12
Серуендеуді ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздікті талаптары:
- тәрбиешінің кӛмекшісі балалар серуенге барғанда және серуеннен келе
жатқанда еріп жүруі тиіс, педагогтер барлық балаларды назарда ұстауы, балаларды
бақылауы және қажет болған жағдайда кӛмекке келуі тиіс;
- тәрбиешінің міндеті– температура режимін және ауа-райы мен температура
жағдайларына сәйкес балалардың киімдерін және баланың бас киімінің болуын
бақылау;
- серуендеу алдында алдын-ала учаскені қауіпсіздік үшін тексеру қажет;
- тәрбиеші аумақты қауіпсіздік үшін тексергеннен кейін ғана учаскеде шӛпте,
асфальтта, құмда жалаң аяқ жүруге рұқсат етіледі;
- құмсалғышта құммен ойнауға құмға қайнаған су құю мен құмды күнделікті
қопсыту жағдайында
ғана рұқсат етіледі;
- тәрбиеші белгіленген режимді, серуендеу ұзақтығын, балалар әрекетін
(қимылды, аз қимылды) ауыстыруды сақтауы тиіс;
- серуендеу, ойын, еңбек әрекеті кезінде балалардың шаршауын, ыстықтауын,
тоңуын болдырмау үшін серуенді ӛткізу жоспары
бойынша балалар әрекетінің
қимылды, аз қимылды түрлеріне кезекпен ауыстырып отыру қажет;
- тӛбешіктен сырғанау, мұз жолдарымен сырғу, әткеншек тебу, ӛрмелеу,
биіктен, спорттық жабдықтардан секіру, лақтыру, самокат, шаңғы, велосипед тебу
және т.б. кезінде
тәрбиешінің сақтандыруын, бақылауын қамтамасыз ету;
- су жиналған шұңқырларының маңында, жолдан ӛтетін бӛліктердің жанында
серуендеуге рұқсат етілмейді;
- тәрбиеленушілердің екі тобына бір ойын учаскесінде серуендеуді
ұйымдастыруға және ӛткізуге жол берілмейді;
- серуендеу кезінде балаларды тәрбиешінің бақылауынсыз қалдырмау;
- ауа райы жел және суық болған сумен ойнауға тыйым салынады;
- тәрбиеші балалардың үй-жайдан бір-бірін итермей шығуын және
кіреберістен түсуін бақылауды қамтамасыз етеді;
- балалардың таяныштарға, шарбақтарға, ағаштарға ӛрмелеуіне
тыйым
салынады;
- тәрбиеші балалардың жеке гигиена талаптарын орындауын бақылауды
қамтамасыз етеді ( кір заттарды, қарды, сүңгілерді қолына ұстауға, аузына салуға
тыйым салынады, бір-біріне жерден құм алып лақтырмау );
- серуеннен бала ӛз бетінше кетіп қалған жағдайда тәрбиеші бұл туралы
меңгерушіге, ата-анасына (заңды ӛкілдеріне), полиция бӛлімшесіне дереу хабарлауы
тиіс.Баланы іздеуді дереу ұйымдастыру, белгілерді атау: сыртқы түрін, жасын, киімін
сипаттау;
- жазатайым оқиға кезінде тәрбиеші балаға алғашқы медициналық кӛмек
кӛрсетуі, ол
туралы меңгерушіге, медбикеге, ата-аналарға (заңды ӛкілдерге) дереу
хабарлауы керек, қажет болған жағдайда дәрігерді шақыруы және баланы ауруханаға
жеткізуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: