Инструкция по обеспечению безопасной образовательной среды на основе анализа требований к созданию безопасных условий в дошкольных



жүктеу 0,6 Mb.
Pdf просмотр
бет4/18
Дата10.10.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39581
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Қауіпсіз білім беру НҰСҚ.

Бейнелеу әрекетін ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары 
Бейнелеу әрекетін ӛткізуді бастамас бұрын балаларға қауіпсіз мінез-құлық 
ережелері туралы естеріне салу: 
- барлық балаларды назарда ұстау; 
- қайшылардың ұштары үшкір болмауы керек; 
- балаларды қайшымен қауіпсіз жұмыс істеуге үйрету; 
- ертеңгілік пісіріп салқындатылған крахмал желімін немесе ұнды қолдану; 
- ПВА желімін пайдалануды алып тастау; 
- жұмыс аяқталғаннан кейін ӛз жұмыс орнын ретке келтіру, ҰОҚ-де 
пайдаланылған материалдарды, жабдықтарды арнайы тағайындалған орындарға 
жинау қажет; 
- қарындаштарды кӛлденеңнен орналастыру керек; 
- балалардың қарындашты қалай ұстайтынына назар аудару; 
- суды шыны ыдысқа құюға болмайды. 
Ойын әрекетін ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік талаптары: 
- балалардың ойыншықтарды, текшелерді бір-біріне лақтыруына, бір-бірін 
итеруіне жол бермеу, дау-жанжалдан аулақ болу, балалар арасында дау-жанжал 
туындаған жағдайда тәрбиеші араласуы тиіс; 
- үйден топқа заттар әкелуге: шыны, тесетін немесе кесетін заттар 
сіріңкелерді, оттықтарды, дәрі-дәрмектерді және т.б. балаларға ойындарға 
пайдалануға рұқсат бермеу;
- үстел үсті ойындары, пайдаланғаннан кейін қораптарға салу және орнына 
қою. Ойын бӛлшектерін және басқа да ұсақ заттарды ӛзіңмен бірге алуға болмайды; 
- ойын кезінде орындықтар мен үстелдерге тұруға, үстелдердің астына 
еңбектеуге болмайды; 
- топтық бӛлмеде қимылды ойындар ӛткізген кезде тек тәрбиеші анықтаған 
аумақты пайдалану; итермеу, айқайламау, басқа балалардың ойын ережелерін 
орындауына кедергі келтірмеу; 
- табиғат бұрышындағы еңбек әректін тек тәрбиешінің бақылауымен ӛткізу ; 
- теледидар немесе ноутбукты тек тәрбиеші қосады. 
Балабақшада еңбек әрекетін ұйымдастыру кезіндгі қауіпсіздік талаптары 
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру жағдайларына 
талаптар 



Балабақшаның топтары мен учаскелерінде баланың ӛмірі мен денсаулығын 
қорғауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасалуы керек: 
-барлық шкафтар мен сӛрелер сенімді бекітілуі керек. Жабдықтар, материалдар, 
керек-жарақтар құлау мүмкіндігін болдырмайтын олардың толық қауіпсіздігі мен 
орнықтылығын ескере отырып орнатылуы тиіс
- балалардың дербес еңбек әрекетінде пайдаланылатын мүкәммалды биіктігі 
баланың кӛз деңгейінен аспайтын сӛрелерде және шкафтарда орналастыру қажет; 
- аквариумдар, тордағы жануарлар және табиғат бұрышының бӛлме ӛсімдіктері 
бала еденде тұрып оларға күтім жасай алатындай етіп орналастырылады; 
ӛсімдіктерді суару кезінде балалардың киіміне, жеңдеріне су ағып кетпеуі үшін 
лейканы кеудесінің деңгейінен тӛмен ұстауы керек. 
Балалардың кез-келген әрекеті, әсіресе құралдарды қолданумен байланысты 
еңбек әрекеті тек ересек адамның тікелей бақылауымен жүзеге асырлады. 
Жануарларды ұстауға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтау.
Ерте және кіші жас тобында кактустар мен басқа да тікенді ӛсімдіктерді, сондай-ақ 
жыртқыш құстар мен ӛсімдіктерді ұстауға қатаң тыйым салынады. 
Балалардың еңбек әрекеті ұйымдастырылатын үй-жайлар таза, жарық, 
желдетілген болуы тиіс. Әр баланың жұмыс орнын жарықтандыру, әсіресе қол 
еңбегін ұйымдастыру кезінде, белгіленген санитарлық-гигиеналық нормаларға 
сәйкес келуі керек. 
Салмағы 2-2, 5 кг-нан асатын ауыр заттарды (мектеп жасына дейінгі ересек бала 
үшін) балалардың тасымалдауына тыйым салынады. 
Асхана мен табиғат бұрышы бойынша міндеттерге байланысты тапсырмаларды 
орындау кезінде балалар ас блогына ересек адаммен бірге ғана бара алады; бұл ретте 
балалардың ыстық тамақты, суды және басқа да ыстық заттарды алып жүруіне қатаң 
тыйым салынады. 
Арнайы 
жабдықталған бӛлмелерде балалардың еңбегін ұйымдастыруға 
ересектердің басшылығымен және қатысуымен рұқсат етіледі. 
Жұқтыру қаупі бар балаларды жұмысқа тартуға қатаң тыйым салынады 
(унитаздарды жинау, жалпы кір киім-кешектерді, тұрмыстық қалдықтарды жинау 
және т. б.).Балаларды от жағуға, құрғақ жапырақтар мен қоқыстарды жағуға тартуға 
болмайды. 

жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау