Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет13/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48

27 
 
1.2  Химия  оқулықтары  мен  оқу  құралдарының  дидактикалық 
функциялары  және  оның  қазіргі  кездегі    орындалу    жағдайы  мен 
мүмкіндігі 
Оқулықтардың  кез  келген  теориялық  мәселелерін  қарастыру  оның 
педагогикалық  мақсаттылығын  анық  білмейінше  мүмкін  емес.  Химия 
оқулықтары    қазіргі  таңдағы  қоғамның  даму  қарқынына  байланысты  алдына 
қойылған белгілі оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған. 
И.Я.Лернер мен В.В.Краевский оқулық құрастырудағы маңызды нысандар 
ретінде мына мәселелерді айырықша атап көрсетеді: 
1) білім мазмұны
2) іс-әрекет тәсілдері;  
3) шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру құралдарын таңдау; 
4) өзара тәрбилеуді басшылыққа алу
Осы  жағдайларды  көрсете  отырып,    оқулық  құрастырудың  дидактикалық 
негіздері  дегеніміз  -  дәлірек  айтқанда  білім  беру  мазмұны  құрамының  негізгі 
элементтерінің өзара үйлесім табуы деп анықтайды [98, 12 б] . 
Оқулық пән білім беруге керекті  басқа барлық  қосымша оқу құралдарын 
(оқу  құралдары,    ғылыми  әдебиеттер,  міндетті  және  қосымша  көркем 
әдебиеттер,  әдістеме
лік  нұсқаулар
  т.б.)  және  оқыту  құралдарын  (көрнекі 
құралдар, дидактикалық материалдар, күйтабақтар т.б.) өз жанына жинақтайды, 
оқушының олармен  өзіндік жұмыс атқаруын  үйлестіреді. 
Қоғамдағы  ғылыми-техникалық  революция  оқулықтың  мазмұнының, 
жалпы  және пәндік  білім  көлемінің     жаңаруын    талап  етеді.  Бұрын оқулыққа 
қойылатын талаптар дидактикалық  тұрғыдан сараланып көрсетіліп келді. Енді 
оқулыққа  қойылатын  талаптар  онан  да әрі  күрделеніп,  әр пәннің  мазмұнының 
құндылық бағдарлылығына үлкен мән беріліп отыр. Қазіргі таңда  болашақтың 
иесі    жастардың  рухани-адамгершілік,  ұлттық-мәдени  және  жалпы  адами 
құндылықтар  негізінде  тәрбиелеуге  көп  көңіл  бөлінеді.  Ал,  бұл  мақсатты 
орындауда  оқулықта  берілетін  материалдардың  осы  бағытта  болуы  керектігі 
анық.  Сонымен  қатар,  әсіресе,  химия  оқулықтарында  Қазақстандық 
компонененттің  басым  болуы  ескерілуге  тиісті.  Себебі,  мұндай  материал 
арқылы  оқушылар  өз  елінің,  Отанының  байлығымен,  табиғатымен  таныса 
отырып,  оны  құндауға,  сақтауға,  сүюге  үйренеді  [99,100].  Болашақ  қоғам 
мүшелеріне бұл өте керек қасиеттердің бірі болып есептеледі. Оқулық мазмұны 
оқушылар  үшін  тартымды  болуы,  ондағы  берілетін  түрлі  тапсырмалардың 
өздігінен  жұмыс  істеуге  бағытталуы,  балаларды  зерттеушілікке  тартуы.  Осы 
жағдайлардың  бәрін  ескере  келіп,  оқулықта  кеткен  кейбір  кемшіліктерді  сол 
пәннен  берілетін  қосымша  оқу  құралдарымен  сабақтастыра  оқыту  арқылы  
оқушының  біліктілігін,  дағдысын  дамыту  және  оқу  үрдісі  кезінде  олардың 
алған білімді өз бетінше қабылдауын, пайдалануын жүзеге асыруға болады.
 
Оқулықтарды  терең  функционалды  талдау    нәтижесі  оның    әрбір  құры- 
лымдық элементтінің мақсатын ғылыми тұрғыдан анықтауға мүмкіндік береді. 
Оқулықтың  дидакциялық  функцияларын  зерттеген    ғалымдар  оның  әрбір 
элементінің  атқаратын  қызметін  талдап  көрсетеді.  Мұндай  ғалымдардың 


28 
 
қатарында:  Г.Маендорф  (бұрынғы  ГДР)    атасақ,  ол  көлемді  тәжірибелер  мен 
зерттеулердің  негізінде,  кез  келген  оқулықты  жасау  мәселелерін  оның 
функцияларын анықтаудан бастау керектігі туралы тұжырымға келген. 
Ал,  Н.Ф.Талызина    болса,  оқулықтың  дидактикалық  функцияларын 
топтарға бөліп қарастырады: 
- оқулық – оқытатын мазмұнды оқушыға жеткізуші болып табылады
-  оқулық  арқылы  мазмұнды  меңгеру  үдерісінің  іске  асуына  қарай, 
оқушылар жөнінде мағлұматтар алуға болады; 

оқулық  оқу  үдерісіне  оқушыларда  оқу  әрекетін  қабылдауға 
ұмтылдыратын түрткілер қалыптастыру құралы (проблемалық оқыту, сызбалар 
мен көрнекіліктерді үйлестіре оқыту,т.б); [101]. 
Неміс ғалымдары оқулықтың мына функцияларын талдап көрсетеді: 
- ақпараттық; 
- уәждемелік және ынталанушылық
- бағытаушылық; 
- ұтымдылық; 
- оқу материалын түсіндіруге көмекшілік  функцияларын атап өтеді.  
Кейінгі
  зерттеулерде    оқулықты  құрастыру  барысындағы  функцияларды 
жүзеге асыру үрдісінде оның тәрбиелеу әсеріне басты назар аударылу керектігі 
айтылады.  Бұл  ретте,  алғашқы  3  функция  оқушының  іс-әрекетін  басқарса,  ал 
кейінгі 2-уі мұғалімнің әрекетін  көрсетеді.  
Неміс  зерттеушілері    уәждемелік  (мотивациялық)  және  ынталан-
дырушылық функцияларын  күшейтуді ынталандыру функциясы деп те атайды. 
Ол  оқушылардың  оқу  үдерісіне  ынтасын,  олардың  жұмысқа  деген 
қызығушылығы мен оңды көзқарасын тудыруға, оқытылатын материалға сыни, 
шығармашыл  тәсілдеме  жасауға  бағытталған.  Бұл  функцияны  өмірмен 
байланысты,    іскерлікпен  құрастырылған  мәтіндерді  пайдалануға,  суреттемеге 
(иллюстра-  цияға),  проблемалық    сұрақтарға,  тапсырмаларға,  сонымен  қатар, 
көркем  безендіруге  сай  оқушылардың  қызығушылығын  арттыратын,  ынтасын 
жандандырудың құралы ретінде ұсынуға болады [102,103]. 
Оқулық    оқушыға    арналғанмен,  мұғалімнің  тарапынан  оқыту  үрдісінде 
оқулықтың  барлық  функцияларын  аша  отырып  қолданатын  құрал  болып 
табылады.      Жоғарыда  келтірілген  ғалымдардың  оқулықтың  дидактикалық 
функциялары  туралы  көзқарастарына  сүйене  отырып,    оқулық  оқу  үдерісін 
жүзеге  асырудағы негізгі құралы екендігін атап өткіміз келеді. Сонымен қатар, 
қазіргі таңда оқулық тек білім беру құралы ғана  емес, ол оқушылардың бойына 
ұлттық-мәдениетті,  рухани-адамгершілікті,  жалпы  адами  құндылықтарды 
дамытатын  құрал  деп  қараймыз.  Әрине,  бұл  айтылғандарды  орындау 
оқулықтың  мазмұнына  байланысты.  Сондықтан  да,  оның    оқушыға  білім 
мазмұнын терең меңгеруге және жан-жақты тәрбие беруге  көмектесетін белгілі  
басты қасиеттері болуы керек. 
Оқулықтың  функционалдық  мақсаттары 
тұтастай  алғанда  қоғам 
талаптарына  сай  өзінің    педагогикалық  қызметін  оқу  курсының  негізгі  бөлігі 
ретіндегі  (практикалық оқу  іс-шараларын жүзеге  асырғанға  дейінгі) оқытудың 


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау