4
ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту жүйесін регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес
ұйымдастыру қажет.
Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесін ұйымдастыруға педагогтік
немесе тиісті бейіні бойынша ӛзге де кәсіптік білімі бар және тәрбиеленушілерді
оқыту мен тәрбиелеу бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагог
қызметкерлер жіберіледі.
Мектепке дейінгі ұйым басшысы тәрбиеші лауазымына қабылдау кезінде
қызметкерге балалардың ӛмірі мен денсаулығын сақтау оның тікелей және негізгі
міндеті екендігін айтуы керек, бұл ұстаным лауазымдық нұсқаулықта нақты және
толық кӛрсетілуі тиіс.
Мектепке дейінгі ұйым басшысы айына кемінде бір рет
рұқсатнамалық
тәртіптеменің, техникалық күзет құралдарының (бейнебақылау жүйесі) жай-күйіне,
құжаттаманың болуы мен оның жүргізілу тәртібіне, шығатын қосалқы есіктердің
ұсталуына жоспарлы тексеру жүргізуі қажет.
Ғимараттың орталық кіреберісінде балабақша аумағында және ғимаратында
бӛгде адамдардың рұқсатсыз кірмеуін қадағалау мақсатында тәулік бойы күзет бекеті
орнатылады. Түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері ғимаратты тікелей
күзетуді мектепке дейінгі ұйымның басшысы бекіткен кесте бойынша күзетшілер
жүзеге асырады.
Келушілерді есепке алу журналына тіркегеннен кейін олардың жеке басын
куәландыратын құжаты болған жағдайда ғана балабақша ғимаратына кіруге рұқсат
етіледі.
Мектепке дейінгі ұйым басшысының, жедел жәрдем мен ӛрт сӛндіру және
басқа да апаттық қызметтердің мекенжайлары мен телефон нӛмірлері балабақшада
кӛрінетін жерде орналасуы тиіс.
Ӛрт шыққан жағдайда мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің әрекеттері
тәрбиеленушілердің, балабақша қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
және оларды эвакуациялауға бағытталуы тиіс.
Табиғи немесе техногендік сипаттағы тӛтенше жағдайлар туындаған кезде
дереу тӛтенше жағдайлар бӛліміне хабарлау қажет.
Күдікті заттар табылған жағдайда «112» телефоны бойынша ішкі істер
басқармасының кезекші бӛліміне қоңырау шалу қажет. Құқық қорғау органдарының
ӛкілдері келгенге дейін педагог қызметкерлер дереу қауіпті аймақтағы
тәрбиеленушілерді эвакуациялауға және осы аймаққа бӛгде адамдардың кіріп
кетпеуін қамтамасыз етуге міндетті.
Мектепке дейінгі ұйымның сыртқы есігінің, аумақтан шығатын және шығатын
қосалқы есіктердің баланың қолы жетпейтін биіктікте бекітпесі болуы және олар
үнемі жабылуы тиіс.
Тәрбиеленуші жоғалып кеткен жағдайда оны іздестіруді дереу ұйымдастырып,
жақын маңдағы полиция бӛлімшесіне және оның ата-анасына (заңды ӛкілдеріне)
хабарлау керек.
5
Балабақшаның педагог қызметкерлері ӛз жұмыс орындарына жұмыс уақыты
басталғанға дейін кемінде 10 минут бұрын келуге, топтың үй-жайларының, ойын
алаңдарының қауіпсіздігі мен жабдықтардың жай-күйін, балалардың ӛмірі мен
денсаулығына қауіпті және күдікті заттардың бар-жоғын тексеруі тиіс. Қауіпсіздік
режимінің бұзылуы анықталған кезде дереу оларды жою жӛнінде шаралар
қабылдауға, әкімшілікті хабардар етуге міндетті. Анықталған бұзылыстар
жойылғанға дейін білім беру процесін ұйымдастыруға тыйым салынады.
Тәрбиеленушілерді таңертең қабылдағанда ата-аналардан тәрбиеленушінің
кӛңіл-күйі туралы сұрау және оның денсаулық жағдайын қарау жүзеге асырылуы
қажет. Тәрбиеленушінің ауырып тұрғаны байқалса балабақшаға жіберу туралы
шешім қабылдау үшін медициналық қызметкердің қарауына жіберіледі.
Тәрбиеленушінің ата - анасы немесе заңды ӛкілдері оны тәрбиешіге, ол
болмаған жағдайда-топ тәрбиеленушілерін қабылдауды жүзеге асыратын ӛзге де
педагогикалық қызметкерге тапсыруы тиіс (тәрбиеленушілерді 16 жасқа толмаған
жасӛспірімдерге, алкогольдік немесе есірткілік мас күйдегі адамдарға беруге тыйым
салынады).
Педагог тәрбиеленушілердің денсаулығындағы барлық ауытқулар туралы ата-
аналарды (заңды ӛкілдерді) уақтылы хабардар етуге міндетті.
Тәрбиеші ата-аналарға балалардың қалталарын үнемі бақылап отыруды айтуы,
яғни олардың сіріңкелерді, дәрі-дәрмектер мен ӛткір заттарды және олардың ӛмірі
мен денсаулығына қауіп тӛндіретін басқа заттарды пайдалануын болдырмау үшін
жұмыс жүргізуі тиіс.
Топқа сыртқы киіммен кіруге, бӛгде адамдардың кіруіне тыйым салынады.
Тәрбиеші таңертең балаларды қабылдағаннан кейін сыртқы есіктерді жабуы
керек.
Баланы мектепке дейінгі ұйымнан оның ата-анасы немесе заңды ӛкілдері алуы
тиіс. Егер олардың баланы балабақшадан алып кете алмауының дәлелді себебі болса
(ауру, қызметтік іссапар, жұмыс кестесі және т.б.), онда ата-анасының немесе
тәрбиеленушінің заңды ӛкілдерінің мектепке дейінгі ұйым басшысының берген
ӛтініші негізінде ӛзге адамдар (жақын туыстары) жүзеге асыра алады.
Тәрбиешіге балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Егер кетуге
қажеттілік туындаса, тәрбиеші кӛмекшісіне қайда және қай уақытта кететінін
ескертіп, ӛз істерін біраз уақытқа тоқтатуды және балаларға қарауды сұрауы керек.
Тәрбиешінің жұмыс орнында болмауы мектепке дейінгі ұйымның басшысымен
келісілуі тиіс.
Тәрбиешілер мен тәрбиеші кӛмекшілерінің сыртқы келбеті балалар мен ата-
аналарға үлгі болуы керек. Қызметкерлердің киімдері мен аяқ киімдері мектеп
жасына дейінгі балаларды күту, тексеру, дамыту, ерекше әрекет түрлерін
ұйымдастыру, оқыту бойынша олардың функционалдық міндеттерін орындауға
кедергі келтірмеуі тиіс. Артқы жағы ашық және ӛкшесі биік аяқ киім киюге тыйым
салынады. Қызметкерлерге тырнақты ӛсірудің, ұзын шашты жайып жіберудің
қауіптілігін, педагогтердің киімдерінің жыл мезгілі мен ауа температурасына сәйкес
келмеуін түсіндіру қажет.
Серуенге шығар алдында тәрбиеші ойын алаңында балалар үшін қауіпті
заттардың (құрғақ ағаштар, кесетін заттар, ашық шұңқырлар, құдықтар) болмауын
тексеруі, ойынға арналған жабдықтардың қауіпсіздігіне кӛз жеткізуі; балалардың
бейтаныс ӛсімдіктерді ауыздарына алмауын қадағалауы тиіс.
6
Топтағы және участоктағы дене шынықтыру жабдықтарының жарамдылығын
қадағалау, ақаулар туралы жауапты тұлғаларға уақтылы хабарлау қажет.
Суреттер, балалар жиһазы, құрал-жабдықтар құлап кетпес үшін және балалар
жарақат алмау үшін (тӛбеге, қабырғаға немесе еденге) мықтап бекітілуі керек.
Балабақша ғимаратының қабаттарынан тӛмен түскенде және жоғары
кӛтерілгенде тәрбиеленушілер таяныштан ұстап, қауіпсіздікті сақтауы және екі
ересек ілесіп жүруі керек.
Топтағы барлық заттар, шкафтар, сӛрелер, пианино, айналар, гүл қоятын
тұғырлар мықтап бекітілуі керек, балалардың кӛз деңгейінде ілмектерді, шегелерді
қағуға тыйым салынады.
Қағаз түйрегіштерді, тігін түйреуіштерін пайдалануға тыйым салынады.
Педагог инелерді, түйреуіштер мен қайшыларды, басқа да ӛткір және кесетін
заттарды, шыны заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауы тиіс.
Балалар топта болған кезде терезелерді ашуға тыйым салынады; жазғы кезеңде
терезелердің қорғаныш дәке жақтауы немесе москит торлары болуы керек.
Мектепке дейінгі ұйымның үй – жайларындағы электр сымдары оқшаулануы,
электр құралдары тәрбиеленушілердің қолы жетпейтін жерде болуы тиіс.
Топта тұрмыстық электр құралдарын: шәйнектерді, үтіктерді және т. б.
қолдануға тыйым салынады.
Оқытудың техникалық құралдарын (магнитофон, проектор және т.б.) қажет
болмаса ұзақ уақыт бойы розеткаға қосып қоюға тыйым салынады, ОТҚ-ын
пайдаланып болғаннан кейін штепсель айырын қауіпсіздік техникасын сақтай
отырып (қол құрғақ болуы керек), розеткадан ажырату қажет.
Балабақшадағы жауапты адамдар жиһаздың, тӛсек-орын мен ыдыс-аяқтың,
шүберектің таңбалауының сақталуын қатаң бақылауға міндетті.
Үй-жайларды ерітінділермен және кварцпен дезинфекциялау кезінде сақтық
шараларын сақтау қажет; кварцтау кезінде міндетті түрде күннен қорғайтын
кӛзілдірік кию, үй-жайды желдету, кварц шамына жақын тұрмау керек.
Жуу құралдары мен дезинфекциялау құралдары таңбаланған ыдыстарда
тәрбиеленушілердің қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс.
Буы денсаулыққа қауіпті ерітінділерді немесе сұйықтықтарды топқа әкелуге
тыйым салынады.
Топтағы балаларды емдеу үшін ата-аналардан дәрілер мен басқа дәрі-
дәрмектерді алуға қатаң тыйым салынады. Ата-аналардың дәрі-дәрмектерді
балалардың шкафтарында қалдыруына жол берілмеуі тиіс.
Тәрбиеші ата-аналардан (заңды ӛкілдер) балаларға арты жабық аяқ киім
кигізуді талап етуі тиіс. Үйде киетін шәркей мен чешки киюге тыйым салынады.
Тәрбиеші әрдайым балалардың аяқ киімдерінің бауы байланғанына және ілгектерінің
салынғанына кӛз жеткізуі керек.
Тәрбиешілер карантиндік шараларды қатаң сақтауы және олардың орындалуын
қамтамасыз етуі тиіс.
Тәрбиеші ӛзінің жұмыс орнын таза ұстауға, топтың ішіне жеке заттарды қоюға,
барлық кіретін есіктерге еркін кіріп-шығуды қамтамасыз етуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |