңке-мата майысқақ  түтігі 
арқылы  резервуардың  сұйық  фазасының  шұрасымен  жалғау;  ал  осы 
резервуардың  бу  фазасының  шұрасына  биіктігі  3  м  тұрақты  мосыға  бос  ұшы 
одан  шығатын  газды  ауа  қоспасы  жел  бағытымен  таратылатындай  болып 
бекітілетін екінші майысқақ түтікті жалғау;  
-  автоцистернаның  бу  фазасының  шұрасын  асықпай  ашып,  майысқақ 
түтік  бірігуінің  тұмшалануын  сабындап  жуу  арқылы  тексеру  және 
резервуардың бу фазасын ашу; 
- автоцистернаға майысқақ түтік арқылы резервуардың сұйық фазасының 
шұрасын  бірте  аша  отырып,  үрлеудің  қажетті  режимін  орнату  (шығарылатын 
газды ауа қоспасының шығыны шамамен 0,2 м
3
/с құру қажет).  
Үрлеудің  аяқталуы  үрлемелі  резеңке-мата  майысқақ  түтіктен  шығатын 
газды ауа қоспасындағы оттегі мөлшері бойынша анықталады. Егер қоспадағы 
оттегі мөлшері 1 %-дан аспайтын болса, үрлеу аяқталған болып саналады. 
7.1.8  Резервуарларды  үрлеу  аяқталғаннан  кейін  СМГ  сұйық  фазасын 
төгуді  бастайды,  ол  үшін  автоцистернаның  сұйық  фазасының  шұрасы 
резервуардың  сұйық  фазасының  шұрасымен,  ал  автоцистернаның  бу 
фазасының  шұрасы  резервуардың  бу  фазасы  шұрасымен  жалғасатындай  етіп 
майысқақ түтікті қосады. 
7.1.9 СМГ-ды құю үшін автоцистернаның өшіргіш құрылғыларын ашады, 
майысқақ  түтіктердің  штуцерлермен  бірігуінің  тұмшалануын  сабындап  жуу 
арқылы  тексереді  және  газ  ағындылары  болмаған  кезде  резервуардың  бу 
фазасы шұрасын ашады, содан кейін асықпай сұйық фаза шұрасын ашады. 
7.1.10  Сұйық  газдар  қалдықтары  жоқ  резервуарларды  толтыру  кезінде 
(жаңа,  техникалық  куәландырудан  немесе  жөндеуден  кейін)  газдың  еркін 
түсетін ағысында статикалық электр тоғының пайда болуын болдыртпау үшін 
оларға газ баяу берілуі тиіс.  
7.1.11 Резервуарды толтыру кезінде құбырлардың өшіргіш құрылғыларын 
гидравликалық  соққыларды  болдыртпау  үшін  газдың  жолымен  біртіндеп 
ашуқажет. 
7.1.12  Резервуарды  (резервуарлар  тобын)  толтыру  дәрежесін  бақылауды 
резервуарлардың 85 % толуы кезінде бақылау түтікшесі арқылы жүргізіледі.  


 
 
19 
Бақылау түтікшесі шұрасынан сұйық фаза пайда болған кезде (газ түсінің 
өзгеруінен  анықталады)  резервуарды  толтыру  автоцистерна  шұрасын  жаба 
отырып  дереу  тоқтатылады,  Майысқақ  түтікті  көтере  отырып,  одан  сұйық 
газдың  қалдықтарын  резервуарға  құяды,  одан  кейін  резервуарлық 
қондырғылардың сұйық және бу фазалары шұралары жабылады.  
Атмосфераға  майысқақ  түтіктерден  газ  қалдықтары  автоцистернаның 
үрлемелі  шұралары  арқылы  шығарылады  және  майысқақ  түтіктерді 
резервуарлық қондырғы мен автоцистернадан ажыратады.  
Резервуарлық 
қондырғының 
және 
автоцистернаның 
өшіргіш 
құрылғылары  штуцерлеріне  бітеуіштер  орнатылады  және  сабындап  жуу 
арқылы олардың бірігуінің тұмшалануы тексеріледі.  
7.1.13  Атмосфераға  бу  фазасын  тастау  арқылы  олардың  қысымын 
төмендету есебінен резервуарларға СМГ-ды құюға тыйым салынады.  
7.1.14 Автоцистерна мен газдың артық қысымындағы СМГ резервуарлық 
қондырғыларының  редукциялық  бастарының  бұрандалы  қосындыларын 
тартуға,  майысқақ  түтіктерде  қысымның  болуы  кезінде  өшіргіш  құрылғының 
штуцерлерінен  майысқақ  түтікті  ажыратуға,  сондай-ақ  сомындарды  бұрау 
немесе қайта бұрау кезінде соққы сайманды қолдануға тыйым салынады.  
7.1.15  Уландыру  арқылы  атмосфераға  резервуардан  артық  СМГ-ды 
шығаруға тыйым салынады.  
Резервуарлардан  артық  СМГ-ды  төгу  сұйық  газдың  автоцистернасына 
жүргізілуі тиіс. 
7.1.16 
Резервуарлар  СМГ-мен  толтырылғаннан  кейін  бекітпелі 
арматураның  және  редукциялық  бастардың  бұрандалы  қосындыларының 
тұмшалануы  газ  индикаторымен  немесе  сабынды  эмульсиямен  тексеріледі. 
СМГ-дың анықталған ағындылары авариялық тәртіпте жойылуы тиіс.  
7.1.17  Сыйымдылықты  буландырғыштардың  «көйлегіне»  жылу  тасығыш 
оларды Сұйық газбен толтырғаннан кейін ғана берілуі тиіс.  
7.1.18  Қысым  реттеуіштен  кейінгі  СМГ-дың  жұмыс  қысымы  жобада 
көзделген максималды қысымнан аспауы тиіс.  
7.1.19  Резервуарлық  қондырғы    редукциялық  бастырының  қорғауыш 
қаптамалары және қоршау есікшесі құлыпқа жабылуы тиіс.  
7.1.20 Резервуарлық және буландырғыш қондырғылар алаңдарын қоршау 
«От қауіпті - газ» деген ескертпе жазбаларымен қамтамасыз етілуі тиіс.  
7.1.21 СМГ-ды төгу кезінде резервуарлар мен автомобильдерду қараусыз 
қалдыруға рұқсат берілмейді.  
7.1.22 Найзағайлық разряд кезінде резервуарлық қондырғыларға СМГ-ды 
құюға рұқсат берілмейді.  
 
7.2 Баллондық қондырғыларды пайдалануға беру  
 
7.2.1  Топтық  баллондық  қондырғыларды  пайдалануға  беруге  дейін 
пайдаланушы ұйымда тіркелуі тиіс.  


 
 
20 
7.2.2  Топтық  баллондық  қондырғыларды  пайдалануға  беру  кезінде 
монтаждың жобаға сәйкестігі тексерілуі тиіс.  
Топтық  баллондық  қондырғылардың  шкафтары  қабырғаға  немесе 
іргетасқа бекітілуі тиіс.  
Топтық  баллондық  қондырғылар  шкафтарының,  үй-жайлары  мен 
қоршауларының «От қауіпті - газ» деген ескертпе жазбалары болуы тиіс.   
7.2.3 
СМГ-ды  беру  алдында  топтық  баллондық  қондырғылар 
байламасының  газ  құбырлары  1  сағат  ішінде  0,3  МПа    қысымда  ауамен 
сыналуы тиіс.  
Бақылау  тексеру  нәтижелері  манометр  бойынша  көрітентін  қысым  түсуі 
және сабынды эмульсия көмегімен анықталатын ағындылар болмаған жағдайда 
оңды деп есептеледі.  
7.2.4  Қысым  реттеуіші  қалыпқа  келтірілгеннен  және  топтық  баллондық 
қондырғының  коллекторындағы  өшіргіш  құрылғыдан  бастап  ғимаратқа 
кірмедегі өшіргіш құрылғыға дейінгі газ құбырының учаскесін үрлеуден кейін 
тікқұбырлар мен пәтердегі газ құбырларын газбен үрлейді.  
7.2.5  Ғимараттың  сыртында  орналасқан  жеке  баллондық  қондырғының 
құрамына  сыйымдылығы  50  л  дейін  екеуден  аспайтын  баллон,  ал  ғимараттың 
ішінде орналасқан жеке баллондық қондырғының құрамына біреуден аспайтын 
СМГ баллоны жатады.  
Жеке  баллондық  қондырғы  газ  пайдалатын  жабдыққа  қосылумен  бірге 
пайдалануға беріледі. 
 
7.3 Баллондық қондырғыларды пайдалану 
 
7.3.1  Баллондар  арнайы  жабдықталған  автомобильдерде  (мысалы,  «тор» 
типтес) немесе ағаш ложементтермен жабдықталған немесе баллондарды бекіту 
үшін  саны  жеткілікті  резеңке  (жіп)  сақиналар  мен  құралдары  бар,  түтіндік 
түтікте  ұшқынбасқыш  орнатылған  жүк  автомашиналарында  тасымалдануы 
тиіс.    
Автомашиналар  жүк  қауіптігі  туралы  ерекше  белгілермен  жабдықталуы 
тиіс.  
Тұтынушыға  жеке  автомобильде  баллондарды  соққылар  мен  орын 
ауыстыруынан сақтайтын құрылғыларды қолданған жағдайда тек бір баллонды 
өз бетінше тасымалдауға рұқсат беріледі.  
Тасымалдау  кезінде  сыйымдылығы  50  литр  баллондардың  шұра 
штуцерінде  металл  бітеуіштің  және  мойнына  бұралған  металл  қалпағы  болуы 
тиіс.  
7.3.2  Тиеу-түсіру  жұмыстары  және баллондарды  орнату  кезінде  олардың 
құлауын, зақымдануын, ластануын болдыртпайтын шаралар қолданылуы тиіс.    
Баллондарды  автомобильден  қалпақтарын  төмен  ұстап  түсіруге  рұқсат 
етілмейді.  


жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау