35
9.14 Нұсқаулықтарды жүргізу бойынша бақылау еңбекті қорғау бойынша
маманына немесе жұмыс берушінің бұйрығына сәйкес оған жауапты
жұмысшыға тағайындалады.
9.15 жұмыстарды орындаған кезде жұмысты сақтау (қауіпсіздігі)
бойынша ережелер мен нұсқаулықтар талаптарын орындау бойынша
жауаптылар жұмыстардың басшылары болып табылады.
9.16 Газ қауіпті жұмыстарға осы жұмыстарды дайындау мен қауіпсіз
орындау бойынша шаралар кешенін жасау мен жүзеге асыруды қарастыратын
наряд-рұқсаттама жасалады
Газ қауіпті жұмыстарды орындаған кезде отты тұту, шылым шегу,
сонымен қатар жұмыс орындарға бөтен кісілерді болдыруға тыйым салынады
9.17 Газ қауіпті жұмыстар тәуліктің жарық кезінде орындалуы керек. Газ
қауіпті жұмыстардың басқа уақытында да газ желілік ұйымының техникалық
басшысының рұқсат беруімен жүргізуіне болады.
Осы тармақтың талаптары апаттық-диспетчерлік қызметпен орындалатын
жұмыстарына таралмайды.
9.18 Газ қауіпті жұмыстарда жұмыс істейтін жұмысшылар орындалатын
газ қауіпті жұмыстардың түріне сәйкес қажетті қорғану құралдарымен және
құрылғыларымен қамтамасыз етілуі тиіс
9.19 Зақымданған жерасты газ құбырларларындағы жұмыстардың
барлық түрлерінде жұмыстарды жасаған кезде газ құбырынан шыңатын газдың
тұтануын болдырмайтын барлық шаралар қолданылуы тиіс. Егер қазған кезде
газбен тұншығу немесе улану қатері төніп тұратын болса, жұмысшылар дем алу
мүшелерін қорғайтын айырғыш құралдарымен қаматамасыз етілуі тиіс.
Фильтрлейтін газ қағарларды пайдалануға тыйым салынады
9.20 Ұйымда көрінетін орындарында өрт пайда болған жағдайда немесе
апаттық оқиға пайда болған кезде цехтан (учаскеден) эвакуация жоспары
(схемалары) жасалынып, ілініп қойылуы қажет, сонымен қатар апат, жарылыс,
газдың, улы және зарарлы заттектерінің шығарылуын бақылауға мүмкін
болмайтын жағдайларда жұмысшылардың іс-әрекеті жөнінде нұсқаулық
жасалынып, жұмысшылармен таыныстырылып қойылуға тиіс.
9.21 Қысымда жұмыс істейтін СМГ сұйыққоймалық және баллондық
қондырғылар олардың құрылымына және қауіпсіз пайдалануына жататын
әрекеттегі нормативті құжаттамаларға сәйкес болуы керек.
9.22 Сұйыққоймаларды сұйытылған газбен алғашқы толтырған кезде,
сонымен қатар оларды жөндегеннен және техникалық куәландырғаннан кейін
тікелей сұйытылған газбен толтырмас бұрын сұйыққоймаларды сұйытылған газ
буларымен немесе инертті газдармен үрлеп тазарту жұмыстары өндірілуі
керек.
Үрлеп тазартудың соңы шырақтан шығатын газ ауалық қоспасындағы
оттегінің шоғырлануымен анықталады; қоспасындағы көлемінен 1 % аспайтын
оттегінің мөлшері болса, үрлеп тазарту аяқталды деп есептеуге болады.
36
9.23 Сұйыққойманы сұйытылған газбен толтыру кездегі барлық
жағдайларда құбырлардағы ысырмаларды және тетіктерді газдың бағдары
бойынша, ақырындап, гадравликалық соққыны болдырмау үшін ашылады
9.24 Сұйыққоймаларды сұйытылған газдармен толтыру 40
0
С артық
газдардың темепературасының әр түрлілігі кездегі олардың жалпы
сыйымдылығынан 85% артық емес мөлшерде өндірілуі тиіс. Температураның
улкен әр түрлілігі кезінде толтыру нормасы сәйкес төмендетіліуі тиіс.
Жерасты сұйыққоймаларды деңгейді өлшеу үшін құрылғымен оларды
жабдықталған кезде олардың геометриялық сыйымдылығынан 90 % артық
толтыруға болады.
9.25 Жабық ыдыстарды жұмыстарды орындау үшін үш адамнан кем емес
жұмысшы қажет, олар құтқарушы белдеулермен және газ қағарлармен
қамтамасыз етуліу тиіс. Сонымен ьірге олардың екеуі сұйыққойманың
сыртында жел өтпейтін жерде орналасуы керек, олардың біреуі сұйыққоймада
орналасқан жұмысшының құтқарушы белдеудегі арқанның ұшын ұстап тұруға
тиіс, ал екіншісі ыдыстың ішіндегі қауіпсіз жұмыстарды орындау бақылауын
жүзеге асыруы тиіс.
Ыдыстың ішінде орналасқан жұмысшыда арқаны бар сақтандырушы
белдеу және пайдалану үшін дайындалған шлангілік газ қағар болуы
қажет.
9.26 Ыдыстың ішінде жарық үшін сыртында орналасқан шамдар немесе
12 В артық емес кернеуі бар, қорғауыш тормен сақталған қозғалмалы
қолданбалы шамдар пайдаланғаны жөн. Қозғалмалы шамның сымы резеңкелі
тетікке сақталуы тиіс.
9.27 Сұйыққоймалық қондырғының территориясында сұйыққоймаларға,
редукциялық бүркеншіктеріне және автоцистерналарына қызмет ету мен
оларды жөндеуге қатыспаған тұлғалардың болуына тыйым салынады.
Автоцистернаның қасында оттың пайда болған жағдайында оны шұғыл
қауіпсіз жерге тасымалдау керек, ал егер оны жасауға мүмкіндігі жоғ болған
жағдайда – автоцистернаны суару қажет
9.28 Жаппа гайкаларды бұрауға және жеңдердегі қысымы бар болған
жағдайда жеңдерден штуцерлердің ысырмаларын немесе тетіктерін ажыратуға,
сонымен қатар гайкаларын бұрау кезде соқпалы аспапты пайдалануға тыйым
салынады
9.29 Сұйытылған газбен толтырылған баллондарды, сонымен қатар сол
баллондардың тетіктерін кез келген жөндеу жұмыстарын жүргізуіне тыйым
салынады.
9.30
Буланбаған
газдың
сұйыққоймалардан
құйылуы
арнайы
жабдықталған герметикалық сыйымды ыдыстарға өндірілуі қажет. Буланбаған
газдың ашық ыдысқа құйылуы немесе өндірістік канализацияға болмайды.
9.31 Сұйытылған газдың қондырғылары бекітілген тәртіп бойынша өрт
қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сай өрт сөндірудің алғашқы
құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |