53
түседі. Екіншіден, жалпы заттардың табиғатта үш түрлі агрегаттық күйде
кездесе отырып, әр заттың өзіндік қасиеті болатындығына тәжірибе арқылы көз
жеткізу негізінде олардың практикалық іс-әрекеттері дамиды. Себебі,
оқушылар 10-беттегі үш түрлі заттың қасиеттерін сызба бойынша анықтайды.
Заттардың басты қасиеттеріне байланысты оларды пайдаланудың да түрлі
деңгейде болатындығын терең ұғына түседі. Сонымен қатар, адамның қоршаған
ортаға зияны туралы мағлұматты толықтыра түсуге оқу құралының 8-9
беттеріндегі материалдар мен берілген бейнелі көрнекіліктердің де
оқушылардың тақырып-ты саналы меңгеруіне үлкен пайдасы тиеді. Бұл тұста
оқушылар оқу құралында берілген материалдарға негіздей отырып, өздерінің
өмір тәжірибесімен және жергілікті жағдайда байқағандарымен салыстырып
ауызша әңгіме құрастыра алады. Оқулық пен оқу құралдарындағы
материалдарды байланыстырудың негізгі мақсатының өзі оқушылардың
қоршаған ортадан алған ұғымдары мен бақылап, байқағандарының байланысын
күшейту арқылы олардың материалды өзіндік ой елегінен өткізуін, жүйелі ойын
дамыту мен білімді өздігінен толықтыруды қамтамасыз ету сияқты
дидактикалық принципті орындау. Оқулықтағы осы аталған мәтінде адамның
табиғатқа тигізетін зияны туралы да сөз қозғалады. Бірақ, оны түрлі мысалдар
арқылы терең талдап жатпайды. Мұны түсінуге болады, себебі, бір сабақтың
үстінде қаралатын мәселелер жеткілікті болғандықтан, ондай ұғымдарды
оқушылар өздігінен ізденіп-ақ толықтыра алатыны белгілі. Сондықтан, осы
тұста оқу құралындағы материал адамның табиғатқа тигізетін жағымсыз әсерін
көрсететін көрнекі бейнелі суреттер арқылы беріл-ген материалды
оқушылардың өздігінен оқып, білімдерін толықтыруға ұсыну қажет. Бұл
арқылы адам баласының қазіргі таңдағы табиғатқа тигізетін зиянын түсініп
қана қоймай, оқушылардың бойында табиғатқа қамқорлықпен қарау сезімдері
оянады. Экологиялық тәрбие мәселесі де жүзеге асады. Егер, осы тақырып
бойынша оқу құралының оқулықты толықтыру тұстарына ой жүгіртсек,
біріншіден, тақырыптың ғылыми білімдік мазұнын толықтырып, оқушы-
лардың материалды саналы меңгеруі жүзеге асады. Екіншіден, оқушыларға
өздігінен орындайтын тапсырмаларды бере отырып, тақырыптың оларды
дамытушылық мақсаты орындалады. Үшіншіден, әрбір мәтін тәрбиелік тұстары
ашылуға тиіс екенін ескерсек, бұл мақсаттың да орындалғандығын көруге
болады.
Оқулықтағы «Таза заттар және қоспалар» тақырыбы оқушыларға таза зат
деп қандай затты айтатыны мысалдар арқылы жақсы берілген. Сонымен қатар,
қоспалардың құрамы талданып, олардың біртекті және көп текті болатындығы
да сызба арқылы түсіндіріледі. Қоспаларды айырудың түрлері де оқушыларға
түсінікті тілде жеткізіліп отыр. Қоспаларды бөлу кезінде жүргізілетін
тәжірибелер көрнекі суреттер арқылы көрсетіледі. Осы тақырыпқа байланысты
оқу құралының 18-19 беттеріндегі бақылауды, тәжірибені, экспериментті
ұйымдастырудың жағдайы мен химиялық білімді меңгерудегі олардың
маңызын мәлімдейтін материалды оқушылардың үй жұмысы кезінде өздігінен
орындауына бере отырып, өздерінің сабақ барысында жасаған тәжірибелерінің
54
мәнін терең ұғынуына жағдай туады. Бұл оқушылардың практикалық
іскерлігін дамытып қана қоймай, химиялық ұғымдардың басқа да
жаратылыстану ғылымдарымен байланысын түсінуге мүмкіндік туғызады. Бұл
тұста оқу құралының 26- бетіндегі 2-сарамандық жұмыста да оқушылардың
өздігінен бақылауына жүктеген дұрыс. Сонымен қатар, оқушылардың таза
заттар және қоспалар туралы білімдерін толықтыра түсетін материал оқу
құралының 90-95 беттерінде толық және нақты мысалдар арқылы берілген.
Мұндай материалдарды оқушылардың қосымша мағлұмат алуына үлкен көмегі
тиетіні анық. Мәселен, сұйық заттардың және қатты заттардың қоспалық
құрылымдарына байланысты мысалдар оқушылардың күнделікті өмірден
кездестіріп жүрген заттарына байланысты келтірілген. Мұндай мысалдар білім
үшін ұсынылатын материалдардың ғылымилығы мен нақты деректер негізінде
берілетіндігінің дәлелі болып табылады. Мұндай материалдармен танысу
арқылы оқушылар өз маңайындағы заттардан мұның дәлелін іздей бастайды.
Оларды ажыратып дәлелдейді. Осындай негізде болашақта орта мектеп
оқушылары ғылыми жоба жұмысымен айналысуға мүмкіндік алады. Оқу
құралының 116-121 беттерінде қоспаларды бөлуге арналған материал берілген.
Мұндағы кейбір мысалдар оқушылардың күнделікті өмірде көріп жүрген
заттарына байланысты таныс нәрселер. Сондықтан да, оқушыларға оқу
құралындағы осы материалдармен таныса отырып, өздерінің қоспаны бөлуге
байланысты мысалдарын дайындап келуді тапсыруға болады. Мұндайда
оқушылар неше түрлі қызықты ұсыныстар жасайтыны анық. Ол ұсыныстардың
дұрыстығы мен қателігін өздері біріге отырып, талқылау барысында шешімге
келеді. Бұл біріншіден, оқушылардың ойлануына жағдай туғызса, екіншіден,
берілетін білімді игілендіру мақсатын орындауды қамтамасыз етеді. Себебі,
оқушылар өз таңдаулары бойынша ой қорытып, оны ортаға салады. Өз ойларын
қысылмай, талқылауға қатысады. Бұл олардың ойларын ортаға салуға, пікірін
айтуға тартыншақтығын жоюдың, білімді өздігінен іздену арқылы меңгерудің
бірден-бір жолы деуге болады.
Оқулықтың құрылымына қойылатын талаптардың бірі мазмұнның қазіргі
ғылым жетістіктеріне сай келуі. Әрине, соңғы қоланылып отырған 7-сынып
оқулықтарында бұл талаптар орындалған деп айта аламыз. Дегенмен,
оқушылардың ғылыми ізденістерін шыңдай түсу үшін оқу құралында берілген
сарамандық жұмыстарды тақырыптардың мазмұнына қарай пайдалану
оқулықтың ғылымилық мазмұнын күшейте түспек. Оқулықтағы «1-
практикалық жұмыс» тақырыбы бойынша химия кабинетінің жасақтануы және
онда сақталатын химиялық заттар мен қауіпсіздікті сақтау жолдары
мәлімделеді. Енді, осы мәліметтерді толықтыра түсетін материал оқу
құралының 20-25 беттерінде беріліп отыр. Бұған қарап, бір сабақтың үстінде
мұның бәрін қамтуға қиын болады деп ойлау мүмкін. Ал, шын мәнінде
ізденген мұғалім оқушыларға оқулықпен оқу құралындағы материалдарды
жұптық, топтық жұмыстар түріне бөле отырып, өздігінен талқылауына ұсынса,
олардың сабаққа деген қызығушылығы мен ізденушілігін дамытуға мүмкіндік
алады.
Достарыңызбен бөлісу: |