Пәні:
|
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
|
Мұғалімі:
|
Үсіпбекова Назерке Дәуренбекқызы
|
Сынып:
|
4
|
Сабақ тақырыбы:
|
Түс датчигі
|
Күні:
|
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
4.5.1.1 түс датчигін қолдану
|
Сабақтың мақсаттары:
|
Барлық оқушылар:
|
датчиктің түрлерімен танысып, түс датчигін қолдануды үйренеді.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Түс режимі түрлері, сыртқы жарық жарықтылығы және шағылысқан жарық жарықтылығымен танысады.
|
Кейбір оқушылар:
|
EV3 түс датчигін роботқа орналастырып, LEGO MINDSTORMS Education EV3 програмассында еркін жұмыс жасай алады.
|
Жоспар
|
Іс-әрекет реті
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Мағынаны таны
|
Робот – тірі организм принципі бойынша құрастырылған жандандырылған автомат құрылғы. Роботтар – қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына еніп үлгерді.
LEGO MINDSTORMS EDUCATION EV3 – негізгі оқужаттығу роботы.
Датчик – әртүрлі ақпаратты (температура, жылдамдық, сәуле, түс, дыбыс) өлшеуге арналған құрал.
Электронды датчиктің құрамына сезгіш және түрлендіргіш элементтер кіреді. Олардың негізгі ерекшеліктері – сезгіштігі.
Түс датчигі – түс немесе жарық жарықтылығын анықтай алатын сандық құрал. Түс датчигіндегі Түс режимі 1 см қашықтықтағыны сандардың 7 түрлі түсін және жарықтың деңгейін анықтай алады: «қара» = 1, «көк» = 2, «жасыл» = 3, «сары» = 4, «қызыл» = 5, «ақ» = 6 және «қоңыр» = 7. Егер элемент датчиктен шығарылса немесе элементтің түсі дұрыс анықталмаса, датчик осы түс туралы «Түссіз» = 0 деп хабарлайды.
Түс датчигінің негізгі қызметі – түстерді анықтау, шашыраңқы және шағылысқан жарықты өлшеу.
|
Интернет,
Презентация
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 4сынып, «Арман-ПВ» оқулығы (96-98 бет)
|
Жауап бер
|
Сұрақтар:
1. Датчиктер қызметіне қарай қанша түрге бөлінеді?
2. Түс датчигінің қанша режимі бар?
3. Неге жанасу датчигін жиі қолданамыз
4. Датчик 7 түсті анықтай алады. Ал түстер кездеспеген жағдайда қандай мәнді қолдануға болады?
|
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 4сынып, «Арман-ПВ» оқулығы
|
Орында
|
Тапсырма:
Жанасу датчигі мен түс датчигін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықта
1. Датчик 7 түсті анықтай алады. Ал түстер кездеспеген жағдайда қандай мәнді қолдануға болады?
2. Роботты қандай мамандық иесі құрастырады?
|
Презентация
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» 4сынып, «Арман-ПВ» оқулығы, дәптер, қалам
|
Рефлексия
|
Мен бүгін ___________ білдім
|
|
Мен енді ______________ білемін. (бағалау критерийлеріне сәйкес)
|
|
Мұғалімнен кері байланыс (ауызша кері немесе жазбаша ұсыныс)
|
|
|