1-ші тарау – Сәулелендіру құралының жұмыс істеу реті
1.3 бөлімі – Қолдануға болатын жағдайлар
1-5
1.3 бөлімі
Қолдануға болатын жағдайлар
INTERCEPT қанды өңдеу жүйесіндегі үдеріс арқылы өңделген
тромбоциттер мен плазма, тиісті клиникалық тәжірибеге қатысты нұсқау
шарттары орындалған жағдайда, қан құюды қажет ететін пациенттерді
емдеу үшін қолдануға болады деп көрсетілген.
MAN-KZ 00901, v1.0
1-ші тарау – Сәулелендіру құралының жұмыс істеу реті
1.4 бөлімі – Қолдануға болмайтын жағдайлар
1-6
1.4 бөлімі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Амотосален немесе псоралендерге аллергиялық реакциясы бар пациенттер
үшін INTERCEPT қанды өңдеу жүйесі арқылы өңделген тромбоциттерді
немесе плазманы қолдануға болмайды деп көрсетілген.
MAN-KZ 00901, v1.0
1-ші тарау – Сәулелендіру құралының жұмыс істеу реті
1.5 бөлімі – Қан құющы мамандарға арналған ескертпелер
1-7
1.5 бөлімі
Қан құюшы мамандарға арналған ескертпелер
УКА сәулесімен бірге өңделетін амотосаленнің лабораториялық зерттеулері
белгілі бір вирустар және бактериялар деңгейінің азаюын көрсеткенімен,
патогендердің барлығын жоятыны көрсетілген патоген белсенділігін жою
үдерісі жоқ.
INTERCEPT тромбоциттер немесе плазма құрамдастары толқын ұзындығы
425 нм-ден кіші және/немесе сәуле өткізу енінің төменгі шегі <375 нм
болатын фототерапия құрылғыларымен емделетін жаңа туған
емделушілерге көрсетілмеуі керек, себебі ультракүлгін сәуле (400 нм-ден
кіші) мен қалған амотосален арасындағы ықтимал қарым-қатынастан
эритема қаупі болуы мүмкін.
MAN-KZ 00901, v1.0
1-ші тарау – Сәулелендіру құралының жұмыс істеу реті
1.6 бөлімі – Ескертулер
1-8
1.6 бөлімі
Ескертулер
Төменде берілген ескерту хабарлары жарақатқа әкелуі мүмкін әлеуетті
қатерлер туралы хабардар етеді. Олардың қатарына патогенді инактивация
нәтижелерін нашарлатуға қабілетті жағдайлар кіреді.
Ескерту хабарлары бөлімдер ішінде бөлімдердің орналасу реті бойынша
берілген.
3-ші тарау: СӘУЛЕЛЕНДІРУ ҚҰРАЛЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
ЕСКЕРТУ_Қан_препараты_науа_ішіне_аққан_жағдайда,_суырманы_еңкейту_қан_препаратының_сыртқа_төгілуіне_әкелуі_ықтимал._Науа_оператордың_көз_деңгейінен_жоғары'>ЕСКЕРТУ Қан препараты науа ішіне аққан жағдайда, суырманы
еңкейту қан препаратының сыртқа төгілуіне әкелуі
ықтимал. Науа оператордың көз деңгейінен жоғары
орналасқан болса, суырманы еңкейту кезінде
оператор қорғаныш көзілдірігін тағуы тиіс.
3.5 бөлімі – Сәулелендіру құралының есігі және суырмасы
ЕСКЕРТУ Ультракүлгін сәуле алу кезінде амотосаленнің теріге тиюі
сәуле сезгіштікке әкелуі мүмкін. Егер теріге тисе, терідегі
тиген аумақты сумен жақсылап шайыңыз.
3.5 бөлімі – Сәулелендіру құралының есігі және суырмасы
ЕСКЕРТУ
Бүйірлік кіру тақтасы тек білікті өрістегі қызмет
инженерімен ашылуы керек. Бүйірлік кіру тақтасымен
кіруге болатын пайдаланушымен қызмет көрсетілетін
бөліктер жоқ.
3.9 бөлімі – Қауіпсіздік және функция мүмкіндіктері
4-ші тарау: СӘУЛЕЛЕНДІРУ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ РЕТІ
ЕСКЕРТУ Тромбоциттер немесе плазманы (магистралды түтіктерді
қосқанда) қамтитын барлық материалдар тиісті өңдеу
орын алуы үшін сәулелендіру құралы науасының үлкен
бөлігінің ішіне қойылуы қажет. INTERCEPT қанды өңдеу
жүйесі науа мен қан компоненті құйылған сәулелендіру
контейнері арқылы кедергісіз сәуле өткізу арқылы
тексеріледі. Осы аймақта ешқандай жапсырма немесе
басқа материал болмауы керек. Жапсырмалар
сәулелендіруге арналған контейнер қалқанына ғана
орнатылуы керек. Науа таза болуы керек. Сәулелендіру
контейнерін бүктемеген жөн.
4.3 бөлімі – Өңдеу жинақтарын салу
ЕСКЕРТУ Амотосаленмен араласқан қан препаратын қамтитын
магистралды түтіктер сәулелену орын алатын камераның
сол жақ бөлігінің ішінде болуы керек. Сәуле әсеріне
ұшырап жатқан аумақ ішінде толық орналаспаған
магистралды түтіктердегі тромбоцит немесе плазма
препараттары патогенді инактивацияға ұшырамайды.
4.3 бөлімі – Өңдеу жинақтарын салу
MAN-KZ 00901, v1.0
1-ші тарау – Сәулелендіру құралының жұмыс істеу реті
1.6 бөлімі – Ескертулер
1-9
ЕСКЕРТУ Сәулелендіру құралына штрихкодтар мен әр контейнерге
арналған камера орнының дұрыс енгізілгеніне көз
жеткізіңіз.
4.4 бөлімі – Штрихкодтарды сканерлеу
ЕСКЕРТУ Патогенді инактивация үшін жартылай сәулелендіру
әдісін қолдануға рұқсат берілмейді. Жартылай өңделген
препараттың бір данасын қайта өңдеуге тырыспаңыз.
Қан препаратын бірнеше рет өңдеуге тиым салынады.
Жартылай сәулеленген препарат даналарының патогенді
инактивациясы бойынша шағымдар қабылданбайды
және олар жойылуы тиіс.
4.7 бөлімі – Сәулелендіру циклын тоқтату
4.8 бөлімі – Өңдеу жинақтарын шығару
6-шы тарау: ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ТАСЫМАЛДАУ
ЖӘНЕ САҚТАУ, КЕПІЛДІК ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
ЕСКЕРТУ Сәулелендіру құралын көтеру немесе тасу жұмыстарын,
кем дегенде, екі адам немесе механикалық көтеру
құрылғысын пайдалану арқылы жүргізу керек.
6.2 бөлімі - Сәулелендіру құралына лайықты орын таңдау
6.4 бөлімі – Тасымалдау және сақтау
ЕСКЕРТУ Сәулелендіру құралдарын бір-бірінің үстіне екеуден
артық орнатпаңыз.
6.2 бөлімі – Сәулелендіру құралына лайықты орын таңдау
ЕСКЕРТУ Сәулелендіру құралында кез келген техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын атқармас бұрын, оны өшіріп, қуат
көзін ажыратыңыз.
6.3 бөлімі – Сәулелендіру құралын тазалау
ЕСКЕРТУ Құрамында амотосален бар қан препараттары басқа
барлық қан препараттары сияқты биологиялық тұрғыда
қауіпті материалдар болып табылады. Мекемеңізде
қабылданған ережелерге сай келетін қорғаныс, тазалау
және жою құралдарын қолдануға қатысты нұсқауларды
орындаңыз.
6.3 бөлімі – Сәулелендіру құралын тазалау
ЕСКЕРТУ Қан препараты науа ішіне аққан жағдайда, суырманы
еңкейту қан препаратының сыртқа төгілуіне әкелуі
ықтимал. Науа оператордың көз деңгейінен жоғары
орналасқан болса, суырманы еңкейту кезінде оператор
қорғаныш көзілдірігін тағуы тиіс.
6.2 бөлімі – Сәулелендіру құралына лайықты орын таңдау
6.3 бөлімі – Сәулелендіру құралын тазалау
MAN-KZ 00901, v1.0
375>
Достарыңызбен бөлісу: |