2. Сапа бақылауы
152. Уәкілетті органның басшысы өз қызметі барысында мемлекеттік аудиторлар жасайтын құжаттарға тұрақты тексеру жүргізу арқылы тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде ішкі мемлекеттік аудит органдары қызметінің және мемлекеттік аудиторлар әрекеттерінің осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен жалпы және рәсімдік стандарттарға, Қағидаларға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді тұрақты жүргізу жолымен сапаны бақылаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
153. Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданған құжаттар, оның ішінде құқық қорғау органдары және сот мамандар ретінде тартқан мемлекеттік аудиторлар жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша берілген материалдар (қорытындылар) сапа бақылауына жатады.
Сапа бақылауы екі деңгейге бөлінеді:
бірінші деңгейдегі сапа бақылауы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі немесе оның аумақтық бөлімшесі жүргізетін сапа бақылауы;
екінші деңгейдегі сапа бақылауы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жүргізетін сапа бақылауы.
154. Сапа бақылауын ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге қатыспаған мемлекеттік аудиторлар жүзеге асырады.
Сапа бақылауының нәтижелері осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес сапа бақылауының қорытындысымен ресімделеді.
155. Уәкілетті органның құрылымдық (аумақтық) бөлімшелері уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүргізген барлық аудиторлықіс-шаралардың, оның ішінде құқық қорғау органдары мен сот мамандар ретінде тартқан мемлекеттік аудиторлар жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша берілген материалдардың (қорытындылардың) бірінші деңгейдегі сапа бақылауын жүргізеді.
156. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік аудиторлары өз қызметі барысында жасайтын құжаттардың, оның ішінде құқық қорғау органдары мен сот мамандар ретінде тартқан мемлекеттік аудиторлар жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша берілген материалдардың (қорытындылардың) екінші деңгейдегі сапа бақылауын жүзеге асырады.
Екінші деңгейдегі сапа бақылауын жүргізу үшін мыналар өлшемшарт болып табылады:
1) уәкілетті органның тапсырмаларын оның құрылымдық (аумақтық) бөлімшелерінің сапасыз орындауы және орындау мерзімдерін бұзуы;
2) уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің өтініштерінің және шағымдарының (жазбаша түрде, сенім телефоны бойынша) болуы;
3) мемлекеттік аудит объектісінің аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке наразылықтарының болуы;
4) уәкілетті орган жүргізген аудиторлық іс-шаралар нәтижелеріне талдау.
157. Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке наразылықтар болған кезде аудиторлық қорытынды, сондай-ақ нұсқама тиісті аудиторлық іс-шараға сапа бақылауы өткізілгеннен кейін шығарылады.
158. Аудиторлық есепке, қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке наразылықтар түскен жағдайда мемлекеттік аудит объектісінің наразылығы мен оларды қарау бойынша дәлелдерді, растайтын құжаттар қоса беріле отырып, уәкілетті органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен бірлесіп қарау үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне жібереді.
Мемлекеттік аудит объектілерінің наразылықтарын қарау жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің негіздемелері әрбір наразылық аспектісі бөлінісінде ресімделеді және оған уәкілетті органның құрылымдық (аумақтық) бөлімшесінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – басшының міндетін атқаратын адам қол қояды.
159. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтерін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтерінің жалпы стандарттарды, рәсімдік стандарттар мен Қағидаларды сақтауына бақылауды жүзеге асырады.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтерінің жалпы стандарттарды, рәсімдік стандарттар мен Қағидаларды сақтауына бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік аудиторлар өз қызметі барысында жасайтын ішкі аудиттің барлық қызметтерінің құжаттарына сапа бақылауы тоқсан сайын ішкі аудит қызметтерінің есепті кезеңде өткізген аудиторлық іс-шараларының жалпы санынан отыз пайыздан аспайтын көлемде жүзеге асырылады.
Ішкі аудит қызметінің құжаттарына сапа бақылауын жүргізу үшін өлшемшарттар мыналар болып табылады:
1) уәкілетті орган тапсырмаларының сапалы орындалмауы және орындалу мерзімдерінің бұзылуы;
2) ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы заңнамада көзделген тәртіпте ұсынылған жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің өтініштері мен шағымдарының болуы;
3) ішкі аудит қызметі құрылған мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері;
4) ішкі аудит қызметі ұсынатын есептілікті талдау нәтижелері;
5) мемлекеттік аудит объектісі қызметінде жұмыс тиімділігін арттыру, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында ішкі аудит қызметі ішкі рәсімдерді, қағидаларды, процестерді жақсарту бойынша ұсынымдарды орындау толықтығы.
160. Сапа бақылауын жүргізу үшін материалдарды іріктеуді уәкілетті орган Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы немесе Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда материалдар болмаған жағдайда ішкі аудит қызметіне белгіленген мерзімде аудиторлық іс-шаралар материалдарын уәкілетті органға ұсыну туралы сұрау салу жолымен жүзеге асырады.
161. Бір аудиторлық іс-шараның бірінші деңгейдегі сапа бақылауын жүргізу ұзақтығы аудиторлық есепке, қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке мемлекеттік аудитор қол қойған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды. Мемлекеттік аудитор объектісінің аудиторлық есепке, қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке қол қоймауы сапа бақылауын жүргізу үшін кедергі болмайды.
Наразылық білдірілген аудиторлық есепке, қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке қол қойылған жағдайда бірінші деңгейдегі бақылау сапасы жүргізілмейді.
162. Наразылықтарды қарау туралы уәжделген жауапты уәкілетті орган мемлекеттік аудит объектісіне наразылықтар келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайтын болады. Қосымша зерделеу немесе тексерулер қажет болған жағдайда, наразылықтарды қарау мерзімі кемінде отыз күнтізбелік күнге ұзартылады, бұл туралы мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады.
163. Бір аудиторлық іс-шараның екінші деңгейдегі сапа бақылауын жүргізу ұзақтығы екінші деңгейдегі сапа бақылауын жүргізу үшін негіз болған құжат келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды. Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда екінші деңгейдегі сапа бақылауын жүргізу мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылады, ол туралы мемлекеттік аудит объектісіне және тиісті ішкі мемлекеттік аудит органына хабарланады.
164. Сапа бақылауы кезінде мыналар есепке алынады:
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының тиісті нормативтік құжаттарында белгіленген аудиторлық іс-шара нәтижелерін алдын ала зерделеу, дайындау, өткізу және ресімдеу рәсімдерін орындау;
2) бекітілген жоспардың, бағдарламаның және мемлекеттік аудиттің аудиторлық тапсырмасының толық орындалуын қамтамасыз ету;
3) ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданған құжаттардың олардың нысаны мен құрылымына қойылған белгіленген үлгілік талаптарға сәйкестігі;
4) ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданған құжаттар мазмұнының белгіленген жалпы және рәсімдік стандарттар талаптарына, ішкі мемлекеттік аудит жүргізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық және құқықтық құжаттарға, оның ішінде: аудит материалдары тиісті құжаттарға негізделген және ішкі мемлекеттік аудиттің барлық белгіленген фактілерін растайтын қажетті іс жүзіндегі деректерді және аудиторлық дәлелдемелерді қамтиды;
5) тиісті тексерулердің материалдары мен басқа да құжаттарға негізделген аудит нәтижелері бойынша қорытындылар мен тұжырымдар.
165. Сапаны бақылау мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік аудит объектісін алдын ала зерделеуге қойылатын талаптарды сақтау;
2) аудиторлық іс-шараны аяқтау және аудиторлық есепке, қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке қол қою мерзімін сақтау;
3) аудиторлық есептің, қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептің белгіленген нысанға сәйкестігі;
4) аудиторлық есеп, қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп мазмұнының жалпы және рәсімдік стандарттарға, Қағидаларға сәйкестігі, оның ішінде:
жүргізілген аудиторлық іс-шара мақсатының аудит жоспарында көрсетілген мақсатқа сәйкестігі;
аудит бағдарламасының мәселелерін қамту толықтығы;
аудит жоспары мен бағдарламасында көрсетілмеген мәселелер және бюджеттік бағдарламалар бойынша аудитті жүзеге асыру фактілерінің болуы;
аудитпен қамтылатын кезеңді сақтау;
үстеме тексеруді жүргізу негіздерін сақтау;
анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер болмаған жағдайда, аудит нәтижелерін ресімдеу талаптарын сақтау;
анықталған бұзушылықтарды көрсету кезінде заңнаманы қолданудың дұрыстығы, талаптары бұзылған нормативтiк құқықтық актiлердің баптарына, тармақтары мен тармақшаларына қажетті сілтемелердің болуы;
бұзушылық фактілерін баяндаудың нақтылығы мен айқындығы;
көрсетілген бұзушылық фактілерінің объективтілігі, растаушы құжаттары бар аудиторлық дәлелдемелердің болуы;
бақылау өлшемі (қарап тексеру) актілерін толтыру қажет болған жағдайда, олардың болуы;
әрбір бұзушылықты жеке тармақпен тіркеу және нөмірлеу туралы талаптарды сақтау, бұзушылықтар тізілімі мен аудиторлық есеп, қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп мазмұнының сәйкестігі;
бұрынғы тексеру нәтижелері және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтерді көрсету.
166. Қаржылық есептілік бойынша аудиторлық іс-шара материалдары стандарттар мен қағидалардың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда қайталама қаржылық есептілік аудиті тағайындалады.
167. Сәйкестік аудиті бойынша аудиторлық іс-шара материалдары сәйкес болмаған жағдайда мемлекеттік аудиттің осы объектісі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің келесі жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізіледі.
168. Бірінші деңгейдегі сапа бақылауы қорытындысын сапаға бақылауды жүргізген қызметкер жасайды және қол қояды және оны уәкілетті органның құрылымдық (аумақтық) бөлімше басшысы бекітеді.
Екінші деңгейдегі сапа бақылауы қорытындысын сапа бақылауын жүргізген қызметкер жасайды және қол қояды және оны уәкілетті органның уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ол болмаған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен оны алмастыратын адам бекітеді.
169. Сапаны бақылау қорытындысында мемлекеттік аудиттің нәтижелерін қалыптастыруға негіз болған белгілінген фактілердің, деректердің жетіспеушілігін (бұзушылықтардың болуы, жиналған дәлелдемелердің аудит мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес болмауы, анықталған бұзушылықтар мен келіспеушіліктердің анық сипатталмауы, нормативтік құқықтық актінің толық атауын, күнін, нөмірін көрсете отырып, нормативтік құқықтық актілердің бұзылған нормаларына сілтеменің болмауы, нормативтік құқықтық актінің дұрыс қолданылмауы және т.б.) баяндай отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнаманың сақталуы немесе сақталмау фактілері көрсетіледі.
170. Екінші деңгейдегі сапаны бақылау мен ішкі аудит қызметі материалдарының қорытындысы үш жұмыс күні ішінде тиісті ішкі мемлекеттік аудит органына жіберіледі.
Ішкі аудит қызметі құрылған мемлекеттік орган сапаны бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен оларға шағымдануға құқылы болады.
171. Сапаны бақылау нәтижелерін уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде және Бірыңғай мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау дерекқорында орналастырады.
172. Ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудиторлар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары мен стандарттарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады.
3. Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері және оның қызметін ұйымдастыру
173. Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) консультативтік-кеңесші орган нысанында құрылады және ол туралы ереже негізінде әрекет етеді.
174. Кеңестің қызметін мемлекеттік органның бірінші басшысы болып табылатын Кеңестің төрағасы (бұдан әрі – төраға) басқарады.
175. Кеңестің құрамы мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.
Мемлекеттік органдар кеңесінің құрамына жауапты хатшы (аппарат басшысы), құрылымдық бөлімшелердің басшылары (олар болған жағдайда) және ішкі аудит қызметінің басшысы кіреді.
176. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) ішкі мемлекеттік аудит мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктерді (уәкілетті орган жүргізген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелерімен, сапа бақылауы және ішкі аудит қызметтерінің жұмыс тиімділігін бағалау нәтижелерімен келіспеу туралы мемлекеттік аудит объектісінің қарсылықтары) шешу;
2) құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру, ішкі аудитті жоспарлау және жүргізу кезінде ресурстарды бөлу, ақпараттық жәрдем көрсету мәселелерін қарау;
3) мемлекеттік аудит және тәуекелдер бойынша ұсынымдарды, ішкі аудит қызметінің есептерін және осы ұсынымдарды іске асыру мониторингін қарау;
4) уәкілетті органға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
5) мемлекеттік органның қызметін жетілдіруге бағытталған басқа да мәселелерді қарау болып табылады.
177. Кеңестің шешімі хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
178. Төраға Кеңестің кезекті және кезектен тыс отырыстарына шақырады, отырыс хаттамаларына қол қояды.
179. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру мәселелері мемлекеттік органның ішкі аудит қызметінің қызметкері болып табылатын Кеңестің хатшысына (бұдан әрі – хатшы) жүктеледі.
180. Кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай жүргізіледі. Өткізудің күнін, уақыты мен күн тәртібін Кеңес мүшелерінің пікірін ескере отырып, Төраға айқындайды.
181. Кеңес отырысының хаттамалары қағаз және электрондық жеткізгіште хатшыда сақталады.
182. Кеңес мүшесі:
1) Кеңестің материалдарына қолжетімділігі бар;
2) Кеңес отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысады;
3) Кеңес отырысында қарауды және талқылауды талап ететін мәселелерге бастамашылық жасайды.
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 76 қаулысына
қосымша
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 90-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы
№ 235 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 42, 371-құжат).
3. "Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 851 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 59, 812-құжат).
|
Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
|
Мемлекеттік аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу барысында уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері зерделейтін мәселелердің болжамды тізбесі*
Мәселелер
|
Ақпарат көздері
|
1
|
2
|
1. Сәйкестік аудиті (жалпы мәселелер)**
|
Мемлекеттік аудит объектісінің қызметі
|
Нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық-құқықтық жүйелер
|
Аудит объектісінің құрылтай құжаттары (Ереже, Жарғы және аудит объектісінің қызметін реттейтін өзге де құжаттар)
|
Аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық тәуелді ұйымдарды қоса алғанда, мемлекеттік аудит объектісінің құрылымы
|
Құқық белгілейтін және өзге де бастапқы құжаттарды құқық қорғау органдарының алып қоюы
|
Мемлекеттік аудит объектісі бойынша алдыңғы мемлекеттік аудит (бақылау) нәтижелері
|
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының актілері мен мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша аудит объектісі қабылдаған шаралар
|
Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі аудит қызметінің жұмысы
|
Ішкі аудит қызметінің ережесі, тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі, ішкі аудит нәтижелері туралы есептер, ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы жиынтық ақпарат
|
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджетті уақтылы және сапалы атқаруы
|
Тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп (бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар ұсынатын ақпарат, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары)
|
Мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәсілдері, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер номенклатурасы, бюджеттен бөлінген қаражат шегінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу мерзімдері
|
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, нақтыланған мемлекеттік сатып алу жоспары (ақпараттық жүйелер)
|
Мемлекеттік аудит объектісі туралы жинақталған ақпарат
|
Тексерілетін мемлекеттік аудит объектісінің ақпараттық базасы, ресми статистикалық деректер, бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да көздердің деректері
|
Мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (шағымдары) (болған кезде)
|
2. Қаржылық есептілік аудиті
|
Мемлекеттік аудит объектісінің қызметі
|
Нормативтік құқықтық актілер (ақпараттық-құқықтық жүйелер)
|
Құқық белгілейтін және өзге де бастапқы құжаттарды құқық қорғау органдарының алып қоюы
|
Мемлекеттік аудит объектісінің ішкі аудит қызметінің жұмысы
|
Ішкі аудит нәтижесі бойынша қорытынды, ішкі аудит нәтижелері туралы есептер, ішкі аудит қызметінің нұсқамалары, қабылданған шаралар туралы ақпарат, ішкі аудит қызметінің жұмысы туралы жиынтық ақпарат
|
Мемлекеттік аудит объектісі бойынша алдыңғы аудит (бақылау) нәтижелері
|
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының актілері мен мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша аудит объектісі қабылдаған шаралар
|
Бухгалтерлік есеп және бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы жөніндегі есептер
|
Қаржылық есептілік (бухгалтерлік теңгерім, активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер туралы есеп, қаржыландыру көздері бойынша шоттардағы ақша қозғалысы туралы есеп; түсіндірме жазба, қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы есеп) және басқалары
|
Аудит объектісінің міндеттемелерді қабылдау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдер жүргізу, бюджет түсімдері мен шығыстарының орындалу болжамдарын жасау уақтылығы
|
Тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына мониторинг нәтижелері туралы есептері
|
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларын орындау
|
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп
|
Есепті қаржы жылына арналған бюджетті бекіту, нақтылау, түзету
|
Бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық бюджет, бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданған, төленбеген міндеттемелер және (немесе) төленген міндеттемелер көрсетілген бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті және (немесе) жергілікті атқарушы органның тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептері, жүргізілген бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламаларды орындау бөлігінде жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы есеп; экономикалық жағдай мен тиісті кезеңде облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы әлеуметтік-экономикалық дамыту болжамында қабылданған негізгі бағыттардың іске асырылуы туралы талдамалы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба
|
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі теңгерімдерінің есептік баптары бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек
|
Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің, оның ішінде өткен жылдардың дебиторлық берешегі туралы есептер, мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы есеп (орталық және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың ай сайынғы ақпараты)
|
Ескертпе:
Бұл тізбе толық болып табылмайды. Ішкі мемлекеттік аудит жүргізу барысында қосымша құжаттар немесе ақпарат сұратылуы мүмкін.
**"Сәйкестік аудиті" түрі бойынша алдын ала зерделеу кезінде жалпы мәселелер және қосымша ішкі мемлекеттік аудиттің тиісті мақсаты бойынша осы мемлекеттік аудит түріне жататын мәселелер зерделенеді.
|
Ішкі мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |