Intercept ™ СƏулелендіру қҰралы оператор нұсқаулығы



жүктеу 2,29 Mb.
Pdf просмотр
бет25/39
Дата01.01.2020
өлшемі2,29 Mb.
#25619
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39

 
5-ші тарау – Ақауларды жою 
 
5.2 бөлімі – Сұрақтар мен жауаптардың қысқаша шолуы 
5-4 
5.2 бөлімі 
Сұрақтар мен жауаптардың қысқаша шолуы 
Төменде оператор нұсқаулығында кездесетін сұрақтар мен жауаптардың 
тізімі берілген. 
3-ші тарау: СӘУЛЕЛЕНДІРУ ҚҰРАЛЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ 

  Сұрақ және жауап:  Сәулелендіру құралы зақымданған жағдайда кімге  
 
 
хабарласу қажет? 
•  Сәулелендіру құралының зақымданғанын байқасаңыз, техникалық 
қолдау көрсету қызметінің өкіліне хабарласыңыз. Байланыс 
мәліметтерін алу үшін осы нұсқаулықтың алдыңғы жағын қараңыз. 

  Сұрақ және жауап:  Контейнерлердің сәуленің дұрыс мөлшерін алып  
 
 
жатқанын қалай білуге болады? 
•  Әр сәулелендіру құралының 4 фотодиодты датчигі бар, 2 датчик жоғарыда 
және 2 датчик төменде. Бұл датчиктер әр өңдеу циклындағы қан препараты 
арқылы өтетін сәуле мөлшерін өлшейді және сәулелендіру құралы сәуленің 
дұрыс дозасын шығару үшін цикл ұзақтығын өзгертіп отырады. 
•  Екінші тексеру амалы ретінде, сәулелендіру құралының бағдарламалық 
жасақтамасы өңдеу уақытының техникалық қолдау көрсету қызметінің 
өкілі бекіткен тиісті ауқым ішінде болуын қамтамасыз ету үшін сол 
өңдеу уақытын тексеріп отырады.  
•  Егер тиісті сәулелендіру уақытының шегіне жақындасаңыз, шамдарды 
ауыстыру қажет болады. Жарық шығару жүйесі қосылу кезінде немесе 
әр 24 сағат сайын немесе электр қуатын жеткізу жүйесіндегі ақаулықтан 
кейін қалпына келу барысында автоматты түрде тексеріледі.  
•  Датчиктер сәулелендіру құралы орнатылған кезде және 
профилактикалық жөндеу жұмыстары барысында техникалық қолдау 
көрсету қызметінің өкілі тарапынан калибрленеді.  

  Сұрақ және жауап:  Штрихкод сканері жұмыс жасамаса не істеу қажет? 
•  Аракідік, штрихкод сканері контейнерлердегі штрихкодтарды 
сканерлемей қалуы мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, штрихкодтағы 
сандарды сәулелендіру құралына пернетақта көмегімен қолмен енгізіңіз 
(мекемеңіздің процедуралары бұған рұқсат берсе). Нұсқауларды алу үшін 
3.4 және 4.4 бөлімдерін қараңыз. 
•  Егер бар гәп, штрихкод жапсырмасына емес, сканерге қатысты болса, көмек 
алу үшін техникалық қолдау көрсету қызметінің өкіліне хабарласыңыз. 

  Сұрақ және жауап: Сәулелендіру құралында өңдеу уақыты 3.5 бөліміндегі 
ауқымның үнемі жоғарғы жағында болса, не істеу 
керек? 
•  Қан препаратына әсер ететін сәуленің дұрыс дозасы бақылауда болады, 
сондықтан патогенді инактивацияға тиісінше қол жеткізуге болады. 
Өңдеу уақыты шамдар біртіндеп күңгірттене бастағанда автоматты түрде 
ұзарады, сондықтан дұрыс дозаны беру мәселесі үнемі бақылауда 
болады. 
MAN-KZ 00901, v1.0


 
5-ші тарау – Ақауларды жою 
 
5.2 бөлімі – Сұрақтар мен жауаптардың қысқаша шолуы 
5-5 
•  Егер өңдеу уақыты техникалық қолдау көрсету қызметінің өкілі бекіткен 
тиісті ауқымнан асып кетсе, шамдарды ауыстыруды ұсынатын хабар 
пайда болады. 
4-ші тарау: СӘУЛЕЛЕНДІРУ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ РЕТІ 

  Сұрақ және жауап:  Өзін-өзі тексерулер нәтижесі сәтті болмаса  
 
 
не болады? 
•  Егер өзін-өзі тексерулер сәтті болмаса, бейнебетте қосымша 
нұсқаулары бар қате туралы хабар пайда болады. Алайда, осы 
қосымша нұсқаулардың еш көмегі болмаса, сәулелендіру құралын 
өшіріп, бейнебет күңгірттенгенше күтіңіз, содан кейін оны қайта 
қосыңыз. Егер мәселенің шешімі осыдан кейін де табылмаса, көмек 
алу үшін техникалық қолдау көрсету қызметінің өкіліне хабарласыңыз. 

  Сұрақ және жауап:  Оператор ретінде берілген бейджіңіз сәулелендіру  
 
 
құралына сканерленбесе не істеу қажет? 
•  Егер оператор ретінде берілген бейджіңіз сәулелендіру құралына 
сканерленбесе, оператордың қолданушы атын сәулелендіру құралына 
пернетақта арқылы қолмен енгізіңіз. 

  Сұрақ және жауап:  Суырма камераларының тек біреуі ғана жұмыс  
 
 
істеп тұрғанын және пайдалануға болатынын  
 
 
қалай білуге болады? 
•  Тек бір камера жұмыс жасап тұрған және пайдалануға болатын кезде, 
сәулелендіру құралы ‘Number of containers’ («Контейнерлер саны») 
бейнебетіндегі мәзірдің соңғы параметрінде қай камераның бос екенін 
көрсетеді. Жұмыс жасамай тұрған және пайдалануға болмайтын 
камераның ортасында көк түсті ‘X’ таңбасы бейнебетте көрсетіледі. 
Бұл төмендегі мысалдарда көрсетілген. Сондықтан, егер 1-ші камера 
жұмыс жасамай тұрса, сәулелендіру үдерісін орындау үшін 2-ші 
камераны пайдалануға болады. Екі контейнерді таңдау мүмкін 
болмайтынына байланысты, осы кезеңде көрсеткілер жұмыс жасамайды. 
   

  Сұрақ және жауап: 
Камералардың бірін пайдалану мүмкін болмаса не  
 
 
істеу қажет? 
•  Камералардың бірін пайдалану мүмкін болмаған кезде, ‘Run Treatment’ 
(«Өңдеуді жүргізу») таңдауы ұсынылса, өзге камераны пайдалануға 
болады. Бейнебетте пайдалануға болатын камераның нөмірі, ал 
пайдалануға болмайтын камера үшін «X» таңбасы көрсетіледі. Кейбір 
ақау түрлері кездескенде өңдеуді жүргізу тіпті мүмкін емес, сондықтан 
‘Run Treatment’ («Өңдеуді жүргізу») таңдауы ұсынылмайды. Көмек алу 
үшін техникалық қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз 
 
MAN-KZ 00901, v1.0


 
5-ші тарау – Ақауларды жою 
 
5.2 бөлімі – Сұрақтар мен жауаптардың қысқаша шолуы 
5-6 

  Сұрақ және жауап:  Белгіленген уақыт ішінде контейнерлер сәулелендіру 
 
 
құралының ішінен алынбаса не болады? 
•  Өңдеу жазбасы аяқталмаған жазба деп белгіленеді. Препаратты 
пайдалануға болатынын немесе болмайтынын анықтау үшін жергілікті 
орталықтың нұсқауларын орындаңыз немесе медициналық қызмет 
директорына хабарласыңыз. 

  Сұрақ және жауап:  Өңдеу туралы жазбаны таба алмаған жағдайда  
 
 
не істеу қажет? 
•  Сәулелендіру құралындағы өңдеу туралы жазбаны анықтау үшін өңдеу 
есептері мен қосымша жапсырмаларды басып шығарудың қосымша 
функциясы атты 4.9 бөлімін қараңыз. Өңдеу туралы жазбаны қалай 
табуға болатыны туралы мәліметтерді арнайы жазба тақырыбын қараңыз. 
Егер белгілі бір өнімге қатысты жазбаны таба алмай жатсаңыз, жергілікті 
орталықтың нұсқауларын орындаңыз немесе медициналық қызмет 
директорына хабарласыңыз. Қан препаратының күйін өңдеу туралы 
жазба болмаса анықтау мүмкін болмайды және аяқталмаған жазба 
ретінде қарастырылуы тиіс. 

  Сұрақ және жауап:  Өңдеу туралы жазба аяқталмаған жазба туралы  
 
 
белгіленсе не істеу қажет? 
•  Жергілікті орталықтың нұсқауларын орындаңыз немесе медициналық 
қызмет директорына хабарласыңыз, себебі патогенді инактивация 
үдерісін аяқталмаған жазбасы бар өнімдер үшін жүргізу мүмкін емес. 

  Сұрақ және жауап:  Өңдеуден кейін сәулелендіру контейнерінің үстіне 
 
 
жапсырманы неге қою қажет? 
•  Қан орталығында бірнеше сәулелендіру құралдары немесе плазманы 
өңдеуге арналған жалғыз ғана сәулелендіру құралы болса, екі рет 
сәулеленген қан препаратының ағуына жол бермейтін шаралар 
қолданылуы тиіс. 
•  Өңдеуден кейін сәулелендіру контейнеріне қойылған жапсырма 
препараттың сәулелендіру құралы ішінде жартылай немесе толық 
өңдеуден өткені туралы визуалды айғақ береді және қайта сәулеленбеу 
керектігі туралы хабарлайды. 
•  INTERCEPT деректерді басқару жүйесін пайдалану екі рет сәулеленген 
қан препаратының ағуына жол бермеуге арналған тағы бір шара болып 
табылады. 
5-ші тарау: АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ 

  Сұрақ және жауап:  Жүйелік ақау бейнебеті пайда болса не  
 
 
 
істеу қажет? 
•  Жүйелік ақау хабары операторды сәулелендіру құралындағы маңызды 
мәселелер турасында хабардар ету үшін қолданылады. Сәулелендіру 
құралын өшіріп, 10 секунд күтіңіз, содан кейін оны қайта қосыңыз. 
Жүйелік ақау бейнебеті шыға берсе, көмек алу үшін техникалық қолдау 
көрсету қызметінің өкіліне хабарласыңыз. 
 
MAN-KZ 00901, v1.0


жүктеу 2,29 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау