Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Аудит жоспарын және бағдарламасын, аудиторлық нұсқау мен тапсырмаларды жасау



жүктеу 0,52 Mb.
бет2/8
Дата28.12.2019
өлшемі0,52 Mb.
#25324
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Аудит жоспарын және бағдарламасын, аудиторлық нұсқау мен тапсырмаларды жасау

      40. Мемлекеттік аудит объектілерін алдын ала зерделеу негізінде аудит жоспары мен бағдарламасы, аудиторлық іс-шара жүргізуге аудиторлық нұсқаулар мен тапсырма жасалады.

      41. Аудиторлық іс-шараға шыққанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей (негізгі кезең):

      1) ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты тұлғаға мемлекеттік аудит тобының басшысы жасаған, жоспарлауға жауапты тұлғалар, сондай-ақ аудит тобының қатысушылары бұрыштама қойған аудит жоспары және бағдарламасы енгізіледі;

      2) ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты тұлғалар мемлекеттік аудит тобының басшысы (мемлекеттік аудитор) жасаған аудит жоспарын және бағдарламасын бекітеді;

      3) мемлекеттік аудит тобының басшысы мемлекеттік аудит тобының әрбір қатысушысына жеке жасалған, аудит тобының қатысушылары қол қойған аудиторлық тапсырманы бекітеді.

      Мемлекеттік аудит тобының қатысушылары жасаған, мемлекеттік аудит тобының басшысы, ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар бұрыштама қойған аудиторлық іс-шара жүргізуге тапсырмаға уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары немесе ішкі аудит қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы не оларды алмастыратын тұлғалар тиісті мемлекеттік органның жұмыс регламентінде көзделген тәртіппен қол қояды.

      42. Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты тұлғалар аудиторлық іс-шараға шыққанға дейін (негізгі кезең) мемлекеттік аудит тобының қатысушыларымен техникалық оқыту (нұсқамалық) жүргізеді.

      43. Аудит жоспары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жасалады.

      44. Аудит бағдарламасы ішкі мемлекеттік аудитке жататын мәселелердің егжей-тегжейлі сипаттамасын білдіреді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      Аудит бағдарламасы қисынды, түсінікті болуы, сондай-ақ аудиторлық

      іс-шараның қойылған мақсаттарына қол жеткізуге бағытталуы тиіс.

      Қаржылық есептілік аудитінің бағдарламасы елеулілік және аудиторлық тәуекел есептеуінің негізінде жасалады.

      45. Сәйкестік аудитінің бағдарламасын жасау кезінде осы Қағидалардың 49, 50-тармақтарына сәйкес, оның ішінде мемлекеттік аудит объектісінің қызметін реттейтін және регламенттейтін заңнама нормаларын, нормативтік құқықтық актілердің ережелерін сақтау мәселелері көрсетіледі.

      46. Қаржылық есептілік аудитінің бағдарламасын жасау кезінде уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау толықтығы мен дұрыстығы мәселелерін қамтығаны жөн.

      47. Тиімділік аудитінің бағдарламасы бюджет қаражатын және активтерді пайдаланудан алынған түпкілікті нәтижені анықтауға бағытталатынын есепке ала отырып, мемлекеттік аудит объектісінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін адами, қаржылық және өзге ресурстарды пайдалану мәселелерін қамтиды.

      48. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүргізетін қаржылық есептілік аудитінің нысанасы болып табылады.

      49. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүргізетін сәйкестік аудитінің нысанасы мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ақпараттық жүйелерінің деректері мониторингінің нәтижелері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары, бюджеттік кредиттер беру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің атқарылуын қаржыландыру, сондай-ақ оларды пайдалану үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуы;

      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуы;

      4) бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстар;

      5) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамаларының сақталуы.

      50. Ішкі аудит қызметі жүргізетін сәйкестік аудитінің нысанасы:

      1) мемлекеттік органдардың, оның аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметі;

      2) мемлекеттік сатып алуды жүргізу және шарттар талаптарының, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімі, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша орындалу рәсімдері;

      3) аудит объектісінің тауар-материалдық запастарының және өзге активтерінің сақталуы болып табылады.

      51. Ішкі аудит қызметі жүргізетін тиімділік аудитінің нысанасы:

      1) мемлекеттік орган, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің барлық бағыттары;

      2) мемлекеттік орган ішкі процестерінің (бизнес-процестерінің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуі;

      3) бюджет шығыстарымен өзара байланыста мемлекеттік орган стратегиялық жоспарының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу болып табылады.

      52. Аудиторлық нұсқау аудиторлық іс-шара барысында қамтуға жататын нақты бағдарламалық мәселелерді, әрбір мемлекеттік аудит объектісінде аудит тобының қатысушылары арасында бөлінетін оларды қарау мерзімдерін қамтиды.

      53. Аудиторлық тапсырма осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      54. Аудиторлық іс-шара жүргізуге нұсқау аудиторлық іс-шара, үстеме, бірлескен, қатар тексерулер жүргізуге құқық беретін ресми құжат болып табылады және қатаң есептілік бланкісінде ресімделеді.

      Аудиторлық іс-шара (үстеме, бірлескен, қатар тексерулер) жүргізуге нұсқаулар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері аудиторлық іс-шара жүргізуге нұсқаулар бойынша жеке тіркеу журналын жүргізеді, онда нұсқаудың нөмірі мен тіркелген күні, аудит объектісінің атауы, аудит түрі, аудит тобы басшысының тегі, аты, әкесінің аты, оның ішінде Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) арқылы көрсетіледі.

      Ішкі аудит қызметтері нұсқауларды тіркеуді ЭҚАБЖ арқылы жүзеге асырады.

      Ішкі аудит қызметтерін қоспағанда, ішкі мемлекеттік аудит органдары құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда аудиторлық іс-шара жүргізуге нұсқауды тіркейді.



4. Аудиторлық іс-шараны жүргізу

      55. Ішкі мемлекеттік аудит органының басшысы қол қойған аудиторлық іс-шараны өткізуге тапсырманың болуы аудиторлық іс-шараны жүргізу үшін негіз болып табылады.

      56. Мемлекеттік аудиттің әрбір объектісіне аудиторлық іс-шараны жүргізуге арналған жеке тапсырма ресімделеді.

      Аудиторлық іс-шараны жүргізуді бастамастан бұрын мемлекеттік аудит объектісінің басшысына:

      1) аудиторлық іс-шараны (тексеруді) жүргізуге арналған тапсырма;

      2) ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдардың қызметтік куәліктері;

      3) Қазақстан Республикасында құпиялық режимін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамада белгіленген жағдайларда режимді объектілерге баруға құзыретті органның рұқсаты ұсынылады.

      57. Аудиторлық іс-шараны аудиторлық іс-шараны жүргізуге арналған тапсырмада көрсетілген тұлғалар ғана жүзеге асырады.

      58. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамына (адамдарына) аудиторлық іс-шараны жүргізуге арналған тапсырманы ұсынған күн аудиторлық іс-шараны жүргізудің басталуы болып табылады.

      59. Мемлекеттік аудит объектісінің басшысына немесе аудиторлық

      іс-шара оған айтылып жүзеге асырылатын лауазымды адамға аудиторлық іс-шараны жүргізуге арналған тапсырма берілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік аудит тобының басшысы немесе мемлекеттік аудитор қол қойған мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпараттарды, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы жөніндегі талап тапсырылады.

      Қағидалардың осы тармағында көзделген талапқа бөлшек сызығы арқылы аудиторлық іс-шараны жүргізуге арналған тапсырма нөмірі беріледі және көрсетілген талаптың табыс етілген күні көрсетіледі.

      Мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпаратты, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы жөніндегі талаптың бірінші данасы мемлекеттік аудит объектісі басшысының немесе аудиторлық іс-шара оған айтылып жүзеге асырылатын лауазымды адамның қолы қойылып тапсырылады. Қабылданбаған жағдайда мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпаратты, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы бойынша талап мемлекеттік аудит объектісінің кеңсесі арқылы мемлекеттік аудит (мемлекеттік аудитор) тобының басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпаратты, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы бойынша талаптың екінші данасы оның қабылданғаны туралы белгі қойылып, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес ресімделетін аудиторлық есепке және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес ресімделетін қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке қоса беріледі.

      Аудиторлық іс-шараны жүргізген кезде қосымша құжаттарды, материалдарды, ақпаратты алу қажет болған және оларды мемлекеттік аудит объектісіне ұсынуға кедергі болған жағдайда, мемлекеттік аудит тобының басшысы немесе мемлекеттік аудитор Қағидалардың осы тармағына сәйкес ресімделетін мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпаратты, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы жөнінде талап жібереді.

      Үстеме тексеру жүргізілген кезде мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпаратты, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы жөніндегі талап мемлекеттік аудит объектісіне ол мемлекеттік аудитті жүргізуге кедергі келтірген жағдайда ұсынылады.

      60. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудит объектісіне кіргізуден бас тартқан және (немесе) аудиторлық іс-шараны жүргізуге кедергі келтірген жағдайларда мемлекеттік аудитор осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік аудит объектісіне кіргізуден бас тарту фактісі бойынша акті және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБК) көзделген тәртіппен және негізде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.

      61. Осы Қағидалардың 60-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік аудит тобының басшысы электрондық пошта (факс), пошта байланысы арқылы жазбаша және (немесе) қолма-қол осы фактілер туралы оларды жою бойынша шаралар қабылдайтын аудиторлық іс-шара үшін жауапты тұлғаны хабардар етеді.

      62. Мемлекеттік аудит объектісі мемлекеттік аудитті жүргізуге кедергі келтіретін жағдайларды жоймаған кезде аудиторлық іс-шара үшін жауапты тұлға ішкі мемлекеттік аудит органының бірінші басшысына мемлекеттік аудитті жүргізуге кедергі келтіретін себептерді толық жойғанға дейін аудиторлық іс-шараны тоқтата тұру туралы қолдаухат дайындайды.

      63. Аудиторлық іс-шараны тоқтата тұру, қайта жаңарту, ішкі мемлекеттік аудит ауқымын, мемлекеттік аудит тобының қатысушыларын (құрамын) өзгерту туралы шешімді ішкі мемлекеттік аудит органының басшысы қабылдайды және мемлекеттік аудит объектісін бір мезгілде хабардар ете отырып, ол тиісті актімен ресімделеді.

      64. Мемлекеттік аудиторлар мемлекеттік аудит объектісінің ақпараттық стендіне мемлекеттік аудит объектісінде ішкі мемлекеттік аудит органдары қызметкерлерінің аудиторлық іс-шараны жүргізіп жатқаны туралы ақпаратты орналастырады.

      65. Егер мемлекеттік аудит объектісінде ішкі мемлекеттік аудит органының аудиторлық іс-шарасымен мақсаты, нысанасы және аудиторлық іс-шарамен қамтылатын кезең бойынша сәйкес келетін басқа мемлекеттік аудит органының мемлекеттік аудит жүргізу фактісі анықталса, онда мемлекеттік аудиторлар Заң талаптарына сәйкес мемлекеттік аудит нәтижелерін таниды.

      66. Аудиторлық іс-шара барысында аудит бағдарламасымен қамтылмаған, бірақ аудиторлық іс-шара нысанасын толық зерделеу үшін қажетті мәселелер туындаған кезде мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит тобының басшысымен келісу бойынша аудиторлық іс-шараға жауапты тұлғаны жазбаша түрде хабардар етеді.

      Аудит бағдарламасында көзделмеген мәселелер бойынша аудиторлық

      іс-шараны жүргізудің орындылығы танылған жағдайда аудиторлық іс-шараға жауапты тұлға мемлекеттік аудиторға мемлекеттік аудитордың аудиторлық тапсырмасына толықтыру енгізе отырып, тиісті тапсырма береді.

      Аудит бағдарламасымен қамтылмаған мәселелер бойынша материалдарды аудиторлық іс-шараны жүзеге асыратын мемлекеттік аудитор жіберген мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпаратты, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы бойынша талаптар негізінде мемлекеттік аудит объектісі ұсынады.

      67. Мемлекеттік аудитті жүргізу мерзімін ұзарту қажет болған кезде, ол аяқталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні қалғанда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарды хабардар ете отырып, аудиторлық іс-шараға жауапты тұлғаның жазбаша қолдаухаты бойынша ішкі мемлекеттік аудит органының басшысы мерзімді ұзартуы мүмкін.

      68. Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында аудит жоспарына, аудит бағдарламасы мен аудиторлық тапсырмаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу:

      аудит жоспары мен бағдарламасына – өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негіздемесі көрсетілген, аудиторлық іс-шара үшін жауапты тұлғаның атына мемлекеттік аудит тобы басшысының қызметтік жазбахаты негізінде;

      аудиторлық тапсырмаға – аудит жоспары мен аудит бағдарламасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде мемлекеттік аудит тобы басшысының атына мемлекеттік аудитордың қызметтік жазбахаты негізінде жүзеге асырылады.

      69. Аудиторлық іс-шараны жүргізу кезінде қойылған мақсатқа, нысанасы мен аудиторлық іс-шара мәселелеріне сәйкес аудиторлық дәлелдемелерді қалыптастыру үшін қажетті іс жүзіндегі деректерді жинау, талдау жүргізіледі.

      Іс жүзіндегі деректерді жинау мынадай тәсілдермен жүргізіледі:

      1) бір рет;

      2) белгілі бір уақыт аралығындағы үздіксіз процесс арқылы;

      3) аудиторлық іс-шараны жүргізудің бүкіл мерзімі ішінде.

      Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында жиналған аудиторлық дәлелдемелер мемлекеттік аудит объектісінде анықталған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер бұзушылықтарын негіздеуі тиіс. Жиналған аудиторлық дәлелдемелер негізінде аудиторлық қорытындыда немесе аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша ішкі аудит нәтижелері туралы есепте тұжырымдар мен ұсынымдар қалыптасады.

      70. Мемлекеттік аудиторлар мемлекеттік аудит объектісінің басшысы уәкілеттік берген адаммен бірлесіп, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде жеткізу және жұмыстардың нақты түрлерін (көлемдерін) орындау тұрғысынан аудиторлық дәлелдемелер жинау және (немесе) олардың шынайылығын растау үшін бақылау өлшемін тексеруді қарап (бұдан әрі – бақылау өлшемі (қарап тексеру) жүргізеді.

      71. Бақылау өлшемі (қарап тексеру) қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада күні, орны, мақсаты, нәтижелері мен оны жүргізуге қатысқан тұлғаларды көрсете отырып, оған аяқталу күніне қарай қол қойылады. Қол қойылған актінің бір данасы мемлекеттік аудиторда қалады, ал екінші дана мемлекеттік аудит объектісіне беріледі. Бақылау өлшемі (қарап тексеру) нәтижелерін мемлекеттік аудитор мемлекеттік аудит объектісінде жасалатын аудиторлық есепте міндетті түрде көрсетеді.

      72. Мемлекеттік аудит объектісі (тапсырыс берушісі) өкілдері тарапынан бақылау өлшемі (қарап тексеру) актісіне қол қоюдан бас тартылған жағдайда қол қоюдан бас тарту туралы белгі қойылады. Жүргізілген бақылау өлшемін растайтын нәтижелерге тиісті негіздемелер (аудиторлық дәлелдемелер) болған кезде мемлекеттік аудит (тапсырыс беруші) объектісі тарапынан бақылау өлшемі (қарап тексеру) актісіне қол қоюдан бас тарту аудиторлық есепке өлшем (қарап тексеру) нәтижелерін қосудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

      73. Мемлекеттік аудиторлар мемлекеттік аудит тобының басшысына күн сайын ауызша есеп береді. Мемлекеттік аудит тобының басшысы мемлекеттік аудиторлардың жұмысын үйлестіреді, аудиторлық іс-шара мәселелерінің толық қамтылуына мониторинг жүргізеді, аудиторлық іс-шараның жекелеген бағыттарын үйлестіреді, мемлекеттік аудиторлар арасында туындайтын проблемалық мәселелерді шешеді, апта сайын аптаның соңғы жұмыс күні, аудиторлық іс-шараға жауапты тұлғаға есепті күні толтырылған (жасалған) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудит бағдарламасының орындалу барысы туралы апта сайынғы жиынтық есепті жібереді.

      74. Мемлекеттік аудит тобының басшысы мемлекеттік аудиторлар, аудитор іс-шарасына қатысқан сарапшылар қызметтік міндеттемелерін орындамаған және тәртіптік, еңбек тәртібінде бұзушылық фактілері болғанда, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби этикасын, мемлекеттік аудитті жүргізу барысындағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтамау жағдайы туралы аудитор іс-шарасына жауапты тұлғаны жазбаша түрде хабардар етеді.

      Аудиторлық іс-шараға жауапты тұлға өз кезегінде ішкі мемлекеттік аудит органының басшысына тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдау үшін көрсетілген фактілер туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      75. Режимді мекемелерде аудиторлық іс-шараларды жүргізуге байланысты құпия материалдарды зерделеу мен талдау Қазақстан Республикасындағы құпия режимін қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

5. Аудиторлық іс шараларды жүргізуге сарапшыларды тарту

      76. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері өкілеттіктері шегінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында тиісті сарапшыларды мемлекеттік аудит тобының құрамына енгізу арқылы тартады.

      Ішкі аудит қызметі қажет болған кезде мемлекеттік аудит тобының құрамына мемлекеттік органның және (немесе) оның аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдары құрылымының қызметкерлерін тартады.

      77. Сапалы аудиторлық іс-шараны қамтамасыз ету және арнайы білімді талап ететін мемлекеттік аудит мәселелері бойынша тәуелсіз сараптама қорытындыларымен мемлекеттік аудит нәтижелерін растау сарапшыларды тартудың мақсаты болып табылады.

      78. Сарапшыларды тарту қажеттілігі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде айқындалады.

      79. Мемлекеттік органдардың мамандары жоспарланған аудиторлық іс-шара нысанасын, мамандар саны мен біліктілігін, аудиторлық іс-шараны немесе сараптаманы жүргізу мерзімі мен кезеңін көрсете отырып мемлекеттік орган және (немесе) ұйым басшысының атына хат негізінде тартылады.

      80. Тиісті шарттар жасасу арқылы сарапшылардың қызметтерін сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

6. Үстеме тексеруді жүзеге асыру

      81. Мемлекеттік аудиттің негізгі объектілері қызметін алдын ала зерделеу барысында аудиттің жоспары мен бағдарламасына енгізілетін үстеме тексерудің ықтимал объектілері айқындалады. Егер аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында үстеме тексеру жүргізу үшін негіз пайда болса, онда аудиторлық тапсырмаларға аудит жоспары мен бағдарламасына өзгерістер енгізілмей, тиісті толықтырулар енгізіледі.

      82. Үстеме тексеру жүргізу үшін мемлекеттік аудиттің әрбір объектісіне жеке тапсырма ресімделеді.

      Ішкі аудит қызметтеріне өзінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында негізгі аудит жүргізу шеңберінде үстеме тексеру жүргізуге жол беріледі.

      83. Үстеме тексеру нәтижелері аудиторлық есеп түрінде ресімделеді. Үстеме тексеру жүргізген мемлекеттік аудиторға, мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымды адамына) таныстыру үшін үстеме тексеру аяқталған күні екі данада аудиторлық есеп дайындалады. Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы аудиторлық есеппен таныстыруды және оған қол қоюды ол аяқталған күні жүргізеді.

      84. Мемлекеттік аудитор үстеме тексеру жүргізілген жағдайда оның нәтижелерін міндетті түрде мемлекеттік аудиттің негізгі объектісінде жасалатын аудиторлық есепте көрсетеді.



7. Бірлескен тексеруді жүзеге асыру

      85. Бірлескен тексеру іс-шаралары осы Қағидалардың 2-бөлімінде белгіленген тәртіпке сәйкес мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасын ішкі мемлекеттік аудит органдарының қалыптастыруы кезеңінде көзделеді.

      86. Бірлескен тексеру жүргізу басқа мемлекеттік аудит органдарымен және (немесе) мемлекеттік органдармен тексерудің дербес түрі ретінде не өткізілетін бірлескен аудиторлық іс-шара шеңберінде мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесі негізінде келісілген мерзімде бір мезгілде жүзеге асырылады.

      87. Бірлескен тексеру жүргізуге дайындық мемлекеттік аудит объектілері тізбесінде көзделген мерзімдерге сәйкес жүргізіледі.

      88. Алдын ала зерделеу қорытындысы бойынша бірлескен тексеру жоспарының, бағдарламасының және аудиторлық тапсырмалардың жобалары жасалады. Бірлескен тексеру бағдарламасының әзірленген жобасын бірлескен тексеру жүргізуге қатысатын мемлекеттік орган жібереді. Мемлекеттік аудит органдары мен бірлескен тексеру жүргізуге қатысатын мемлекеттік органдар аудиторлық іс-шара басталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын бірлескен тексеру бағдарламасының жобасын келіседі.

      89. Мемлекеттік аудит объектілері бойынша бірлескен тексеру бағдарламасында: мемлекеттік аудит объектісінің атауы, тексеру нысанасы мен түрі, мемлекеттік аудиттің түрі, тексеру қамтитын кезең, тексеру жүргізу мерзімі, бірлескен тексеру тобының құрамы, тексеру қамтитын қаражаттар мен активтер көлемі, тексеру мәселелері мен оларды қараудың бірізділігі көрсетіледі.

      Бірлескен тексеру бағдарламасы мемлекеттік аудит органдарының немесе бірлескен тексеру қатысушылары мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды адамдарымен (электрондық немесе жазбаша хат алмасу арқылы) келісіледі.

      90. Тексеру жүргізуге арналған тапсырманы әрбір мемлекеттік орган өз бетінше ресімдейді.

      91. Қызметкерлерді іссапарға жіберу, сондай-ақ іссапар шығыстарын төлеуді әрбір мемлекеттік орган өз бетінше жүргізеді.

      92. Бірлескен тексеруді сапалы жүргізу мақсатында тексеру жүргізу үшін жауапты мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, мемлекеттік аудиттің бірлескен тобына қатысушылар мынадай:

      1) бірлескен тексеруді жүзеге асыру барысында пайда болған мәселелерді талқылай отырып, жұмыс отырыстары;

      2) консультациялар;

      3) әдістемелік және талдамалық құжаттар, ақпарат алмасу түріндегі өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      93. Мемлекеттік аудиторлар мен бірлескен тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметкерлері бірлескен тексеру жүргізу қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит объектілерінде аудиторлық есепті жасайды және оған қол қояды.

      94. Мемлекеттік аудит объектісінде бірыңғай топ бірлескен тексеру жүргізген кезде аудиторлық есеп үш данада ресімделеді, оның бір данасы мемлекеттік аудит объектісіне беріледі.

      95. Аудиторлық есепке жазбаша қарсылықты бірлескен тексеру жүргізуге жауапты мемлекеттік орган қарайды. Тексеру объектісіне жауапты қол қойылған аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша қарсылық келіп түскен мемлекеттік орган жібереді.



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау