3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы
3.7 бөлімі – Сәулелендіру құралының параметрлері
3-20
• Қолданушы атын штрихкод сканерімен сканерлеуге де болады.
Штрихкод сканері қолданылса,
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басу қажет емес
және растау бейнебеті көрсетілмейді.
•
‘Enter password’ (Құпия сөзді енгізу) бейнебеті пайда болады.
Пернетақта көмегімен құпия сөзді енгізіп,
‘Enter’ (Енгізу) түймесін
басыңыз. Растау бейнебеті пайда болады. Құпия сөз дұрыс болса,
‘OK’
түймесін басыңыз. Мекемеңізде рұқсат етілген болса, құпия сөзді
сканерлеуге де болады. Штрихкод сканері қолданылса,
‘Enter’ (Енгізу)
түймесін басу қажет емес және растау бейнебеті көрсетілмейді.
•
‘Select an option’ (Опцияны таңдау) бейнебеті пайда болады.
‘Illuminator Settings’ (Сәулелендіру құралының параметрлері) опциясын
таңдап,
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз. ‘Select a setting’ (Параметрді
таңдау) бейнебеті пайда болады.
Төмендегі қадамдарды орындау арқылы сәулелендіру құралының
параметрлері үшін қажетті опцияны ашыңыз немесе алдыңғы бейнебетке
оралу үшін
‘Back’ (Кері өту) түймесін басыңыз.
Күн мен уақыт
Күн/уақыт параметрі күнді және уақытты, сондай-ақ әрбірініңпішімін
өзгертуге мүмкіндік береді.
САҚ БОЛЫҢЫЗ Сәулелендіру құралында заттар бар болғанда күнді не
уақытты өзгертуге болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Сәулелендіру құралы жазғы уақытты автоматты түрде
жаңартады.
MAN-KZ 00901, v1.0
3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы
3.7 бөлімі – Сәулелендіру құралының параметрлері
3-21
Күн мен уақытты өзгерту үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
•
‘Select a setting’ (Параметрді таңдау) бейнебетінде тұрған кезде,
‘Date/Time’ (Күн/уақыт) параметрін бөлектеу үшін бейнебеттің оң
жағында көрсеткі түймелерін қолданыңыз.
• Опцияны таңдау үшін
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз. ‘Select a date
format’ (Күн пішімін таңдау) бейнебеті пайда болады.
• Күн пішімін бөлектеу үшін бейнебеттің оң жағындағы көрсеткі
түймелерін қолданыңыз. Мына пішімдердің бірін таңдауға болады:
ай/күн/жыл, күн/ай/жыл немесе жыл/ай/күн.
• Пішімді таңдау үшін
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз. ‘Enter date’
(Күнді енгізу) бейнебеті пайда болады.
• Күнді қолмен енгізу үшін пернетақтаны қолданыңыз (бейнебеттің сол
жағында). Сандарды енгізіп болған кезде сәулелендіру құралы келесі
өріске (мысалы, ай немесе жыл) автоматты түрде өтеді.
ЕСКЕРТПЕ'>ЕСКЕРТПЕ: ‘Month’ (ай) және ‘day’ (күн) өрістерінде 2 сан, ал ‘year’
(жыл) өрісінде 4 сан енгізуіңіз керек. (Мысалы: 01/01/2002).
• Күн енгізілгеннен кейін
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз. ‘Select a time
format’ (Уақыт пішімін таңдау) бейнебеті пайда болады.
• Уақыт пішімін бөлектеу үшін көрсеткі түймелерін қолданыңыз.
12 сағаттық не 24 сағаттық пішімді таңдауға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Деректерді басқару жүйесі қолданылса, 24 сағаттық пішімді
таңдаңыз.
• Пішімді таңдау үшін
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз. ‘Enter time’
(Уақытты енгізу) бейнебеті пайда болады.
• Уақытты қолмен енгізу үшін пернетақтаны қолданыңыз.
• Уақыт енгізілгеннен кейін
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз.
MAN-KZ 00901, v1.0
3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы
3.7 бөлімі – Сәулелендіру құралының параметрлері
3-22
ЕСКЕРТПЕ: ‘Hour’ (сағат) және ‘minute’ (минут) өрістерінде 2 саннан
енгізу керек. (Мысалы: 01:30).
• 12 сағаттық пішімді таңдаған болсаңыз,
‘Select 12 hour period’
(12 сағаттық мерзімді таңдау) бейнбеті пайда болады. Уақытты
‘Morning: am’ (таңғы уақыт) немесе ‘Evening: pm’ (кешкі уақыт)
ретінде таңдау үшін бейнебеттің оң жағындағы көрсеткі түймелерін
қолданыңыз.
• Уақыт аралығын таңдау үшін
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз. Растау
бейнебеті пайда болады.
• 24 сағаттық пішімді таңдаған болсаңыз, растау бейнебеті пайда болады.
• Күн мен уақыт қате болса,
‘Edit’ (Өңдеу) түймесін басып, ‘Select 12 hour
period’ (12 сағаттық мерзімді таңдау) бейнебетіне оралыңыз.
• Бұл бейнебет қате болса, қате экранды табу үшін
‘Back’ (Кері өту)
түймесін басыңыз. Ақпаратты түзету үшін жоғарыдағы қадамдарды
орындаңыз.
• Енгізіп болған сайын
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз. Күн мен уақыт
үшін барлық деректерді енгізіп болғаннан кейін растау бейнебеті пайда
болады.
• Күн мен уақытты растау үшін
‘OK’ түймесін басыңыз. ‘Select a setting’
(Параметрді таңдау) бейнебеті пайда болады.
MAN-KZ 00901, v1.0
3-ші тарау – Сәулелендіру құралының сипаттамасы
3.7 бөлімі – Сәулелендіру құралының параметрлері
3-23
Тіл
Тіл параметрі бейнебетте көрсетілетін тілді өзгертуге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ
:
Тек "Әкімші" тіркелгілері тілді өзгерту мүмкіндігіне ие. Тіл
параметрін өзгерту "Қызмет" пайдаланушылары тілін
өзгертпейді.
Тілді өзгерту үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
•
‘Select a setting’ (Параметрді таңдау) бейнебетінде ‘Language’ (Тіл)
опциясын таңдау үшін көрсеткі түймелерін қолданыңыз.
• Опцияны таңдау үшін
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз. ‘Select a
language’ (Тілді таңдау) бейнебеті пайда болады.
• Қажетті тілді бөлектеу үшін көрсеткі түймелерін қолданыңыз. Қажетті
тіл бейнебетте берілмеген болса, келесі тілдер бетін көрсету үшін,
пернетақтада алға жылжу (
) түймесін басыңыз. Одан кейін қажетті
тілді бөлектеу үшін қайтадан көрсеткі түймелерін қолданыңыз.
• Тілді таңдау үшін
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз. Растау бейнебеті
пайда болады.
• Тіл қате болса,
‘Edit’ (Өңдеу) түймесін басып, ‘Select a language’ (Тілді
таңдау) бейнебетіне оралыңыз.
• Дұрыс тілді бөлектеу үшін көрсеткі түймелерін қолданыңыз. Тілді таңдау
үшін
‘Enter’ (Енгізу) түймесін басыңыз. Растау бейнебеті пайда болады.
• Таңдалған тілді растау үшін
‘OK’ түймесін басыңыз. ‘Select a setting’
(Параметрді таңдау) бейнебеті пайда болады.
MAN-KZ 00901, v1.0
Достарыңызбен бөлісу: |