21
Химия пәнінің бағдарламалық мазмұнының өзгерген екінші кезеңі-
революциядан кейінгі кезең. Бұл кезеңде химияны оқыту психологиялық,
педагогикалық ғылымдармен байланысын күшейтіп, білім беруді әдістемелік
тұрғыдан қарастыруда көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Әрине, мұндай
ізденістер ол кезеңде орыс авторларының ғана еңбектері арқылы жүзеге асты.
Қазақ мектептерінде химиядан білім беруде 1936-50 жылдар аралығында
орыс авторларының оқулықтарын аударып пайдаланудың маңызы зор болды.
Олардың
қатарында
П.П.Лебедевтің
«Химия
жұмыс
кітабы»,
В.Н.Верховскийдің «Анорганикалық және органикалық химия» оқулықтарын
атауға болады [79,80]. Сондықтан да, ол оқулықтар мен оқу құралдары
қазақшаға аударылып басылды. Орта мектептің оқу жоспарына химиядан
берілген сағаттың көбеюіне байланысты Қазақстанда өз ана тіліндегі химия
оқулықтары мен оқу құралдарын шығару қолға алынды. Әсіресе, жан-жақты
өркендеген химиялық жетістіктерді оқушыларға нақты жеткізу үшін қазақ
тіліндегі химиялық атауларды (терминалогия) қолдануға оның ата тіліндегі
нұсқалары керек болды. Бұл мәселемен республикамыздың белгілі ғалымдары:
Б.Бірімжанов, Х.Молдағалиев, С.Омаров айналысты
[33,81,82]
. Осыдан кейін-
ақ, химияны оқытудың оқу құралдары, лабораториялық жұмыстарды
жүргізудің әдістемелік нұсқаулары, жарық көре бастады. Ал, қазақ тілінде
химиялық терминологияның жасалуы Б.Бірімжанов, Х.Молдағалиев, С.Омаров
сияқты белгілі ғалымдардың атымен байланысты екенін естен шығармауға
тиіспіз.
Осымен қатар, алғаш рет мектеп оқушыларына арналған оқу құралы 1939
жылы жарық көрген Ғ. Қазбековтің «Химияның лабораториялық жұмыстары»
атты кітабы болды.
Химияны оқыту мен оның пәндік мазмұнының әр кезеңде өзгеру сипаты
К.Ш. Арынованың « Орта мектепте химиядан оқу-әдістемелік кешенді
пайдаланудың әдістемелік негіздері » және Ж.Р. Нұрмұхамбетқызының «
Химия пәні сабағында оқушыларды жаңа буын оқу-әдістемелік кешенмен
оқыту әдістемесі» атты еңбектерінде толық көрсетілген
[83,84]
. Қай кезеңде
болса да, оқулық мазмұнының ғылыми тілінің түсінікті, деректерінің нақты
болуы және оқушылардың күнделікті қоршаған ортадан кездестіретін
заттармен байланыстылығы білім алушының сол пәнге деген қызығушылығын
оятуына түрткі болады. Оқулықтың сапалылығы оқушылардың білімділігінің
кепілі екендігі туралы оның аса күрделі мәселелер қатарына жататындығын
ғалымдар мойындайды. Бұл туралы В.П. Беспалько «Оқулық жазу оңай шаруа
емес, нағыз оқулықтар жасайтындай болып кемелдену үшін, педагогика
жөніндегі қазіргі ғылыми монографияларды байыбына жете зерттеп оқыған
жөн» деп сипаттаған [85]. Жоғары мектепке арналған оқулықтарды зерттеумен
айналысқан ғалым П.Г.Буга ЖОО арналған оқулықтарды дайындауда
жіберілетін кемшіліктерді көрсетеді:
- оқу материалын бергенде пәнаралық байланыстың ескерілмеуі;
- әртүрлі пәндер бойынша берілген материалдың әлсіз сабақтастығы;
- оқу кітабындағы анықтамалық
аппаратының әлсіз берілуі;