37
9.32 Сұйытылған газдың топтық баллондық қондырғыларының
шкафтары мен бөлмелері, сұйыққоймалық және булық құрылғылар
аймақтарының қоршаулары «Өрттенгіш - газ» ескертпе жазбалармен
қамтамасыз етілуі тиіс.
10 Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Газ жабдықтау жүйелерінің объектілеріне қызмет етуді жүзеге асыратын
басшылар, техникалық басшылары, инженерлер, мамандар мен ұйым
қызметкерлері осы Ережелерінің талаптарын сақтау бойынша жауапкершілігін
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтереді.
38
А-қосымшасы
(ақпараттық
)
Тұрмыста газды пайдаланатын тұтынушыларға алғашқы нұсқау беруге
арналған тақырыптардың үлгілік тізбесі
Тақырып атауы
Нұсқау беру мазмұны
Нұсқау беру
ұзақтығы,
мин.
Газдардың
қасиеттері
Сұйық мұнай газының жарылыс шектері.
Газдың адамға физиологиялық әсер етуі.
Газдарды одоризациялау туралы қысқаша
мәліметтер.
3
Газды жағу
Газ құралдары мен жабдығы алдындағы
газдың номиналды қысымы. Газдың толық
немесе толық емес жануы. Жалын
тұрақтылығы. Газды тиімді және үнемді
пайдалану.
3
Газ беру. Газ
шығынын есепке
алу.
Газ жабдығына техникалық қызмет
көрсетуді, оны диагностикалауды және
жөндеуді ұйымдастыру. Газ жабдығын, газ
шығынын есепке алу құралын, автоматика
мен сигнализацияны жарамды техникалық
жағдайда ұстау. Тұрмыста газ пайдалану
кезінде қауіпсіздіктің жалпы талаптары. Газ
берудің шарттары. Газ шығынын есепке алу.
Газды беру, техникалық қызмет көрсету және
жөндеу бойынша қызметтер ақысы.
5
Ұйымдардың газ
құралдары мен
жабдығының
қауіпсіз
пайдаланылуын
қамтамасыз ету.
Газ құбырларын, газ құралдары мен
жабдықты, газ шығынын есепке алу
құралын, автоматика мен сигнализация
құрылғыларын жарамды күйде ұстау, оларға
техникалық қызмет көрсетумен жөндеуді
ұйымдастыру, Жұмыс персоналын оқыту.
Газды қауіпсіз пайдаланудың жалпы
талаптары.
5
Газ плиталарын
қауіпсіз
пайдалану
ережесі.
Тұрмыстық газ плиталарының типтері,
олардың құрылымы, негізгі техникалық
сипаттамалары. Плиталарды қолдану және
оларды күту ережесі. Жанарғылар жұмысы
режимінің бұзылуы және тұтынушылардың
оларды жою тәсілдері. Қиыстырылған электр
газ плиталарын қауіпсіз пайдалану
10
39
Тақырып атауы
Нұсқау беру мазмұны
Нұсқау беру
ұзақтығы,
мин.
ерекшеліктері. Пайдаланушы ұйымның
персоналы ғана жоюы тиіс ақаулықтар.
Тұтынушылардың кінәсінен болатын
авариялар сипаты, олардың салдары.
Ағынды су
жылытқыштарды
қауіпсіз қолдану
ережесі
Типтері, құрылымы және негізгі техникалық
сипаттамалары. Қауіпсіздік автоматикасы.
Құралды қолдану ережесі және құралды күту.
Абоненттер өтініштері бойынша
пайдаланушы ұйым жоятын ақаулықтар.
Газды қолдану және пайдалану ережесін бұзу
кезінде мүмкін болатын авариялар, олардың
салдары.
10
Жылыту
жабдығын
қауіпсіз
пайдалану
ережесі.
Жылыту жабдығының типтері. Сыйымдылық
су жылытқыштарды, жылытқыш пештерді,
автоматтандырылған қазандарды қауіпсіз
пайдалану. Тән ақаулықтар. Қауіпсіздік
автоматикасы.
10
Желдеткіш және
түтін шығарғыш
арналар.
Газ жабдығын түтін арналарына жалғау.
Түтін арналарының құрылғылары мен
жұмысы. Тартымды тексеру, оның бұзылу
себептер мен оны қалпына келтіру тәсілдері.
Тартымның бұзылуы кезінде газ жабдығы
жұмысының салдары. Газ құралдары мен
жабдығы орнатылған үй-жайлардағы
желдету. Желдеткіш және түтінді арналарға
техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру,
оларды жарамды күйде ұстау.
5
Ішкі газ
құбырлары және
арматура.
Газ кірмелерінің және ішкі газ
құбырларының орнатылуы туралы жалпы
мәліметтер. Құбырларды жалғау және бекіту
тәсілдері. Өшіргіш құрылғыларды пайдалану
ережесі. Ақаулықтар түрлері және ішкі газ
құбырларындағы және арматурадағы мүмкін
болатын газ ағындыларының орындары.
Олардың пайда болу себептері, анықтау
тәсілдері.
5
СМГ топтық
және жеке
баллондық
Бір және екі баллонды қондырғылардың
орнатылуы туралы жалпы мәліметтер.
Баллондар мен редукторлардың
10
40
Тақырып атауы
Нұсқау беру мазмұны
Нұсқау беру
ұзақтығы,
мин.
қондырғылардан
қауіпсіз газ
пайдалану
ережесі
ақаулықтары. Газды қауіпсіз қолдану
ережесі. Газ баллондық қондырғыларындағы
негізгі ақаулықтар және мүмкін болатын газ
ағындыларының орындары. Баллондарды
ауыстыру.
Аварияларды
болдыртпау
шаралары.
Газ құралдары мен жабдығының
жарамсыздығы анықталған, үй
-
жайларда газ
иісінің пайда болуы, газдалу
сигнализаторының жұмыс істеуі, желдеткіш
және түтін шығарғыш арналардың тартымы
бұзылған кезде тұтынушылардың
қимылдары.
5
Зардап
шегушілерге
алғашқы көмек
беру
Жасанды дем алу тәсілдері. Күйіктер, улану
және тұншығу кезінде алғашқы көмек
көрсету.
5
Достарыңызбен бөлісу: |