2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Балаларды ерте дамыту институты» базасында әзірленген
Мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіз жағдайлар жасауға қойылатын талаптарды
талдау негізінде қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық –
Нұр - Сұлтан, 2022 - 36 бет.
Пікір жазғандар:
Б.О. Арзанбаева п.ғ.к., доцент
С.Н. Камелова меңгеруші
Р.Ж..Игибаева әдіскер
Нұсқаулықта мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық қауіпсіздігінің
жағдайы ретінде мектепке дейінгі ұйымның білім беру ортасы қарастырылады,
мектепке дейінгі ұйымның білім беру ортасының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету
бойынша талаптар әзірленді.
Бұл нұсқаулық мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне арналған.
Нұсқаулық «Балаларды ерте дамыту институтының» Ғылыми-әдістемелік
кеңесінде қаралып, ұсынылған (2022 жылғы 25 қаңтардағы № 1 хаттама).
«Балаларды ерте дамыту институты» 2022 ж.
3
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Педагогикалық қызметтің табысты болуы кӛп жағдайда білім беру процесі
жүзеге асырылатын ортамен анықталады. «Орта» ұғымы кең мағынада адамға әсер
ететін қоршаған ортаның, табиғи, материалдық және
әлеуметтік факторлардың
жиынтығын білдіреді. Бір затқа немесе біреуге ықпал ету ортаны құраушы белгі, ал
баланы дамытудың маңызды факторы мен жағдайы - әлеуметтік орта болып
табылады.
Әлеуметтік орта - бұл адамның ӛмір сүретін ортасы, яғни әлеуметтік ӛмірде
бізді қоршап тұрған барлық заттар және әр адам ерекше қарым-қатынас жасайтын
адамдар тобы. Орта адамның дамуы мен мінез-құлқына әсер етеді,
білім беру
факторы болып табылады. Білім беру ортасы әлеуметтік ӛмірдің саласы, әлеуметтік-
мәдени ортаның кіші жүйесі. Ол тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін
психологиялық-педагогикалық жағдайлар жүйесі ретінде анықталады, балалар мен
ересектердің ӛмір сүруі мен дамуының
жайлылығын қамтамасыз етуге, орта
субъектілерінің тұлғалық ӛсуіне ықпал етуге арналған.
Тұлғаны оңтайлы дамыту және баланың денсаулығын сақтау сапалы білім беру
ортасын қолдау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы мүмкін болады.
Қауіпсіздік-тұлғаның, әлеуметтік ұйымның, қоғамның қалыпты дамуы үшін қажетті
жағдай. Қауіпсіздікті физикалық және психологиялық деп жіктеуге болады.
Мектепке дейінгі ұйымның білім беру ортасының қауіпсіздігі мәселесі ӛзекті
болып келеді, сондықтан ол балаларды физикалық және психологиялық қауіптен
қорғау фактісі ретінде қарастырылады. Мектепке дейінгі жас физикалық және
психикалық денсаулықтың негізін қалыптастыруда шешуші фактор болып табылады.
Нұсқаулықтың
мақсаты
оқыту сапасын арттыруға, еркін,
мәдениетті, білімді,
рухани дамыған және дені сау, әлеуметте белсенділік танытатын тұлғаны
қалыптастыруға ықпал ететін жайлы жағдайлар жасау,
қол жетімді білім беру
ортасын құру болып табылады.
Бұл материал балабақшаларда қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету
бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған нұсқаулық болып
табылады.