Испандиярова А. Т., Мукашева Р. А



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/38
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#14746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

 
11 
 
8-тапсырма. Рөлдік ойын. Мына жағдаяттарды ойнап көрсетіңіз. 
*Әкесі баласының түнгі клубқа баруына қарсы. 
*Ата-анасы баласының сұраған ұялы телефонын әпере алмайды. 
*Баласы  жоғары  оқу  орнына  түскісі 
келмейді. 
*Баласы  сабақ  оқымай,  еркін  жүруді 
қалайды. 
*Анасы  қызының  рұқсатсыз  достарымен 
қыдырғанын қаламайды. 
*Үйдегі кішкентай баламен отыратын адам 
жоқ.  
*Болашақ өз отбасыңның проблемасы. 
 
9-тапсырма.    Суреттердегі  жағдайларды  анықтаңыз. 
Сізге қандай ой салады? 
 
      
   
 
 
Ойқозғау.  
Отбасындағы келіспеушіліктер көбінесе неге тіреледі?  
Балалар 
мен 
ата-аналар 
арасындағы 
қарым-қатынаста 
түсініспеушіліктер  проблемаға  айналуы  мүмкін  бе?  Ойларыңызды 
дәлелдеңіз. 
 
6-тапсырмада  көрсетілген  жағдаяттарда  туындаған  проблемаларды 
шешудің жолдарын атаңыз.  
  
 
 
Сөйлесеміз 
Мәтінді оқыңыздар 


 
12 
 
Оқылым   
Түсініп оқу.  
Тақырыпты анықтау/іздеп оқу 
 
             Отбасы  –  мемлекеттің  іргетасы.  Отбасы  – 
қоғамның  бастапқы  бөлшегі,  алғашқы  ошағы.  Бірге 
өмір сүріп, бала өсіруді мақсат етіп, екі адам шағын 
қоғамды  құрады.  Отбасының  қызметтері  көп:  жеке, 
әлеуметтік,  экономикалық  т.б.  Отбасының  негізгі 
қызметі – баланы әлеуметтендіру, яғни қоғамда өмір 
сүруге  жан-жақты  дайындау.  Әлеуметтендіру  –  қоғамда  қалыптасқан 
мәдени-әдептілік  нормаларға,  әлеуметтік  құндылықтарға  сәйкес  және 
заңмен бекітілген тәртіп аясындағы барлық ережелерді сақтап, қоғамның 
басқа  мүшелерімен  ынтымақтастықта  өмір  сүруге,  қызмет  етуге  үйрету. 
Ұжымдаса  іс-әрекет  жасауға  бейімдеудің  басты  шарты  –  кез  келген 
әлеуметтік жағдаяттарда қоғам мүшелерінің өзінің тұлғалық қажеттілігін, 
қызығушылығын  қанағаттандырумен  қатар  өзгелердің  құқықтары  мен 
мүддесін  ескеруге  міндетті  болуы.  Жағдаяттық  дауларды  шешу 
барысында қоғам мүшелері өз ой-пікірін дәлелдеп, көзқарасын білдіреді, 
адамдармен  араласып,  тіл  табысуға  үйренеді,  адамдар  ұжымдасып,  іс-
әрекет 
жасауға 
бейімделеді. 
Адамның 
әлеуметтенуіне  орта  мен  әлеуметтендіретін 
дәуір  ықпал  етеді.  Ғалымдардың  айтуынша, 
адамның  әлеуметтенуі  мен  дамуы  «әлеуметтік 
ортада  әлеуметтік  нормаларды  меңгеру  мен 
ынтымақтастық іс-әрекетте жүзеге асады». 
           Баланы  әлеуметтендіруде  отбасы  рөлі 
ерекше.  Қазақи  жанұя  –  отбасылық  қарым-
қатынасқа  зор  мән  беретін,  отбасына  ерекше 
сеніммен  қарайтын  дағдылы  отбасылар,  әулеттер  қатарына  жатады. 
Қазақ отбасының әрбір мүшесінің орны бөлек. 
          Ата  –  елдің  бірлігін,  болашағын  ойлайтын  дана  қария.  Әже  –  әке-
шешенің  анасы.  Қазақ  әжесін  ақ  жаулықты,  алақаны  алтын,  аяулы, 
ардақты,  мейірімді  жан  дейді.  Ол  –  жанұя  бірлігін  сақтаушы, 
балалардың  тәрбиешісі,  ақылшысы.Қазақ  отбасында  ата-ана  орны 
ерекше.  Қазақ  отбасында  бала  –  ең  үлкен  құндылық.  Қазақтың  түсінігі 
бойынша, ұл бала – өмірдің жалғасы. «Қыз бала – қонақ» дейді қазақ. Ол 
болашақ  жар,  ана.  Сондықтан  жанұядағы  адамдар  қыз  баланы  мәпелеп, 
аялап,  сыйлап  жүреді.  Қазақи  отбасында  үлкендерді  сыйлауға, 
жасампаздықты,  кішіпейілдікті  тәрбиелеуге  үлкен  мән  беріледі. 
Жағымды  мінез-құлық,  тәртіп,  сыйластық  –  отбасы  мен  қоршаған  орта 
әсерінен бойға сіңетін қасиеттер. 


 
13 
 
Мәтін бойынша ой алмасу 
Оқылым бойынша тапсырмалар: 
1.  Мәтінге  сұрақ  қойыңыз. 
2.  Баланы  «бауырына  салу»  мен  «алақанына  салу»  бірдей  ме?  Әлде 
айырмашылықтары бар ма? 
3.  Қариялармен бірге тұрған  пайдалы деп ойлайсыз ба? 
4.  Мәтінге  қатысты    тірек  сөздерді  атаңыз.    Ең  көп  аталған  сөздерді 
түртіп алыңыз.  
5.  Отбасы,  бала  тәрбиесіне  қатысты  мақал-мәтелдер  келтіріңіз. 
Мағыналарын ашып, түсіндіріңіз. 
 
10-тапсырма : Өз ойыңызды ортаға салыңыз. Себептерін түсіндіріңіз.  
Ата-ананың міндеті не?  
Ата-анасы баладан не күтеді? 
Отбасы қандай болуы шарт? 
 
Рөлдік ойын.  
Мен болашақ ана (әке, жар) ретінде .....                        
Отбасындағы дағдарыс (қиыншылық). 
 
Талқылау.  
Қазіргі  кезде  отбасы  құру  көп  пе,  әлде  ажырасу  жағдайлары  жиі 
кездеседі ме? 
Салыстырмалы түрде қандай статистикалық деректер келтіресіз? 
 
Грамматика. Жазамыз 
 
Жазылым.  Мынаны  толтырыңыз.  В  бағандағы  түсініктемелерге 
сәйкес келетін сөздерді А бағанына жазыңыз: 
 
А  
В  
ҚАЖЕТТІ СӨЗ ОРАМДАРЫ 
Тағы бір жақсы жағы бар. Ол - ...... 
Тағы жағымсыз жақтары да бар.  
Мен ойымды былай жалғастырар едім.. 
Қорыта келе айтқанда ...... 
Басты артықшылығы - ...... 
Бұған  басқа  жақтан  қарайтын  болсақ 
... 
 
 
 


 
14 
 
жеке  адам  бойындағы  кішіпейілділік, 
әдептілік 
тәрізді 
адамгершілік 
қасиеттердің  жиынтығы;  жақсы  үлгімен 
тәлім-тәрбие алғандық ұғымын білдіреді;
 
 
ұлағатты  адамдардың 
ұрпаққа
  көрсететін 
үлгісі, 
адамдардың 
тәлім-тәрбиелілігі, 
үлгілілігі, 
саналылығы 
ережелерінің 
жиынтығы; 
 
жеті  ата  ұстанымы  негізінде  бір  атадан 
тараған ұрпақтар; 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сіз мұны білесіз!   
Сөздік – сөз тіркесі. 
Сөз тіркестері. 
 
Сөз тіркесі – толық мағыналы екі не бірнеше 
сөздің
 бір-біріне тұлғалық 
әрі мағыналық жағынан бағына байланысуы. 
Синоним  –  тұлғалары  әр  түрлі,  мағынасы  жақын  сөздер.  Тілдердің 
дамып  жетілуі,  оның  сөз  байлығынан,  оралымдағы  синонимдерінің 
молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы 
синонимдік қатар немесе синонимдік 
ұя
 деп аталады.  
Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:  
мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;  
бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;  
сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы;  
мағынасы жағымсыз сөздерді жұмсартып, жеңілдетіп айтады.  
11-тапсырма
. Әдетте проблеманы шешуге байланысты қандай тіркестер 
қолданылады?  2  минутта  есіңізге  түсіріңіз.  Есіңізге  түскен  етістіктерді 
пайдалана отырып, мына сөйлемдерді аяқтаңыз.  
Егер менің ісіме анам қарсы болса,_________________________________ 
Отбасында 
мәселе 
шешілмей 
жатса,  
________________________________ 
Жазғы 
демалысты 
атам 
мен 
әжеммен 
өткізу 
міндетті, 
________________________ 
Кішкентай  бауырымды  балабақшаға  апаратын  адам  жоқ,  сондықтан 
_____________________________________ 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау