Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет35/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48

73 
 
Мұндай  жағдайда  оқушыларды  топқа  бөлуге  болады.  Топтар  құруда 
бірнеше  жағдайлар  ескеріледі,  оқушылардың  бір-бірімен  психологиялық 
сыйымдылығы мен қызығушылықтары;  топ басшысының беделді пәнді жақсы 
білетін оқушының болуы ; білім деңгейлерінің әртүрлілігі.  
Әр  топтың  өз  мақсатын  түсінуі;  мақсатқа  байланысты    әр  топ  мүшесінің 
жеке  тапсырмаларды  орындауы; жұмыс  нәтижелерін  өзара  тексеру  және 
туындаған  қиындықты  шешуге  көмектесуі; әр  топ  мүшесінен  алынған 
нәтижелерді  біріктіріп,  бір  толық  қорытынды  жасалуы; топтың  жұмысын  көш 
басшы  бағыттап  отырады.   Оның  басшылығымен  барлық  оқушылар  алған 
тапсырмамен  жұмыс  істейді,  берілген  зертханалық  жұмыстарды  орындайды, 
ұсынылған әдебиетпен жұмыс жасап, тақтада ауызша,  немесе жазбаша жауап 
беруге дайындалады. 
а) Оқушыларды топқа  бөліп (4 оқушыдан)  әр топқа жеке тапсырма беру. 
1-топқа,  мәтін  мазмұнынан  атом  мен  молекулаға  берілген  анықтаманы 
тауып, дәптерлеріне жазу; 
2-топқа, атом мен  молекуланы  зерттеген  ғалымдар  туралы оқып, түсінігін 
айтуға дайындалу; 
3-топқа,  оқу  құралын  пайдаланып  (  42-45  беттер),  тек  бір  ғана  атомнан 
тұратын заттардың атын және олардың ерекшелігін  дәптерлеріне теріп жазу; 
4-топқа  оқу  құралының  (44-45)  беттердегі  зертханалық  тәжірибенің 
суретін салып, оның нәтижесін қысқаша дәптерлеріне жазу; 
5-топқа  оқулықтағы  жай  және  күрделі  заттар  туралы  анықтаманы  оқып 
түсіну, дәптерге олардың анықтамасын жазу тапсырылады. 
Осы  тұста  оқушыларға  өзіндік  жұмысты  орындау  уақыты  да  белгіленіп, 
айтылады.  Оқушылардың  өзіндік  жұмысының  нәтижесін  кезекпен  ретімен 
бастай  отырып,  бүкіл  сынып  болып  талқылайды.  Сабақтың  қорытынды 
бөлімінде  оқушылардың  өзіндік  жұмысының  нәтижесін  қорытындылауды  да, 
олардың  өздеріне  тапсырып  көруге  болады.  Бұл  жағдайда  олар  бір-бірінің 
жұмысына пікір айтады, олқылықтарын толықтырады, өздерінің іс-әрекеттеріне 
сын  көзбен  қарауға  жаттығады.  Мұндайда  олардың  мәтінді  түсіну  дәрежесін 
ғана  емес,  олардың  ой  қорыту  мүмкіндіктерін  де  анықтауға  болады.  Мұғалім 
оқушылардың  олқылықтарын  атап  айтып  отырып  толықтырады.  Олардың 
жұмыс орындаудағы іскерліктерін, ой қорыту дәрежелерін де атап өтеді. Тіпті 
нашар  орындаған  балаларға  да  көтерме  сөздер  айтып,  олардың  қолынан 
келетіндіктері туралы үміт туғызып отырады. 
Енді оқушылардың сабақта өзіндік жұмыстар орындау нәтижесінде  алған 
білімдерін  тиянақтау  мен  тұжырымдау  мақсатында  үйден  орындайтын 
тапсырмалар беру кезінде олардың сыныпта жіберген олқылықтары ескеріледі. 
Сондықтан,  сыныптан  тыс  орындауға  оқушылардың  бәріне  ортақ  жалпы 
тапсырма  беріледі.  Оқулықтағы  мәтінді  қайталап  оқып,  оның  мазмұнын  айту 
үшін  жоспар  құру.  «Білімін  тексеруге»  арналған  сұрақтар  мен  тапсырмаларға 
дайындалу  тапсырылады.  Бұл  тапсырмаларды  орындауда  оқушылар  сыныпта 
алған ұғымдарын жүйелеп, қортындылайды. 


74 
 
Бейорганикалық  химиядан  өзіндік  жұмыс  орындау    кезінде  оқушылар 
бойында мына төмендегідей іскерліктер қалыптасады: 
- оқулықтың  және  ұсынылған  оқу  құралының  кез  келген  тақырыбы 
бойынша  өздігінен жұмыс істей білуі; 
- өзі орындаған жұмысын өзі  талдап, қорытынды  жасай білуі; 
- орындаған жұмысының мазмұнына  және түріне байланысты өз ойларын 
жүйелеп, айта білуі; 
- жұмысты ұйымдастыра білуі; 
- орындаған жұмысының мәнін  басқа оқушыларға түсіндіре білуі; 
- өзінің жұмыс орындау тәсілін басқаға үйрете білуі; 
- басқаны тыңдай білуі, жолдастарының орындаған жұмысына байланысты  
сұрақ қойып, талқыға қатысуы; 
- ұжыммен қарым-қатынас жасау мәдениетінің болуы. 
Оқулық  пен  оқу  құралындағы    мәтіндердің  қайсысын  алып  қарасақ  та  
ғылыми  негіздегі  ұғымдарды    оқушыларға  жеткізуге  негізделген.  Сол 
материалды  оқушылар  санасына  жеткізудің  тиімді  жолы  берілетін  білімнің, 
оқушылардың  өзіндік  іс-әрекетіне  негізделуі  болып  табылады.  Білімді  саналы 
меңгеру оқушының өзіндік іс-әрекеті, өзіндік ой тоғамы,  өз еңбегі арқылы ғана 
жүзеге асатыны белгілі. 
Берілген  тапсырмалардың  дұрыс  бөлінуіне  байланысты  оқушылардың 
өзіндік  жұмысын  орындауда    ептілікгі,  іскерлігі,  шеберлігі  мен  тездігі 
осылардың нәтижесінде  жұмысты орындау дағдысы  дамиды. Біртіндеп өзіндік 
жұмыс орындауға дағдыланған оқушылардың арасында сабақ үстінде олардың 
шапшаңдығын  дамытатын  жарыстар  ұйымдастыруға  да  болады.  Мұнда 
берілген тапсырманы дұрыс және шапшаң орындау біліктіліктері анықталады. 
Өзіндік  жұмыстарды  ұйымдастырудың    тиімділігі  оның  нақты  мақсаты 
болуына  байланысты.  Әрбір  оқушы  жұмыстың  орындалу  тәртібін  жетік  білуі 
керек. Дұрыс  ұйымдастырылған  өзіндік  жұмыс  оқушылардың  бойындағы 
танымдық қабілетін, шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. 
Өздігінен  орындауға  тапсырылатын  жұмыстың  мазмұны  оқушының 
қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс яғни, оның  іс-әрекеті жұмыстың соңына 
дейін  бәсеңдемейтіндей  болуы  керек. Өзіндік    жұмыс  кезінде    оқушылардың  
еңбек  дағдылары  мен  жұмысты  орындау  әдістерін  жетік  игеруі    оның 
нәтижесінің сәтті шығуының кепілі. 
Оқушының  өзіндік  танымдық  жұмысы  мәтіннің  мазмұны  мен  мақсатына 
байланысты  кейде  сабақтың  басынан  басталып  ұйымдастырылса,  кейде  
сабақтың  қорытынды,  бекіту  бөлімінде  қолданылады.  Сабақтың  кіріспе 
бөлімінде қолданылу арқылы мұғалім оқушылардың  сабаққа  қызығушылығы 
мен  қабілетін  ескере  отырып,  оларды    дамыта  оқытуға  бағыттайды.  Ал, 
қорытынды бөлімінде қолдануда тақырыптан алған  білімдерін қорытындылау 
мақсатын  жүзеге  асырады.  Сыныптан  тыс  орындалатын  өзіндік  жұмыстардың 
түрін көбіне оқу құралы бойынша тапсырған тиімді деп ойлаймыз. Өйткені оқу 
құралында берілген тәжірибелер өте күрделі емес және үй жағдайында жасауға 


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау