Қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет7/46
Дата04.02.2020
өлшемі1,13 Mb.
#28117
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46

 
 
15 
5) Содан кейін аспаптардағы барлық газ жанғыш құрылғыларды жандыру 
керек және пәтерге кіру мүмкіндігі бар болған жағдайда газдың жануын реттеп 
қою  қажет.  Газ  іске  қосқаннан  кейін  от  жанатын  мойнында  газдың  жануы 
реттелгеннен  соң  және  асүй  желдеткеннен  кейін  слесарь  барық  үлкен  пәтер 
тұрғындарын  шақырады  және  газ  құралдарымен  қауіпсіз  пайдалану  бойынша 
нұсқаулықғын жүргізеді. 
5.5.10  Егер  газ  қосылуының  мерзімі  ұзартылса  немесе  келесі  күнге 
ауыстырылса, онда наряд-рұқсаттаманың да мерзімі ұзартылады және осы күнгі 
жұмысшылрына  қауіпсіз  жұмыстар  әдістемелері  бойынша  нұсқаулық 
жүргізіледі. 
5.5.11  Жеке  пәтердердің  тұрғындарынсыз  продъездің  ішкі  разводкасын 
бақылау  тығыздалуының  нәтижесі  оң  болған  жағдайда  қайтадан  газбен 
жабдықталуына  рұқсат  етіледі.  Мұндай  жағдайларда  шебер  (іске  қосу 
бригаданың басшысы) жоқ болған тұрғындарға газды іске қосылғаны жөнінде 
және  сақтану  шаралары  туралы  хабарландыру  қалдыруы  тиіс.  Газ  қауіпті 
жұмыстары нарядында орындалған жұмыстары жөнінде белгі қойылады.  
5.5.12  Қысымның  тығыздалу  кезде  рұқсат  етілгеннен  тым  түсірілуі 
байқалса,  подезге  енгізу  шүмегі  (қадауша)  жабылады,  сондай-ақ  бұл  уақытта 
алдын  ала  шүмектің  тығынының  өткізгішсіздігі  қамтамасыз  етіледі.  Берілген 
жағдайда  газды  іске  қосу  тығыздау  кездегі  қысымның  төмендетілудің  себебі 
анықталып, жойылғаннан кейін өндіріледі. 
 
6 Жеке тұрғын үйлерде газ жабдығын пайдалану 
 
6.1 Тұрмыстық тұтынушылардың баллондарын ауыстыру. 
6.1.1  Топтық  баллондық  қондырғылардың  баллондарын  ауыстыруды 
пайдаланушы ұйымның қызметкерлері жүргізеді. 
6.1.2  Жеке  баллондық  қондырғылардың  баллондарын  ауыстыруды 
тұтынушы  немесе  тұтынушының  өтініші  бойынша  пайдаланушы  персонал 
жүргізеді. 
6.1.3 Баллондарды ауыстыру кезінде мыналар: 
-  газ  баллоны  мен  газ  құралдары  орнатылған  үй-жайда  терезені  немесе 
фрамуганы  ашу,  газ-баллондық  қондырғының  жарамдығын,  ас  бөлмеде  газ 
құралдары мен баллонның дұрыс орнатылуын нақты білу, үй-жайда орнатылған 
баллонның ажырамалы қамыттың қабырғаға бекітілуін тексеру;  
-  газ-баллондық  қондырғының  жарамдығын  нақты  білу,  газ  құбырының 
бекітілуін,  үй-жайдан  тыс  баллондарды  орнату  кезінде  шкафтың  жағдайын 
тексеру;  
-  бос  баллонның  шұрасын  жабу,  газ  құбырынан  жанарғы  арқылы  газды 
жағып шығару, газ құралының крандарын жабу, қысым реттеуіштен баллонды 
айыру, шұраның штуцеріне төселгіші бар металл бітеуішін салу;    


 
 
16 
-  даладағы  толықтырылған  баллонды  тексеру,  ол  үшін  баллонның 
қорғағыш  қалпақшасын  шешіп,  сыртқы  қарап  тексеру  арқылы  баллон  мен 
шұраның жарамдығын тексеру (шұраның металл бітеуіші болуы тиіс);  
-  клапан  соташығының  тығыздығын  тексеру  -      шұраның  ашық  кезінде 
бірігу жерлерінде шұраны сабынды эмульсиямен сабындап жуу; сабындап жуу 
арқылы баллон мойны мен шұраның қосылу жерінде тұмшалануын тексеру;  
-  шұра  клапанының  тұмшалануын  тексеру  –  баллон  шұрасын  соңына 
дейін  жабу,  металл  бітеуішін  шешу  және  бұрандасымен  бірге  штуцерді 
сабынды эмульсиямен сабындап жуу; 
- баллонды орнатып, оны бекіту;  
-  қысым  реттеуіштің  жамылғы  сомынын  шұра  штуцеріне  бұрау 
(төселгішті міндетті түрде орнатуды қоса);  
-  баллон  шұрасы  ашық  және  газ  құралы  крандарының  жабық  кезінде 
бұрандалық  қосындылардың  тұмшалануын  сабынды  эмульсиямен  тексеру; 
қысым реттеуішін қалпына келтіру (топтық баллондық қондырғыларда); 
-  газ  құралдары  жанарғыларын  жағып  тексеру  және  газ  жануының 
дұрыстығын нақты білу; 
-  тұтынушыларға  газ-баллон  қондырғысын  қауіпсіз  пайдалану  ережесі 
бойынша  нұсқау  беру,  пайдалану  құжаттамасына  қажетті  жазбаларды  енгізу 
қажет. 
6.1.4 Баллондарды ауыстыру кезінде: 
-  бөтен  адамдардың  қатысуымен  жұмысты  жүргізуге,  ашық  отты 
пайдалануға, темекі тартуға, электр құралдарын қосуға және өшіруге; 
- газ ағындысы бар бұзылған баллондарды орнатуға; 
- шұрасы газды жауып қоятын баллонды орнатуға; 
-  қалпақшалар  мен  бітеуіштерді  бұрау  кезінде  соққыш  құрал-сайманды 
қолдануға тыйым салынады. 
6.1.5  СМГ-ды  жеткізу  және  тасымалдау  кезінде  газ  және  газбен 
қамтамасыз ету туралы заңнаманың ережелерін басшылыққа алу қажет. 
6.1.6  Баллондарды  екіден  артық  емес  қабатты  тұрғын  ғимараттың 
пәтерлерінде (пәтерде бір баллоннан артық емес) орналастыруға рұқсат етіледі. 
Бұл  ретте  баллондар  стандарттармен  және  басқа  да  нормативтік  құжаттармен 
белгіленген өзінің таағйындалуына (қолдану саласына) сәйкес келуі тиіс. Жеке 
баллон  қондырғыларын  сыртынан  бірінші  қабаттың  терезе  ойықтарынан  м 
және  есік  ойықтарынан  1,0  м  кем  емес,  цоколды  және  жертөле  қабаттанының 
терезе  және  есік  ойықтарынан,  сондай-ақ  канализациялық  құдықтардан    3,0  м 
кем емес жерде жарықта қарау қажет. 
6.1.7    СМГ  баллонын  газ  плитасынан  0,5  м  (бірге  жасалғандарды 
қоспағанда)    және  жылыту  аспаптарынан  1  м  кем  емес  қашықтықта 
орналастыру  қажет.  Экран  баллон  мен  жылыту  аспабының  арасында 
орналасқан  кезде  қашықтықты  0,5  м  дейін  азайтуға  рұқсат  етіледі.  Экран 
жанбайтын материалдар жасалуы және баллонды жылыту аспабының жылулық 
әсерінен қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. 


 
 
17 
6.1.8    СМГ  баллондарын  тұрғын  бөлмелер  мен  дәліздерде  орнатуға  жол 
берілмейді. 
 
 
7 СМГ-дың резервуарлық және баллондық қондырғыларын 
пайдалану 
 
7.1 Резервуарлық қондырғыларды пайдалануға беру   
 
7.1.1  Құрылыс  аяқталғаннан  және  пайдалануға  берілгеннен,  техникалық 
куәландырылғаннан  және  жөндеуден  кейін  резервуарлық  қондырғылардың 
СМГ-ды  алғашқы  толтыру  газ  қауіпті  жұмыстар  өндірісіне  жүктелім-
рұқсаттама бойынша жүргізіледі.  
7.1.2  Егер  СМГ-ды  сақтауға  арналған  резервуарлар  бірнеше  топқа 
біріктірілсе,  осы  резервуарларды  алғашқы  толтыру  топтың  әрқайсысына 
тізбектеп жүргізілуі тиіс. 
7.1.3  Резервуарлық  қондырғыларға  сұйық  газды  құю  тәуліктің  жарық 
уақытында  жүргізіледі.  Солтүстік  климаттық  аймақтардың  қалаларында 
резервуарлық қондырғыларға СМГ-ды құю арнайы жоспар бойынша тәуліктің 
қараңғы уақытында жүргізілуі мүмкін.  
7.1.4 Резервуарлық қондырғыларға СМГ-ды құюды құрамында екіден кем 
емес адамы бар бригада орындау қажет. 
7.1.5 
Автоцистернадан  резервуарлық  қондырғыға  СМГ-ды  құю 
операциясын орындау алдында автомашина қозғалтқышы тоқтатылуы тиіс.  
Оның  көмегімен  құю  жүргізілетін  автоцистерна  және  резеңке-мата 
майысқақ түтік жерге орнатылуы тиіс.  
Қозғалтқышты  қосу  және  жерқосқыш  құрылғыдан  автоцистернаны 
ажырату 
резеңке-мата 
майысқақ 
түтіктерді 
ажыратқаннан 
және 
автоцистернаның  бу  және  сұйық  фазасының  өшіргіш  құрылғыларының 
штуцерларындағы  бітеуіштер  мен  резервуарлық  қондырғының  редукциялық 
басын орнатудан кейін ғана рұқсат етіледі.  
7.1.6  Жер  асты  резервуарларын  СМГ-мен  алғашқы  толтыруды 
бастамастан алдын мыналарды: 
-  сыртқы  қарап  тексеру  арқылы  резервуарлардың  редукциялық 
бастарының  арматуралық  буындардың  жинақтамасын,  олардың  механикалық 
зақымдалуының  болмауын,  өшіргіш  құрылғылардың  және  бақылау-өлшеуіш 
құралдарының,  редукциялық  бастарының  қорғауыш  қаптамаларының, 
шарбақтар  мен  кірме  жолдардың  жарамдығын,  ғимараттағы  газ  құбырының 
кірмелері бітеуіштерінің болуын тексеру;  
-  бітеуіштерді  орната  отырып  қысымды  реттеуіштен  кейінгі  өшіргіш 
құрылғыларды  жабу  арқылы  резервуарларды  төмен  қысымдағы  газ 
құбырларынан  және  төмен  қысымдағы  газ  құбырындағы  резервуарларды  бу 
фазасы бойынша резервуарлардың іргелес топтарынан өшіру; 


жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау