Іске асыру шеңберінде әзірленген



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет3/34
Дата25.12.2019
өлшемі2,14 Mb.
#24920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

 
 

 
салауатты  өмір  салты  туралы  көбірек  білу  мүмкіндіктерін  іске  асыруға 
бағытталған,  денсаулықты  нығайту  бойынша  стратегияларды  дамыту  үшін 
оңтайлы жағдай бар. Барлық өңірлік, демографиялық санаттағы, түрлі табыс 
деңгейімен 
мектептер 
отбасылармен 
және 
қоғамдастықтармен 
жауапкершілікті  бөлісіп,  оқушыларға  салауатты  тамақтануға  және  дене 
шынықтырумен  айналысуға  ықпал  ететін  қоршаған  орта  жағдайын  ұсына 
алады.  Тамақтану  және  дене  белсенділігі  саласындағы  балалардың  әдеттері 
қоғамдық  өмірдің  көптеген  факторларының  әсерінде  болады,    оның  ішінде, 
отбасының,  қоғамның,  мектептердің,  балаларға  арналған  мекемелердің, 
медициналық  қызметкерлердің,  мемлекеттік  мекемелердің,  бұқаралық 
ақпарат  құралдарының,  сондай-ақ,  тағам  өнімдері,  сусындар  мен  демалыс 
индустриясының  әсерінде  болады.  Бұл  факторлардың  әрқайсысы  жастардың 
арасында тамақтану және дене белсенділігі дағдыларын жақсартуда өздігінше 
маңызды роль атқаруы тиіс. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған 
тәжірибелік  іс-шараларды  өткізу  және  ұйымдастыру  арқылы  қауіпсіз  және 
оңтайлы  орта  құруда  мектептер  аса  маңызды  роль  атқарады.  Сондай-ақ, 
мектептер  оқушылар  арасында  салауатты  тамақтану  және  дене  белсенділігі 
ұстанымдарын білуге және тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.   
 
Жүрек-қантамыр аурулары: сипаттамасы, себептері, алдын алу  
Сипаттамасы 
Қазақстанда  және  барша  әлемде  қан  айналым  жүйесі  ағзаларының 
аурулары  (ҚЖА)  өлім-жітімге  апаруда  №1  орын  алады.    ҚЖА  мәні  – 
зақымданған  тамыр  мен  жүректің  салдарынан  ағзалар  мен  тіндер  жеткілікті 
қоректенбейді  (ауыр  жағдайларда  ішінара  тіршілігін  жояды),  нәтижесінде 
бүкіл организм зардап шегеді.  
ҚЖА жататындар: 
1)  жүректің  ишемиялық  ауруы  (миокард  инфарктісі  немесе  стенокардия 
ұстамалары) 
2)  инсульт  (ми  қан  айналымының  бұзылысы,  оның  салдарынан  мидың 
жасушалары жойылады),  
3)  атеросклероз (өзгеріске ұшыраған қан жасушаларынан, холестериннен, 
қантамыр  қабырғаларындағы  дәнекер  тінінің  элементтерінен  тұратын  
түйіндақтар) (1 сурет),  
4)  артериалдық гипертензия (қан қысымының жоғарылауы), 
5)  көктамырдың  тромбозы  және  өкпе  эмболиясы  (көктамырда  қан 
ұйындысының  түзілуі,  олар  жылжып,  жүрекке  және  өкпеге  қарай  қозғалуы 
мүмкін).  
Қан айналымы жүйесінің аурулары (ҚЖА) – дүние жүзі бойынша жыл 
сайын  17  млн.  адамның  өмірін  әкетеді.  Тек  артериалдық  гипертензиядан 
зардап шегетіндер – планетадағы ересек халықтың  20-30%, 65 жастан асқан 


 
 

 
адамдардың арасында 50-60% кездеседі. Артериалдық қысымның созылмалы 
көтерілуі жүректің, мидың, бүйрек пен тамырлардың жұмысын бұзуы мүмкін.  
Әр  7-ші  қазақстандықта  қандай  да  бір  ҚЖА  бар.  Дүние  жүзілік 
денсаулық  сақтау  ұйымының  мәліметтері  бойынша  Қазақстанда  2012  жылы 
барлығы  158 000  адам    өлім-жітімге  ұшыраған,  оның  ҚЖА  салдарынан 
болғаны  54%.  Бүгінде  ҚЖА  салдарынан  Қазақстанда  күн  сайын  100  адамға 
жуық өлім-жітімге ұшырайды. 
 
 
1 сурет. Холестеринді түйіндақпен зақымданған қантамырларының 
сұлбалық бейнесі. 
  
 
Қан айналымы жүйесі ағзаларының ауруларын туындатуға себеп 
болатын тамақтану және басқа факторлар 
 
1. Жеңіл сіңетін қарапайым (жылдам) көмірсулар  
Қан айналымы жүйесі дертінің пайда болуының басты себептерінің бірі 
–  қандағы  инсулин    мөлшерінің  артуы.  Өз  кезегінде,  инсулиннің  артуының 
себептерінің  бірі  -  жеңіл  сіңетін  көмірсулары  мол  тағамды  тұтыну.  Оларға 
жататын өнімдер: қант, жоғары және бірінші сұрыпты ұн, тазартылған күріш, 
кондитерлік  өнімдер,  фри-картобы  және  чипсілер,  дайын  таңғы  астар, 
калориялы сусындар (тәтті газдалған сусындар, зауыттық шырындар, т.б.).  
Қандағы  инсулин  мөлшерінің  артуы  организмде  кейбір  жағымсыз 
механизмдерді іске қосады, олар түбінде қантамыр қабырғаларын зақымдап, 
оларда холестерин түйіндақтарының түзілуіне апарады.  
Күнделікті  қантты  тұтынудың  мүмкін  мөлшері  –  4-6  қасық,  дайын 
өнімдердегі жасырын қантты қосқанда. 
2. Тағамдағы холестериннің артық мөлшері  
Атеросклероздық  түйіндақтарда  холестерин  қайдан  пайда  болады? 
Холестерин организмге екі жолмен түседі:  


 
 
10 
 
1) тағаммен, жануар тектес өнімдердің құрамында,  
2) организмнің өзінде түзіледі, атап айтқанда, бауырда.  
Тағамдық холестериннің көздері:  
•  Жануар  майлары  (сиыр,  қой,  шошқа,  тауық,  сүт  майлары,  балық  пен 
жылқы майынан басқа);  
•  ет, құс етін және балықты қоса;  
•  жұмыртқа;  
•  балықтың уылдырығы;  
•  шұжық өнімдері;  
•  ми;  
•  бауыр.  
Тағамнан  холестериннің  артық  түсуі  «нашар»  холестериннің 
қалыптасуын  және  оның  қантамырлар  қабырғаларында  жинақталуын 
ынталандырады.  
Сондықтан, құрамында холестерин бар өнімдерді аздап тұтынған жөн, 
тәулігіне тағамнан холестериннің 300-400 мг мөлшері ғана түсуі қажет.  
3. Тұздың артық мөлшері 
Тұзы артық тағам организмнің тіндерінде судың іркілуіне апарады, бұл 
артериалдық  қысымның  артуына  және  ісінулердің  пайда  болуына  ықпал 
етеді.  
Сонымен 
қатар, 
тұздың 
артық 
болуы 
қантамырларының 
созылымдылығын  нашарлатады  және  олардың  «нашар»  холестерин  үшін 
өтімділігін арттырады.  
4. Зиянды майлар  
Қаныққан  майларды  (сиырдың,  қойдың,  шошқаның,  тауықтың)  үлкен 
мөлшерде  тұтыну  қандағы  «нашар»  холестериннің  қалыптасуына  ықпал 
етеді, сәйкесінше, ҚЖА қаупін арттырады.  
Мұндай  майлардың  қорытылуы  қиын  болғандықтан,  олардың 
қорытылуына жауапты бауыр мен ұйқыбезіне жүктеме түсіреді.  
Бұл  майлардды  тұтынуды  күніне  20-25  гр.  асырмау  қажет.  Бұл 
дегеніміз: 
•  еттегі көрінетін майды сылып тастау қажет,  
•  құстың терісін сылып тастап, жеу қажет, себебі, еттің өзінде жасырын 
майдың жеткілікті мөлшері бар, 
•  шұжық өнімдерінен алшақ болған жөн, себебі, оларда зиянды май мен 
тұздың мөлшері тым көп. 
 
Сары  май,  негізінен,  қаныққан  майлардан  тұрады,  бірақ,  ерекше 
құрылымды, осыған байланысты жеңіл сіңеді. Ол  - салауатты тамақтанудың 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау