Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет65/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   89

 
 
175 
Классикалық қоғамтануға тән объективтік құрылым, элиминациялық 
мақсат  пен  бағалы  қарым  –  қатынас  субъектері;  әлеуметтік  алғышартта 
конститутивтік жан-жақтылық субъективтілік құрылуда,интерсубъективті 
қатынастармен және адами әрекеттерге субъективті арақатынастар. 
Дәстүрлі  әлеуметтік  ғылымдарды  инструменталды  деп  анықтауға 
болады; 
классикалық 
әлеуметтік 
теория 
«шектеулі 
негіздер» 
жетістіктерімен  және  ізденістерімен  байланысты,  ол  бір  мағыналы 
түсініктер мен болжаулар береді, әлеуметтік ғылымдар әлеуметтік теория, 
соның  ішінде  әлеуметтік  алғышарттық  герменевті;  олар  гипотеза 
талдауын ұсынуда. 
Қазіргі  заманғы  әлеуметтік  -  гуманитарлық    білім  қоғамтану 
жүйесінің    қажеттілік  талдауынан  туындайды,  оның  қарамақайшылығы 
және  келешекте  дамуы,  адамның  өміріне  емес,  таным  пәндеріне 
бағытталған;  «методологиялық  шиеленіс»  жаңа  форма  шығару  түрін 
мазмұндау  және  әлеуметтік  болмыс  түрін  түсіндіру;  философияның 
методологиялық жұмысы танымды талдаумен ғана шектелмей, ол қызмет 
схемасын, адамның өз қолымен жасаған әлеуметтік болмысты елестету  
Методологиялық 
пайымдау 
адамның 
күнделікті 
өміріндегі 
мәселелеріне  көңіл  аударып,олардың  қарым-қатынасы,  өзін-өзі  ұстау, 
методология  жұмысы    анықтау,  жұмыс  кескінін  қайта  өзгерту, 
«құрастырылған» жеке адамның  күнделікті тәжірибесі.  
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.  Әлеуметтік гуманитарлық ғылым (әлуметтану, психология, экономика, 
лингвистика,  мәдениеттану,  саясаттану)  және  методология  әлеуметтік  – 
гуманитарлық танымның XIX ғасыр аяғында және XX ғасыр басындағы 
орнығу үрдісін мазмұндаңыз. 
2.  Классикалық  және  классикалық  емес  әлеуметтік-гуманитарлық 
танымның негізгі белгілері қандай? 
3.  М.М.  Бахтин  спецификасы  бойынша  әлеуметтік  тану  қандай  мағына 
береді? 
4. Әлеуметтік таным және герменевтикалық тәсіл қалай негізделеді? 
5. Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымның объектісі мен пәні дегеніміз не? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
176 
10.1   Құқықтың 
философиялық 
астарлары 
 
   10 ТАРАУ.  ЗАҢ  ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ  ФИЛОСОФИЯЛЫҚ 
                            ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
Құқық  ең  маңызды  әрі  күрделі  қоғамдық 
құбылыс  ретінде  түсінілетін  филосо-
фиялық категория. Сондықтан да ол  
бірнеше 
тұрғыдан 
қарастырылады. 
Алдымен,  субъективтік  тұрғыдан  құқық  қандай  да  бір  тұлғаның 
мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, 
демалу,  өмір  сүру,  қорғану  құқығы  секілді  тікелей  субьектімен 
байланысты  құқықтар.  Обьективтік  мағынадағы  құқық  –  нормативтік 
құқықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл 
орайда көрсетіп кету  керек -  субьективтік құқық обьективтік құқықтың 
негізінде  туындайды  және  тоқталады.  Құқықтық  обьективтік  және 
субьективтік  мағыналардың  біріктіріле  түсінетінділігі  де  жоққа 
шығарылмайды.  Осыларға  қарап  құқықтың  күрделі  категория  екенін 
білуге  болады.  Жалпы  алғанда  құқық  дегеніміз  -  мемлекет  белгілеп 
мақұлдаған  жалпыға  міндетті  мінез-құлық  ережелерінің  (нормалардың) 
жиынтығы.  Құқықтың  өзіндік  ерекшелігі  оның  нормаларының  сақтау 
мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде. 
«Құқық»  терминінің  көптеген  мәні  бар,  ол  заң  ғылымында, 
күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. 
Заң ғылымында «Құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. 
Біріншіден,  «Құқық»  -  ресми  түрде  танылған  жеке  және  заңды 
тұлғалардың  заңға  сүйене  отырып,  әрекет  жасау  мүмкіндігі.  Мысалы, 
азаматтардың  еңбек  ету  бостандығы,  білім  алу,  меншік  иесі  болу, 
кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. 
Субьективтік 
(тұлғалар) 
құқық 
тұлғалардың 
мүддесін 
қанағаттандыру  мақсатымен  құқықтық  нормаларының  құқық  нормалар 
тұлғаларына  берген  құқықтық  мүмкіндіктері.  Тұлғаның  құқығын 
құқықтық  қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланыста 
болғандықтан екі жақта да міндеттер пайда болады. 
Екіншіден,  «құқық»  дегеніміз  құқық  нормаларының  жүйеге 
келтірілген  жиынтығы.  Бұл  обьективтік  мағынадағы  құқық,  себебі  іс-
әрекеттің жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. 
Үшіншіден,  «құқық»  термині  оқу  пәнін  білдіретін  ұғым  ретінде 
қолданылады.  Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді:  конституциялық 
құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, 
қылмыстық құқық, қаржылық құқық т.б. Құқық саласы  - өзара туыстас 
қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. 
Төртіншіден,  «құқық»  термині  тұлғалық  құқық  пен  обьективтік 
құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. 


 
 
177 
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай 
анықтама беруге болады: 
Құқық (обьективтік тұрғыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті, 
мемлекет  күшімен  қамтамасыз  етілетін,  қоғамдық  қатынастарды 
реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық 
норма, ережелердің жиынтығы. 
Құқықтық  мәні  Конституцияда  және  басқа  да  заңдарда  бекітіліп, 
тиянақталған  оның  түпқазық  бастауларында,  негізгі  принциптерінде 
ашылады.  Оларға  жататындар:  саяси  биліктің  халықтың  атынан  жүзеге 
асуы, меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субьектілерінің теңдігі, 
демократизм, интернационализм, гуманизм. 
Саяси  биліктің  халықтың  атынан  жүзеге  асуы.  Бұл  ереже 
Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  биліктің  бірден-бір  бастауы- 
халық  болып  табылады  делініп,  Конституцияда  дәйектелген.  Халық 
мемлекеттік билікті тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады. 
Меншіктің  дамуы,  қорғалуы  және  олардың  субьектілерінің 
теңдігі  –  мемлекеттің  материалдық  -  техникалық  базасын  құрудағы 
маңызды шарт. 
Конституцияда  Республиканың  экономикасы  мемлекеттік,  сонымен 
қатар  жеке  меншік  нысандарына  негізделнтіні,  ал  мемлекет  меншіктің 
барлық  субьектілерінің  заң  алдындағы  теңдігін  қамтамасыз  ететіндігі 
жөніндегі ереже бекітілген. Республика басқа мемлекеттер аумағындағы 
өзінің  азаматтары  мен  заңды  тұлғаларының  өз  мүліктеріне  деген 
меншіктік құқығын қорғайды. 
Демократизм  азаматтық  құқықтар  мен  бостандықтардың  кең 
ауқымымен  ұштаса  отырып,  адамның  мемлекеттік  істерді  шешуге 
қатысу 
құқығын 
қамтамасыз 
ететін 
оның 
құқықтары 
мен 
бостандықтарын  заң  жүзінде  бекітуді  білдіреді.  Демократизм 
азаматтардың  қоғам  алдындағы  міндеттерінің  ішіндегі  айрықша  орын 
алатыны  –  олардың  мемлекеттік  істерді  басқаруға  қатысуы  арқылы 
мейлінше  толық  жүзеге  асады.  Қазақстан  Республикасы  қоғамдық 
бірлестіктердің Конституция мен заңдар шеңберінде мемлекеттік істерді 
басқаруға,  заңдарды  талқылау  мен  қабылдауға,  мемлекеттік  және 
жергілікті  деңгейдегі  мәні  бар  мәселелерді  шешуге  қатысуына  кепілдік 
береді.  
Интернационализм - барлық ұлттар  мен ұлыстардың өзінің  саяси, 
шаруашылық және мәдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі 
теңдікті  тану  және  оны  құқықпен  қамтамасыз  ету  болып  түсініледі. 
Республикамызда  нәсіліне,  ұлтына,  тіліне  және  т.б.  жағдаяттарға 
қарамастан  құқық  пен  бостандық  теңдігіне  кепілдік  беріледі.  Елімізде 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  интернационалдық  ұғым  ретінде 
қолданылады. 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау