Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет23/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48

49 
 
құралдары  теориясының  дамуының  негізгі  бағыттары  қарастырылады.  Бұл 
саралау  арқылы  оқулық  құру  мәселесінің  өте  алыстан  келе  жатқан  ерекше 
тарихы    барлығына  көз  жеткіздік.    Қай  заманда  да  алдыңғы  қатарлы 
ойшылдардың  жас  ұрпаққа  білім  берудегі  оқулықтың  алатын  орынын  ерекше 
бағалап,  оны  құрудың  жолдары  мен  әдістеріне  тоқталғандығы  белгілі  болды. 
Бірақ,  әр  заманның  және  қоғамның  өзгеруіне  қарай,  оқулықтар  мен  оған 
қосымша  оқу  құралдарының  мазмұны  мен  құрылымына  қойылып  отырған 
талаптардың өзгергендігін көреміз.   
Оқулықтар  мазмұны    мен  құрылымына  және  оған  қоятын  дидактикалық 
талаптар  білім  реформасына  дейін  негізінен  оның  ғылымилығы,  бірізділігі, 
жүйелілігі,  көрнекілігі,  жергілікті  материалдармен  байланысы  т.б.  бұрынан 
белгілі принциптер орын алған болатын. Ал, қазіргі таңда  қоғамның сұранысы 
бойынша  берілетін  білімді  ізгілендіру,  тұлғаға  бағдарлау,  шығармашылыққа 
баулу,  кіріктіре  отырып  білім  беру  т.б.    жаң  талаптар  қойылып  отыр.  Осыған 
орай,  оқулық  пен  оқу  құралдарының  дидактикалық  функциялары  да  біраз 
өзгеріске  ұшырауда.  Оларға  қойылатын  талаптар  мен  оқулық  құрылымын 
қарастыру арқылы оқулық пен оқу құралдарының дидактикалық функцияларын 
айқындау  жолында  оның  көп  құрамдылығын,  әр  құрамның  атқаратын 
қызметінің  түрлерін  сараладық.  Оқулықтың  дидактикалық  функциялары 
туралы  ғалымдардың  пікірлерін  саралай  отырып,  біз  өз  пәнімізге  тән  және 
лайықты 
дидактикалық 
функцияларды 
анықтадық. 
Осы 
саралаған 
функциялардың  құрамына  оқулық  мазмұны  мен  құрылымын  оқу  құралымен 
сабақтастыра оқыту мәселесін қоса қарастырдық. 
Жоғарыдағы айтылған және зерттелген теориялық негізге сүйене отырып, 
бейорганикалық  химия    оқулықтарына  қойылатын  дидактикалық  талаптарға, 
оқулықтың  мазмұндық  және  құрылымдық  жүйесіне  талдау  жасалды.  Бұл 
жүйеде  химия  оқулығының  теориялық  және  практикалық  материалдарды 
берудегі орны, мазмұны құрылымы т.б. талданды. 
Оқулық  білімдік,  дамытушылық  және  тәрбиелік  талаптарды  қамтамасыз 
ету үшін оның мазмұнына және құрылымына байланысты мәселелер талданды. 
Бұл  талдауда  негізінен  орта  мектепте  химиядан  берілетін  білімнің  бастамасы 
болып  есептелетін  бейорганикалық  химияның  оқулықтарының  атқаратын 
функцияларына баса көңіл бөлінді. 
 
 
 
 
 
 
 


50 
 
2 БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ  ХИМИЯДАН БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУЛЫҚТАР 
МЕН  ОҚУ  ҚҰРАЛЫН      БАЙЛАНЫСТЫРА  ҚОЛДАНУ  ӘДІСТЕМЕСІ 
ЖӘНЕ 
ОНЫ 
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТКЕ 
ҚОЮДЫҢ 
НӘТИЖЕСІ 
 
2.1  Орта  мектептің  бейорганикалық  химия  оқулықтары  мен  оқу 
құралының сабақтастығы арқылы  білім алушылардың теориялық  және 
практикалық  дағдыларын қалыптастыру әдістемесі. 
Оқулық 
әр 
пәннің 
базалық 
ғылыми 
мазмұнының, 
бағдарлы 
құндылықтарды,  Қазақстандық  компоненттерді    берудегі  негізгі    көзі. 
Оқулықпен  жұмыс  істеп,  оның  осы  жоғарыда  көрсетіліген  мазмұнын  талдай 
білген  оқушы  ғана  кейін  басқа  да  ақпараттарды  пайдалануға  үйренеді. 
Оқулықта  берілген  материалдың  мазмұнына  байланысты  ғана  мұғалім    білім 
берудің  дұрыс  мақсатын  белгілей  алады.  Оқулық  тек  білім  беру  құралы  ғана 
емес,  ол  оқушыларды  дамытуға  бағыт  бағдар  ұсынатын  құрал.    Оқулықтағы 
материалды пайдалану барысында оқушылар өздігінен іс-әрекет жасай отырып, 
түрлі жағдаяттарды шешуге, білімдерін өмірде қолдануға қажетті дағдылар мен 
құзыреттіліктерді  меңгеруге  үйренеді.    Оқулықтағы  материалдар  бойынша 
оқушыларға білім беруде  оқушыларды әлеуметтік тұлға ретінде  дамыту үшін, 
оның  бойындағы  бүкіл  мүмкіндіктеріне  жол  ашып,  өздігінен  еңбек  етуін 
қамтамасыз ету көзделеді.  Белгілі психолог М.М.Мұқанов «Оқыту – бұл білім 
беру  және  білімді  тиісті  жерінде  қолдануға  үйрету»  деп  бекер  айтпаған 
[120]

Оқулықты  дидактикалық  тұрғыдан  алғанда  мәтінді  игеруге  қойылып  отырған 
мақсатқа байланысты сабақтың ең басында да, ортасында да, білімді қорытуға 
тиісті  соңында  да  пайдалана  алады.    Әрине,  оқулықта  берілген  мәтіннің 
теориялық  және  практикалық  мәні  арта  түсуі  үшін  онымен  жұмыс  атқару 
жолдарының 
әдістемелік 
және 
дидактикалық 
тұрғыдан 
дұрыс 
ұйымдастырылуы шарт. Оқулықтағы материалдар арқылы оқушы пән бойынша 
алғашқы  ғылыми    ұғым  алса,  енді  осыған  байланысты  берілген  ондағы  түрлі 
көрнекіліктерді  пайдалану  барысында  сол  ұғымдарын  тиянақтай  түседі.  Ал, 
сабақтың  соңында  түрлі  тәжірибеге  бағытталған  тапсырмаларды  орындай 
отырып,  алған  білімдерін  бекіту  мақсаты  орындалады.  Әрине,  бұл  мақсатқа 
жету  үшін  оқулық  мәтініне  байланысты  берілетін  сұрақтар  мен 
тапсырмалардың дамытушылық бағытта берілуі шешуші орын алады. 
Оқулық  құрылымы  оқу  үдерісінде    оны  күшейтетін    элемененттермен 
өзара  байланысты  қатыста  болады.  Сол  арқылы  білім  беру  кезінде 
дидактикалық  мақсат  орындалады.  Оқулықтағы  ең  негізгі  көңіл  білім  беруге 
арналса,  екіншісі  осы  білім  арқылы  оқушылардың  іс-әрекетін  ұйымдастыру 
жағына  арналады.  Ал,  іс-әрекетті  ұйымдастыру  үшін  мәтіннің  мазмұны 
оқушылардың 
қызығушылығын 
арттыратындай, 
өзіндік 
іс-әрекеттер 
ұйымдастыру  арқылы  олардың  білім,  білік,  дағдыларын  қалыптастыруға  негіз 
болатындай  дәрежеде  берілуге  тиісті.  Тек  мұнымен  оқулықтың  міндеті 
шектелмейді,  ондағы  материалдар  оқушылардың  шығармашылық  мүмкіндігін 
ашатындай, оларды ізденуге, зерттей қарауға жетелейтіндей жағдайға көтеріп, 


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау