67
жағдайда оқушылардың бұрын алған білімдері де ескеріледі. Оқушылар
бастауыш сыныпта «дене», «зат» ұғымдарын дүниетану пәні бойынша
меңгерген болатын. Сондықтан да, сабақтың кіріспе бөлімінде оқушылардың
зейінін сабаққа бағыттау мақсатымен бірден кіріспе сұрақтар мен тапсырмалар
беріледі:
- маңайларыңа қарап, сынып ішінен көздеріңе түскен денелерді атаңдар.
- осы денелердің қандай заттардан тұратынын анықтаңдар.
- мәселен, мынау сендер отыратын парта, ол қандай заттардан тұратынын
анықтаңдар. Бұл партаның пішіні көлемі туралы айтыңдар.
2. Оқулықпен жұмыс: Оқулықпен жұмыс жасауда әр уақытта мына
мәселені ескеруге тиіспіз. Көптеген ғалымдардың айтуынша оқулыққа
берілетін анықтама, оның ғылыми материалдарды педагогикалық тұрғыдан
өңдеп, оқушыға түсінікті тілде жеткізетін құрал. Сонымен қатар, оқулықтың
атқаратын қызметі оқушыларда дербестікті, ынталылықты, өз бетінше білім
алуға әзірлікті қалыптастыру және дамыту; оқушылардың кәсіптік бейімділігін
анықтауға жәрдемдесу; оқушылардың өмірлік бағыт алуына және болашағын
болжауға көмектесетін құрал. Олай болса, білім алу барысында оқулықпен
жұмыс ұйымдастыруға үлкен мән беріледі. Сондықтан да, бұл тақырыпты
меңгертуде оқулықпен мына жұмыстар ұйымдастырылады: оқулықтың 8-
бетіндегі материалды оқып түсінігін айту. Оқушылар материалды оқу арқылы
өздерінің осығын дейінгі айтқан жауаптары мен пікірлерінің дұрыстығына көз
жеткізеді. Тақырыптың мазмұны әрбір дененің бір немесе бірнеше заттардан
тұратынын және денелердің белгілі өлшемі мен пішіні болатынын түсінеді.
Тақырыптан кейін берілген «Біліміңді тексер» ішінен 3-4 тапсырмаларды
ауызша орындайды.
3. Дәптермен жұмыс: Оқушылар дәптерлеріне өздері білетін 3 дененің
атын, оның қандай заттардан тұратынын жазып, оны ауызша кезектесіп айтуға
дайындалады. Тапсырманы жұмыс дәптеріне орындату арқылы біріншіден,
уақыт үнемдеуге мүмкіндік туса, екіншіден, оқушылардың ізденушілігін
дамытып, химия тілін жазбаша қолдануына жетелейді.
4. Көрнекілікпен жұмыс. Оқулықтағы «Заттардың физикалық қасиеті»
сызбасын талдап, ол туралы толық ұғым алады.
5. Оқушылардың сабақтың бас кезіндегі меңгерген ұғымын тұжырымдау:
- зат дегеніміз не?
- денелер неден тұрады?
- заттардың физикалық қасиетін атаңдар.
6. Оқу құралымен жұмыс: Оқу құралының 10-11 беттеріндегі материалды
оқып, оны оқулықтан алған ұғымдарына байланыстыру. 2-сурет бойынша
ауызша әңгіме құрастыру. 11 - бетте көрсетілген әртүрлі денелердің заттық
құрамын анықтау. 12 - бетте берілген 5-6 тапсырмаларды орындау. Бұл
жұмыстар арқылы оқушылар сабақтың бас кезінде алған білімдерін толықтыра
түседі. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы теория лық білімдерін практикада
қолданады.
68
7. Тақырып мазмұнын қортындылау кезінде мұғалім бірнеше жаңа
технологияларды қолданады: а) Не білдік?, Нені білгім келеді? сұрақтары
арқылы оқушылардың ойын, сабақ барысында пайда болған пікірлерін және
материалды меңгеру деңгейін байқайды.
ә). Оқушыларға мәтінді қортындылау үшін жоспар жасауды тапсыру
арқылы олардың материалды қаншалықты меңгергенін байқап қана қоймай, ой
қорыту, білімін тұжырымдау деңгейлерін анықтайды. Осыған қарап,
оқушылардың әлде де, жете түсінбей қалған ұғымдарын қайталауға, немесе,
жақсы түсінген оқушыларға айтқызу мүмкіндігі туады. Мұндай жағдайда
оқушылардың сабаққа жауапкершілікпен қарауы қалыптасады.
Егер, көңіл аударып қарасақ, сабақтың өне бойы, тіпті кіріспеден бастап,
оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің басымдығын байқауға болады. Ол іс-
әрекеттердің түрі де өзгеріп отырды. Бірақ барлық іс-әрекеттің түрлері
(оқулықпен, дәптермен, көрнекілікпен, оқу құралымен, үлестірмелі матери-
алдармен, беріліген үлгі бойынша жұмыстар, сұрақтар мен тапсырмалар
бойынша орындалған жұмыстар т.б.) дерлік мәтіннің мазмұнын ашуға және сол
мазмұнға байланысты тәжірибелер, практикалық іс-әрекеттер орындауға
арналған. Бұл оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттырып, өздігінен іздену
арқылы білімді меңгеруіне көмектеседі. Мұндай жағдайда мұғалім
оқушылардың қателескен, не ұғынбай қалған жерлерінде ғана көмекке келеді.
Қазіргі таңдағы білім беруге қойылып отырған талаптың өзі осы. Оқытудың
міндетті нәтижелерін анықтау және оқушылардың дайындығының мүмкін
деңгейін қаматамасыз ету де маңызды, яғни оқулық құруда негізгілердің бірі
болып табылады [130,131].
Бұл жоғарыда келтіріліп отырған сабақ жоспары сабақтың жаңа ұғым беру
формасына ( түріне) жатады. Химиядан білім беруде мектеп өмірінде дәстүрлі
сабақтардың түрлерінің жиі ұйымдастырылатыны бізге белгілі. Белгілі
әдіскер-педагог И.Нұғыманұлы химия пәні сабақтарының түрін мына
төмендегідей етіп жіктеген:
- жаңа білім мен білікті игеру;
- теориялық білім мен білікті жетілдіру;
- білімді қорыту және жүйеге түсіру;
- бақылау есепке алу;
- аралас сабақтар [132].
Қазіргі таңда бұл сабақ типтері жеткіліксіз екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Қазірде көбіне сабақты оқушылардың оқу әрекеттерінің түріне қарай жіктеуге
көбірек көңіл бөлінеді. Олар:
- тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы ғылыми ұғымды меңгерту сабағы;
- эксперимент жұмысы нәтижесінде берілетін білім сабағы;
- оқушылардың ізденушілігін қалыптастыру сабағы;
- ғылыми жобаны қорғау сабағы;
- пікір сайыс сабағы т.б.
Бұған қарап, сабақтың білімді бақылау, есепке алу т.б. әрекеттеріне мән
беру болмайды деген пікір тумауға тиіс. Мұнда сабақ бастан аяқ оқушылардың
Достарыңызбен бөлісу: |