Ііі нұсқа 1-билет


Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1837)



жүктеу 1,54 Mb.
бет19/67
Дата14.04.2023
өлшемі1,54 Mb.
#42164
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67
Қазақстан тарихынан билет жауаптарымен 3-нұсқа 11 сынып

Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1837) — әлеуметтік-әділетсіздік пен патша үкіметінің езгісіне, отарлаушылық саясатына қарсы қазақ шаруаларының көтерілісі.
Көтеріліс басшылары - Исатай Тайманұлы. Махамбет Өтемісұлы. XIX ғасырдың екінші ширегінде Бөкей ордасында халықтың экономикалық жағдайы ауырлай түсті. Халықтың азаттық қозғалысы бастапқыда хандықтың Каспий теңізі жағалауына жапсарлас жатқан оңтүстік аудандарын қамтыды. Бұл қолайлы, жайылымдық алқаптар орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың, хан туыстарымен басқа да ақсүйек топтардың иеліктері еді. Бұл жерлерде халық тығыз орналасты. Старшын мен билердің озбырлығы, патшаның және Астрахань губернаторының қолдауына арқа сүйеген Жәңгір билігінің бұқара мүддесіне қайшы келуі – жалпы хандық басқару жүйесін шайқалтты. Сонымен қоса іргелес орыс бекіністерінің салына бастауы, орыс помещиктері, чиновниктері және қазақ байларының қазақ шаруаларын екі жақты бұрынғыдан бетер қанауы, көтеріліске тағы бір себеп болды. Ресей императоры бұл жерлердегі қазақ билеушілерін орыс үкіметінің сойылын соғатын қолшоқпар ретінде пайдаланғысы келіп, осындай түсінік қалыптастырды. Осы тұста Ішкі орда ханы орданың басқару жүйесінде біршама өзгнр»стерді енгізді. Бұлар: Патша үкіметінің қаражатына Жасқұс деген жерде хан сарайы салынды. 1827 жылы Орда әкімшілігінің басты құрамды бөлігі 12 биден тұрған «Хандық кеңес» құрылды. Орда ішінде баж салығының жиналуын қадағалайтын 12 старшын сайланды. Осы өзгерістер, хандық билеу саясатының күшеюі , алым-салықтың көбеюі, қазақтардың дәстүрлі құқтарының әлсіреуіне, жергілікті билеушілердің халықты қанауының тамыры тереңдей түсуіне әкелді. Көтеріліс Ресей империясының отаршылдық саясатына да қарсы бағытта болды. Көтеріліске 1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауыл қожа Бабажан ұлын Каспий теңізі өңірінде көшіп жүрген қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы түрткі болды. Қарауыл қожаның үстінен түскен бұқараның шағымдарына Жәңгір мән бермей жауып тастап отырды. Сонымен қоса ауылдық жерлерді орыс помещиктері, хан туыстары мен ақсүйектердің иеленуі. Хан билігінің бұқара мұддесіне қайшы келуі, алым-салық ауыртпалығы. Сұлтандар, бай-топтардың және қарапайым халықтың арасындағы әлеуметтік және экономикалық қайшылықтар көтеріліске алып келді.
Қозғалыстың басты мақсаты: – Хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын біршама жақсарту, жер мәселелеріндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту. 
Жәңгір хан Орынбор губернаторынан Исатай Тайманов пен Махаммбет Өтемісов және олардың кейбір серіктерін бұқараны ресми тәртіп пен патша үкіметінің даладағы саясатына қарсы «бүлікшілікке бастаушылар» етіп көрсетіп, оларды ұстау үшін жедел шаралар қолдануды сұрайды. 1836 ж. 17 наруызда сенімді билерге жолдаған хатында хан былай деп жазады: Исатай мен Махамбет «халықты жоғарғы билікке бағынбауға шақырып жүр. Олар старшындар Қарабекен мен Жоланның ауылдарын шапты. Сендерге оларды ұстап алып хан ордасына жеткізуге әмір етемін». Азаттық қозғалысының бастапқы кезеңіне тән белгілері: Халық хан билігіне ру басшыларына күрт наразылық білдіріп, оларды орындарынан алуды талап етті, екіншіден хан және бай сұлтандардың саясатына қарсы бағытталған қозғалысқа жаңадан ауылдарды тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді, қарулы жасақтар құрылып жатты. Сонымен қатар сұлтандар, билердің ауылдарына шабуыл жасалып, малдарын тартып алып, қоныстарын талқандау жиілей түсті. Көптеген ауылдар Исатай мен Махамбетті қолдап, Исатайдың қол астына келеді. Исатай мен Махамбеттің серіктері, көтеріліс басшылары: Сарт Еділұлы, Тінәлі Тайсойғанұлы, Иса Төлегенұлы, Имантай Қондыбайұлы т.б. ерлікпен күресті. Жәңгір ханның қарулы топтары Исатай туы астына топталған старшындардың ауылдарын жиі тонады. Бұл жағдай Орынбор генерал-губернаторы атына Исатай Тайманұлы Иманбай Қалдыбайұлы, Досхан Дағанбекұлы, Елжан Тұманбекұлы т.б. белгілі старшындар қол қойған шағымның түсуіне себепші болды.

жүктеу 1,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау