«Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің сырттай отырысының



жүктеу 255,49 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.11.2018
өлшемі255,49 Kb.
#24460


«Бәйтерек девелопмент» 

акционерлік қоғамы 

Директорлар кеңесінің 

шешімімен бекітілді 

 

«Бәйтерек 

девелопмент» 

акционерлік 

қоғамының 

Директорлар 

кеңесінің 

сырттай отырысының 

2018  жылғы  «___»________ 

шешіміне (№___ хаттама) 

№__ Қосымша 

 

 



 

 

 «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамының жаңа редакциядағы 



Корпоративтік хатшы туралы  

ережесі 

 

1. Жалпы ережелер 

 

1.  «Бәйтерек  девелопмент»  акционерлік  қоғамының  жаңа  редакциядағы 

Корпоративтік  хатшы  туралы  ережесі  (бұдан  әрі  –  Ереже)  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасына,  «Бәйтерек  девелопмент»  акционерлік 

қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Жарғысына және ішкі нормативтік құжаттарына 

сәйкес әзірленді. 

2.  Ереже  Қоғамның  ұйымдастырушылық  құрылымы  мен  корпоративтік 

басқару  жүйесінде  Корпоративтік  хатшының  мәртебесін,  Корпоративтік 

хатшының лауазымына тағайындау және одан мерзімінен бұрын босату тәртібін, 

оның мақсаттарын, функцияларын, құқықтары мен міндеттерін, өкілеттігін және 

жауапкершілігін, қызметінің ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз 

етілуін анықтайды. 

3. Корпоративтік хатшы - Қоғамның Директорлар кеңесінің не атқарушы 

органының  мүшесіне  жатпайтын  Қоғамның  жұмыскері,  оны  Қоғамның 

Директорлар кеңесі тағайындайды және ол Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп 

береді. 


4.  Корпоративтік  хатшы  Корпоративтік  басқару  кодексін,  оның  ішінде 

корпоративтік  басқаруға  қатысты  құжаттарды  әзірлеуге,  сақтауға  және 

мерзімімен  қайта  қарауға,  тиісті  тәжірибені  талдауға,  сондай-ақ  Қоғамның 

органдары  мен  лауазымды  тұлғаларының  Қазақстан  Республикасының 

нормативтік  құқықтық  актілерінің,  Қоғам  Жарғысының  және  өзге  ішкі 

нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге қатысады.  

Корпоративтік хатшы Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен 

ережелерінің сақталуы туралы есепті дайындауды жүзеге асырады. Бұл есепте 




 

 



 

Корпоративтік басқару кодексінің сақталмайтын қағидаттары мен ережелерінің 

тізбесін тиісті түсіндермелерді келтіре отырып көрсету керек. 

Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің отырыстарын дайындау және 

өткізу бойынша шараларды жүзеге асырады;  

Қоғамның 

органдарының 

арасында 

тиімді 

өзара 


әрекеттің 

ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;  

Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  талаптары  және  Қоғамның  ішкі 

нормативтік  құжаттары  аясында  Қоғам  туралы  ақпаратты  ашуға,  оның 

құжаттарын  сақтауға,  Қоғамның  Жалғыз  акционердің  өтініштерін  қарауына 

және  Жалғыз  акционердің  құқықтарын  бұзуға  байланысты  қақтығыстарды 

шешуге көмектеседі.  

5.  Корпоративтік  хатшы  өз  қызметін  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына,  Қоғамның  Жарғысына,  осы  Ережеге,  сондай-ақ  Қоғамның  өзге 

ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады. 

 

 

2. Қоғамның Корпоративтік хатшысын тағайындау 



 және оның өкілеттіктерін тоқтату 

 

6.  Корпоративтік  хатшыны  Қоғамның  Директорлар  кеңесі  Қоғамның 

Директорлар  кеңесі  төрағасының  немесе  мүшелерінің  ұсынысы  бойынша 

Директорлар  кеңесінің  отырысқа  қатысатын  мүшелерінің  жай  көпшілік 

дауысымен тағайындайды. 

7.  Корпоративтік  хатшы  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің,  Қоғамның 

Директорлар  кеңесі  комитеттерінің  хатшысы  болып  табылады  және 

Директорлар  кеңесінің,  Қоғамның  Директорлар  кеңесі  комитеттерінің 

отырыстарын  техникалық  және  ұйымдастырушылық  сүйемелдеу  бойынша 

функцияларды жүзеге асырады. 

8. Корпоративтік хатшының өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру 

үшін қажетті білімі, тәжірибесі мен жеке қасиеттері болуға тиіс, іскерлік және 

кәсіби  қасиеттері  жоғары,  сондай-ақ  Жалғыз  акционердің  және  Директорлар 

кеңесі мүшелерінің сеніміне ие болуы тиіс, сондай-ақ: 

1) жоғары құқықтық немесе экономикалық білімі болуы тиіс; 

2) кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі тиіс, оның ішінде корпоративтік 

құқыққа,  корпоративтік  қаржыға  немесе  корпоративтік  басқаруға  байланысты 

жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі тиіс; 

4)  келіссөздерді  жүргізе  отырып,    корпоративтік  қатынастарға 

қатысушылардың арасында қақтығыстарды реттей білуі тиіс; 

5) ұйымдастырушылық және талдамалық дағдылары болуы тиіс; 

6)  мемлекеттік  тілді,  сондай-ақ  Директорлар  кеңесінің  құрамында 

мемлекеттік  және/немесе  орыс  тілін  білмейтін  тұлғалар  болған  жағдайда, 

ағылшын тілін білуі тиіс.  



 

 



 

9.  Корпоративтік  хатшының  лауазымына  кандидатураны  қарау  үшін 

кандидат Директорлар кеңесіне мынадай ақпаратты ұсынады: 

1) тегі, аты және әкесінің аты

2) туған күні; 

3)  білімі  (негізгі  және  қосымша),  оның  ішінде  білім  мекемесінің  атауы, 

аяқтаған жылы, мамандығы (алған біліктілігі), алған дәрежесі (егер болса); 

4) соңғы 5 (бес) жылдың ішінде жұмыс істеген орындар туралы мәлімет; 

5)  Қоғамға  немесе  оның  лауазымды  тұлғаларына  аффилирленгендіктің 

болуы  (болмауы)  туралы  мәлімет,  сондай-ақ  кандидат  пен  Қоғамның  және 

(немесе) оның лауазымды тұлғалары арасында мүдделердің қақтығысына әкелуі 

мүмкін қатынастардың болуы туралы өзге мәлімет; 

6) кандидатқа тиесілі заңды тұлғалар акцияларының (қатысу үлестерінің) 

болуы не болмауы туралы мәлімет;  

7) Қоғамның Корпоративтік хатшысы лауазымына сайлануға кандидаттың 

жазбаша келісімі; 

8) Корпоративтік хатшының функцияларын орындауына ықпал ете алатын 

өзге ақпарат. 

10. Корпоративтік хатшының өз міндеттерін жүзеге асыру шарттары еңбек 

шартымен,  осы  Ережемен,  лауазымдық  нұсқаулығымен,  сондай-ақ  Қоғамның 

өзге  ішкі  нормативтік  құжаттарымен  анықталады.  Еңбек  шартына  Қоғамның 

Директорлар  кеңесінің  шешімі  негізінде  Қоғамның  атқарушы  органының 

басшысы қолын қояды. 

11. Директорлар кеңесі  Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес 

кез  келген  уақытта Корпоративтік хатшының  өкілеттіктерін  мерзімінен  бұрын 

тоқтата алады және жаңа Корпоративтік хатшыны тағайындай алады.  

12. Корпоративтік хатшының лауазымына кандидат (кандидаттар) міндетті 

түрде  Корпоративтік  хатшыны  тағайындау  туралы  мәселені  шешу  кезінде 

Кадрлар,  сыйақы  және  әлеуметтік  мәселелер  бойынша  комитеттің  және 

Директорлар кеңесінің отырыстарына міндетті түрде қатысуы тиіс.  

13.  Корпоративтік  хатшы  өз  қызметімен  бірге  Қоғамда  басқа 

функцияларды  орындай  алмайды,  сондай-ақ  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің 

келісімінсіз басқа ұйымдарда жұмыс істей алмайды. 

 

 



3. Қоғамның Корпоративтік хатшысының мақсаттары  

 

14. Корпоративтік хатшының өз қызметі шеңберіндегі мақсаттары: 

1) корпоративтік басқару жүйесінің дамуын қамтамасыз ету; 

2)  корпоративтік  әдептің  ең  үздік  тәжірибесінің  сақталуына  бақылауды 

қамтамасыз ету; 

3)  Директорлар  кеңесінің  және  оның  Комитеттерінің  отырыстарын 

ұйымдастыруды қамтамасыз ету; 

4) Директорлар кеңесінің және оның Комитеттерінің жұмысына қолдауды 




 

 



 

қамтамасыз ету; 

5) Қоғамның органдарының тиімді өзара әрекетін қамтамасыз ету

6)  Жалғыз  акционердің  құқықтары  мен  мүдделерін  қоғауды  қамтамасыз 

ету; 

7) Қоғам туралы ақпараттың ашылуын (ұсынылуын) қамтамасыз ету және 



Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  және  Қоғамның  ішкі  нормативтік 

құжаттарының талаптарына сәйкес Қоғамның құжаттарын сақтау. 

 

 

4. Қоғамның Корпоративтік хатшысының функциялары 



 

15.  Корпоративтік  хатшы  корпоративтік  басқару  жүйесінің  дамуын 

қамтамасыз етуге қатысады, атап айтқанда: 

1)  Директорлар  кеңесіне  Қоғамның  Корпоративтік  басқару  кодексін 

әзірлеуге, сақтауға және мерзімдік қайта қарауға көмек көрсетеді; 

2)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасындағы  және  корпоративтік 

басқарудың  халықаралық  деңгейде  мойындалған  тиісті  тәжірибесіндегі  соңғы 

өзгерістер  жайында  білуге  ұмтылады  және  мерзімді  түрде  Қоғамның 

құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына тиісті ақпаратты ұсынады;  

3)  қажеттілік  болған  жағдайда  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің 

мүшелеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының, Жарғының және Қоғамның 

басқа  ішкі  нормативтік  құжаттарының  корпоративтік  басқару  саласындағы 

талаптары жөнінде түсініктерді береді; 

4)  Директорлар  кеңесіне  Қоғамда  корпоративтік  басқару  саласында 

өткізілетін шаралар туралы хабарлайды

5) Директорлар кеңесі үшін Қоғамдағы корпоративтік басқарудың ахуалы, 

Қоғамның  корпоративтік  басқару  саласындағы  қағидалар  мен  рәсімдердің 

талаптарын  орындауы  туралы  есепті  дайындауға  қатысады,  Қоғамда 

корпоративтік басқару тәжірибесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды береді; 

6) 


Жалғыз  акционерге  және  Қоғамның  Директорлар  кеңесіне  

корпоративтік шешімдерді қабылдау кезінде Қоғамның қызметінде анықталған 

бұзушылықтар  туралы  хабарлайды  және  жіберілген  бұзушылықтарды  жою 

жөніндегі шаралар туралы өз ұсыныстарын енгізеді; 

7)  Директорлар  кеңесінің  төрағасына  отырыстардың  жұмыс  жоспарын 

және күн тәртібін қалыптастыруға көмек көрсетеді; 

8)  Директорлар  кеңесінің  және  оның  Комитеттерінің  отырыстарын 

өткізуді ұйымдастырады; 

9)  Директорлар  кеңесі  мүшелерінің  күн  тәртібінің  мәселелері  бойынша 

және  Директорлар  кеңесінің  құзыреті  шеңберінде  шешім  қабылдауы  үшін 

қажетті өзекті және уақтылы ақпарат алуын қамтамасыз етеді

10)  Директорлар  кеңесі  мен  Комитеттердің  отырыстарының  хаттамасын 

жасайды,  Директорлар  кеңесінің  және  Комитеттердің  отырыстарының 

хаттамаларын,  стенограммаларын,  аудио-бейне  жазбаларын,  материалдарын 




 

 



 

сақтауды қамтамасыз етеді; 

11)  Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасы,  Қоғам  Жарғысы,  Қоғамның  Корпоративтік  басқару  кодексі,  ішкі 

нормативтік  құжаттары  мәселелері  бойынша  кеңес  береді,  болып  жатқан 

өзгерістерге  мониторингті  жүзеге  асырады  және  Директорлар  кеңесінің 

мүшелерін уақтылы хабарландырады; 

12)  Директорлар  кеңесінің  жаңадан  сайланған  мүшелерінің  лауазымға 

кірісуін ұйымдастырады;  

13) Директорлар кеңесі мүшелерінің оқуын ұйымдастырады; 

14)  Директорлар  кеңесі  мүшелерінің  Қоғамның  атқарушы  органымен 

Директорлар  кеңесінің  қызметін  ұйымдастыру  бөлігінде  өзара  әрекеттестігін 

ұйымдастырады. 

16.  Корпоративтік  хатшы  корпоративтік  әдептің  үздік  тәжірибесін 

сақтауды  қамтамасыз  етуге  қатысады,  нақтырақ  айтқанда,  Қоғамның  барлық 

органдарының  Қоғамның  Жарғысымен  және  басқа  ішкі  нормативтік 

құжаттарымен  көзделген  талаптарды  сақтауын  қадағалайды,  сондай-ақ 

белгіленген тәртіппен тиісті құжаттарға қажетті түзетулер мен толықтыруларды 

енгізуге  бастама  жасайды.  Корпоративтік  хатшы  Директорлар  кеңесінің 

төрағасына  Директорлар  кеңесінің  қызметіне  байланысты,  Қазақстан 

Республикасы  заңнамасының,  Жарғының  және  ішкі  нормативтік  құжаттардың 

барлық анықталған бұзушылықтары туралы уақытында хабарлауға міндетті. 

17.  Директорлар  кеңесінің  және  оның  Комитеттерінің  отырыстарын 

ұйымдастыруды 

қамтамасыз 

ету 


аясында 

Қазақстан 

Республикасы 

заңнамасының,  Қоғам  Жарғысы  мен  ішкі  нормативтік  құжаттарының 

талаптарына сәйкес Корпоративтік хатшы келесі функцияларды атқарады: 

1)  тиісті  жылға  арналған  Директорлар  кеңесінің  жұмыс  жоспарының 

жобасын,  сондай-ақ  Директорлар  кеңесі  отырыстарының  жылдық  кестесін 

жасайды және оларды бекіту үшін Директорлар кеңесіне енгізеді; 

2)  отырыстарды  өткізу  нысаны  бойынша  ұсыныспен  Директорлар  кеңесі 

мен  оның  Комитеттерінің  отырыстарының  күн  тәртібінің  жобасын  жасайды 

және  оларды  Директорлар  кеңесінің  төрағасына/Комитеттердің  төрағаларына 

бекітуге ұсынады; 

3)  Директорлар  кеңесінің  және  оның  Комитеттері  отырыстарының  күн 

тәртібіне  ендіру  үшін  енгізілген  материалдарды  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына, Қоғамның Жарғысына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес 

Директорлар  кеңесінің  және  оның  Комитеттерінің  құзыретіне  сәйкестігіне, 

сондай-ақ 

ұсынылған 

материалдардың 

толықтығын 

(қажет 

болса, 


қосымшаларды, таныстыруларды және басқаларды) тексереді; 

4)  Директорлар  кеңесінің  және  оның  Комитеттерінің  отырыстарының  күн 

тәртібінің  мәселелері  бойынша  материалдардың  тиісінше  дайындалуын,  оның 

ішінде  материалдарды  дайындау  рәсімдерінің  сақталуын,  Қоғамның  ішкі 

нормативтік  құжаттарының  талаптарын  ескере  отырып,  Қоғамның  барлық 

мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен алдын ала талқылауды қамтамасыз етеді




 

 



 

5)  Директорлар  кеңесінің  және  оның  Комитеттерінің  мүшелеріне 

Директорлар кеңесінің, Комитеттерінің отырысының күн тәртібін, оның ішінде 

барлық  қажетті  материалдарды  қосып, Директорлар  кеңесінің,  Комитеттерінің 

отырысын өткізу туралы хабарламаны уақытында жібереді, сондай-ақ отырысқа 

шақырылған адамдарға отырыс жөнінде хабарлайды; 

6)  басқа  қаладағы  тәуелсіз  директорлардың  Директорлар  кеңесі 

Комитеттерінің  және  Директорлар  кеңесінің  отырыстарына  қатысуын 

ұйымдастыруға  қолғабыс  көрсетеді  (мысалы,  билеттер,  қонақүйлер  брондау 

және басқа); 

7)  Директорлар  кеңесінің, Комитеттер  отырысының  хаттамасын  жүргізуді 

қамтамасыз  етеді,  хаттамада  отырысты  өткізу  уақыты  мен  орны,  отырысқа 

қатысушылардың  аттары,  кворум  және  қабылданған  шешімдер  көрсетіледі, 

сондай-ақ  Директорлар  кеңесі  мен  Комитеттер  мүшелерінің  отырыс 

хаттамаларына уақтылы қол қоюын қамтамасыз етеді; 

8) Директорлар кеңесінің сырттай дауыс беруін немесе аралас дауыс беруін 

өткізген жағдайда Директорлар кеңесінің мүшелеріне сырттай дауыс беру үшін 

бюллетеньдерді  жібереді  (табыстайды),  Директорлар  кеңесі  мүшелерінің 

толтырылған бюллетеньдерін, жазбаша пікірлерін  жинауды, Директорлар кеңесі 

отырысының күн тәртібінің мәселелері бойынша дауыс беру қорытындыларын 

шығаруды іске асырады; 

9)  ресімдеу  күнінен  бастап  5  (бес)  жұмыс  күні  ішінде  шешім  қабылдауға 

негіз болған олардың бюллетеньдерін қосып, Директорлар кеңесінің мүшелеріне 

сырттай  дауыс  беру  арқылы  қабылданған  Директорлар  кеңесінің  сырттай 

шешімдерін  жолдайды;  сондай-ақ  Директорлар  кеңесі  мүшесінің  талабы 

бойынша оларға танысу үшін Директорлар кеңесі отырыстарының хаттамаларын 

және  сырттай  дауыс  беру  арқылы  қабылданған  шешімдерді  ұсынады  және 

(немесе)  хаттамалардан  Корпоративтік  хатшының  қолы  қойылған  және 

Қоғамның Корпоративтік хатшысының мөрі басылған үзінділерді ұсынады; 

10)  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының,  Қоғам  Жарғысы  мен  ішкі 

нормативтік  құжаттарының  талаптарына  сәйкес  Директорлар  кеңесінің 

отырысын өткізу рәсімінің тиісінше сақталуын қамтамасыз етеді; 

11)  Директорлар  кеңесінің  шешімдерін  олар  ресімделген  күннен  бастап  5 

(бес) жұмыс күнінің ішінде Қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшелеріне және 

лауазымды тұлғаларына жолдайды, олардың орындалуына мониторингті жүзеге 

асырады  және  Директорлар  кеңесіне  Директорлар  кеңесімен  белгіленген 

тәртіппен орындау нәтижелері (барысы) туралы хабарлайды

12)  Директорлар  кеңесінің  және  Директорлар  кеңесі  Комитеттерінің 

қызметіне  қолдау  көрсетуді  ұйымдастырады,  оның  ішінде  материалдардың, 

мәжіліс  залының,  отырғызу  схемасының  дайындалуын  қамтамасыз  етеді  және 

отырыстардың өткізілуін ұйымдастырады, Директорлар кеңесі мен Комитеттер 

мүшелеріне  және  шақырылған  адамдарға  отырыстың  шақырылғаны  туралы 

хабарлайды,  Директорлар  кеңесі  мен  Комитеттер  мүшелеріне  отырыстың  күн 

тәртібінің  мәселелері  бойынша  материалдарды  жолдайды,  хаттамаларды 




 

 



 

жүргізеді, 

Комитеттердің, 

Директорлар 

кеңесінің 

ұсыныстарын, 

қорытындыларын  сақтайды  және  оларды  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің 

төрағасы мен мүшелеріне ұсынады; 

13)  Директорлар  кеңесі  отырыстарының  хаттамаларынан  үзінділерге  өз 

қолын қойып және Қоғамның Корпоративтік хатшысының мөрін басып, оларды 

растайды; 

14)  Комитеттер  мен  Директорлар  кеңесі  отырыстарының  хаттамаларынан 

үзінділерді тіркеу журналын жүргізеді; 

15)  қажет  кезінде  Директорлар  кеңесі  мүшелерінің  біліктілігін  арттыруды 

ұйымдастыру  бойынша  Қоғамның  құрылымдық  бөлімшелерімен  өзара 

әрекеттестік жасайды. 

18. Директорлар кеңесінің және оның Комитеттерінің жұмысына қолдауды 

қамтамасыз ету аясында Корпоративтік хатшыға келесі функциялар жүктеледі: 

1) Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға ендіруді 

ұйымдастыру,  Директорлар  кеңесінің  жаңадан  сайланған  мүшелеріне 

Директорлар  кеңесінің  және  Қоғамның  өзге  органдарының  қызметі  туралы 

Қоғамда 


қолданылатын 

қағидаларды, 

Қоғамның 

ұйымдастырушылық 

құрылымын  түсіндіру,  сондай-ақ  Қоғамның  лауазымдық  тұлғалары  туралы 

хабардар ету, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарымен, Жалғыз акционердің, 

Директорлар  кеңесінің  және  атқарушы  органның  шешімдерін  таныстыру, 

Директорлар  кеңесі  мүшесінің  өз  өкілеттіктерін  тиісінше  орындауы  үшін 

маңызы бар өзге ақпаратты ұсыну; 

2)  Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  қажетті  ақпаратты  алуда  көмек 

көрсету;  

3) Директорлар кеңесінің мүшелеріне Директорлар кеңесінің отырыстарын 

дайындау мен өткізудің рәсімдік мәселелеріне, Қоғам туралы ақпаратты ашуға 

(ұсынуға)  және  өзге  мәселелерге  қатысты  Қазақстан  Республикасы 

заңнамасының,  Қоғам  жарғысы  мен  ішкі  нормативтік  құжаттарының 

талаптарына қатысты түсініктерді беру; 

4)  аффилиирленген  тұлғалар  туралы  есепті  қалыптастыру  және  тиісті 

уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қоғамның 

ішкі  нормативтік  құжаттарымен  белгіленген  тәртіппен  ақпаратты  ұсыну 

мақсатында  Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  қатысты  Қоғамның  тиісті 

құрылымдық бөлімшелеріне ұсыну үшін қажетті ақпаратты жинау және есепке 

алу; 


5) қажет болса Директорлар кеңесінің мүшелерін оқытыды ұйымдастыру; 

6) Директорлар кеңесіне, оның Комитеттеріне келіп түсетін хат-хабарларды 

есепке  алу  және  сақтау,  келіп  түскен  хаттарға  жауаптардың  дайындалуын 

қамтамасыз ету. 

19. Қоғамның басқару органдарының тиімді өзара әрекетін қамтамасыз ету 

аясында Корпоративтік хатшыға келесі функциялар жүктеледі: 

1)  Қоғамның  ішкі  нормативтік  құжаттарына  сәйкес  Жалғыз  акционердің 

атына  Қоғамның  жарияланған  акцияларын  орналастыру  туралы  жіберілген 




 

 



 

ақпаратты  (ұсыныстарды),  сондай-ақ  Жалғыз  акционерден  келіп  түскен 

Қоғамның  орналастырылған  және  орналастырылатын  сатып  алу  туралы 

ақпаратты (ұсыныстарды) есепке алуды жүзеге асыру;

 

2)  Жалғыз  акционердің  келіп  түскен  өтініштерін  (хаттарын,  талаптарын, 



шешімдерін)  тиісінше  есепке  алуды  қамтамасыз  ету,  өтініштерін  Қоғамның 

тиісті  органдарына  және  құрылымдық  бөлімшелеріне  жолдау,  сондай-ақ 

олардың осындай өтініштерді уақтылы қарауына және жауаптарды дайындауына 

бақылауды жүзеге асыру; 

3) Қоғамның органдары арасында тиімді өзара әрекетті қамтамасыз ету; 

4) Директорлар кеңесінің төрағасына Директорлар кеңесінің және атқарушы 

органның  мүшелері  арасында  мүдделердің  барлық  әлеуетті  және  орын  алған 

қақтығыстары туралы хабарлау және Директорлар кеңесінің мүшелері арасында 

қақтығыстарды реттеу кезінде делдал ретінде қатысу. 

20. Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз 

ету  аясында  Корпоративтік  хатшы  Жалғыз  акционердің  құқықтарын  бұзу 

жөнінде қақтығыстардың уақытында қаралуы мен шешілуін қамтамасыз етеді. 

Корпоративтік  хатшы  Жалғыз  акционерден  келіп  түскен  шағымдарға 

байланысты тікелей тіркеушіге жүгінуге құқылы. 

21. Корпоративтік хатшы Қоғам туралы ақпараттың ашылуын (ұсынылуын) 

және Қоғамның құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді, атап айтқанда: 

1)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында,  сондай-ақ  Қоғамның 

Жарғысы мен ішкі нормативтік құжаттарында Қоғам туралы ақпаратты сақтау 

және  ашу  (ұсыну)  тәртібіне  қатысты  белгіленген  талаптардың  сақталуын 

қамтамасыз ету; 

2)  Қоғамның  бағалы  қағаздарының  проспектілерінде  және  оның  тоқсан 

сайынғы және жылдық есептерінде қамтылған ақпараттың, сондай-ақ Қоғамның 

қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты маңызды фактілер туралы ақпараттың 

уақытылы ашылуын бақылау; 

3)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  және  Қоғамның  ішкі 

нормативтік  құжаттарына  сәйкес  акционерлік  қоғамның  міндетті  сақталуға 

жататын  құжаттарын  есепке  алу  мен  сақтауды,  оларға  қол  жеткізуді,  олардың 

көшірмелерін  ұсынуды  қамтамасыз  ету,  оның  ішінде,  Директорлар  кеңесі 

отырыстарының  күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдарға,  Қоғамның 

Жалғыз акционерінің қарауына шығарылатын мәселелерге, Жалғыз акционердің 

шешімдеріне,  Қоғамның  Директорлар  кеңесі  отырыстарының  хаттамаларына 

қолжетімділікті  қамтамасыз  етуге  бақылауды  жүзеге  асыру.  Көрсетілген 

құжаттардың  көшірмелеріне  міндетті  түрде  Корпоративтік  хатшының  қолы 

қойылады және Қоғамның Корпоративтік хатшысының мөрі басылады; 

4)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына,  Қоғамның  Жарғысына,  ішкі 

нормативтік  құжаттарына,  Жалғыз  акционердің  шешімдеріне  сәйкес  Жалғыз 

акционерге  оның  мүдделеріне  қатысты  ақпараттың  уақтылы  ұсынылуын 

қамтамасыз ету; 




 

 



 

5)  өз  құзыретінің  мәселелері  бойынша  шешім  қабылдауда  Директорлар 

кеңесі  мүшелерінің  мүдделілігі  туралы  ақпаратты  есепке  алу  мен  сақтауды 

қамтамасыз ету; 

6)  Корпоративтік  хатшының  өз  міндеттерін  орындауға  байланысты 

құжаттарын  Қоғамның  мұрағатына  уақтылы  тапсыруды  қамтамасыз  ету.  Бұл 

ретте, Корпоративтік хатшы барлық осындай құжаттарды Қоғамның мұрағатына 

тапсырғанша, олардың сақталуына жауапты болады

7)  Корпоративтік  хатшы  Қоғамның  келесі  құжаттарын  мұрағатқа 

тапсырғанша олардың сақталуын қамтамасыз етеді: 

Қоғамның 

Директорлар 

кеңесінің 

шешімдері, 

отырыстарының 

хаттамалары,  Қоғамның  Директорлар  кеңесі  мүшелерінің  дауыс  беру 

бюллетендері; 

Қоғамның  Директорлар  кеңесі  отырысының  күн  тәртібінің  мәселелері 

бойынша Директорлар кеңесінің шешімдеріне материалдар; 

Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің сауалнамалық деректері; 

Қоғамның  Корпоративтік  хатшысының  құзыретіне  жататын  мәселелер 

бойынша өзге құжаттама; 

8)  ақпараттық  саясатты  (ақпаратты  ашу  туралы  ереже),  Қоғамның 

коммерциялық және  өзге құпиялы ақпаратын сақтау  туралы  ережені  әзірлеуге 

қатысу; 

9) Қоғамға Қоғамның корпоративтік вебсайтын Корпоративтік хатшының 

құзыретіне  қатысты  бөлікте  контентпен  сапалы  және  уақтылы  толтыруға 

көмектесу; 

10) Қоғамның жылдық есебін дайындауға қатысу. 

22.  Сондай-ақ  Корпоративтік  хатшы  өз  құзыреті  аясында  келесі 

функцияларды орындайды: 

1)  Жалғыз  акционердің  шешімдеріне  сәйкес  және  Директорлар  кеңесі 

мүшесінің  тапсырмасы  бойынша  Қоғамның  лауазымды  тұлғаларымен, 

құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, сондай-ақ басқа жеке және заңды 

тұлғаларымен іскерлік байланыстарды жүзеге асыру; 

2) қажеттілік болған жағдайда, бекітілуі Жалғыз акционердің, Директорлар 

кеңесінің  құзыретіне  жататын,  Қоғамның  ішкі  құжаттарының  жобаларын 

дайындау және дайындауға қатысу; 

3)  Корпоративтік  хатшының  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен 

және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген өзге функциялары. 

 

 

5. Корпоративтік хатшының есептілігі 



 

23.  Корпоративтік  хатшы  тоқсан  сайын,  сондай-ақ  күнтізбелік  жыл 

аяталғаннан  кейін  Қоғамның  Директорлар  кеңесіне  Директорлар  кеңесінің, 

Директорлар кеңесі Комитеттерінің, Корпоративтік хатшының жұмысы туралы 

есепті ұсынады. 



10 

 

 



 

24.  Есепте  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің,  Комитеттердің  қызметі 

туралы,  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің,  Комитеттерінің  құрамындағы 

өзгерістер  туралы,  Директорлар  кеңесінің,  Комитеттердің  мүшелерінің  есепті 

кезең ішіндегі отырыстарға қатысуы туралы, Қоғамның Директорлар кеңесінің 

Жұмыс жоспарын орындау барысы туралы мәліметтер, өткізілген корпоративтік 

шаралар  туралы,  Жалғыз  акционердің,  мемлекеттік  органдардың  және  басқа 

мүдделі  тұлғалардың  өтініштерімен  жұмыс  туралы  мәліметтер,  Корпоративтік 

хатшының  (бар  болса)  құзыретіне  жататын  мәселелер  бойынша  жұмысты 

жетілдіру жөнінде ұсыныстар, корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі Іс-

шаралар  жоспарының  орындалуы  және/немесе  корпоративтік  басқаруды 

жақсарту  мақсатында  іске  асырылған  іс-шаралар,  есепті  кезеңнің  ішінде 

Қоғамның 

Директорлар 

кеңесінің 

шешімдерінің, 

тапсырмаларының 

орындалуына  мониторин  туралы  мәліметтер,  сондай-ақ  Қоғамның  елеулі 

корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылуы тиіс. 

25. 


Директорлар  кеңесінің,  Директорлар  кеңесі  Комитеттерінің, 

Корпоративтік  хатшының  жұмысы  туралы  есеп  Директорлар  кеңесінің  есепті 

кезеңнен кейінгі бірінші отырысында қаралады.  

 

 



6. Қоғамның Корпоративтік хатшысының құқықтары  

 

26. Корпоративтік хатшының: 

1)  Қоғамның  лауазымды  тұлғаларынан,  құрылымдық  бөлімшелерінің 

басшыларынан  осы  Ережемен  көзделген  міндеттер  мен  функцияларды  жүзеге 

асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрау және алу;  

2)  қажетті  материалдар  көрсетілген  мерзімде  берілмеген  және  (немесе) 

лайықсыз түрде берілген мәселелердің материалдарын қабылдамауға және күн 

тәртібіне  енгізбеуге  (Қазақстан  Республикасының  заңнамасына,  Қоғамның 

Жарғысына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесінің 

және  оның  Комитеттерінің  құзыреттерінің  сәйкессіздігі,  материалдардық 

(қосымшалар, таныстырулар және басқалар) толық еместігі); 

3) Қоғамның лауазымды тұлғаларынан және құрылымдық бөлімшелерінің 

басшыларынан  Директорлар  кеңесі  және  Жалғыз  акционер  қабылдаған 

шешімдердің  орындалуы  туралы  есептерді  талап  етуге,  сондай-ақ  шешімдерді 

орындамау себептері жөнінде жазбаша түсінік беруді талап етуге құқығы бар. 

 

 



7. Қоғамның Корпоративтік хатшысының міндеттері 

 

27. Корпоративтік хатшы: 

1)  өз  функцияларын  жүзеге  асыру  барысында  Қазақстан  Республикасы 

заңнамасының,  Қоғамның  жарғысы  мен  ішкі  нормативтік  құжаттарының 

нормалары мен талаптарын қатаң сақтауға; 



11 

 

 



 

2)  мәселелерді  шешу  барысында  акционерлердің  құқықтары  мен  заңды 

мүдделерін сақтау қағидасына сүйенуге;  

3) Қоғамның Директорлар кеңесінің тапсырмаларын орындауға;  

4)  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің  алдында  өз  қызметі  туралы  жүйелі 

түрде есеп беруге;  

5)  Директорлар  кеңесіне  Қоғамның  немесе  оның  еншілес  ұйымдарының 

бағалы қағаздарымен мәміле жасамай тұрып, ондай мәмілені жасау ниеті туралы 

хабарлауға;  

6)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына,  осы  Ережеге,  Қоғамның 

Жарғысы мен ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес өзге міндеттерді орындауға 

міндетті. 



 

 

8. Корпоративтік хатшының қызметін ұйымдастырушылық 

және техникалық қамсыздандыру 

 

28.  Корпоративтік  хатшының  қызметін  ұйымдастырушылық  және 

техникалық қамсыздандыру оның өз функцияларының орындауын қамтамасыз 

етуге, сондай-ақ сақталатын және берілетін ақпараттың құпиялылығын қорғауға 

бағытталуы тиіс. 

29.  Корпоративтік  хатшы  өткізілетін  отырыстарды,  мәжілістер  мен 

жиналыстарды  техникалық  жазу  құралдарымен,  тиісті  бағдарламалық 

қамсыздандыруы  бар  дербес  компьютермен,  телефондық  және  электрондық 

байланыс  құралдарымен  және  Қоғамда  бар  басқа  қажетті  ұйымдастыру 

техникасымен қамтамасыз етеді. 

30.  Сақталатын  және  өңделетін  ақпараттың  құпиялылығын  сақтау 

мақсатында  Қоғамның  Корпоративтік  хатшысы  құпиялы  құжаттарды  сақтау 

үшін сейфпен қамтамасыз етіледі. 

 

 

9. Қоғамның Корпоративтік хатшысына еңбек ақысын және сыйақы төлеу 

шарттары  

 

31. 


Директорлар  кеңесі  Корпоративтік  хатшының  лауазымдық 

қызметақысының мөлшерін, еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттарын 

белгілейді. 

32.  Корпоративтік  хатшыға  еңбекақы  төлеу  және  сыйлықақы  беру 

талаптары  Директорлар  кеңесінің  шешімінің,  сондай-ақ  Қоғамның  ішкі 

нормативтік құжаттарының негізінде Корпоративтік хатшымен жасалатын еңбек 

шартымен белгіленеді. 

33.  Өз  өкілеттіктерін  тоқтатқан  жағдайда,  Корпоративтік  хатшы 

Директорлар  кеңесі  Корпоративтік  хатшы  міндеттерін  атқаруды  жүктеген 

тұлғаға (міндеттерді атқару жүктелген тұлға болған кезде) істерді беруі тиіс. 




12 

 

 



 

Бұл  ретте  Корпоративтік  хатшы  функцияларын  орындайтын  және 

Корпоративтік  хатшы  ретінде  өкілеттіктері  тоқтатылған  тұлға  (оның  ішінде 

осындай 


өкілеттіктер 

мерзімінің 

аяқталуына 

байланысты) 

жаңадан 

тағайындалған  Корпоративтік  хатшыға  немесе  осы  мақсат  үшін  Директорлар 

белгілеген  Қоғам  жұмыскеріне  отырыстардың  хаттамаларын,  Директорлар 

кеңесінің  күн  тәртібінің  мәселелері  бойынша  материалдарды,  жоспарларды, 

есептерді және Директорлар кеңесінің қызметін және корпоративтік басқаруды 

қамтамасыз  ету  мәселелері  бойынша  басқа  құжаттарды  электрондық  және 

(немесе)  қағаз  жеткізгіштерде  беруге  міндетті.  Істерді  беру  тапсырудың 

қабылдау-өткізу актісі бойынша өкілеттіктер тоқтатылған күннен бастап 5 (бес) 

жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырылады, мұнда істерді берудің негіздемесі, беру 

күні,  берілетін  құжаттаманың  атауы  мен  құрамы,  орындау  кезеңінде  тұрған 

істердің  (іс-шаралардың,  әрекеттердің,  сауалдардың)  тізімі  міндетті  түрде 

көрсетілуі тиіс. 

Жаңадан  тағайындалған  Корпоративтік  хатшыға  оның  алдындағы 

Корпоративтік  хатшы  немесе  Директорлар  кеңесі  осы  мақсатта  белгілеген 

жұмыскер  отырыстардың  хаттамаларын,  Директорлар  кеңесінің  күн  тәртібінің 

мәселелері бойынша материалдарды, жоспарларды, есептерді және Директорлар 

кеңесінің  қызметін  және  корпоративтік  басқаруды  қамтамасыз  ету  мәселелері 

бойынша  басқа  құжаттарды  электрондық  және  (немесе)  қағаз  жеткізгіштерде 

беруі  тиіс.  Істерді  беру  тапсырудың  қабылдау-өткізу  актісі  бойынша  жаңа 

Корпоративтік хатшы тағайындалған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде 

жүзеге  асырылады,  мұнда  істерді  берудің  негіздемесі,  беру  күні,  берілетін 

құжаттаманың  атауы  мен  құрамы,  орындау  кезеңінде  тұрған  және  жаңадан 

тағайындалған  Корпоративтік  хатшы  орындауы  тиіс  істердің  (іс-шаралардың, 

әрекеттердің, сауалдардың) тізімі міндетті түрде көрсетілуі тиіс. 

 

 

10Қоғамның Корпоративтік хатшысының  



жауапкершілігі 

 

34. Корпоративтік хатшы Қоғам мен оның акционерлері мүддесінде әрекет 

етуге өз міндеттерін адал және кәсіби орындауға тиіс. 

35.  Корпоративтік  хатшы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен, 

Қоғамның  ішкі  нормативтік  құжаттарымен,  еңбек  шартымен  белгіленген 

тәртіппен: 

1) 

өзіне  жүктелген  міндеттерді,  функцияларды,  құқықтар  мен 



тапсырмаларды лайықсыз орындағаны; 

2)  өз  әрекеттерімен  (әрекетсіздігімен)  Қоғамға  келтірілген  залал  үшін 

жауап береді. 

36. Корпоративтік хатшы Қоғамның Директорлар кеңесінің және (немесе) 

атқарушы органының мүшелеріне корпоративтік жанжал туралы хабарлағаннан 

кейін,  олардың  корпоративтік  жанжалды  жою  бойынша  немесе  әлеуетті 




13 

 

 



 

корпоративтік  жанжалды  болдырмау  бойынша  шараларды  қабылдаудан  бас 

тартуы  Корпоративтік  хатшыны  корпоративтік  жанжалдың  шешілуін 

ұйымдастыру үшін жауапкершіліктен босатады. 

 

 

11. Қорытынды ережелер 



 

37. Қажеттілік болған жағдайда осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар 



оны бекіту тәртібіне ұқсас тәртіппен енгізіледі. 

жүктеу 255,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау