Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет24/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48

51 
 
жаңа  мәселелерді  көре  білетіндей,  білімді  өздігінен  іздене  отырып,  меңгерген 
білімін  жаңа  жағдайда  қолдануға  жеткізетіндей  болуға  тиісті.  Ол  үшін 
оқулықпен жұмыс атқаруда мына мәселелер ескерілуге тиісті: 
- мәтін мазмұнын оқу барысында онда кездесетін ғылыми анықтамаларды, 
заңдарды ойда сақтайтындай жағдай жасау; 
-  кездескен  атаулар  мен  жаңа  ұғымдарға  мән  беріп,  оларды  дәптерге 
жаздыру; 
-  тірек  сөздер  бере  отырып,  оқушыларға  химиялық  ерекшеліктерге 
байланысты сөйлем құрату; 
- оқығандарын сөзбе-сөз емес, өз ойларымен қорытындылай отырып, еркін 
айтуға жаттығу. 
Алға  қойған  талаптарды  орындауда  оқулықтың  тек  өз  мазмұнымен, 
шектелмей,  оның  құрамдас  бөлігіне  енетін  оқу  құралдарымен  тығыз 
байланыста,  сабақтастықта  қарау  талабы  тұрады.  Себебі,  қандай  ғылыми 
ұғымды  қалыптастыру  мақсатын  алға  қойсақ  та,  оларды  бір-бірімен  ұқсас 
ғылымдар  жүйесімен  байланыстыра  отырып  оқыту  арқылы  қол  жеткізуге 
болады. 
Орта метептегі бейорганикалық химия пәні оқушыларға заттар және оның 
қасиеттері  мен    қосылыстарынан    бастап,  біртіндеп  дамыта  отырып  химия 
ғылымы  ашқан  теориялар  мен  заңдылықтарды,  нақты  деректерді,  химиялық  
ұғымдарды, түсініктерді   меңгертеді. Бұл алғашқы ұғымдар зат,  оның сапалық 
және сандық сипаттамасы, символикасы туралы берілетін ұғымдар. Осылардан 
біртіндеп,  заттардың  өзгерістері,  құбылыс,  бір  заттың  екінші  затқа  айналу 
терминдерінің  арақатысын    меңгере  отырып,  химиялық  реакция  ұғымын 
түсініп,  оның  формуласын  жазу  деңгейіне  жетеді.  Бұл  меңгерту  жолында 
мұғалімнің  іс-әрекеті  мен  оқушыладың  өзіндік  іс-әрекеттерінің  тиімді 
тоғысулары үлкен рөл атқарады. Осы кезге дейін химия пәнін оқыту мәселесіне 
байланысты Республика көлемінде  көптеген әдістемелік құралдар жарық көрді. 
Бұлардың  қатарында:  Д.Қоянбаев,  А.Г.  Гатаулин,  Л.З.  Дюсюпова, 
Л.П.Калашникова,  К.А.Сарманова,  О.  Хаймолдин,  А.  Мырзабаев,  М.  Д. 
Жадриналарды  және  т.б.  атай  аламыз 
[121,122]
.  Бұл  педагогтар  орта  мектеп 
химиясын  оқытуға  байланысты  оны  әр  тұсынан  зерттеп,  мұғалім  қауымына 
үлкен  әдістемелік  көмек  көрсетті  және  сол  еңбектердің  нәтижесі  қазіргі  таңға 
дейін  мектеп  химиясын  оқытуда  жетістіктерге  жетудің  негізі  болып  келеді. 
Мектеп  химиясын  оқытуда  тек  әдістемелік  құралдар  дайындау  ғана  емес, 
күрделі  ғылыми  зерттеу  жұмыстары  да  жүргізілді.  Бұл  зерттеулерде  химияны 
оқытудың  басқа  пәндермен  байланыстару  да  жан-жақты  назарда  болды. 
Сонымен қатар, мектеп химиясының мазмұнын талдап, қазіргі таңдағы олардың 
құрамына енген жаңалықтарды да көрсете білді. Соңғы жылдардағы зерттеулер 
негізінде  химия  оқулықтарының  мазмұндық,  құрылымдық  жүйесі  біраз 
реттелді. Химияның ғылыми тілі сараланып, тұрақталып оның мазмұнына біраз 
өзгерістер енгізілді. Мәселен,  бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары 
және  электролиттік  диссоциация  теориясы  тұрғысынан  олардың  химиялық 
қасиеттері жөніндегі мағлұматтар толықтырылып, қорытындыланды.  


52 
 
Оқулықтың   «Кіріспе» бөлімінде  химия  ғылымы  нені  зерттейтіні  жөнінде 
және  химияны  оқып  үйренуде  қандай  әдістердің  басым  қолданылатыны 
жайында  қысқашы  материалдар  берілді. 7-  сыныптың    соңғы  қолданыстағы 
оқулығында (авторлары:  М.Қ.Оспанова, Т.Г.Белаусова, Қ.С.Аухадиева) 
«Химия  пәніне  кіріспе» бөлімінде  таза  заттар,  және  қоспалардан  бастап 
берілетін білім біртіндеп күрделене түседі.  Сондай-ақ, осы алғашқы берілетін 
ұғымнан бастап, оқушыларға химиялық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға 
бағытталған  және  қарапайым  химиялық  тәжірибелер  жасауға  үйрететін 
тапсырмалар беріледі. 
Біз зерттеу жұмысымызда бейорганикалық химия пәнінің оқулықтары мен 
оқу құралдарын байланыстыра  оқытудың дидактикалық  негіздерін қарастыру 
мақсатын  өзімізге  міндет  етіп  қойғандықтан,  7-  сыныптың  химия  оқулығын 
өзіміз құрастырған (авторлары:О.С. Габриелян,  Ж.Ә.Шоқыбаев, Г.У.Ильясова)  
« Химияға кіріспе 7-сынып» оқу құралымен байланыстыра отырып, білім беру 
мәселесіне тоқтала келе, осы  арқылы  оқушылардың теориялық білімдері мен 
практикалық біліктерін қалыптастыруды қарастырмақпыз. 
Әсіресе,  химия  оқулықтарының  мазмұндық  мәселесін  сөз  еткенде  оны 
басқа  жаратылыстану  ғылымдарының  негізімен  байланыстыра  оқытудың  
қазіргі  білім  беру  талаптарының  бірі  екендігіне  тоқталған  болатынбыз.  Оқу 
құралын  құрастырушы  авторлар  химияның  ғылымда  алатын  орынының 
еркешелігін  былай  қойғанда,  оның  бүкіл  шаруашылық  салаларында    алатын 
орынының  маңыздылығымен  қоса,  бүкіл  жаратылыстану  ғылымында  негізгі 
орынды  алатындығын  атай  келіп,  «химия  және  физика»,  «химия  және 
геграфия», «математика және химия», «химия және биология» байланыстарын 
ашуға  тоқталады.  Сондықтан  да,  осы  сабақтастықтарды  химияны  оқыту 
барысында  қолданудың  оқушылардың  теориялық  білімі  мен  практикалық 
біліктерінің  қалыптасуы  мен  іскерліктерінің  шыңдалуына    тигізетін  әсерін 
қарастырамыз. 
7- сынып бейорганикалық химия оқулығының алғашқы «Таза заттар және 
қоспалар»  тақырыбында  «зат»  және  «дене»  ұғымдарын  түсіндіретін  ғылыми 
ақпарат  түрінде  материал  беріледі.  Бұл  екі  химиялық  терминнің  анықтамасы 
талданып, мысалдар келтірідеді. Оқулықтың 9- бетіндегі заттардың қасиеттері 
туралы  анықтама  былай  берілген:  Заттардың  бір-бірінен  айырмашылығын 
немесе, өзара ұқсатығын көрсететін белгілерді олардың қасиеттері –деп атайды. 
Біздің  пікірімізше    мұны  оқушыларға  өте  жеңіл  түсіндіру  үшін  оларға  сол 
заттар арқылы тәжірибе жасату бірінші орында тұрмақ. 
«Заттардың  тек  өзіне  ғана  тән  белгілерін  оның  қасиеті  дейді.  Заттардың 
қасиеті  кейде  бір-біріне  ұқсас  не  бір-бірінен  үлкен  айырма  жасауы  мүмкін» 
десек, ең алдымен оқушы заттың қасиеті тек сол затқа ғана тән болатындығын 
түсінуге тиіс. Осы тақырыпты меңгерту кезінде мұғалім оқу құралының  10-11 
беттерінде  берілген  материалдарды    сабақ  барысында  оқушыларға  өзіндік 
жұмыс  орындатуда  немесе,  үйге  берілетін  тапсырмаларға  қосымша  ретінде 
ұсынуына    болады.  Бұл  материалдарды  пайдалану  арқылы  біріншіден, 
оқушылардың  заттардың  қасиеттері  туралы  теориялық  ұғымдары  тереңдей 


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау