3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы
3.5 бөлімі – Сәулелендіру құралының параметрлері
3-16
4. Суырманы жабу үшін суырманы көлденең күйге жеткенше бұрыңыз.
«Тырс» еткен дыбыс шығуы қажет.
5. Суырманы сәулелендіру құралының ішіне қайтадан салыңыз.
6. Сәулелендіру құралының есігін жабыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ INTERCEPT процесі үшін УКА сәулелері препаратқа
үстінен және астынан жетуіне байланысты
болғандықтан, науа анық, таза және зақымдалмаған
болуы өте маңызды.
УКА жарығының көзіне қызмет көрсетуге немесе
сәулелендіру құралының осы нұсқаулықта
сипатталмаған жерлерін ашуға әрекет жасамаңыз.
Көмек алу үшін Cerus компаниясының өкілетті қызмет
көрсету компаниясына хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ Қан препараты науа ішіне аққан жағдайда, суырманы
еңкейту қан препаратының сыртқа төгілуіне әкелуі
ықтимал. Науа оператордың көз деңгейінен жоғары
орналасқан болса, суырманы еңкейту кезінде оператор
қорғаныш көзілдірігін тағуы тиіс.
ЕСКЕРТУ Ультракүлгін сәуле алу кезінде амотосаленнің теріге тиюі
сәуле сезгіштікке әкелуі мүмкін. Егер теріге тисе, терідегі
тиген аумақты сумен жақсылап шайыңыз.
MAN-KZ 00901, v1.0
3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы
3.6 бөлімі – Қолданушы рұқсаттарының деңгейлері
3-17
3.6 бөлімі
Қолданушы рұқсаттарының деңгейлері
Сәулелендіру құралында қолданушы рұқсаттарының үш деңгейі бар:
Оператор, әкімші және қызмет көрсету. Қызмет көрсету мүмкіндіктеріне
тек Cerus компаниясының өкілетті қызмет көрсету маманы қол жеткізе
алады. Төмендегі кестеде әрбір рұқсат деңгейінде қолдануға болатын
функциялардың қорытындысы берілген.
Барлық рұқсат деңгейлері үшін қолданушы аты мен құпия сөз қажет.
Қолданушы аттары бірегей болуы керек (яғни екі адамда бірдей
қолданушы аты болуы мүмкін емес) және жүйеде ажыратылғаннан кейін
қайта қолданылуы мүмкін емес.
Орнатқан кезде Cerus компаниясының қызмет көрсету маманы әрбір
сәулелендіру құралында мекемеңіздің арнайы өкілімен бірге бірінші
Әкімші тіркелгісін орнатады. Одан кейін осы Әкімші қажетінше оператор
тіркелгілерін және қосымша әкімші тіркелгілерін орната алады. Өкілетті
әкімшілер саны ішкі саясаттармен және процедуралармен белгіленуі керек.
Функция
Оператор
Әкімші
Қызмет көрсету
a
Өңдеулер
Сәулелендіру өңдеулерін
орындау
X
X
X
Басып шығару
Өңдеу есептерін басып шығару
X
X
X
Өңдеу жапсырмаларын басып
шығару
X
X
X
Қолданушы тіркелгілерін басқару
Құпия сөзді өзгерту (өзі үшін)
X
b
X
X
Қолданушы тіркелгісін қосу
немесе ажырату
---
X
(Оператор және
Әкімші
тіркелгілері)
X
(Барлық тіркелгі
түрлері)
Басқа қолданушы тіркелгісі
үшін құпия сөзді қалпына
келтіру
(мысалы, құпия сөзді ұмытып
қалса)
---
X
(Оператор және
Әкімші
тіркелгілері)
X
(Барлық тіркелгі
түрлері)
MAN-KZ 00901, v1.0
3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы
3.6 бөлімі – Қолданушы рұқсаттарының деңгейлері
3-18
Функция
Оператор
Әкімші
Қызмет көрсету
a
Сәулелендіру құралының параметрлері
Күн мен уақытты орнату (оның
ішінде пішімді)
---
X
X
Тіл орнату
---
X
---
Сәулелендіру құралының
сериялық нөмірін енгізу
---
X
X
Басып шығару параметрлерін
таңдау (мысалы, есептер мен
жапсырмаларды автоматты түрде
басып шығару; басылып
шығатын жапсырмалар санын
таңдау).
---
X
X
Құпия сөз мерзімінің аяқталу
ережесін таңдаңыз (опциялар:
«ажырату», 30 күн, 60 күн, 90
күн)
---
X
X
Электрондық деректерді экспорттау
Өңдеу және қызмет көрсету
деректерін экспорттау
---
X
X
Қызмет көрсету тапсырмалары
INTERCEPT жинағының
жарамды кодтарын
бағдарламалау
---
---
X
Штрихкод пішімдерін
тағайындау
---
---
X
Құрылғыны калибрлеу
---
---
X
Бірінші әкімші тіркелгісін орнату
а.
Cerus компаниясының өкілетті қызмет көрсету маманы ғана қолдана алады.
b.
Оператор функциясы үшін құпия сөз қажет болса ғана қолданылады.
Х = қолдануға рұқсат бар
--- = қолдануға рұқсат жоқ
MAN-KZ 00901, v1.0
3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы
3.7 бөлімі – Сәулелендіру құралының параметрлері
3-19
3.7 бөлімі
Сәулелендіру құралының параметрлері
Сәулелендіру құралында өзгертуге болатын параметрлер: күн/уақыт, тіл,
сәулелендіру құралының идентификациясы және конфигурациялар.
Төменде осы параметрлер және оларды өзгерту жолдары түсіндірілген.
ЕСКЕРТПЕ: Тек ‘Administrator’ (Әкімші) және ‘Service’ (Қызмет
көрсету) тіркелгілері ‘Illuminator Settings’ (Сәулелендіру
құралының параметрлері) бейнебетіне кіре алады. Cerus
компаниясының қызмет көрсету өкілі сізге бірінші Әкімші
тіркелгісін орнатуға көмектеседі.
Параметрді таңдай алу үшін ‘Select a setting’ (Параметрді таңдау)
бейнебетіне кіруге рұқсатыңыз болуы керек. Бұл бейнебетке кіру үшін
төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
• Құрылғыны қосып, пайда болған кезде ‘Enter’ (Енгізу) түймесін
басыңыз.
• ‘Select a function’ (Функцияны таңдау) бейнебеті пайда болады.
‘Enter
Credentials’ (Куәлік деректерін енгізу) опциясын таңдап, ‘Enter’ (Енгізу)
түймесін басыңыз.
•
‘Enter username’ (Қолданушы атын енгізу) бейнебеті пайда болады.
Пернетақта көмегімен қолданушы атын енгізіп,
‘Enter’ (Енгізу) түймесін
басыңыз. Растау бейнебеті пайда болады. Қолданушы аты дұрыс болса,
‘OK’ түймесін басыңыз.
MAN-KZ 00901, v1.0
Достарыңызбен бөлісу: |