Іске асыру шеңберінде әзірленген



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет4/34
Дата25.12.2019
өлшемі2,14 Mb.
#24920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

 
 
11 
 
құрамбөлігі,  бірақ,  күніне  20  грамм  мөлшерде  ғана.  Қаймақ  пен  сырды  да 
күніне 30-40 граммнан асырмай тұтынған жөн.   
Жүрек-қантамыр жүйесінің үлкен және қатерлі жауы  – транс-майлар
бұлар  бастапқыда  өсімдік  тектес  сұйық  майлар,  химиялық  әрекет  арқылы 
қатты түріне айналдырылған.  
Жапсырмасында  гидрогенделген  немесе  жартылай  гидрогенделген 
майлар  бар  екендігі  жазылған  өнімдерді  сатып  алудан  алшақ  болу  қажет, 
себебі,  өндірушілер  «өсімдік  майы»  атауымен  транс-майларды  жасыруы 
мүмкін.  
Транс-майлы  химиялық  өзгертілген  майлар  келесі  өнімдердің 
өндірісінде кеңінен қолданылады:  
•  кондитерлік өнімдердің,  
•  маргариннің  (онымен  қатпарлы  қамырды  илейді,  өнеркәсіпте 
өндірілетін печеньеге, кептірілген нандарға, вафлиге және басқа кондитерлік 
өнімдерге қосады),  
•  аспаздық майдың,  
•  кейбір балқытылған майлардың,  
•  жартылай фабрикаттардың,  
•  сары майдың алмастырғыштарының (спредтер),  
•  «жеңілдетілген» сары майлардың,  
•  фаст-фудтың.  
Өндірушілер  неліктен  транс-майларды  ұнатады?  Себебі,  жасанды  
майлар  өнімнің  қаттылығын  қамтамасыз  етеді,  өнімге  қажетті  май  дәмін 
береді,  арзан  шикізат  саналады,  және  өндірушілер  үшін  ең  маңыздысы  – 
өнімдердің  сақталу  мерзімін  едәуір  ұзартады,  себебі,  транс-майлар 
бұзылмайды. 
5. Рациондағы майлардың үйлесімінің болмауы 
Өсімдік  майлары,  сондай-ақ,  балық  және  жылқы  майы  қандағы 
«жақсы» холестерин деңгейін арттырады, яғни, ҚЖА қаупін азайтады, себебі, 
тамырлардың  нығаюына  және  олардың  холестериндік  жинақталудан 
тазаруына ықпал етеді.  
Олар,  негізінен,  қанықпаған  май  қышқылдарынан  тұрады  (қатты 
жануар майлары - қаныққан).  
Қанықпаған майлар омега-6 және омега3 болып бөлінеді.  
Екеуі  де  алмастырылмайтын  майлар,  яғни,  организмге  тағаммен  түсуі 
қажет, себебі, организм оларды түзе алмайды.   
Бірақ,  өткен  жүз  жылда  көп  қанықпаған  омега-6  майларын  тұтыну 
айтарлықтай  өскен  (олар  күнбағыс,  жүгері,  соя  және  басқа  майларда,  жер 
жаңғағында  мол).  Ал,  омега-3  майларын  тұтыну  азайған  (олар  балық 
майында, зығыр тұқымында, майында және кейбір жаңғақтарда мол).  


 
 
12 
 
Шамамен алғанда, бүгінде халық омега-6 майларын омега-3 майларына 
қарағанда 20 есе көп тұтынады.  
Омега-6  майлары  организм  үшін  белгілі  бір  мөлшерде  қажет,  бірақ, 
олардың  артық  мөлшері  қантамырлардың  қабырғасын  зақымдайтын  қабыну 
үрдістерінің  дамуына,  қанның  қоюлануына,  яғни,  қан  ұйындыларының 
түзілуіне ықпал етеді.  
Денсаулық  үшін  омега-6  және  омега-3  майларының  рациондағы 
оңтайлы қатынасы – 4:1.  
Омега-3  майларын  тұтынудың  нормасы  –  күніне  3-4  гр.  дейін. 
Шамамен,  осындай  мөлшер  майлы  балықтың  (албырт,  скумбрия)  170  грамм 
үлесінде  болады.  Қанықпаған  майлардың  рациондағы  тапшылығы  және 
олардың үйлесімінің болмауы ҚЖА қаупін арттырады.  
6. Алкоголь  
Алкогольді  шамадан  тыс  тұтыну  –  ҚЖА  белгілі  себебі.  Оның  жойқын 
әрекеті  көптеген  ағзалар  мен  тіндерге  қарсы  бағытталған,  ал  ҚЖА 
дамуындағы  үлесі  қандағы  инсулин  деңгейін  арттыруға  қабілетімен 
шартталған. 
7. Темекі шегу 
Темекі түтінінде қантамырларының қабырғасын зақымдайтын заттектер 
бар,  бұл  атеросклероз  даму  қаупін  арттырады.
 
Темекі  шегетін
 
адамдардың 
ешқашан  темекі  шекпеген  адамдарға  қарағанда  жүректің  ишемиялық 
ауруынан 2 есе жиірек өлім-жітімге ұшырайтындығы дәлелденген.  
8. Көкөністер мен жемістерді жеткіліксіз тұтыну    
Балғын  жемістер  мен  көкөністердің  құрамында  дәрумендер, 
минералдар  және  тағамдық  талшықтар  мол  болуы  есебінен  ҚЖА-дан 
қорғайды.  Көкөністер  мен  жемістердегі  дәрумендер,  минералдар  мен  басқа 
қоректік  заттектер  (антиоксиданттар  және  т.б.)  барлық  ағзалардың, 
жүйелердің  үйлесімді  қызмет  етуін  қамтамасыз  етеді,  ал  талшықтың  - 
майдың,  холестерин  мен  қанттың  артығын ішектен  сіңіретін және  уыттарды 
шығаратын  қабілеті  бар.  Сондай-ақ,  талшық  –  ішекті  мекендейтін  және 
көптеген  аурулардың,  оның  ішінде,  ҚЖА  алдын  алуда  маңызды  роль 
атқаратын, пайдалы микроорганизмдер үшін қорек. 
ҚЖА  тиімді  алдын  алу  үшін  күніне,  кемінде,  450  грамм  балғын 
көкөністер  мен  жемістерді  тұтыну  қажет.  Көлемі  жағынан  бұл  орташа 
өлшемді 5 алмаға теңеседі. 
 
 
 
 
 
 


 
 
13 
 
ҚЖА алдын алу 
Пайда болу қаупін айтарлықтай 
тиімді  азайтатын  келесі  алдын  алу 
шаралары  есебінен  қантамыр  жүйесі 
ағзаларының 
ауруларына 
(ҚЖА) 
тосқауыл қоюға болады:  
1)  Салауатты 
тамақтану, 
ол 
тамырлардың  зақымдануын  және 
қандағы 
«нашар» 
холестериннің 
деңгейін  арттыруын  туындататын 
метаболизм бұзылыстарының себебін 
жояды.    
2)  Артық  салмақты  азайту,  себебі, 
артық салмақ – ҚЖА    және    басқа 
 
көптеген аурулардың, қатерлі ісіктерді қоса, дамуы үшін қауіп факторы. Бұл 
тұста  іш  аумағындағы  артық  май  жинақталуы  айрықша  қауіп  туындатады 
(абдоминалдық  семіздік).  Артық  салмақ  бауырдағы  холестерин  түзілуін 
арттырады:  әр  артық  килограммен  организмде  түзілетін  холестериннің 
деңгейі  20  мг  артады.    Қандағы  холестериннің  артуы  атеросклероз  қаупін 
туындатады.  
3)  Темекіні  мүлде  шекпеу,  себебі,  темекі  түтінінде  тамырлар  қабырғасын 
зақымдайтын заттектер бар, бұл атеросклероз даму қаупін арттырады.    
4)  Дене  қимылының  сәйкес  белсенділігі,  бұл  жалпы  денсаулықты 
жақсартып,  жүрек-қантамыр  жүйесін  ширақ  күйде  ұстап,  дене  салмағын 
бақылауға ықпал етеді. 
 
Онкологиялық аурулар – сипаттамасы, себептері, алдын алу 
Описание  
Қатерлі  ісіктер  (обыр,  онкология)  –  Қазақстандағы  өлім-жітім 
себептерінің арасында екінші орында. 
Олар  қарапайым  жасушалардың  ісік  жасушаларына  айналып,  қатерлі 
түрге,  яғни,  бөліну  арқылы  бақылауға  келмейтін  көбеюге  қабілетті  түрге 
айналуы (мутациялануы) нәтижесінде пайда болады. 
Себептері  –  қатерлі  ісіктердің  пайда  болуына  ықпал  ететін  тағам 
өнімдері 
Организмде қабыну үрдістерін туындатып, қолдайтын өнімдер 
Организмдегі созылмалы қабыну үрдістері – онкологиялық аурулардың 
даму  себептерінің  бірі,  себебі,  қабыну  реакциялары  кезінде  қанға  қабыну 
заттектері  түседі,  олардың  организмде  ұзақ  уақыт  бойы  болуында,  сау 
жасушалардың қатерлі түріне «ауысуын» туындатады. 
 


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау