55
Физикалық, химиялық құбылыстарды және олардың айырмашылығын
түсіндіретін мәтінді оқушыларға меңгертуде оларға оқу құралдарындағы
найзағайды қолдан жасау арқылы физикалық құбылысты түсіндіретін
материалды пайдалануға болады. Осы тұста оқу құралындағы «химиялық
элемент» ұғымына байланысты берілген материалдарды қолдану арқылы
олардың химиялық элемент символын жазбаша белгілеу туралы біліктерін
және оны алғашқы ұсынған швед химигінің аты жөнін есте сақтауға мүмкіндік
туады. Оқушылар химиялық элементтердің атаулары мен таңбаларының
жазылуын кестені пайдалана отырып, жазып, жаттығуға тиісті. Себебі,
химиялық формулаларды жазуда да, есептер шығаруда да бұл оқушылардың
қолданатын таңбалары болып табылады. Оқу құралында осы мәселеге
байланысты химиялық формуланың мына маңызын ашып көрсетеді:
- заттың сапалық құрамын, яғни берілген заттың құрамына қандай
элементтер кіретінін;
- сандық құрамын, яғни зат молекуласының құрамына әр элементтің қанша
атомы кіретінін;
- заттың формуласы бойынша оның жай заттарға немесе күрделі заттарға
жататынын білеміз»-дейді. Бұл оқушылардың үнемі басшылыққа алатын
ережесі деп қарасақ та болады. Сондықтан да, оқу құралындағы берілген
материалды міндетті түрде оқулықтағы негізгі мәтіннің мазмұнымен
байланыстырудың тиімді жолдары мен әдістерін іздестіруге тура келеді.
Жоғарыдағы мәселелерге тоқтаған кезде біз химиялық тілді қолдануға мән
беріп отырмыз. Себебі, әрбір ғылымның өз ерекшелігін, түрлі белгілерін ашып
көрсететін оқушыларға қолайлы түсіндіретін өзінің тілі бар. Химия
ғылымының тілі: химиялық терминология, номенклатура және символикадан
тұрады. Химия тілі химиялық білімнің берілу формасы және көзі [123]. Бұл
келтірілген химиялық формулалар туралы мәліметтер оқулықтағы «Атомдар
мен молекулалар, жай және күрделі заттар» бөлімінде тереңдеп, білім тексеру
тапсырмаларын орындаумен тұжырымдалады. Әр пәннің тілі сол пәннің
мазмұнын ашудың және оны тиімді оқытудың құралы ретінде қаралады. Белгілі
педагог А.А.Сохордың пікірі бойынша оқушылардың оқу-танымдық әрекеті
жас буынға әлеуметтік тәжірибені жеткізетін тілдік әрекетпен тығыз
байланысты деп көрсетеді
[17]
.
Бәрімізге белгілі жағдай оқулықтағы мәтіндердің әртүрлі деңгейде
беріліп
отырғандығы. Дегенмен, мәтін мазмұнының оқушылардың қайталап айтып
беруіне ыңғайланып, репродуктивті деңгейде берілуі олардың дамуына жол
ашпайды. Бұл түсінгендерін оқушының өз сөзімен қайталап айтып беруі
арқылы бағаланатын төменгі деңгей деп есептейміз. Ал, қосымша оқу
құралындағы материалды пайдалану кезінде мұғалім оны оқушыларға ауызша
талдату, жазбаша жаздыру, әрбір топқа жекеше тапсырма ретінде ұсыну
арқылы жаңадан меңгерген жаңалықтарды қолдана білуге мүмкіндігі бар
алгоритмдік деңгейге көтереді. Сонымен қатар, оқушылардың бұған дейінгі
білім алу барысында қалыптасқан дағдыларын (талдау, салыстыру, өмірмен
байланыстыру, ақпараттарды қолдану т.б.) пайдаланып, берілген тапсырманың