Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп
_________________ 20___жылғы "____"____________
(жасалған орны)
Мемлекеттік аудит объектісінің атауы: ___________________________________
Мемлекеттік аудит түрі: _______________________________________________
Тексеру түрі: ________________________________________________________
Мемлекеттік аудитті жүргізуге тапсырма _________________________________
Мемлекеттік аудит жүргізілді: __________________________________________
Мемлекеттік аудиттің мақсаты (нысанасы): _______________________________
Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: _________________________________
Мемлекеттік аудитті жүргізу мерзімі: _____________бастап ___________ дейін
Аудит объектісінің лауазымды адамдары: ________________________________
Алдыңғы мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер: ______________
Жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер: ___________
Мемлекеттік аудитті жүргізудегі кедергілер: ______________________________
Мемлекеттік аудит барысында қолданылған шаралар: ______________________
Ұсынымдар: _________________________________________________________
Қосымша ______ парақта: (Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, тікелей ішкі мемлекеттік аудит объектісінде жиналған, сондай-ақ басқа да нақты көздерден алынған құжаттар көрсетілсін).
Ішкі аудит қызметінің қызметкері: ________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Таныстым ___________________________ __________________________
(аудит объектісінің басшысы) (қолы, Т.А.Ә. танысқан күні)
Аудиторлық есеп екі данада жасалды: _________________________________
Ескертпе: ішкі аудит нәтижелері туралы есеп жасау.
Аудиторлық есептің жоғары бөлігінде оның жасалған орны көрсетіледі (қаланың, басқа елді мекеннің (ауыл, кент және т.б.) атауы, аудиторлық есепті жасау күні, аудиторлық есеп данасының нөмірі (№ 1 дана – ішкі аудит қызметі үшін жасалады, № 2 дана– аудит объектісі үшін жасалады).
Ішкі аудит нәтижелері туралы есепте мынадай деректер көрсетіледі:
1. Мемлекеттік аудит объектісі.
Мемлекеттік аудит объектісінің толық атауы, мемлекеттік тіркеу туралы деректер, банктік және салық деректемелері, БСН (ЖСН) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік аудит түрі:
Аудит бағдарламасына сәйкес келетін мемлекеттік аудит түрі көрсетіледі (сәйкестілік аудиті, тиімділік аудиті).
3. Тексеру түрі.
Аудиттің бағдарламасына сәйкес келетін тексеру түрі (үстеме, бірлескен, қатар) көрсетіледі.
4. Мемлекеттік аудитті жүргізуге арналған тапсырма.
Тапсырманың күні мен нөмірі, тапсырмаға қол қойған лауазымды адамның тегі, аты-жөні, лауазымы көрсетіледі.
5. Мемлекеттік аудит жүргізілді.
Мемлекеттік аудитті жүргізген ішкі аудит қызметі қызметкерінің, мемлекеттік органдар мамандарының, мемлекеттік емес аудиторлық ұйымдар қызметкерлерінің тегі, аты-жөні, лауазымы көрсетіледі.
6. Мемлекеттік аудиттің мақсаты, нысанасы.
Аудит жоспарына сәйкес келетін мемлекеттік аудиттің мақсаты мен нысанасы көрсетіледі.
7. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең.
Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тексерілген кезеңі көрсетіледі (аудит бағдарламасына сәйкес келеді).
8. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімі.
Осы мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудитті жүргізудің басталған және аяқталған күні көрсетіледі (аудит бағдарламасына сәйкес келеді).
9. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары.
Ішкі мемлекеттік аудит оған айтылып жүзеге асырылған мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде жұмыс істеген және құжаттарға қол қою құқығы болған мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының тегі, аты-жөні көрсетіледі.
10. Алдыңғы мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы мәліметтер.
Тексеру нысанасы ішкі аудит қызметі жүргізген мемлекеттік аудит нысанасымен сәйкес келетін бұрын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, құқық қорғау органдары қамтыған мәселелер бойынша ғана қысқаша мәліметтер, мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар көрсетіледі.
11. Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы мәліметтер.
Ішкі аудит нәтижелері туралы есептің осы бөлімінде мемлекеттік аудиттің мақсатына қол жеткізілгенін растау үшін жеткілікті жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы мәліметтер көрсетіледі. Аудит бағдарламасының әрбір сұрағына жауаптар тіркеледі, бұл ретте аудит бағдарламасының әрбір сұрағының атауы көрсетіледі. Аудит бағдарламасының сұрақтарына жауаптар толық, нақты, объективтік және ықшам жазылады.
Тексерілетін мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектісі қызметінің нәтижелері туралы қорытындылар ішкі аудит нәтижелері туралы есепте ішкі аудит нәтижелері туралы есепке тиісті қосымшаларға сілтеме жасала отырып, жалпылама түрде тіркеледі.
Ішкі аудит нәтижелері туралы есепте жүргізілген үстеме тексерулер, бақылау өлшемдері (қарап тексерулер) көрсетіледі, сондай-ақ, бұзушылық фактілері, оның ішінде жүргізілген үстеме тексерулер нәтижелері бойынша анықталған бұзушылық фактілері жазылады.
Аудит мәселелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, әрбір факті рет тәртібімен нөмірленеді және ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылықтардың сипаттамасы мен түрі сипатталған жеке тармақпен тіркеледі (1-тармақ, 2-тармақ және т.с.с.) және тиісті бұзушылықтың дәлелдемесі болатын құжаттар көрсетіледі.
Егер талдамалық сипаттағы мәселерді қоспағанда, аудит бағдарламасының мәселелері бойынша бұзушылықтар анықталмаса, онда қысқаша ақпарат келтіріледі және "Бағдарлама мәселесі (атауы) тексерілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ." деген жазба жасалады. Ішкі аудит нәтижелері туралы есепке деректемелері көрсетіле отырып, тексерілген құжаттардың тізбесі қоса беріледі.
Жүргізілетін ішкі мемлекеттік аудиттің түріне, мақсатына және нысанасына байланысты ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын қызметкерлер ішкі аудит нәтижелері туралы есепке қосымшалар ретінде ресімделетін мынадай кестелерді толтырады:
1) 1-кесте. Мемлекеттік аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) әкімшілерінің орындауы жөніндегі ақпарат;
2) 2-кесте. Орындалған (қабылданған) құрылыс жұмыстарының көлемі және құрылыс объектілерінің уақтылы пайдалануға тапсырылуы туралы ақпарат;
3) 3-кесте. ____ жылғы құрылыс объектілері мен реконструкциялау құнының қымбаттауы туралы мәліметтер (қымбаттау болған жағдайда);
4) 4-кесте. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы мәліметтер.
Мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын қызметкерлер оларға қосымша болып табылатын ішкі аудит нәтижелері туралы есепке басқа да қажетті кестелерді жасауы мүмкін. Ішкі аудит нәтижелері туралы есепте көрсетілген қосымшаларға сілтеме жасау міндетті.
12. Мемлекеттік аудитті жүргізуге кедергі жасау.
Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының ішкі мемлекеттік аудит қызметі қызметкерлерінің ішкі мемлекеттік аудит жүргізуіне кедергі жасау фактілері туралы мәліметтер көрсетіледі.
13. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.
Мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған шаралар туралы мәліметтер көрсетіледі (айыппұлдарды, өсімпұлдарды қосымша есептеу, негізсіз пайдаланылған қаражатты бюджетке өтеу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша қаражатты қалпына келтіру, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындауы, мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарына қолданылған тәртіптік жазалау шаралары және басқалар).
14. Ұсынымдар:
Мемлекеттік аудит объектісі жұмыстарының тиімділігін арттыру, қызметінің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға және алдағы уақытта оларға жол бермеуге ықпал ететін ішкі рәсімдерді, қағидаларды, процестерді жақсарту жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі.
15. Қосымшалар
1) мемлекеттік аудит объектісінің мәліметтерді, ақпаратты, құжаттарды (материалдарды) ұсынуы жөніндегі талап;
2) мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер тізілімі;
3) құжаттардың, анықтамалардың, кестелердің, бұзушылық фактілерінің көрінісін айқындайтын фотосуреттердің түпнұсқалары немесе тиісті түрде куәландырылған көшірмелері;
4) функционалдық және лауазымдық міндеттері негізінде жіберілген бұзушылықтарға қатысы бар тұлғалардың жазбаша түсініктемелері (қажет болғанда);
5) бақылау өлшемдері және қарап тексеру актілері (олар жасалған жағдайда);
6) зерттеулердің (сынақтардың және т.б.), сараптамалардың қорытындылары, хаттамалардың көшірмелері немесе мемлекеттік аудит нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар жасалған жағдайда);
7) мемлекеттік органдар мамандарының, сарапшылардың (олар тартылған жағдайда) сараптамалық қорытындылары;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануы тұрғысынан халыққа сауалнама жүргізу нәтижелері (қажет болғанда);
9) ақы төлеу фактісін растайтын құжаттар (мемлекеттік аудит барысында қаражат өтелген (қалпына келтірілген) жағдайда):
төлем тапсырмалары (төлеуге берілетін шоттар, түбіртектер, чектер және (немесе) басқалары);
ведомостер, ордерлер, нарядтар.
16. Мемлекеттік аудит жүргізген ішкі мемлекеттік аудит қызметі қызметкерлерінің қолдары.
Есептің соңғы бетінде ішкі аудит нәтижелері туралы есептің екі данада (№ 1 данасы ішкі аудит қызметі үшін, № 2 данасы мемлекеттік аудит объектісі үшін) жасалғаны туралы жазба, сондай-ақ таныстырылған күнін көрсете отырып, таныстырылғаны туралы белгі жасалады.
Ішкі аудит нәтижелері туралы есептің барлық беттеріне мемлекеттік аудитті жүргізген ішкі аудит қызметінің қызметкерлері мен мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамы қол қояды.
|
Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына
16-қосымша
|
Ішкі аудит органының басшысы
(басшының орынбасары)
___________________________
(Т.А.Ә.) 20__ жылғы "__"___
Аудиторлық іс-шараның аяқталғаны туралы анықтама
_____________________________________________________________
(мемлекеттік аудит объектісінің ұйымдастыру-құқықтық нысаны және атауы)
________________________ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мыналар белгіленді:
бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды негізсіз жұмсауға әкеп соққан қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы ______ мың теңге (ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып бұзушылықтарды атап өту);
оның ішінде бюджетке өтелуге жататыны _____ мың теңге, қалпына келтіруге жататыны ______ мың теңге;
бюджет қаражатының, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың негізсіз пайдаланылуына әкеп соқпаған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың жалпы сомасы ______ мың теңге (ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып бұзушылықтарды атап өту);
бұзушылықтарға жол беруге ықпал ететін кемшіліктер – (бұзушылықтардың туындау тәуекелін) (іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік).
2. Қаржылық бақылаудың мынадай ден қою шаралары қолданылды:
1) анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жіберу (нұсқаманың күні және нөмірі; ұсынылған мерзімі, нұсқаманы орындау туралы ақпарат, өтелген және қалпына келтірілген сомалар, тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану);
2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізу қозғалды (өзіне қатысты әкімшілік іс қозғалған лауазымды адамның лауазымы, Т.А.Ә., әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының күні және нөмірі, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің бөлігі және бабы, салынған әкімшілік айыппұлдың сомасы; өндіріп алынған әкімшілік айыппұлдың сомасы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату туралы құжат; әкімшілік жаза қолданбаған жағдайда себебін көрсету, мысалы: әкімшілік жауапкершілік туралы хаттама уақытылы жасалмаған, ұзақтық мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босату);
3) материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға (материалдар берілген органның атауы, ілеспе хаттың күні нөмірі, материалдар берілген органның қабылдаған шаралары) берілді;
4) бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру және нұсқамаларды орындау мақсатында сотқа талап қою (талап қоюдың нысанасы, талап қоюдың күні, сот шешімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып талап қоюды қарау нәтижелері ) берілді;
5) ішкі мемлекеттік аудит материалдарын іске асыру туралы басқа да қажетті ақпарат.
3. Ішкі мемлекеттік аудит объектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол бермеу, анықталған кемшіліктерді жою, қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды орындады (аудиторлық қорытындының, ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есептің күні, ішкі мемлекеттік аудит объектісінің ілеспе хатының күні және нөмірін көрсете отырып ұсынымды орындау туралы ақпарат).
Аудит материалдарын ағымдағы архивке тапсыруға Сіздің келісіміңізді сұраймын.
Аудиторлар тобының басшысы
немесе мемлекеттік аудитор __________________
(лауазымы және Т.А.Ә.)
(қолы) жылғы "__"_______
|
Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына
17-қосымша
|
Ішкі аудит органының басшысы
(басшының орынбасары)
___________________________
(Т.А.Ә.) 20__ жылғы "__"___
Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген
тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама
_________________ жүргізілген ____________________________аудитпен
(аудиттің түрі) (мемлекеттік аудит объектісінің атауы)
(20_ жылғы "__"______________№_____ аудиторлық есеп, аудиторлық қорытынды (20____ жылғы "____"______________№_____ бұйрықпен бекітілді)) _____________ теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:_______________________________________________________________
(бұзылған нормативтік құқықтық актілерді көрсете отырып, барлық фактілер көрсетілсін).
Оның ішінде _____ теңге бюджетке өтелуге (аударуға), ______ теңге дебиторлық берешекті өтеу есебіне бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтіруге, жеткізушілермен жұмыстар мен қызметтерді орындауға, тауарларды жеткізуге жатады.
Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың сақталуы бойынша ______ теңге сомасында бұзушылықтар анықталды, оның ішінде конкурс қорытындысына әсер еткені _____ теңге, оның ішінде: ________________________________________________________ (мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын бұзушылықтардың барлық фактілері санамалана отырып, мемлекеттік сатып алу көрсетілсін).
Аудит барысында ___________________________(қабылданған шаралар көрсетілсін)
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының __ бабына (қажет болған жағдайда) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20_ жылғы "__" "_____" № _____ қаулысымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының __ тармағына сәйкес:
1) бюджетке _________ КБК-не ______ теңге мөлшерінде ___________ (бұзушылық фактілері сипатталсын) сомасын өтеуді (аударуды);
2) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша ______ теңге мөлшерінде ________________ (бұзушылық фактілерін сипатталсын) сомасын қалпына келтіруді;
3) __________________ (жасасқан шарттар шеңберіндегі тауарлардың атауы) жеткізуді қамтамасыз етуді, __________________ (жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің атауы) орындалуын қамтамасыз етуді;
4) мемлекеттік сатып алу бұзушылықтары бойынша жүргізілген тәсіліне сәйкес нақты сатып алу бойынша бұзушылықтарды жоюға ықпал ететін қажетті шараларды көрсетуді ҰСЫНАМЫН.
3. Нұсқаманың орындалуы туралы 20__ жылғы "__" ___________ дейінгі мерзімде растайтын құжаттарды (төлем тапсырмаларының, бұйрықтардың көшірмелері және т.б.) қоса бере отырып, хабарлансын.
4. Бір мезгілде аудит объектісінің басшысы нұсқамада көрсетілген кемшіліктерді толық жою және оларды алдағы уақытта болдырмау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақтылы ұсынуға міндетті екенін Сізге хабарлаймыз. Осы нұсқаманы орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес жауапты лауазымды адамға қатысты әкімшілік іс қозғалады.
Ішкі мемлекеттік аудит
жөніндегі уәкілетті органның
басшысы ______________ ___________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
|
Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржы бақылауды жүргізу
қағидаларына
18-қосымша
|
Бекітемін:
Сапа бақылауын жүргізуге жауапты
уәкілетті органның құрылымдық
бөлімшесінің басшысы/ішкі
мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті
органының аумақтық бөлімшесінің басшысы
____________________________
20___ жылғы "__" _________
Сапа бақылауының қорытындысы
1. __________________________________________________________________
(мемлекеттік аудит объектісінің атауы, аудиторлық есептің/қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есептің және аудиторлық қорытындының/ішкі аудит нәтижелері туралы есептің күні, аудиторлық іс-шара (тексеру) жүргізуге арналған тапсырманың нөмірі мен күні)
2. Сапа бақылауын жүргізу үшін негіздеме:
____________________________________________________________________
3. Аудиторлық іс-шараның мақсаты (нысанасы):
____________________________________________________________________
4. Мемлекеттік аудит түрі: ____________________________________________________________________
5. Аудиторлық іс-шарамен қамтылған кезең:
____________________________________________________________________
6. Аудиторлық іс-шара жүргізу мерзімі:
____________________________________________________________________
7. Мемлекеттік аудит тобының құрамы (мемлекеттік аудитор): ____________________________________________________________________
8. Аудитпен (тексерумен) қамтылған объектілер тізбесі:
____________________________________________________________________
9. Аудиторлық іс-шараны жоспарлау негізділігі (алдын ала зерделеу рәсімдерін орындау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының тиісті нормативтік құжаттарында белгіленген аудиторлық іс-шараны дайындау, аудиторлық іс-шара (тексеру) мақсаттары үшін маңызы бар барлық заңнамалық және нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесінің болуы және басқалары):
____________________________________________________________________
10. Бекітілген ішкі мемлекеттік аудит жүргізу жоспарының, бағдарламасының, аудиторлық тапсырманың толық орындалуын қамтамасыз ету (мәселелерді толық қамту және ашу):
Р/с
№
|
Аудит бағдарламасының мәселесі
|
Анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы
|
Рәсімдік сипат
тағы анықталған бұзушылықтардың сомасы
|
Бұзылған нормативтік құқықтық актілердің нормалары (баптарға, тармақтарға және тармақшаларға сілтеме жасай отырып)
|
Сапа бақылауының нәтижелері (тексерілген барлық мәселелер толық ашылды, аудит мәселелері бойынша анықталған бұзушылықтардың әрбір фактісі үздіксіз тәртіппен нөмірленді және ережелері бұзылған нормативтік құқықтық актілердің баптарына, тармақтарына және тармақшаларына сілтеме жасай отырып, бұзушылық сипаттамасы мен түрі, бұзушылық санатының дұрыстығы сипатталып жеке тармақпен тіркелді, дәлелдеу базасы жеткілікті көлемде жиналды және барлық растайтын құжаттар стандарттарға және ішкі мемлекеттік аудит жүргізуді регламенттейтін өзге де құжаттарға сәйкес және т.б. қоса беріледі)
|
өтеуге жатады
|
қалпына келтіруге жатады
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Қорытынды:
|
11. Аудиторлық іс-шара құжаттарының олардың нысандары мен құрылымына қойылатын белгіленген үлгілік талаптарына сәйкестігі:
____________________________________________________________________
12. Үстеме тексеру жүргізу негіздемелерін сақтау (болған жағдайда):
____________________________________________________________________
13. Аудит нәтижелері туралы құжаттар жобаларының танысу үшін мемлекеттік аудит объектісінің басшылығына уақтылы жіберілуі:
____________________________________________________________________
14. *Қаржылық бақылаудың қабылданған ден қою шараларының негізділігі және уақтылығы (анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауаптылығын қарау, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзыреті шегінде әкімшілік іс қозғау туралы орындалуы міндетті нұсқама шығару, тиісті аудиторлық дәлелдері бар материалдарды құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткізу жолымен бюджетке өтеуді, қалпына келтіруді қамтамасыз ету және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету және нұсқаманы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген ден қою шараларын орындау мақсатында сотқа қуыным ұсыну және т.б.).
____________________________________________________________________
15. Мемлекеттік аудит объектісі қабылдаған бюджетке қаржылық бұзушылық сомаларын қалпына келтіру және өтеу, оның ішінде ішкі мемлекеттік аудит жүргізу барысында қалпына келтіру және өтеу жөніндегі шараларды растайтын құжаттарды тану:
____________________________________________________________________
16. Аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша шығарылған ұсынымдардың негізділігі және орындалуы:
____________________________________________________________________
17. Қорытынды: ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданған құжаттардың мазмұнының жалпы және рәсімдік стандарттардың белгіленген талаптарына, ішкі мемлекеттік аудит жүргізуді регламенттейтін Қағидаларға, нормативтік құқықтық және құқықтық құжаттарға сәйкестігі (стандарттарды және ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүргізуді регламенттейтін өзге де құжаттардың сипаты):
________________________________________________________________________
(мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келеді, ескертулермен сәйкес келеді / сәйкес келмейді)
Сапа бақылауын жүргізген уәкілетті
органның құрылымдық
бөлімшесінің қызметкері ____________________________
(қолы,аты-жөні, тегі)
*14-тармақ екінші деңгейдегі сапа бақылауын жүргізу кезінде заң қызметімен келісім бойынша толтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |