Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет67/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   89

 
 
181 
   Әділеттік  тұрғыдағы  құқық  жалпы  философиялық  деңгейде 
қаралатын  мәселенің  бастысы.Құқықты  теңдік  тұрғыда  (жалпы  мөлшер 
және адамдар еркіндігінің теңдік өлшемі тұрғыда )  түсіну өзінде қажетті 
түрде әділеттікті де қамтиды.  
   Құқық  пен  заңды  ажырату  санатындағы  үрдісте  әділеттік 
құқықұғымына кіреді, яғни құқық анықтама бойынша әділет, ал әділеттік 
–  құқықтың  ішкі  қасиеті  мен  сапасы,  ол  құқықтан  тыс  (моральдық, 
әдептік, діни және т.б. ) категория емес, керісінше, құқықтық категория 
және сипаттама.  
   Сондықтан заңның әділеттілігі немесе әділетсіздігі жөніндегі мәселе 
-  әрқашанда,  шын  мәнінде  заңның  құқықтық  немесе  бейқұқықтық 
сипаты  жөніндегі  мәселе,  яғни  оның  құқыққа  сәйкестігі  немесе 
сәйкессіздігі  туралы  мәселе.  Құқық  өз  ұғымында  әрқашан  әділет  және 
әлеуметтік дүниеде әділеттілікті сақтаушы. 
   Одан  да  аса  айтсақ,  тек  құқық  ғана  әділет.Шын  мәнінде,  әділеттік 
тек  сондықтан  әділетті,  өйткені  ол  өзінде  жалпы  маңыздылық 
дұрыстықты,  туралықты  білдіреді,  әрі  сақтайды  және  сонымен  бірге 
өзіннің  рационалданған  түрінде  жалпылық  заңдылықты,  әділеттікті  де 
білдіреді,  яғни  құқықтың  мәні  мен  бастамасын,  жалпылық  теңдік  пен 
еркіндіктің құқықтық принципінің мағанасын көрсетеді.  
   Жалпылаған  түрде  айтсақ,  әділеттік  дегеніміз  –  құқықтың  өзіндік 
санаты,  өзіндік  көрнісі  мен  өзіндік  бағалануы  және  сонымен  бірге 
құқықтан тыс тұрғандардың бәрін құқытық тұрғыда бағалау. 
   Әділеттілікте  құқықтан  өзге,  қандай  да  бір  басқа  принцип  болмақ 
емес  және  болмайды  да.  Әділеттіктің  құқықтық  сипаты  мен  мәнін 
терістеу,  әділеттікке  қайдағы  бір  басқа  бейқұқықтық  бастамаларды  – 
теңдесітіру  немесе  артықшылық  талаптарын,  кез  келген  моральдік, 
әдептік,  діни,  дүниеге  көзқарастық,  эстетикалық,  саяси,  әлеуметтік, 
ұлттық, экономикалық және басқа қағидаларды мүдделерді, талаптарды 
тануға, телуге, ауыстыруға әкеледі. 
   Құқықтық  теңдік  принципі  мен  құқықтық  реттеу  және  еркін 
субъекттердің 
қоғамдық 
қатынастарының 
қажетті 
формасы 
тұрғысындағы 
құқықтың 
жалпылық 
және 
жалпымаңыздылық 
кеңістігінде  дәл  осы  құқықтық  әділеттік    осы  кеңістіктегі    әділеттіктің 
рөлі  мен  орнына  дәмелі  барлық  заңдылықтар  немесе  заңсыздықтардың 
критерийі  түрінде  көрінеді.  Құқықытық  әділеттік  артықшылықтарды 
терістеп  және  еркіндікті  нығайту  арқылы  құқықты  қажетті,  жалғыз 
мүмкіндік, жалпылық және бәріне бірдей теңдікте орнықтырады. 
 
 
 
 


 
 
182 
10.3 Құқықтың  
онтологиялық негіздері 
 
Заңнамашының  субъектік  ерігі  мен 
қалауына 
тәуелсіз, 
объективтік 
құқықтық  мәнді  легистік  терістеу 
жане  құқықты  заңға  (позитивтік 
құқыққа) 
келтіру, 
онтологиялық 
тұрғыда 
алғанда, 
легистер 
(позитивистер мен неопозитивстер) түсінігінде құқық болмысы дегеніміз 
бұл  эмпириялық  шындықтағы  (және  осы  позитивтік  мағына) 
құбылыстың,  яғни  ресми-биліктік  сипаттағы  анықталған  феноменнің 
нақты тіршілігі. Берілген феноменнің шындығы (және позитивтігі) тиісті 
ресми  құжаттың  мәтінітүрінде  ұсынылады  және  ол  нормативті–
құқықтық  акт  пен  құқық  көзі  тұрғысында  түсіндіріледі  (ұғындыларды 
және интерпретацияланады). 
Легистердің 
(позитивистер 
мен 
неопозитивистер, 
әсіресе 
аналитикалық  юриспурденция  өкілдері)  акт  мәтінін  юридикалық– 
догматикалық  талдауда,  оны  легистік  лингвистика  және  герменевтика 
(мәтінді  түсіндірудің  теориясы)  тұрғысынан  түсіндіруге  ұмтылуының, 
қызығушылық танытуының астары осында жатыр. Сонда, легистер үшін, 
осындай  акт  мәтінін  талдау  шеңберінен  шығатынының  бәрі, 
метафизикалық,  бейреалды,  бейпозитивті  болып  саналады.  Осындай 
бейпозитивті ұғымдар, идеялар, қағидалар, принциптер ( мысалы: құқық 
мәні, құқық идеиясы, табиғи құқық, жатсынбайтын адам құқы және т.т.) 
– легизм қағидасы бойынша, тек жалған сөздер, тілдік иллюзиялар және 
софизмдер.  Сөйтіп,  онтологиялық  және  сол  сияқты  гносеологиялық 
сипаттағы (құқықтағы мән мен құбылыс туралы, ерекше реттегіш ретінде 
құқық  болмысы  туралы  және  т.б.)  ұғымдық  –  мағыналық  мәселелер, 
дұрыс  сөз  қолдану  туралы  легистік  пайымдаулармен,  көзқарастармен 
ауыстырылады. 
Легистік  құқық  онтологиясы  феноменалистік  сипатта  болып, 
феномен  (құбылыс)  ретіндегі  құқық  құқықтық  мәнінен  айырылады. 
Мұнда  құқық  болмысы  бірден-  бір  объективтік  негізге  тәуелді  болмай, 
тұтастай және түгел билік беделімен, оның өзіндік субъективтік ұйғаруы 
және шешімдерімен анықталады. 
Ертеде  табиғи  құқықты  көне  гректер  адам  табиғатымен 
байланыстырған,  оның  өмір  сүру  құқығын,  өзінің  табиғи  қажеттілігін 
қанағаттандыруын, ләззаттандыруға құқығын, «нан және көрініске» және 
де  сол  уақытта  –  аскезаға  құқығын,  жеке  бас  бостандығына  құқығын 
байланыстырады. 
Антикалық кезеңде қалыптасқан табиғи құқық туралы көрініс өзінің 
өрнектелген  түрінде  бүгінгі  күнге  жетіп,  «адам  құқықтары»  идеясында 
туындады. Осыған сәйкес табиғи құқықтар туралы көріністердің тарихи 
эволюциясы  жеткілікті  көрсетімді,  немесе  ол  көзқарастардың  өзгеруін, 
адамның  қоғамдағы орны  мен рөлін  мемлекеттің  адамға және  адамның 


 
 
183 
мемлекетке қатынасын білдіреді. Табиғи құндылықтар шеңберінде адам 
өзін табиғаттан бөлектемейді. Ол онымен етене жақын. Оның ішкі және 
сыртқы табиғаты бар ырғақта болады. Еуропа өркениетінің тарихындағы 
сол  бір  ырғақтағы  адамның  қасқағым  сәттегі  сулбасы  антиктегі  Фидий 
мен Поликлеттің мүсіндерінде бейнеленген. Онда құдайдың бейнесі мен 
құдай  әсемділігі  адамның  бейнесі  мен  әсемділігімен  етене  жақын. 
Адамның  әрбір  іс-әрекеті  құдайдың  атымен  жабылады,  құдайлар 
адамдардың жұмысына басшылық етеді. 
Жасандының  табиғимен  байланысты  дұрыс  түсінікті  мінез-құлығы 
Демокрит бойынша әдепте, саясатта, көзқарастарда әділеттіліктің белгісі 
болып  табылады.  Грек  софистері  табиғат  заңдарына  (фюзис)  полис 
заңдарына (номос) қарсы қойып салыстырған. Мұнда олар номастың көп 
нәрсеге күштейтіндігін, оның табиғатқа қарсы екендігін негізге алды. 
Платон Сократтың позициясын өңдеді. Платонның ойынша, заңдар 
мен  әділеттілік  –  ол  бір  нәрсе,  олардың  негізінде  құдіретті  идеалды 
бастама  жатыр.  Одан  басқа,  ол  мемлекеттік  құрылымның  типтері 
(аристократия,  олигархия,  демократия  және  тирания)  мен  табиғи 
қалыптасқан  адамдардың  түрлерінің  арасынан  байланыс  табады.  Әрбір 
мемлекеттің  түрі  ішкі  тартыстардан,  қарама-қайшылықтардан,  қиянат 
етудің  арқасында  опат  болады.  Мемлекеттің  жақсы  түрі  –  ол  «орта» 
мемлекет,  онда  «орта»  элемент  бәрінен  биік  тұрады:  мінез-құлықта  – 
қоңырсалқындық, мүлікте - орташа тұрмыс, билік етуде – орта адамдар. 
«Орта» адамдардан тұратын мемлекетте ең жақсы мемлекеттік құрылыс 
болады – деп Аристотель айтқан. 
Аристотельде  құқықтың  екі  түрге  бөлінуі  туралы  айқын 
позициялардың  бірі  айтылады.  Еуропалық  құқықтық  ойдың  одан  арғы 
тарихында не адамның табиғи табиғатына акценттелген назарды немесе 
басқа  да  бастамада:  құқық  нормаларын  рациональді  және  ақылмен 
шығаруда.  
Табиғи  құқықтың  қалыптасуы  мен  оның  төңірегіндегі  пікір 
сайыстар  философиялық  мектептердің  қатарын  туғызды:  стоиктар, 
киниктер,  эпикурлықтар.  Адамның  табиғи  құқығы  оның  рухани  –  діни 
іздеулерінің  мызғымайтын  құқығы  болып  табылуы  туралы  мәңгі 
таластарының  талдауының  тақырыбы  болды.  Ағарту  дәуірінде  француз 
ағартушылары  Вальтер  мен  Руссоның  көзқарастарын  табиғи  құқықпен, 
бостандық және теңдік атты құндылықтармен байланыстырған. 
Табиғи  құқықтың  құндылықтарымен,  ресейлік  тарихшылардың, 
құқықтанушылардың, философтардың (Б.Н.Чичерин, П.А.Сорокин, Н.А. 
Бердяев,  В.С.Соловьев,  П.И.Новогородцев)  концепциялары  байланысты 
болған.  Мысалы,  П.И.Новогородцев  былай  деп  жазды:  «Табиғи- 
құқықтық қалыптасулар біздің рухымыздың қасиеті және оның жоғарғы 
құдіреттілігінің  куәсі  болып  табылады.  Егер,  идеалды  құрылымдарды 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау