Intercept ™ СƏулелендіру қҰралы оператор нұсқаулығы



жүктеу 2,29 Mb.
Pdf просмотр
бет17/39
Дата01.01.2020
өлшемі2,29 Mb.
#25619
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39

 
3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы 
 
3.8 бөлімі – Құпия сөзді өзгерту 
3-47 
3.8 бөлімі 
Құпия сөзді өзгерту 
Тиісті куәлік деректерін бергеннен кейін кез келген қолданушы өз 
тіркелгісінің құпия сөзін өзгерте алады. Жаңа құпия сөз ағымдағы құпия 
сөзбен бірдей болмауы керек. Жарамды құпия сөздердің ұзындығы 3–17 
таңба болады, сондай-ақ олардың құрамында тек алфавиттік таңбалар, 
сандар және келесі арнайы таңбалар болуы мүмкін: «-», «+», «*», «$», 
«.»,«/», «:». Құпия сөздер үлкен не кіші әріппен жазылғанына байланысты 
болмайды. 
Жүйеде құпия сөз мерзімінің аяқталуы реттелген болса, тіркелгі құпия 
сөзінің мерзімі аяқталуына 7 күн қалғанда, жүйе қолданушыға құпия сөзді 
өзгерту керектігін күнделікті ескертіп отырады. Қолданушының құпия 
сөзінің мерзімі аяқталса, құпия сөзбен қорғалған кез келген функцияларды 
қолданбас бұрын қолданушы құпия сөзді өзгертуі керек болады. 
Тіркелгінің құпия сөзін өзгерту үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: 
 
 
•  Құрылғыны қосып, пайда болған кезде 
‘Enter’ (Енгізу) түймесін 
басыңыз. 
• 
‘Select a function’ (Функцияны таңдау) бейнебеті пайда болады. ‘Enter 
Credentials’ (Куәлік деректерін енгізу) опциясын таңдап, ‘Enter’ (Енгізу) 
түймесін басыңыз. 
• 
‘Enter username’ (Қолданушы атын енгізу) бейнебеті пайда болады. 
Қолданушы аты енгізіп, 
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз. 
• 
‘Enter password’ (Құпия сөзді енгізу) бейнебеті пайда болады. Құпия 
сөзді енгізіп, 
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз.  
 
 
MAN-KZ 00901, v1.0


3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы 
3.8 бөлімі – Құпия сөзді өзгерту 
3-48 
• 
‘Select an option’ (Опцияны таңдау) бейнебеті пайда болады. ‘Change 
Password’ (Құпия сөзді өзгерту) опциясын таңдап, ‘Enter’ (Енгізу) 
түймесін басыңыз. 
‘Enter New Password’ (Құпия сөзді енгізу) бейнебеті 
пайда болады. 
•  Штрихкодты сканерлеу немесе пернетақта көмегімен құпия сөзді қолмен 
енгізу арқылы жаңа құпия сөзді енгізіңіз. (4.2 бөлімін қараңыз.)  Құпия 
сөз қолмен енгізілсе, 
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз. 
 
 
•  Құпия сөз қолмен енгізілген болса, 
‘Confirm password’ (Құпия сөзді 
растау) қалқымалы терезесі пайда болады. Қолмен енгізілген құпия сөз 
қате болса, 
‘Edit’ (Өңдеу) түймесін басып, оны түзетіңіз. 
 
•  Қолмен енгізілген құпия сөз дұрыс болса, 
‘OK’ түймесін басыңыз. 
 
 
MAN-KZ 00901, v1.0


 
3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы 
 
3.9 бөлімі – Қауіпсіздік шаралары және функционалды мүмкіндіктері 
3-49 
3.9 бөлімі 
Қауіпсіздік шаралары және функционалды 
мүмкіндіктері 
Сәулелендіру құралын микропроцессор бақылайды. Бұған қоса 
сәулелендіру құралында мыналар бар: 
•  Ауа ағынының датчигі — желдеткіштің жұмыс істеп тұрғанына 
көз жеткізу үшін. 
•  Ауа сүзгісі — желдеткіштің желдету тесігінің үстін жабу және 
сәулелендіру құралына шаңның енуіне жол бермеу үшін. 
•   Контейнердің орналасу ретінің датчиктері — контейнерлердің 
сәулелендіру құралының ішінде дұрыс қойылуын қамтамасыз етеді. 
•  Есік құлпы — өңдеу кезінде есікті жабу үшін. 
•  Есік құлпының датчигі — өңдеу кезінде есік жабық болуын 
қамтамасыз ету үшін. 
•  Есіктің магнитті датчигі — есіктің жабылуын қамтамасыз етеді. 
•  Құрсаулайтын қосқыш — есіктің жабылуын қамтамасыз етеді. 
•  Бүйірлік панельдің датчигі — өңдеу кезінде бүйірлік панельдің 
жабылуын қамтамасыз етеді. 
ЕСКЕРТУ  Бүйірлік кіру тақтасы тек білікті өрістегі қызмет 
инженерімен ашылуы керек. Бүйірлік кіру тақтасымен кіруге 
болатын пайдаланушымен қызмет көрсетілетін бөліктер жоқ. 
•  Араластырғыш датчигі — араластырғыштың қозғалып тұруын 
бақылайды. 
•  Суырма датчигі — суырманың жабылуын қамтамасыз етеді. 
 
 
MAN-KZ 00901, v1.0


3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы 
3.10 бөлімі – Компьютер қосылымдары 
3-50 
3.10 бөлімі 
Компьютер қосылымдары 
Сәулелендіру құралының артқы панелінде үш қосылым ұяшығы бар. 
Толық мәлімет 7.3 бөлімінде берілген. 
 
ЕСКЕРТПЕ:  Сәулелендіру құралының екі жағында орналасқан 
панельдерде колданушының өзі жөндей алатын қандай да 
бір бөліктер жоқ. Сәулелендіру құралы панельдерінің кез-
келгенін ашу үшін арнайы құрал-саймандар қажет және 
панельдерді техникалық қолдау көрсету қызметінің өкілетті 
маманы ғана ашуы қажет. 
 
 
 
MAN-KZ 00901, v1.0


 
3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы 
 
3.11 бөлімі – Сұрақтар және жауаптар 
3-51 
3.11 бөлімі 
Сұрақтар және жауаптар 

  Сұрақ және жауап:  Сәулелендіру құралы зақымданған жағдайда кімге 
хабарласу қажет? 
•  Сәулелендіру құралының зақымданғанын байқасаңыз, техникалық 
қолдау көрсету қызметінің өкіліне хабарласыңыз. Байланыс мәліметтерін 
алу үшін осы нұсқаулықтың алдыңғы жағын қараңыз. 

  Сұрақ және жауап:  Контейнерлердің сәуленің дұрыс мөлшерін алып 
жатқанын қалай білуге болады? 
•  Әр сәулелендіру құралының 4 фотодиодты датчигі бар, 2 датчик 
жоғарыда және 2 датчик төменде. Бұл датчиктер әр өңдеу циклындағы 
қан препараты арқылы өтетін сәуле мөлшерін өлшейді және сәулелендіру 
құралы сәуленің дұрыс дозасын шығару үшін цикл ұзақтығын өзгертіп 
отырады. 
•  Екінші тексеру амалы ретінде, сәулелендіру құралының бағдарламалық 
жасақтамасы өңдеу уақытының техникалық қолдау көрсету қызметінің 
өкілі бекіткен тиісті ауқым ішінде болуын қамтамасыз ету үшін сол 
өңдеу уақытын тексеріп отырады.  
•  Егер тиісті сәулелендіру уақытының шегіне жақындасаңыз, шамдарды 
ауыстыру қажет болады. Жарық шығару жүйесі қосылу кезінде немесе әр 
24 сағат сайын немесе электр қуатын жеткізу жүйесіндегі ақаулықтан 
кейін қалпына келу барысында автоматты түрде тексеріледі.  
•  Датчиктер сәулелендіру құралы орнатылған кезде және 
профилактикалық жөндеу жұмыстары барысында техникалық қолдау 
көрсету қызметінің өкілі тарапынан калибрленеді.  

  Сұрақ және жауап:  Штрихкод сканері жұмыс жасамаса не істеу 
қажет? 
•  Аракідік, штрихкод сканері контейнерлердегі штрихкодтарды 
сканерлемей қалуы мүмкін. Егер осындай жағдай орын алса, 
мекемеңіздегі ережелер рұқсат ететін болса, штрихкод сандарын 
сәулелендіру құралына пернетақта көмегімен қолмен енгізіңіз. 
Нұсқауларды алу үшін 3.4 және 4.4 бөлімдерін қараңыз. 
•  Егер бар гәп, штрихкод жапсырмасына емес, сканерге қатысты болса, 
көмек алу үшін техникалық қолдау көрсету қызметінің өкіліне 
хабарласыңыз. 
MAN-KZ 00901, v1.0


жүктеу 2,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау